«Жұмыспен қамту-2020» және «ТКШ-н жаңғырту-2020»: аралық қорытындылар

Қатысушылары бар заңды тұрғындық шарттарға байланысты кең көлемдегі мемлекеттік бағдарламалар Қазақстанда сол үш жылдан бері жүзеге асырылып жатыр. Жергілікті жерлерде олар қалай орындалып жатыр немесе нәтижелері қандай?

«Жұмыспен қамту-2020»

Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша төмен экономикалық дәрежедегі аудандардан қоныс аударушылар үшін баспана, үй құрылысын салумен енді тек мемлекет емес, жұмыс беруші де шұғылданады.

Мұндай өзгеріс бағдарламаның үшінші бағытында жазда пайда болды. Және бағдарламаның атауы ауыстырылды, ол енді «Жұмыспен қамтудың жол картасы» деп аталады. Біз аймақтарда жаңартылған бағдарлама қалай тыныстап жатқанын білуге талпындық.«Жұмыспен қамту-2020»

Егер бұрын жергілікті атқару органдары тұрғындардың нақты көшетін санын және тұрғын үйді пайдалану үшін қаражатты жоспарлайтын болса, ал, қазір енді жұмыс берушінің сұранысының аясында да құрылыс жүргізіледі. Яғни, әзірге кез келген жеке кәсіпкер оның мекемесіне жұмысшылар керек деп білдіріс жасамайды, ол тұрғын үй құрылысына мол ақша құюға дайын,   республикалық бюджеттен көк тиын қаражат түспейді.

— Жұмыс беруші тарапынан бірлесіп қаржыландыру мынадай болып құрылады: көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу мен оны иелену және бітіру кезінде баспананың жалпы алаңынан бағаның 10%-нан кем емес. Жеке жағдаймен, екі-, үш пәтерлі тұрғын үйлермен — үйлердің жалпы алаңынан 10%-дан кем емес. Сондықтан бірлесіп қаржыландырудың ең аз ғана мөлшері тұрғындық үйдің бір пәтерінің құнынан төмен болмауы тиіс, — деп көрсетеді ҚР тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігінің тұрғындарды жұмыспен қамту департаментінің директоры Нұржан Қалдыбатыр.

«Қарағанды облысы әлеуметтік бағдарламаны және жұмыспен қамтуды үйлестіру Басқармасы» ММ-і басшысының орынбасары Нүркен Біләловтің пікірінше, бұл механизм жұмыс берушіні қызықтыруға бағытталған:

— Егер үй құрылысын салуға мүмкіндік болмаса, онда мемлекет бұған 90 пайыз қатысуға тастүйін дайын, әзір.

Егер көп пәтерлі үй пайдалануға берілсе, жеке кәсіпкер 10-шы бөлігін төлейді де және бір пәтердің қожайыны болып есептеледі. 2-3 жанұялы үймен жағдайда жұмыс беруші сонымен қатар ең аз деген де бір пәтердің иесі болып шығады.

Қоныс аударушылар жеке үйге ие бола ала ма?

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» атты осынау бағдарлама бойынша егер қатысушы мемлекеттік пәтерге бағы жанып қол жеткізсе, тұрғын үйді жекешелендіруге болады.

—Салынған және пайдалануға берілген сапалы, сәулетті тұрғын үйлер осынау баспананың құрылысына қаражатты салған мемлекет пен жұмыс берушінің араларында заңды түрде барабар бөлінеді, — деп бағдарламаның мән-жайын тиянақты түсіндіреді жұмыспен қамтуды үйлестіру басшысының орынбасары Нүркен Біләлов. — Мемлекеттік қаражаттың есебінен салынған тұрғын үй тұрғындарды жұмыспен қамтудың Орталығының балансына өтеді. Содан кейін осы бағдарламаның қатысушыларына пәтерлер жалға берілуі ықтимал. Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы заңнамаға байланысты егер олар қызметтік үйде 5 жылдан кем тұрмаса, қалған баға бойынша баспананы заңды түрде жекешелендіруге әбден болады екен.

Еңбек Министрлігінің тұщымды, мәнді хабарламасы бойынша 2013 жылы Қызылорда, Павлодар, Шығыс-Қазақстан және Солтүстік-Қазақстан облыстарының жұмыс берушілері құрылысқа тапсырыстарды жасапты.

