Kn.kz-нің үш киті

Бүгінде пәтер қанша тұрады? Жылжымайтын мүлікті қолайлы бағаға қалай жалға алуға немесе жалға беруге болады? Жақын уақытта тұрғын үй нарығын не күтіп тұр? Тұрғын үй кешенінде мені қанағаттандыратын қандай варианттар бар?

Жылжымайтын мүлік нарығында әрекет жасайтын әрбір адамның көкейінде осындай бірнеше сұрақ туындайтындықтан, оларға жауап іздейтіндер мамандандырылған басылымға жүгінетіні белгілі жәйт. Басқа қаладағылар Интернетке иек артады. Газеттердің тиімділігі қаланың немесе облыстың тұрғындарының қажеттерін өтейтін «тұшымды» ақпараттарды дер кезінде ұсынады. Ал, Интернет, сауатты, бірақ, оның құдыретін көпшілік біле бермейді. Сайтқа кіргендердің барлығы мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалана алмайды. Мамандандырылған ресурстардың арасында көшбасшы kn.kz қажетті көптеген сұрақтарды табуға көмектеседі.

Жылжымайтын мүлік online

Жылжымайтын мүлік нарығында әрекет жасайтын әрбір адамның көкейінде осындай бірнеше сұрақ туындайтындықтан, оларға жауап іздейтіндер мамандандырылған басылымға жүгінетіні белгілі жәйт. Басқа қаладағылар Интернетке иек артады. Газеттердің тиімділігі қаланың немесе облыстың тұрғындарының қажеттерін өтейтін «тұшымды» ақпараттарды дер кезінде ұсынады. Ал, Интернет, сауатты, бірақ, оның құдыретін көпшілік біле бермейді. Сайтқа кіргендердің барлығы мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалана алмайды. Мамандандырылған ресурстардың арасында көшбасшы kn.kz қажетті көптеген сұрақтарды табуға көмектеседі.

Порталдың дизайны мен құрылымының жанданғанына жыл толды. Маңдай тер оның мүмкіндіктерін кеңейту үшін төгілді. Kn.kz 2006 жылы іске қосылды. Сайтты қазіргі заман ағымына сәйкес техникалық жағынан жарақтандыру мақсатында соңғы кезде Интернет те талай өзгерістерге ұшырады.

Кез келген жылжымайтын мүліктің қаржысы — бұл бірінші кезекте объектілерді сатып алу, сату және жалға беру туралы хабарландырулар. Сондықтан сайттың ерекшелігі — әрбір адамның хабарландыруды (сатушылар мен жалға берушілер) тез орналастырудың немесе қажетті ақпаратты (сатып алушылар мен жалға алушылар) тез табудың қатысушылар үшін өмірлік маңызы зор.

Kn.kz порталының басшысы Наталья БогренкоКомпания сайтта өз командасын толықтырды, енді алғашқы қорытындыларды шығаруға болады. Kn.kz порталының басшысы Наталья Богренко:

— Біз барлық ескертпелерден нәтиже шығаруға тырыстық, тәжірибе көрсеткендей, әрекетіміз сәтті болды. Пайдаланушылар қазірде емін-еркін хабарландыру бере алады, ыңғайлы навигация тез арада керекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Жандандыру тұсында біз алдымызға жаңа аймақтарды қамтуға, аудиторияны көбейтуге тапсырма қойдық. Міне, біз «өсіп жатырмыз». Бір жыл бұрын орта біркүндік қатысу 3 мың адамды құрады, бүгінгі таңда келушілер 14 мыңға жетті. Адал, нақты жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді. Яғни, біз түрлі қитұрқылыққа бармаймыз.

