Үйдің шатыры қалай пайда болды?

«Penthouse» сөзін ағылшын тілінен дәлме-дәл «үйдің шатырына қондырылған көрікті, әдемі пәтер; шатырдағы қондырма (лифтілердің, бактардың жабдықтары үшін); шатыр/есіктердегі тент; көрікті, әдемі пәтер немесе шатырдағы зәулім жекежай» деп аударылады.

Ұзақ жылға тарихқа көз жүгіртсек, пентхаус деп көп нәрсе аталып, мәні әрқилы болғанын байқаймыз. Бір болжамға сәйкес «пентхаус» сөзі XVI ғасырда пайда болыпты. Бұл кезеңде ағылшын тілінде «рentis» «шатыры иілген үйдің құрылысы» деген мағынаны білдірген.

Дегенмен, төмендегі жорамал тым сенімдірек көрінеді, бұл сөз Нью-Йоркте өткен ғасырда тек 20-шы жылдары пайда болған екен. Дәл осы қалада бірден дамудың, өсудің және даңқтың тұғыры болған «бүркеншік алаңындағы үй» (осындай екінші көзқарас иегерлері «пентхаус» сөзін орыс тіліне аударған) бірінші рет салына бастаған. Бұл уақытта сәулетті Нью-Йорк нағыз құрылыс жұмысы тынымсыз тоқтамаған, шарықтап өрістеген елдің экономикалық орталығына айналды.  

Екі дәрежелі пәтерлер Ресейде сонау келмеске кеткен кеңестік өкімет кезеңінде өмірге келді, бірақ, олар сапасы бойынша жылжымайтын мүлік нарығында ұсынылатын қазіргі таңдағы объектілерден айтарлықтай төмен болды. Сол уақытта сәнді Мәскеуде сәулетші Моисей Гинзбургтің жобасы бойынша 20-шы жылдары салынған әйгілі, белгілі жалғыз осы пентхаус болды. Ең алдымен төсеніш тұрғындар-коммунарлардың денешынықтыру жаттығуларына арналды, кейін ол РСФСР қаржылық халық комитеті Николай Милютиннің пайдалануына берілді (ол — қала құрылысының теоретигі), оның жекежайы осында, шатырда орналасты. Әрі қарай бұл ғимарат жатақханаға айналып кетті. Міне, осы пентхауста чердактар мен мансардты салу қолға алынды.

Пентхаустар архитектурасының өзінің жүзжылдық салт-дәстүрі бар. Америкада пентхаустар чикаголық және нью-йорктік аспан шатырларымен бірге пайда болды. Үлкен, зор, дәу қаланың үлкен үйлері жаңа құрылыс технологиясының кереметі, алғашқы уақыттан кертартпалық жобалауы сақталынды. Пәтерлер бір қабаттың бойына орналасты және олардың мөлшері (300-ден 800 ш.м.-ге дейін) және жобалауы жағынан дәстүрлі плантаторлық жекежайдан айырмашылығы көп емес. Бірақ, қаладан тыс өмірге үйреніп қалған плантаторлар үшін бұл да аз болды. Үйде бақша, бассейн, террастар… жоқ. Сондықтан американдық пентхаус  вилланың кереметі мен қалалық өмірді қосты.  

Еуропада шатырлар басқаша пайдаланылды: оларда жеке үйшіктер салынбады, бірақ, барлық бүтін «алаң» осылай өсті. Шамамен сол уақытта оларға мұхиттың арғы жағындағы әріптестер аспаншатырларын енгізді, белгілі еуропалық сәулетшілер солярия ретінде пайдаланылатын жұқа төсеніштерді, демалыс орнын және қарау алаңшаларын ойлап тапты. Биікте  өмір сүру  идеясы өте тартымды болды, еуропалық пентхаустың, мансардтар буданының және үй шатырындағы коттедждің пайда болуына итермеледі. Мансардтан пентхаус өз орнын, коттеджден — пішінін алды.

Фото: ecobyt.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.