Тұрғын үй бағдарламасыз да беріледі

Жеке кәсіпкерлердің құрылысқа жіберілген шығындарға қаншалықты қызығушылықтары артады? «Атамекен» ҚҰЭП-сы басқармасының мүшесі Талғат Доскенов бұл бағыттың болашағы зор деп санайды. Көмірлі осынау Қарағандыда мемлекеттің қатысуынсыз өзінің қызметкерлері үшін тұрғын үй салған жеке кәсіпкерлер бар. Мәселен, ӨК «Аспап» құрылыс компаниясы өзінің қызметкерлері үшін меншікті жатақханасын ұсынады. Бұл іс-әрекет, іскер мамандардан айырылып қалмаудан жасалады: құрылыс — маусымдық жұмыс, баспана, кепе беру қызметкерлердің басқа мекемеге кетіп қалуына тосқауыл болады. Жатақхананың жалға беру бағасы сонша қымбат емес, тек қызметкерлерден тәртіп сақтау талап етіледі. Мұндай кәсіпкерлердің жалғыз еместігін айтады Талғат Доскенов:

— Заманауи өндіріссіз тырп ете алмайтын майталман, шебер мамандар бар. Мысалы, мехатрониктер (көлік құрылыс саласында) немесе жаңа хаусмастер (коммуналдық шаруашылықтағы іскер маман). Немесе жаңа дәнекерлеу технологиясын пайдаланатын дәнекерлеушілер. Мұндай ерекшелеу мамандар бізде аз. Олар өздерінің білімдерін ас, шебер және т.б. сапада басқаларға беру үшін жан-жақты жағдай істелуі қажет. Бұл мамандар жасарын жасады, олардың орнын енді өзгелер басу керек. Кәсіпкер күшін салған тұрғын үй, баспана жұмыс берушінің құзырында, меншігінде болады.

Қызметкер үшін бірегей жаманы оны жеке кәсіпкердің меншігі болып табылатын жалға берілген тұрғын үйден «шығуды» өтінеді. Бұл жағынан алғанда қызметкерлер мен олардың жанұялары үшін ешқандай кепілдік жоқ.

Жұмыспен қамту – 2020 Бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру — 3 облыс бойынша еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру  

Алғашқы қорытындылар қуантпады

Біршама сын-пікірлерден кейін бағдарламаға енгізілген оң өзгерістер туралы ойлар бұрындары айтылған еді. Үстіміздегі жылы көктемдегі Дариға  Назарбаеваның сөзі орасан ерекше болды. Үшінші бағыттағы құрылысты ол «біздің шенеуніктердің сүйікті бизнесі» деп те атады. 2011 жылы депутаттың мәлімдеуінше, адамдар түк жұмыстары жоқ аудандарда салынған үйлерге қоныстандырылған. Жоғарыда көрсетілген бар бағыт бойынша 8 миллиард теңгеден артық бөлінген, бірақ, олардың тиімділігі әлі анықталмаған.

Бюджеттік қаражаттарды қалай жұмсауда Павлодар ауданы өзгелерден оқшау, ерек тұр. Онда тұрғын үй құрылысына 600 миллион теңге бөлінген. Алайда, жергілікті өкімет құрылыс салу емес, дайынды сатып алуды шешкен. Тек олар гипсокартоннан ғана істелген, жарықсыз, сусыз және тағы басқа коммуналдық қызметсіз. Енді республикалық қаражатты «бойға сіңірген» күрделі мәселемен Павлодар облыстық прокуратурасы айналысып жатыр.

Ақмола облысының прокурорлары сонымен қатар бағдарламаның формалды орындалуы және оның нақты орындалу барысында бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Осы жылы олардың үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды. Негізгі тәртіп бұзушылық бұл бағдарламаның бірінші екі бағытына қатысты. Алайда, үшінші бойынша да наразылық бар: үй құрылысының мерзімінің кешігуі байқалды, көшкені үшін жанұяларға субсидия төлемеу фактілері бар.

Басқа аудандарда ақшалар қалай жұмсалатыны туралы тек қана жанама    цифрлармен білуге болады: бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңінде төмен  экономикалық әлеуетті аудандардан көшіп келушілер саны 8 444 адамды құрады, және олардың 4 мыңы — еңбекке қабілетті жаста. Жұмысқа 61,7%-ы орналасты. Яғни, жартысынан көбісі. Тұрғылықты мекен-жайды ауыстыру кезіндегі бағдарламаның басты мәні мен мақсаты әуелі еңбекке орналасуға қатысушыны кепілдендіру, сосын тұрғын үй ұсынылады.

2012 жылы еңбек Министрлігі тіпті өзгелей, басқа цифрларды көрсетеді: 14 700 бағдарламаға талапкер қатысушылардың ерікті түрде көшуіне біріге әрекет жасау нақтыланып жоспарланды, қызметтік тұрғын үй құрылысына 9 миллиардтай теңге заңды жолмен жан-жақты қарастырылды, 12 878 адамға көшу үшін субсидия төлеуге 230 миллионнан артық теңге бөлінді.

