Құрылыс жаңғырығы: сан немесе сапа ма?

Астананың құрылыс көлемі мен қарқыны таңдандырады. Тұрғын үйлер тез салынып жатыр, ондағы шаршы метрлер қымбат тұрады. Бірақ, тұрғын үй кешендеріндегі жоғары баға оның сапасының кепілдігі бола алмайды.

 Тұрғын үй ғимараттарының құрылысында қандай әдеттегі кемшіліктер кездеседі? Адам өзін қалай қауіпсіздендіреді және қалай сенімді құрылыс салушыны таңдауға болады? Жаңа тұрғын үй алаңында келеңсіздік туындағанда наразылықпен кімге жүгінуге болады?

Бүгінде Астана үлкен құрылыс аясында өмір сүріп жатыр. Алайда, пайдалануға берілген әрбір астаналық жаңа құрылыстың жобадан ауытқыған немесе тіпті сараптамасыз салынған сияқты қандай да кемшіліктері, ақаулары бар. Аймақтық даму Министрлігі жанындағы ТКШ-ның және құрылыс істері жөніндегі  Комитеттің тексеруінің арнайы мәліметтері бойынша өткен жылы 20-дан аса Астананың жаңа құрылыстары ірі тәртіп бұзушылықпен пайдалануға қабылданған. Сонымен қатар аталған ведомствоның деректеріне сүйенсек, астананың көптеген тұрғын үй кешендерін көзге көрінген қателерге қарамастан мемлекеттік комиссия қабылдап жіберген. Астаналық құрылыс индустриясының тарихында тұрғын үй кешендерінің «заңнан тыс» қалған кездері де болған, яғни, олар рұқсатнама құжатсыз салынған.

Жаңа құрылыстан тұрғын үйді сатып алушының проблемасы баспананы иеленгеннен кейін анықталған ақауларды құрылыс салушының не басқарушы компанияның байқағысы келмейтінінен басталады.

«Жаңа құрылыстағы тұрғын үй өте нашар, — деп жазады Интернетте үйдің аға басшысы Александра. — Әрлеудің сапаларын жадсарызды қалау. Көптеген кемшіліктер пәтерлерде, подъездерде және аулаларда жиі кездеседі. Балалар алаңшаларында кіру аркалары ойланбай орналастырылған. Пандустар жоқ. Балалар алаңшалары кедей, жұтаң. Екінші лифтіде үнемдеу жасалған».

Міне, тағы бір үлескер Серік Мұқановтың пікірі: «2010 жылы әрлеусіз  вариантта екі бөлмелі пәтердің үлесін сатып алдым. Құрылыс сапасы тіпті де қанағаттандырмады. Үй кемшіліктермен тапсырылған. Оны мемлекеттік комиссияның қалай қабылдағаны тұрғындар үшін жұмбақ күйінде қалып отыр. Қабаттар арасындағы монтаждық қуыстар бетондалмапты. Өрт сөндірудің су құбырлары да қосылмаған, жұмыс істемейді. Эвакуациялық және пәтерлік қылтималардағы кірпіш қалауларында темір қоршаулар жоқ. Бұрыштағы пәтерлерде қыста суық, қабырғалар қатып жатыр. Подъездерде күл-қоқыстар, анда-санда бір жиналады. Балалар алаңшалары салынбаған. Аулада жарық орнатылмаған».

Мұнда жаңа құрылыстардағы негізгі ақауларды көрсеттік, енді оларға толығырақ тоқталамыз.