Қатысушылардың жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай көбеюі кейде ауыртпа-шылықтарға әкеп тірейді, бірақ, kn.kz ұжымы бұған басынан-ақ дайын еді:

— Бірден алға ұмтылуды біз күтпедік, — деп еске алады Наталья Богриенко. — Портал тосын салмаққа шыдау үшін құрал-жабдықтарды жаңарту керек болды, осылай техникалық жағынан қиындық туындады. Аудиторияның кеңеюі әрдайым күрмеулі күрделілікті көбейтті. Барлығын тиянақты қарау үшін нақты техникалық тетіктерді реттеуге көп уақыт жұмсалды. Сайттағы сервистерді, интерфейс элементтерін өзгертуде және тағы басқа әзірлік үстінде қателесуге болмайтын еді. Қазір біздің сервистерді пайдалану әрі жағымды, әрі қолайлы деп ойлаймын.

Бір күнде пәтерді жалға беру

Интернет-ресурстың жайлылығы оны тіпті тәжірибесіз қатысушылардың пайдалана алатындығынан көрінеді. Өзіңіздің ұсынысыңызды орналастыру үшін «Хабар-ландыруды қосу» (сайттың барлық тарауларында бар) деген түймені бассаңыз жетіп жатыр. Әрі қарай парақтағы пунктерге назар аудару керек. Пәтерлердің хал-ахуалын өз бетіңізше білуге тырыспаңыз, мәселен, жөндеу, мебелмен жабдықтау, лоджия деген терезешеге белгі салыңыз. Онда «суретті қосу» түймесі және хабарландыруды қанша уақытқа беру бөлімі бар. Сіздің хабарламаңызды іздеушіні анықтауға болады.

Kn.kz жұмыстарының тиімділігі компания қызметкерлерінің айтуынша, пайдаланушы-лардың хабарландыруларының тезірек түсіп қалуы болып табылады. Сайттағы жаңарулар жарнамалардың жан-жақты қозғалысын көрсетеді. Мысалы, «Квартирное бюро-Караганда» компаниясынан риэлторлар үшін жұмыстағы ең маңызды фактордың бірі:

— Сайтқа берілген хабарландыру бірден көрінеді және күн сайын жаңарады, — деп түсіндіреді коммерциялық жылжымайтын мүлікті сату бойынша директоры Виолетта Гарш. — Біз бұл хабарландыруды көрдік, клиентпен сөйлестік, келістік және сөйтіп, өзімізге объекті алдық. Тағы бір ыңғайлысы суреттер де орналастырылады. Өйткені, объектіні көруге алдын ала дайындаласыз, жылжымайтын мүліктің жөндеу жағдайын білесіз. Кейде адамдар жөндеудің көңілден шықпайтынын айтады.

Кейбір пайдаланушылар объектіні сату, сатып алу немесе жалға беру бойынша тапсырысын риэлторлық компанияларға жолдау керектігін біледі.

— Бүгінде мұндай тапсырыстарды Астанадағы, Алматыдағы, Қарағандыдағы көптеген компаниялар алып жатыр, — дейді Наталья Богриенко. — Бұл функцияны пайдаланғандар оның тиімділігін тілге тиек етеді. «Екібөлмелік пәтерімді жалға бергім келеді», — деп жазады адам. Бұл ақпарат жылжымайтын мүлік агенттіктерінің арасына тарайды. Жалға берілетін үйдің құны, мекен-жайы көрсетілген хат-тапсырыс олардың поштасына келеді. Тапсырыс түскеннен бір сағаттан кейін бірнеше адам телефон шалғанын және пәтерді шұғыл түрде жалға бергенін пайдаланушылар қуана-қуана айтады. Немесе басқа мысал: «Жалға беретін үй іздеймін, маған бүгін түстен кейін керек». Тіпті мұндай тапсырыстар да іске асады, варианттар табылады. Бұл басқа қалаға аттанушыға ыңғайлы. Мұндай механизмді риэлторлар да өз іштерінде қолданады. Яғни, біреуінде сатуға тиіс пәтерімен клиенті болады. «Қыз дайын болса, біз дайын», — дегендей, тапсырыс басқа риэлторларға жіберіледі.

Пәтерді жалға бергеннен гөрі, оны  сату көп уақыт алатыны белгілі. Наталья Богриенко жекеменшік үйді өткізу мақсатында хабарландыруды беру кезінде портал жұмыстарының тиімділігін компания қызметкерлері өздеріне қолданып көргендерін айтты. Нәтиже жаман болмапты.