«ТКШ-н жаңғырту –2020»: аралық қорытындылар

ТКШ-н 2011-2020 жылдарға жаңғырту» туралы ел, республика тұрғындары және қоғамдық ұйымдар бұл бағдарламаның қажеттігін айтады. Ол жүзеге асырыла бастағаннан бір жылдан соң жөндеудің қанағаттандырмайтындығынан наразылық қарша борады.

Алайда, жан-жақтан айтылған сындарлы сынға қарамастан бағдарлама сол күйінде қалды және көп қабатты елдерде «тәртіптерін жүргізуді» жалғастырып жатыр. Бағдарламаға тұрғындардың қарқынды ынтасын тек «Қазтұрынуқадағалау» қоғамдық ұйымы жылы қабылдады. Олар Алматы тұрғындарынан социалогиялық сұрау нәтижелерін жариялады. Мамандар 40 үйден 350  адамға сұрау салды. Жауаптар көрсетті — тұрғындардың 79,8%-ы көп қабаттыларда жүргізілген жөндеулерге риза емес.

Астанада сапасыз жұмысқа шағымдардың түсуі жалғасып жатыр

Астанадағы Жеңіс даңғылының бес қабатты панелді үйдің тұрғындары смета бекітіліп кеткеннен кейін 2 миллион теңгені «сындыруға» қол жеткізді. Бәрі тұрғындарға 31 миллион теңгеге модернизация жасау ұсынылғаннан соң басталды. Белсенді Владимир Авдеевтің сөзінше, кемшілікті смета басқа үйден «есептелген» екен:

— Онда 96 пунктте «жапқыш жұмыстары» болған — сомасы 456 мың теңге. Сосын 133 пунктте осы жұмыстың бүкілі былай бөлінеді: материалдар, тағы басқалары 450 мың тұрады. Сіз жұмбақты шешуге тырысыңыз. Міне, 900 мыңнан артық болады.

Осыдан бір жыл бұрын бұл үйде әкімдіктің есебінен фасадқа, суағар құбырларға, қылтималарды әрлеуге жөндеу жүргізілгенді. Осы жұмыстар модернизация бойынша сметаға енгізілгенде, тұрғындар таңқалысты. Үйді жөндеуге екі ай уақыт кетті, бірақ, смета құрылысшылар онда әрқашан жұмыс істегендей болып құрылды.

— Қызметкерлердің сіңірген еңбегіне бір пайыз ғана, — деп көрсетеді Владимир Авдеев. — Қысқы уақыттағы құрылыс жұмыстарының өндірісіне қосымша демалыс белгіленді. Екі ай жұмыс істелсе, бұлардың бәрін біз неге төлейміз?! Бұл жан-жақты, тиянақты сметада көрсетілген, ал, олар бір жақтан типтік жоба алған.

Құмтас қарамаймен жертөлеге төселсе де, мұз айдынның жұмысы да  салынған. Онда ешқандай техниканың жүре алмайтыны түсінікті жәйт.

Қорытындысында сметаны 31 миллионнан 22 миллион 598 мың теңгеге дейін қысқартты және бекітті. Алайда, кексе тұрғындар бұдан да кемшілік тапты. Мысалы, төбенің алаңшасы құжаттама бойынша 1380 шаршы метрді құрады. Өжет тұрғындар маманды шақырды, барлығын өлшеді, сонда оның алаңшасы 1250 «шаршы» болып шықты. Осыдан жұмыс пен материалдардың құны «шырқап» кетті. Және подъездегі, жертөледегі жүргізілген жұмыстар ыждағатты тексерілді. Сметада тағы да 2 миллионның «қосып» жазылғаны анықталды. Алайда, модернизацияға шығындар заңды түрде бекітілген-ді, тұрғындар осынау сомаға қосымша жөндеу жүргізуге компаниямен табысты, келісті. Нәтижесінде үйдегі жертөлеге темір есіктер қойды, подъездерге қалқанша орнатты, сатылық қоршаулар жасалды.

Владимир Авдеев бағдарлама жақсы деп санайды: 1969 жылғы олардың үйлерін кәдімгідей жаңартты, автоматты жылу пунктін орнатты, енді адамдар тек қана тұтынған жылуға ақы төлейді. Бәрібір де тұрғындардың сапасына көңілдері толмайды. Жөндеуден кейін де «Баяғы жартас бір жартас», — дегендей, төбеден сорғалап су ағады.