Сапасыз ішкі әрлеу

Жаңа тұрғын үйді қабылдар кезде үлескерлер шағым жасайтын көзге ұрып тұратын айқын бұл бірінші мәселе. Әрлеу жұмыстарының орасан төмен сапасына байланысты азаматтардың наразылығы 90%-ды құрайды. Келеңсіздікті ең тиімді шешу — өз күшіңізбен тиянақты жөндеу жасау. Сонымен қатар егер жылжымайтын мүлік үлестік қатысу туралы келісімшарт бойынша алынса, таза әрлеуде тұрғын үйді тапсыру туралы шарттың ол міндетті пункті болып саналады. Бұл дегеніңіз, пәтерде сантехника орналастырылған — жуу, ванна немесе душтық кабина, орындалған әрлеу жұмыстары, тұрмыстық құралдар болады, мысалы, газ немесе жарық плитасы. Суды да, жарықты та, телефон байланысын да құрылыс салушы енгізетіні белгілі жәйт.

Аталған талап 2009 жылы өкіметтің тиісті қаулысы шыққаннан бастап сақталады. Аймақтық даму Министрлігі жанындағы ТКШ-ның және құрылыс істері жөніндегі  Комитеттің ақпараттарына сәйкес тапсырылатын пәтердің таза әрлеуіне байланысты талап тек қана мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысына қатысушыларға емес, құрылыс салушыларға, жекешелерге қатысты.

Расында, мұндай шешімдермен бәрі бірдей келіспейді. Құрылыс компанияларының өкілдерінің және сатып алушылардың пікірлеріне сүйенсек, адамдар әдіптелген пәтерді емес, өз таңдауларына сай жөндеуді қалайды екен. Иә, бұл әркімнің өз құқы, бірақ, осындай нақты аргументтердің арқасында көптеген отандық құрылыс салушылардың заңды айналып өтетінін ыждағатпен есте ұстау қажет. Сондықтан сіз өз баспанаңыздың әдемілігіне ақы төлеуге дайын болмасаңыз, бір ақыл — келісімшартты тиянақты оқыңыз және әлгі пунктің орындалуын оған кіргізуді міндетті түрде талап етіңіз.

Жобадағы қателер

Бірақ та анықталғанындай, ішкі әрлеу — бұл ауыз толтырып айтарлықтай проблемаға жатпайды, өйткені, оны өз бетінше шешуге болады. Уақыт өте бара барлық үйге қатысы бар қомақты, орасан кемшіліктер байқалуы ықтимал. Көпшілігінде қыстағы қатаң суықтық, жыл бойындағы сулы ылғалдылық, жаман дыбыс изоляциясы, пайда болған жарықшақтар, сапасыз сым өткізу, телефондандырудың жоқтығы, терезедегі қуыстар, жұмыс істемейтін лифтілер және жағымсыз тағы басқалар.

Жаңа қоныстанушының көп шағымы жобалық­сметалық құжаттамадағы (ЖСҚ) қателікке байланысты.

Жобалық істегі күрделілік біздің климаттың ерекшеліктеріне қатысты болады. Астанадағы құмдар орасан әлсіз келеді және сазды болады. Сондықтан бүтін үйдің құрылымы мен іргетасына мықтап назар аударған өте маңызды есептеледі. Қатаң климаттық жағдайлар — ыстық жаз және суық қыс құрылыс сапасына кәдімгідей кері әсер етеді. Мысалға, «құмды ісіндіру» деген байламды қазіргі таңда түсінік бар — жер қатқан кезде ол құмнан іргетасты қозғалтуға итермелейді. Ал, егер де құрылыс салқындау мезетте ерте көктемде басталып кетсе, қапырық жазға қарай жер ериді, босайды, іргетас сондықтан төмен түседі.

Негізінен қателер белгіленген жобалаушылардың, бас сәулетшінің және жобаның бас инженерінің тәжірибесіздіктерінен кетіп жатады. Әрі қарай жалғаспа жұмыс істейді – сәулетшіден конструкторға, конструктордан жұмыс жобасына, яғни, шектес бөлімдер алдында жіберілген ақауға байланысты шешімді дайындауды жалғастырады. Бұның бәрі ыңғайсыз жағдайға жеткізуі мүмкін.