Кейбір мамандандырылған сайттарда ескі жарнамаларды уақытылы алып тастап жинақтамағандықтан, хабарландырулар үсті-үстіне үйіліп қалады. Мәселен, объект баяғыда сатылып кетсе де, хабарландыру «ілініп» тұра береді. Kn.kz операторлары сайт «қоқысқа» толып кетпеуі үшін хабарландырудың мағынасына мән беріп, тапсырыстарға әрдайым мониторинг жүргізіп отырады. Порталда «хабарландыруға шағым жасау» бөлімі бар. Егер пайдаланушы қате ақпаратқа кезіксе, ол бұл туралы жазуға болады.

— Бүкіл шағымдарды модераторлар қайта қарап тексереді. Бұл өте пайдалы міндетті іс, — деп түсінік береді Татьяна Гришина kn.kz порталының маркетинг бөлімінің бастығы. — Бір жағынан біз базамызды тазартамыз, екінші жағынан — сайтқа қатысушылармен қайта байланыс орнатамыз. Бірақ, бұл міндетті іске белсене қатысушылар көп емес. Бізде дүдәмал құлақтандырулар аз деп есептеуге болады.

Сайтты шетелдікттер пайдаланады: орыстар, түріктер, испандықтар, итальяндықтар, француздар. Яғни, қазақстандық аудиторияны әсерлі көретіндердің барлығы. «Біздің өзімізге де қызық болды, —  дейді Наталья Богриенко. — Орналастырылған хабарландыруларды қараймыз және біздегі мен Аликантодағы бағаны салыстырамыз. Жорамалдаймыз. Аликантоға «тартып» кетуге де болады».

Портал қатысушыларының жылжымайтын мүлік туралы аналитикалық және ақпараттық мәлімет алулары үшін тіркелуіне мүмкіндік бар. Бұл міндетті істің ең алдымен нарықтың кәсіби өкіліне тигізер пайдасы зор. Соңғы жылдары сайтқа жазылушылардың саны бірнеше есеге артты.

ТК-і даму үстінде

Kn.kz порталы 2006 жылы дүниеге келген күннен бастап, оның басты «қазығы» жаңа құрылыс туралы хабарлама жариялап тарату болып еді. Осы кезде Астанада жаңа объектілер көптеп салына бастады, жоспары бар, анықтамасы бар, картасы бар кешендер туралы мәліметтердің 90 пайызы сайтта көрсетілді. Бұрын мұндай ақпараттар арқылы пәтерлер сатылса, бүгінде қайталамалы тұрғын үй нарығына қатысты ТК-і бас қаланың тұрғындары мен қонақтарына дұрыс болды. Сондықтан пайдаланушылардың өтініштері бойынша порталда қазірде олар көрсетілген қала карталары орналастырылады. Мамандар әрдайым бұл ақпараттың өткірлігі мен толықтығын, жаңарып отыруын бақылайды.

Үстіміздегі жылдың алғашқы күндерінен тартымды жаңалық пайда болды: ТК-і сызылған картамен және kn.kz-нің суретімен қоса жаңадан салынған кешендердің тұсаукесерлік (презентация) парақтары ұсынылды.

— Көптеген қосымша сервистердің әрекетімен салушылардың өздері оларды рәсімдейді, — деп түсіндіреді Наталья Богринеко. — ТК-нің белгілі бір парақтарында саудаға қойылған оның пәтерлері беріледі. Әлеуетті сатып алушылар салушы туралы ақпаратты, үйдің жоспарын, ғимараттың суретін тамашалайды.

Тұсаукесерлік парақтар нәтижелі рәсімделеді және көңіл аудартады. Салушы-фирмалардың өкілдері әріптестері мен клиенттеріне өз парақтарын көрсетеді болмаса оған сілтеме жасайды.