Виктор Сыздықов«Қоғамдық қорғаушы» кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау Одағы» ҚҰ-ы республикалық басқармасының Төрағасы Виктор Сыздықов осынау салиқалы, зор бағдарламаны жүзеге асырудың барлық «ерекшеліктеріне» аймақтық даму  Министрлігінің заңды жауап беретіндігіне сенімді:

— Астана қаласының прокуратурасы ТКШ-н жаңғырту мұнда көпшілік күткендегідей өркендеп жатқан жоқ дейді, «Қазтұтынуқадағалау» осынау бағдарламаның болашағы бұлыңғыр деп жазды. Шынын айтсақ — ақшалар желге ұшты. Бұның үстіне «Казцентр» АҚ-ның төрағасы («ТКШ-н дамыту мен жаңғыртудың қазақстандық орталығы». — Авт.) Рахимбеков өзінің бір мәмілесінде бұл бағдарлама негізінен қызмет етуі тиіс деді. Біз 2020 жылға дейін ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін анықтауымыз керек, оң бағытты таңдауымыз қажет. Бірақ, 2020 жылға дейін 1 триллион 200 миллиард теңге бөлінген. Сонда қалай, 2020 жылға дейін салық төлеушілердің шынайы ақшасына жаттығу жасау керек пе? Осы ақшаның операторлары болып саналатын әкімдікке өзінің аффилирленген компаниясын құруға мүмкіндік берілгеніне күдікпен қараймын. Сапасыз жөндеуге шағымдар жалғаса түседі.

Виктор Сыздықов атақты «Нұр Отан» партиялық бақылау комитетінің жанындағы ТКШ-ы бойынша Сараптамалық кеңестің нақты мүшесі болып табылады. Бақылау  постылары, дейді ол, бағдарламаға қатысушы әрбір үйде құрылған. Модернизацияның жүру барысына сонымен қатар министрлік пен әкімдік қатаң бақылау жасайды. «Алайда, жұмыс көлемінің нақтыланып орындалғандығына байланысты фактілер бойынша кешенді тексеру өткізудің нәтижелері туралы БАҚ-да бірде-бір тұщымды ақпарат, мәлімет болған жоқ», — деп тиянақтап түсінікті көрсетеді өзінің арызында  Виктор Сыздықов.

Проблемаға дәл көңіл, назар аударуға шақыратын құжатты Президент Әкімшілігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Агенттікке, Жоғарғы сотқа, Бас прокуратураға, Парламент депутаттарына батыл түрде жолдады. Онда кешендік тексерулер туралы хабарланбайтындығы, БАҚ-да тұрғын үйлерді күрделі жөндеу кезінде қомақты, орасан қаржылардың ұрланатындығы туралы ақпараттың әркезде жарияланатындығы көрсетілген.

Үш қала бойынша ТКШ-ын жаңғырту Бағдарламасын жүзеге асыру

Қазақстан бойынша ТКШ-ң модернизациясының қорытындысы

Бюджеттік қаражатты ТКШ-ң бағдарламасы бойынша меңгеру

Мердігерлердің кемшіліктері жедел жойылады

ҚР аймақтық даму Министрлігінде жауапсыз, тиянақсыз мердігерлердің жұмыстарының қандай да нәтижелері жедел түрде құртылады, жойылады.

— Қайбір жерлерде әкімдіктер алгоритмді бұзып тынды және сметаны бекітпей-ақ жөндеуді бастап кетті, материалға және жұмыстың сапасына наразылықтар бар. Бүтіндей алғанда, кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктің Бағдарлама аясында өткізілген ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша ғимараттың (пәтердің) меншік иелерінің тарапынан оң лебіздер бар, және ол өзінің тиімділігін және маңызын дәлелдеді, — деп көрсетеді ҚР МРҚ ТКШ-ы және құрылыс істері бойынша тұрғындық Комитет қорының Басқарма басшысының м.а. Райкүл Нәбиева.

Министрлікте орасан зор жауапкершілік сонау тұрғындардың өздеріне жүктелетіні түсінікті айтылып жүр: үйдің жөндеуі бойынша жұмыстарын жалпы жиналыста тұрғындар арасынан сайланған өкілдер қабылдауы тиіс.   Қабылдауды тұрғындық инспекция және үй басқару органы жүзеге асырады. Бар наразылықты мердігерлер тез арада қанағаттандыруы керек.

Райкүл Нәбиеваның ақпараты бойынша қандай да бір өзгерістерді бүгінгі таңда Бағдарламаға енгізу жоспарланбапты.

Kn.kz ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.