Қателердің екінші себебі — асығыстыққа ұрыну, өйткені, жобалаудың мерзімі шектелген. Жобалау үшін бастапқы деректерді жинау көп уақытты алады. Бұл инженерлік желілерді қосу үшін техникалық шарттарды алу, желілік із салуды құру немесе анықтау, басқаларға, ұйым тараптарына жататын шектес желілерге із салуын келісу. Астанада бұл іс тәуір жүріп жатыр, барлық техникалық шарттарды және желілерді сәулеттік-жобалық тапсырмасымен (СЖТ) бірге Астана қаласының сәулет және қала құрылысының басқармасы береді, ал, басқа қалаларда бәрі жобалық ұйымдардың күшімен жасалады, әрине, бұған уақыттың орасан көп жұмсалатыны бесенеден белгілі жәйт.

Жобалаушылардың алтыннан қымбат бірталай уақыттары мынадай мемлекеттік мекемемен, СЭС-пен, Астана қаласының табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи қорының басқармасымен, «Мемлекеттік ішкі ведомстволық жобаларды сараптау» (мемлекеттік сараптама) РММ-мен жобалық-сметалық құжаттаманы келісуге кетеді. СЭС құжаттарды 20 күн ішінде заңды қарауға тиісті. Сосын кемшіліктерді жоюға уақыт керек, бұл сабаудай 10 күнді алады. Сараптаманы қайталап өткізу тағы 10 күнді жұтады... Қорытысында тек бір инстанцияға бір жарым ай жұмсалады. Табиғи ресурстар басқармасымен де жағдай осылай. Мемлекеттік сараптама ЖСҚ-ны бұдан да көп қарайды, заң бойынша ол 45 күнге созылады. Егер жазылған маңызды ескертпелер болса – оны жөндеуге, қалпына келтіруге тағы біраз мерзім керек.

Жобалаушылар егер ЖСҚ-ны қарайтын барлық қадағалау мекемелері ТҚО-дай «бір терезе» бағыты бойынша тек бір ғана жерде болса, жобалық институттардың ауыр жұмыстары әжептәуір жеңілдейтінін ыждағатпен қадап-қадап айтады. Сонда негізгі уақыт кедергісіз пайдалы, қажетті жобаларға жұмсалар еді.

Салынған дәлсіздіктер

Ең бір өзекті мәселелердің бірі ғимаратты жобалау кезінде алаңшалардың, подъездердің жолдарының және жабылмалардың есепке алынбай қалатыны жиі-жиі кездеседі. Бұның себебі неде?

Құрылыстан бос жерлер қаланың шетінде орналасқандықтан өткізілудің және құрылыстың инженерлік желілері ауыз толтырып айтарлықтай қымбатқа түседі. Сондықтан тапсырыс беруші құрылыс салу үшін жерді құрылысы мол қалалық аудандардан алады, сосын жобалаушыларға арналған техникалық тапсырмада пәтер санына сәйкес жабылма үшін орын санын көрсетеді. Подъездердің жолдары тағы да жер бөлімшелерінің кіші габариттерін есепке алып жобаланады, яғни, жобалаушылар алынған техникалық тапсырманың шеңберінде, ҚНжЕ-ге және басқа да нормативтік актілерге мықтап сүйенеді.

«2010 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй кешендерінде подъездердің жолдары жоқ, — деп жазады Астана әкімінің сайтындағы өзінің білдірісінде астананың тұрғыны Бауыржан Байжұманов. — Жаңбыр жауғаннан кейін жаяу үйге бару мүмкін емес. Көліктер қауіпті жолдармен жүреді және сосын Астананың жолдарын балшықтатып бүлдіреді. Біз қалада тұрамыз, бірақ, көктемде лайға белшеден батқан мезетте қаладан тыс қалғандай боламыз».