Әр қаланың өз «кілті» бар

Сайт жарнама жариялаудан басталды, ал, аналитиктер екі қала Астана мен Қарағанды бойынша бар. Бұған қосымша Алматы, Теміртау, Орал, Өскемен, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларына байланысты барлық қажетті ақпараттар берілді. Басшылықтың басты мақсаты — сұранысқа ие және белгілі болу. Бұл үшін әр аймақтың ерекшелігін білу керек. Әр қаланың мәліметі арқылы базаны жинақтау аз болады. Әр елдімекеннің артықшылығын түсінген абзал. Мәселен, Қарағанды екі әкімшілік бөлікке бөлінеді: Октябрь және Қазыбек би аудандары. Бірақ, қарағандылықтар арасында төмендегідей бөліктер бар: Қала, Михайловка, Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық, Пришахтинск. Яғни, «Қазыбек би ауданындағы пәтер» кемшін түсіндірілген. Ал, «Оңтүстік-Шығыстағы жылжымайтын мүліктің» беделі жоғары.

Ал, Астананың өз ерекшеліктері бар. Әрбір қазақстандық бас қаланың оң және сол жағалау болып бөлінетінін біледі. Бірақ, астаналықтардың өздері тұрғын үй кешені бойынша бағыт-бағдар ұстанады. Сондықтан ТК-і белгіленген қала картасымен сайтта болуы керек.

— Бөліну әдістерінің айшықталатыны дұрыс, — деп санайды Наталья Богриенко. — Алматы аудандарға бөлінген, бірақ, тұрғындар оларды шағынаудандарға өздері бөлген. Біз әр аймақтың ыңғайына оңтайланамыз, түймедейді байқауға тырысамыз және сайттағы навигация кезінде оны пайдаланамыз.

Порталға кірген әзірлемелер мен жаңалықтарға қарамастан, тіпті кәсібилердің өзі игі істерді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, сайттағы бағаларда жүйе жоқтығына риэлторлар шағымданады. Клиент келіп, мәселен, 100 мың долларға пәтер тауып беруін сұрайды. Риэлтор керекті құнға байланысты ұсынысты қанағаттандыру үшін қаптаған хабарландыруды ақтаруына тура келеді.

Шынында барлығын іздеп төңкерудің қажеті жоқ, сатуға қойылған пәтерлердің тізіміндегі «баға» деген түймені бассаңыз, жоғары және төмен құндар тізбектеліп көз алдыңызда тұрады. Мәселен, сізге басқа өлшемдер, бөлменің саны мен үйдің  орнын білу керек болса, әлгі әрекетті қайталаңыз. Сәйкес «сөзді» түртсеңіз, бөлме немесе аудан бойынша толыққанды жауапқа кезігесіз.

Немесе басқаша істеуге болады: порталдың бас парағында іздеу сүзгесі бар. Егер оған сізді қызықтыратын сауал еңгісеңіз (қала, баға, алаң, бөлме саны), бағдарлама сіз талап еткен тізімді береді.

Объектілерді сату немесе жалға беру туралы пікірлерді kn.kz үшін орналастырудың басымдығы олардың өзектілігінде. Ең бастысы — хабарландырудың санында емес, сапасында, яғни, пәтер бар, ол сатылады немесе жалға беріледі.

Нарықты зерт теу

Жылжымайтын мүлік — сатып алғаннан соң, бір жері ұнамай қалса, ауыстыра салатын аяқ киім емес. Ұзақ кеңесуден кейін нақты шешім қабылданады. Мамандардың сілтемесі — бұл дұрыс әрі маңызды, бірақ, жылжымайтын мүлік нарығының аналитиктеріне де назар аударған жөн.

Онсыз төңіректе жүріп жатқан процестерді бағалау және түсіну мүмкін болмайды.

Kn.kz порталы үшін тиісті сертификаттары бар аналитиктердің толық командасы жұмыс істейді. Сайтта орналасқандарды зерттеуді банк қызметкерлері, бағалаушылар, риэлторлар күнделікті жұмыстарында қажетті құрал ретінде пайдаланады. Қарапайым адамдарға бұл ақпарат қисынды ақылға симайтын және қиындық келтіретін болып көрінуі ықтимал. Бірақ, сатушылар сирек болса да, пәтерлерін аналитикке көрсетсе, бұған риэлторлар қуанар еді.

