Тұрғынүйқұрылысжинақбанкi: жинақтау болмағандағы

Негізінен бұл Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламаның операторы ретінде белгілі, аян, және де көптеген қазақстандықтар қимыл-әрекеттегі банктің тек жинақтау жүйесі туралы біледі.

Біз барлық тұрғындарға арналған және кепіл мен төлемқабілетті растайтын – барлық банктерге бірдей тән талаптар кіретін ипотекалық бағдарлама жөнінде айтамыз.

Қазақстанның «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ның ақпараттарына сүйенсек, жинақтау болмағанда тапсырыскердің алдын ала тұрғындық қарыз алуға мүмкіндігі бар екен. Ол келісімшарт сомасының көлемінде беріледі, жалғыз шарт — сіз бір уақытта тұрғынүйқұрылысжинағының жинақтау есепшотына құясыз және жылдық 10% ставкамен қарыздың сыйақысын өтейсіз. Яғни, ай сайын қомақты сома төлеп тұруға тура келеді.

Бұл мысалға былай көрінеді. 

Егер алдын ала қарыз бойынша несиелеу мерзімі 8 жылға бекітілсе, ал, пәтер алаңы — 60 метр болса, бір шаршының құны — 142 500 теңгені құрайды да, онда алдын ала қарыз бойынша ай сайынғы төлемақы сомасы 105 877 теңге болады (оны 8 жыл бойына төлеу керектігін айтамыз). Одан қарыз бойынша пайыздарды өтеу үшін 60 562 теңге, ал, жинақтау үшін — 45 315 теңге жіберіледі. Осыдан кейін 15 жыл бойына сіз ай сайын негізгі тұрғын үй қарызын өтеу бойынша заңды түрде төлем сомасын — 29 925 теңгені төлейсіз.

Қарызды рәсімдеудің міндетті шарттары тапсырыскердің қолында жинақтау есепшотының, төлем қабілеттілігінің растамасы және кепілдік қамтамасыз етудің ұсынымының болуы болып табылады.

Кепіл ретінде мыналар жарайды: бұл банктің есепшотындағы қарыз алушының немесе үшінші тұлғаның ақшасы, қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиісті жылжымайтын мүлік (тұрғын, коммерциялық, участке), сонымен қатар қарыздың арқасында иеленген жылжымайтын мүлік (тұрғын, коммерциялық немесе участке).

Бұған қоса Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің мәліметі бойынша тұрғындық қарызды алдын ала пайдалану кезінде жылдық 2% көлемінде банк сыйақысы бөлінеді (4,6-дан 12,6%-ға дейін жылдық тиімді ставка) және көтерме салымның сомасынан 20% көлемінде мемлекеттік сыйақы (көтерме салымның сомасы 200 АЕК-тен артық болмауы тиіс).

Егер бізге құны 7 500 000 теңге (49 700 доллар) тұратын пәтерді иелену керек болса, әр түрлі тариф бойынша ай сайынғы төлемдерді тиянақтап есептеп беруді біз менеджерлерден сұрағанбыз.

  1. «Бастау» атты тарифтік бағдарлама бойынша бірінші 3 жыл 3 айда — тапсырыскер жылдық 10%-бен 156 250 теңге, ал, келесі 6 жылда —  жылдық 5%-бен 60 393 теңге төлейді.
  2. «Өркен» атты тарифтік бағдарлама бойынша бірінші 5 жыл 6 айда — жылдық 10%-бен 118 750 теңге, ал,  келесі 10 жыл —  жылдық 4,5%-бен 38 864 теңге болды.
  3. «Кемел» атты тарифтік бағдарлама бойынша бірінші 8 жыл 6 айда   — жылдық 10%-бен 100 000 теңге, ал, 15 жылда  — жылдық 4%-бен 27 738 теңге болды.
    15 000 000 теңге (99 400 доллардай) тұратын иеленген пәтердің сомасын есептеу мысалы 
  1. «Бастау» атты тарифтік бағдарлама бойынша бірінші 3 жыл 3 айда тапсырыскер жылдық 10%-бен 312 500 теңге, ал, келесі 6 жылда — жылдық 5%-бен 120 787 теңге төлейді.
  2. «Өркен» атты тарифтік бағдарлама бойынша бірінші 5 жыл 6 айда   — жылдық 10%-бен 237 500 теңге, ал, келесі 10 жылда  — жылдық 4,5%-бен 77 729 теңге болды.
  3. «Кемел» атты тарифтік бағдарлама бойынша бірінші 8 жыл 6 айда   — жылдық 10%-бен 200 000 теңге, ал, келесі 15 жылда  — жылдық 4%-бен 55477 теңге болды

 Біз жан-жақты пайдалы да, қажетті де ақыл-кеңес алу үшін банктің менеджерлеріне жүгіндік. Бастапқы түпкілікті мәліметтер мынадай —  құны 15 000 000 теңге тұратын пәтерді иелену үшін автор алдын ала қарыз алуға ниетті. Ешқандай жинақтау жоқ, бірақ, кепілге қояр мүліктер бар — мысалға жер участкесі, айлық жалақысы. Жиынтық жанұялық табыс  250 000 теңгедей болады.