Жабылмалар қарастырылмаған Астанадағы құрылыс фактілеріне Астананы дамытудың толғақты мәселелеріне сәуірде өткен мәжілісте Елбасы аса назар аударды және бұны өз дәрежесінде шешуді Бас прокуратураға тапсырды:

«Соңғы үш жылда барлық көп қабатты үйлердің жартысы Алматы ауданында салынды. Негізінен биіктік  16 қабаттан жоғары болған. Аталған ауданда тұрғындар өте көп. Онда 365 мың адам тұрады — бұл Астана тұрғындарының жартысы. Нәтижесінде көшелер мен аулаларда көліктер аузы-мұрнынан шыға орасан лықа толған және сондықтан ұнамсыз көрініс тайға таңба басқандай көрінеді, аяқ алып жүргісіз. Саябақтар атымен жоқ, адамдар жайсыздықты сезініп, көріп жатыр. Жаңа үйлерді іске қосар кезде кез келген үйдің жабылмаларын қарау керектігін тапсырдым. Алайда, соңғы үш жылда пайдалануға берілген 41 мың пәтерде небәрі 3,5 мың көлік-орын салынған — 8%», — деп қадап-қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.

Келесі пункті қалай казус деп атамаймыз? Мемлекеттік сараптамада жоба бойынша қазақстандық мазмұн талап етіледі. Бұл негізінен алғанда, жарықпен жабдықтауға, сумен жабдықтауға, канализацияға, жылу мен желдеткішке арналған құралдарды жеткізушілерге қатысты. Бізде қажетті құралдар шығарылмайды, шығарылса да шетелдік дайындаушылардікінен арзан, сапасы төмен, жобалаушылар отандық және басқа өнім берушілерді де жобаға енгізулері керек.

Бұл мәселені түпкілікті шешу үшін, шамасы, заңнаманы тиянақтап қайта қарау керек шығар.

Жобалық құжаттаманы сақтамау

Қаражаттың көзін тым үнемдеу мақсатында құрылыс салушылар ғимараттың құрылысын салу үшін іргелес аймақты тым абаттандыру кезінде бастапқы жобадан көбірек тайқиды.

«Үй құрылысындағы міндер шаштан көп, — деп жазады Интернетте жаңа қоныстанушы, бұрынғы құрылысшы Хамит Бекжанов. — Олардың санын біз 50-ге жеткіздік. Осындай наразылықтың тізімін біздің көп қабаттылардың іргетасынан үнемдік жасағысы келген құрылыс салушыға ұсындық. 1000 мм-дің орнына іргетастың ені  800 мм, тіпті, 900 мм-ді құрайды! Оның үстіне заңсыз қосымша мансардты қабат қосып алған. Бұл тәртіп бұзушылық. Олар үйді пәтер есебінде сатады. Шыдамның шегі бар, пәтердің ішіндегі жарықты жамап жатқанда, олар сыртында пайда болды. Біз ТКШ-ы мен құрылыс істері жөніндегі Агенттікке хабарластық. Сараптамашылар тексеруге келді, құрылыс салушылардан кейін қуыстар бітелді. Бірақ, подъездердегі жылудың үзілуін неге екені белгісіз ұмытып кетті. Бір қызығы, мемлекеттік қабылдау актісінде үй ғимараттармен және  гараждармен бірге қабылданған деп көрсетілген. Олар тіпті атымен жоқ!».

Әрлеу кезінде үнемшілдік үшін сметада өте қымбат әрі тым сапалы деп қарастырылса да, төменгі сортты  материалдарды пайдалану жағдайлары сирек кездеспейді.

Сонымен соңғы уақытта құрылыс алаңшаларында бетон мен ерітінді шығару үшін мини-зауыт орнату сәнге айналды, күн сайынғы сынақ үшін шығарылатын өнімдерді қолданысқа енгізуде лицензия керек. Бірақ, айтылғандардың анаусы да, мынаусы да жұрдай жоқ. Пайдаланылған ұсақ тұстардың, құрылыс ерітінділерінің, бетондық қоспалардың, кірпіштердің әрі темірпластиктердің, керамограниттің және басқалардың қажетті, тиісті сертификаттары әрқашан болмайды. Терезе және есік блоктары МЕМСТ-ның талаптарына және бекітілген жобаларға жиі сәйкес келе бермейтінін батыл айтуға болады.