— Азаматтар сайттағы хабарландыруларға байланысты баға шығарады, — дейді «Квартирное бюро-Караганда»-ның маманы Виолетта Гарш. — Олар аналитикалық айдарларға көз салмайды. Мәселен, белгілі бір аудандарда пәтерлердің арзандағаны туралы мәлімет бар делік. Жоқ! Бұған ешкім назар аудармайды. Көршілері берген сілтемелерге мойын бұруды жөн санайды. 

Kn.kz Аналитикалық қызметінің маманы Татьяна Корягина— Көп кісілер сұрайды: пәтерді қазір сатып алу керек пе, әлде кейін? Біз ай сайын жариялаған мақалалардағы болжамдарды оқыған оларға пайдалы, — деп түсіндіреді жылжымайтын мүлік нарығын зерттеу Kn.kz Аналитикалық қызметінің маманы Татьяна Корягина, — осы негізде бір шешімге келуге болады. Сіз баспананың бағасын білсеңіз, оны қаншаға сатудан хабардар боласыз.

Егер іссапарға шықсаңыз, басқа қалалардағы пәтерлерді жалға беру құнын қараңыз.  Жалға беру құнын қалай есептеуге болатыны, ол қаншалықты ыңғайлы екені және бүгінде Қазақстанда немесе басқа елдерде жер учаскелері қанша тұратыны туралы аналитика пайдалы ақпараттар береді.

Өткен жылдан бастап, kn.kz сайтында барлық нарық бойынша (бұлар бұрын таңдалулы еді): жалдау, жер, үй, коммерциялық жылжымайтын  мүлік, бас-тапқы және қайталама нарықта пәтер сату жөнінде аналитикалық мақалалар жарыққа шыға бастады. Талдау бірнеше кезеңге: аптаға, айға, алты айға және бір жылға бөлініп жасалады. Әрі сайтта жақын аралықтағы жылжымайтын мүліктің бағалары беріледі.

— Бізде алдын ала бір айға жасалған болжамымыз 95-98 пайызға сәйкес келеді, ал, 3 айға 85-90 пайыз дәл түседі, — дейді Татьяна Корягина. — Теориялық жағынан мүмкіндік болғанымен, біз ұзақ мерзімге болжам жасамауға тырысамыз. Мысалы, 7 жыл жинақталған Қарағандыдағы объектілерімізде база бар. Демек, 7 жыл ілгеріге бағаны бағамдауға болады. Бұл жәй есеп. Бірақ, мұндай болжам дәл шықпайды. Өйткені, бірнеше факторлар: дефолттар, валюталардың төмен түсуі, ипотека нарықтары, инфляция және тағы басқалар кері ықпал етеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда ғылыми негізделген аналитика жасау кез келгеннің қолынан келмейді. Көп жағдайда кәсіби кісілер статистика бойынша аталмыш Агенттікке жүгінеді. Бірақ, ол біржылдық және жартыжылдық цифрларды береді, ол жылжымайтын мүлік сегменттерінің барлық өзгешеліктерін дәл көрсетпейді.

Ақпараттың жетіспеуінен көптеген электронды БАҚ-тар мамандандандырылған сайттардан алынған тексерілмеген мәліметтерді пайдаланады.

«Недвижимость» газеті бірлескен ақпараттық қызметінің және kn.kz сайтының басшысы Арман Базилов— Тіпті жаңалықтарды алғанда соңына дейін екшемейді, —  деп ой бөліседі «Недвижимость» газеті бірлескен ақпараттық қызметінің және kn.kz сайтының басшысы Арман Базилов. — Мысалы, порталдардың бірі пәтер сату туралы 15 хабарландыруды негізге алып, Павлодар қаласы бойынша аналитика береді. Ақпараттық сайттар бұл жаңалықты тек жарқын тақырыпша үшін, яғни, «Павлодарда бір пәтер Астанадағы пәтерлердің үштен бір құнына сәйкес  тұрады», — деп жамырап жариялады. Тек қана 15 хабар-ландыруға сүйеніп, мұндай қорытынды шығаруға болмайды. Бұл шындыққа жанаспайды. Мұндай кейбір жаңалықтар орынсыз дүрлікпе және адамдар арасында дәйексіз пікірлер қалыптастырады. Жылжымайтын мүлікке жоғарылаған бағалар туралы түсінбестіктер туындайды. Бұл уақытта есеп әдістемелерінде тексерілген және үлкен шынайы базаға негізделген аналитика көмекке келеді.