Менеджер алдын ала қарыз алу бойынша несиелеудің бағдарламасын өз еріктерімен таңдауды ұсынды. Керемет ұзақ мерзімді несиелеу «Кемел» атты ең қолжетімді бағдарламаға шақталып есептелген. Бізге қойылған шарттардың ішінен біреуі ғана банктің менеджерін мазасыздандырды, — көп емес айлық жалақы. Тапсырыскердің төлем қабілеттілігін анықтауда банк жанұя мүшелерін, сонымен қатар балаларды есепке алады. Мысалы, әрбір ересек адамға айына 15 АЕК, ал, балаға — 13 АЕК жұмсалады. Ұсынылған жиынтық жанұялық табыс банктің бағдарламасы бойынша ай сайынғы жарнапұлдарды өтей алмайтын болады. Менеджер тағы бір жол ұсынды — екінші тең қарыз алушыны тарту. Бұны мынадай бір ғана шартпен жасауға тұрады — егер ай сайынғы жарнапұлды тапсырыскер 50%-н төлеуді жағдайы кәдімгідей көтерсе жарайды.

Кепіл туралы бөлек ерекше айтқанымыз дұрыс. Жылжымайтын мүлік екі тәуелсіз бағалау компаниясының сараптамасы бойынша нақтырақ бағаланады, алынған цифрлардан орташа баға анықталады. Және банк бағалау құнынан есепке тек 70%, жер участкесі бойынша — бағалау құнынан 40% алады.

Қарызды рәсімдеудің қосымша қызметтері

  • Жинақтау есепшотын ашу комиссиясы үшін шарт бойынша сомадан 0,55% құралады (ең кемі 5 000 теңге).
  • Несиелік тапсырыстарды қарау комиссиясы үшін — 5 000 теңге.
  • Қарызды беруді ұйымдастыру комиссиясы үшін — қарыз сомасынан 1% (ең кемі 15 000 теңге, ең жоғарысы 100 000 теңге).
  • Қарыздарды қолма-қол ақшалармен төлеу комиссиясы үшін — қарыз сомасынан 0,5% (ең кемі 1 500 теңге, ең жоғарысы 50 000 теңге).
  • Сақтандыру ставкасы бойынша — барлық сомадан 0,2%. Ипотекалық келісімшартты рәсімдеу кезінде және сосын жылына бір рет төленеді.

Тқжб ипотекалық қарыздарының артықшылықтары 

  • Сыйақының ең бір төмен ставкалары. Ең жоғары ставкасы — тарифтік бағдарламаға байланысты жылдық 10% әрі қарай жылдық 4-­5%-ға дейін ставканы төмендету.
  • Сыйақының өзгермейтін ставкасы.
  • Діттелген қарыз алынған күннен 6 ай бойына айыппұл санкциясынсыз мерзімінен бұрын өтеудің толық мүмкіншілігі.
  • Жыл сайын салымға сыйақыны аудару.
  • Мемлекет сыйақы жинағын көтермелеу — 20% көлемінде нақтыланған 200 АЕК-ке дейінгі сома.

Сараптамашының пікірі

Гүлжихан Кеңес, экономика ғылымының кандитаты, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Финансы» кафедрасының аға оқытушысы:

— ТҚЖБК-і несиелеудің шарттарын орасан қолайлы және қолжетімді қылып жасады деп ойлаймын. Алдын ала тұрғындық қарыз баспананы, үйді тез иеленудің ең жедел тәсілі ретінде ойластырылған. Ол тапсырыскерге алдын ала жинақ қордалануынсыз беріледі. Банк салымшысы қарызды алады, пәтерде тұрып жатып, оны сатып алады, қарызынан құтылады және қаражат жинайды. Бұл салымшы үшін қолайлы және пайдалы, сонымен банктен толыққанды қарыз алуға мүмкіндік беретін келісілген соманың жартысын алдын ала жинақтауға уақыт кетпейді және тек бұдан кейін тұрғын үй мәселесі өзінен-өзі оңайырақ шешіледі.

Қарызгерлердің қолжетімді, қажетті түрлі-түрлі категорияларына алдын ала тұрғындық қарыз ұйымдастыру үшін банк тәуекелге барып, сыйақы ставкасын төмендетті.

Қарыздар аралағындағы сұранысты ынталандырып, көбейту үшін және мұндай қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ТҚЖБК-і «Жеңіл» атты несиелеу бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үйлік қарыздарды беруді жандандырды. «Жеңiл» бағдарламасының ерекше белгісі негізгі қарызды өтеуді 3 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру болып табылады. Көрсетілген кезеңде қарызгер займ бойынша тек сыйақы сомасын өтейді! Бұл шығындарды жоспарлауға мүмкіндік туғызады және ертеңгі күнге сенімді ұлғайтады. «Жеңіл» бағдарламасы ТҚЖБК-і өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін, олардың өткірлігін көрсетеді.

Төлемге қабілетсіз тапсырыскерлерге ақшаны беруде көзсіз тәуекелшілдіктен аулақ болу үшін  банк міндетті түрде тапсырыскерден өз табыстары туралы ақпаратты жария қылуды өтінеді. Несиені алуда қарызгердің табысы егер де жетімсіз болған жағдайда банк алдағы уақытта қарыздан құтылуға негізі қарызгермен бірдей жауапты болатын бір немесе бірнеше тең қарызгерлерді тартуға рұқсат береді. Енді тапсырыскердің тұрғынүйқұрылысжинағы туралы келісімшартқа отырып немесе сомадан 50%-ын жинақтап, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бірден алдын ала немесе аралық қарызды күтілу мерзімінсіз емін-еркін алу үшін оның хабарласуына әбден болады, ол 1 айдан 3 айға дейін құрылады. ТҚЖБК-нің ұйымдастыруының арқасында көптеген қазақстандықтардың тіпті ертең-ақ су жаңа сәулетті пәтерлеріне қоныстануларына мүмкіндік бар.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Ипотека қайда «бара жатыр?»

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.