Мамандар мәселесі

Жаңа тұрғын үй құрылысының төмен сапасының тағы бір себебі — біліксіз жұмыс күшін пайдалану, сонымен қатар жұмыс өндірісінің технологиясын бұзу. Өз ісін жетік білетін майталман мамандардың және тіпті түрлі-түрлі жұмысшылардың зәрулігін құрылыс салушылардың өздері жалықпай, шаршамай айтады. Қазақстан құрылысшылар Одағының атқарушы директоры Ринат Рамазановтың айтуынша, бүгінде елімізде кірпіш қалаушылардың, жобалаушылардың немесе жобалау-техникалық бөлімі инженерлерінің, смета құрушылардың, монтажшылардың және қарапайым жұмысшылардың жетіспеушілігі анық сезіледі екен. Қазір сырттан келгендер зәрулікті жойып жатыр, бірақ, келешекте өзіміздің білікті жұмысшыларымызды дайындауымыз аса қажет, мұндай жұмыстарды аймақтарда бастаған дұрыс.

«Шағым кітабын беріңіз!»

ТКШ-ы және құрылыс істері бойынша Комитет төрағасының орынбасары Ғалымжан Абдырайымовтың айтуынша, құрылыс процесінде кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықты білу құрылыс объектісінің жүру барысында қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру құралы.

Бірақ, тәжірибе қадағалауға 100 пайыз арқа сүйеуге тіпті болмайтынын нақтылап көрсетеді, бұл ой-пікірді сарапшының өзі де қолдайды.

— Заң талаптарына сәйкес техникалық қадағалау сапаны, мерзімдерді, құнды қосқанда, жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде құрылыс барысын, орындалған жұмыстарды қабылдауды және объектілерді пайдалануға беруді тиянақты тексере алады, — дейді Ғалымжан Абдырайымов. — Алайда, техникалық қадағалаудың өкілдері өздерінің қызметтерін жоғары дәрежеде орындамайды, яғни, объектілерге бармайды, құрылыстың 50 немесе одан да көп объектісіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады. Техникалық қадағалау әрдайымғы негізде жан-жақты жүргізілуі тиіс.

Барлық кемшіліктерді техникалық қадағалау мамандары тауып жатса да, оларды қабылдау-беру актісіне қол қою кезінде анықтау мүмкін еместігі түсінікті. Көпшілігі ғимаратты пайдалануға беру сәтінде байқалады. Басқа жағынан мердігер міндерді жөндеуге асықпайды. Мұндай жағдайда құрылысшылардың сапасыз жұмыстарына шағыммен қайда хабарласуға болады?

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 25 бабы, 1 бөлігіне сәйкес, құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жасау, қалпына келтіру және ғимаратты, баспананы күрделі жөндеу, инженерлік және көлік қатынастары туралы шешім қабылдау, сонымен қатар салынып жатқан (белгіленген құрылысқа) объектілер мен кешендерге өкімет бекіткен тәртіппен мониторингі енгізу Астана қаласы әкімдігінің құзырына қатысты. Сондықтан барлық кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықтар бойынша жаңа қоныстанушылар құзырлық шамаларына байланысты қажетті шараларды тиянақты қолдану үшін аймақтық әкімдікке жазбаша түрде хабарласулары керек.

Сіздің құқыңыз бен заңды мүдделеріңізге нұқсан келген жағдайда, осы мәселе бойынша ҚР АК-нің 9 бабына сәйкес бекітілген заңнамалық тәртіппен тұрғындардың сотқа жүгіне алатынын білу өте маңызды.

Фото: uralskweek.kz

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Егер жаңа құрылыста кемшілікті байқасаңыз...

Подписка на статьи
Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.