Біздің республикамыз нарықтық қатынасқа енді ғана түсті, жылжымайтын мүлік анализдерінің тұрақты стандарттары жоқ. Басқаша айтқанда, түсініксіз мазмұнның «өз» терминдері мен есеп тәсілдері қолданылады. Өтілі көп аналитик Татьяна Корягинаның өзіне кейбір сайттардағы қорытындылар түсініксіз.

— Төмендегідей ақпарат кездестірдім: жалға берілетін пәтердің орташа құны бір ай бойынша 0,036-ға түсті. Бұл не? Түсініксіз. Оның үстіне «жалға берілетін пәтердің орташа форматы — 2.155» деген көрсеткіш бар. Екі, бұл екі бөлме. Ұқтық. Ал, 0.155 — жұмбақ күйінде қалады.

— Ресейде, — дейді Татьяна Корягина, — мұндай проблема жоқ. Көршілер кейбір ерекшеліктерге сай тұтас тәртіпті ұстануға тырысады. Бұл елде осындай сайттар арасында өте мықты бәсеке дамыған. Бізде мұндай қарсыластық жоқ. Егер ресейліктерде баға туралы сөз болса, ақиқат ақпаратты келтіреді. Өйткені, онда кәсібилердің алдынан сертификаттан өткен адамдар аналитикамен шұғылданады. Ресейлік ассоциацияның құрамындағы риэлторлардың 70 пайызы Стерниктен дәріс алғандар.

Геннадий Стерник Кеңес дәуірі кезінде жылжымайтын мүлік саласындағы талдаумен тұңғыш кәсіби айналысқандардың бірегейі. Ғылыми базаны, статистиканы, математиканы пайдаланды және Одақ ыдырағаннан кейін нарықтың жаңа жағдайында оларды сауатты қолдана білді. Стерник біздің өмірімізге бейімделген салыстыру, жорамал және саралау, жіктеу әдістерін енгізді.

Кn.kz Аналитикалық қызметінің мамандары ресейлік маман арқылы сертификациядан өтті. Бұл аналитиктердің мектебі нағыз салмақты болып есептеледі.

Пайдалы ақпарат

Интернет-ресурстың көп болуы бір тапсырманы жан-жағынан қарауға мүмкіндік береді, ол пайдаланушыны өзіне тарта біледі. «Жылжымайтын мүлік» деген түсінік тек оны жалға алу немесе сатып алу мәселелерімен шектелмейді.

Оны рәсімдеуде, оны пайдалануға берудегі күнделікті тапсырмаларды орындауда, мемлекеттік органдармен арақатынас кезінде бірнеше заңды аспектілер болады.

Осы ақпарат арқылы сайттың өмірі ұза-рады. Өйткені, оқырмандардың  мүддесіне байланысты материалдардарға тақырып табылады. Бірақ, олар басқа туындылардан функциональдылығымен ерекшеленеді. Ақпарат бағыт көрсетуге, жауап беруге, жалпы көмектесуге тиіс.

— Біздің ілгері жылжуымызға мына ресурстар: kapital, zakon, «Хабар» телеканалы, және 24 kz қол ұшын береді. Жылжымайтын мүлік туралы ТВ бағдарламасына сарапшы ретінде біздің аналитиктер шығады, — деп мысал келтіреді ақпарат қызметінің басшысы Арман Базилов.

Өткен жылы Қазақстан көлік және коммуникация Министрлігінің қолдауымен «Зерде» Ұлттық инфо-коммуникациондық холдингінің өткізген Қазақстан Республикасы өкіметінің электрондық қызметін үздік насихаттауға байланысты журналистер арасындағы сайыста Kn.kz ақпараттық қызметінің «Электрондық форматта жылжымайтын мүлік операциясы» атты мақаласы бас жүлдеге иеленді.

Портал оқырмандарының талабын қанағаттандырған тақырып бұрнағы жылы ипотека болды. Мүдде дәрежесі бойынша екінші орынға Астананың мемлекеттік жос-пары лайықталды. Бүгінде басымдылық алмасты: азаматтар «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасының шарттарын жан-жақты талқылауда.

— Яғни, тұрғын үй проблемасы бар, — дейді Арман Базилов. — Пәтерлер сатылуда, бірақ, оған қалаған адамдардың қолы жетпейді. Тілекшілердің көбі өз бұрышына ие болмауда. Жалғыз жол — мемелекеттік бағдарлама. Алайда, ол туралы көпшілік білмейді. Біріншіден, білуге құштарлықтың, ынтаның жоқтығы, ал, екіншіден, бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік органдардың пейіл танытпауы. Біз адамдардың сұраныс салмағын білеміз және жоспар құрғанымызда, сайтта жаңа айдарлар ашқанда оны есепке аламыз.

Мысалы, «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасында үш оператор: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» және «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» бар екенін жұртшылық ескермейді. Азаматтар ең тәуір операторды таңдау үшін олар кей сәттерде бәсекелес ретінде әрекет ету керек.

— Іс жүзінде сайыс өтпейді, басқа жандарға ақпарат жетпейді, — деп түсіндіреді Арман Базилов. — Мақсаты бір бағдарламаны жүзеге асырып жатқандарын ешқайсысы ұққысы келмейді. Мемлекеттік операторлар өз істерін білулері тиіс, абсолютті мөлдірлік үшін олар аудиториямен жұмыс жасағандары абзал. Оған әрдайым ақпараттық түйін арқылы жетуге болады.

Журналистердің көпшілігінің, оған kn.kz порталын қосқанда басты мәселе атқарушы ұйыммен жұмыс істеу болып табылады. Қоғам үшін объективті ақпарат ұсынуда ең маңызды міндетті іс — БАҚ-пен байланыс баспасөз-хатшылары арқылы жүзеге асырылады. Кейбір баспасөз-қызметтері бұны кейінге қалдырады, оның орнына іс-шаралар өткізумен, шенеуліктерді іссапарға аттандырумен шұғылданады. Астана қалалық әкімдігіндегі баспасөз-хатшысы ақпарат жинауға көмектесуден бас тартты, — дейді Арман Базилов.

БАҚ-пен байланысты көбіне жеке компаниялар, жылжымайтын мүлік нарығының мамандары қалайды. Сөйтіп, олар өз пікірлерін айтып, белгілі болғысы келеді. Бірақ, бұл сарапшылардың барлығының әйгілі болуға өрелері жетпейді.

— Жылжымайтын мүлік саласында беделді адамдар жоқтың қасы, — деп санайды Арман Базилов. — Нарық кәсібилерінің дәрежесінің төмендігі, өкінішке орай, бір-бірлерінен ерекшелену үшін пікірлер шоғырын құруға мүмкіндік бермейді. Баяғы бір түсінік берушіні қазбалағандықтан, мәңгүрттік, жасандылық пайда болып жалықтырады. 

Бірақ, әзірге сайт ынталы барлық топтармен сөйлесу алаңшасын құру үшін бар күштерін салып жатыр. Порталдағы оқырмандардың қалдырған сұрақтары жаңа, өткір, пайдалы, мазмұнды мақалалардың жазылуын тездетеді.

— Интернет жыл сайын БАҚ басылымдарын таралымының азайтуға септігін тигізуде, — деп қорытындылайды маркетолог Татьяна Гришина. — Бұл белгісіздеу болғанмен, ойланғанға көзге ұрып тұр.

Клиенттердің көп бөлігі (85 пайыз) Бүкіләлемдік желіден керектерін алатынын Астана мен Қарағандының риэлторлары қуаттайды. Бұл өте шұғыл әрі ыңғайлы процесс, сатып алушының ынтасын үстемелейді. Күш, уақыт аз жұмсалады және шешім жылдам қабылданады.

Фото: kn.kz

Kn.kz Ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.