Назарбаев университетi бойынша экскурсия

Осы университеттің ғимаратына кірген кезде алғашында оның оқу орны екеніне көз жеткізе алмайсың. Бір қарағанда ол әйнекті гүл-жайға немесе ботаникалық баққа ұқсайды. Алайда, оқулықтармен, ноутбуктармен жас адамдарды көргенде, оның «ғылым мен білімнің ордасы» екенін түсіне, ұғына бастайсыз.

Назарбаев Университеті — бұл осыдан үш жыл бұрын астананың сол жағалауында пайда болған еліміздегі ең жас жоғары оқу орны. Онда нағыз ақыл-ойы зорлар оқып жатыр. Олардың білім қорларының мол екендігіне еш күмән жоқ, өйткені, университетке түсер кезде талапкерге қатаң талап қойылады. Сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі.

Алайда, Назарбаев Университетіне келудегі мақсатымыз басқа — жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен жақынырақ танысу болатын.  Көпшілік қауым еліміздің басты университетінің тек қана алдыңғы қатардағы технологиямен жұмыс істейтінін айтқандардан біледі.

Ақиқатқа айналу

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойын ақиқатқа айналдыруда даңқ  үшін халықаралық жобалаушыларға біраз еңбектенулеріне тура келді. Ғимаратты жобалау уақытында ұлттық реңк есепке алынды: қақпалар, күмбездер, бағаналар… Осының бәрі университетке сәулет пен көрік сыйлайды. Әрлеуге жоғары сапалы материалдар пайдаланылған.

Ақиқатқа айналуЖОО-ның аймағына көгалдар, гүлзарлар және жапырақты, қылқанды ағаштар орасан әдемілік үстейді.

Ғылыми білім беру кешенінің ішкі көрінісі аздап бөлекшелеу, басқашалау ерекше жасалған. Қабырғалардың әспеттелуіне қазақша өрнектердің жан-жақты нақты пайдаланылғанына қарамастан дизайн батыс стилдерінің барлық қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келеді екен. Осынау тамаша, керемет «білім сарайын» жетік ректор Шигео Катсу басқарады. Оның ұлты жапон, Бүкіләлемдік банктің бұрынғы вице-президенті. Ол өзінің жапон тілінен басқа ағылшын, француз, неміс, итальян тілдерін терең меңгерген, сонымен қатар қытай және орыс тілдерін ішінара сөйлесу дәрежесінде біледі. 100 000 шаршы метрлік жалпы алаңда бір үлкен атриумды тізбектеп қосатын ЖОО-ның тоғыз корпусы көрнекті орналасқан. Қоса айтқанда, атриум — ЖОО-ның ең әдемі, көрнекті және бейнелеу бөлігі. Әсіресе, әдемі зәйтүн ағаштары өсетін тропикалық бақ университетке келетін қонақтардың мәңгі есінде қалады — ол ағашқа 300 жылдай болған. Атмосфераға, табиғатқа жақын оқу жас данышпандарға рақат, ләззат сыйлайды.

Жабдықтандыру

Назарбаев Университетінің кітапханасын ерекшелеп атап өтуге тұрады. Оның оқу залы 250 жайғаспалы орынға арналған және 100-дей компьютермен жабдықталған. ЖОО-ның кітапханасы ақпараттық жұмбақ суреттерді ағылшын тіліндегі коллекцияның еліміздегі үлкені болып табылады.

Мұнда 57-ден астам толық мәтінді ғылыми базаға, миллионнан аса белгілі ғылыми журналдарға еркін түрде қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бүгінгі коллекцияға 84 000-ден астам  электрондық кітаптар кіреді. Қазақстанның барлық жерінде және ТМД елдерінде де кездеспейтін кітаптарды осындағы «Білім қоймасынан» табуға болады. Кітапханашылардың еш көмегінсіз-ақ келуші кітап беретін электрондық станция арқылы кез келген кітапты рәсімдейді және қайтарады, басқа ресурстарға қол жеткізеді. Жуырда мұнда кітапты жеткізуде монорелстік жүйе қарқынды жұмыс істей бастады.

Студент-бакалаврлар инженерия мектебінде, гуманитарлық және әлеуметтік ғылым мектебінде, ғылым және технология мектебінде түрлі мамандықтар бойынша оқиды. Олардың өз зертханалармен (қырықтан астам), жаңадан құрал-жабдық орналасқан компьютерлік бөлмелер тым керемет.

Сенат-Холл — ерекше маңызды іс-шараларды өткізетін орын, мысалға, мұнда ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин, Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр және көптеген басқа атақты тұлғалар сөз сөйледі. Сенат-Холлдың мінберінен бірнеше рет студенттерге біздің Елбасымыз лекция оқыды.

Тамақтану және басқа жайлылықтар

Университеттегі дайындық курсының тыңдаушылары төрт реттен тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Асхана және кафе университеттің ғимаратында және барлық, бүкіл жатақханаларда жұмыс істейді.Тамақтану және басқа жайлылықтар

Мұнда сонымен қатар оқытушылар үшін жатақхана да бар. Барлық ғимараттарда тиянақты жинастыру ісі жүргізіледі, кір жуатын, сабаққа дайындалатын орын ұйымдастырылған. Бүкіл кампуста Wi-Fi бар.

Университеттің ашық түрдегі паркингі 500-700 көлікке нақтыланып есептелген. Келешекте жерасты және жерүсті көлік тұрақтарының құрылысын салу жоспарланып отыр.

Ғимараттың барлық санитарлық тораптарында, астыңғы қабатта және сатылардың көпшілігінде жарықты үнемдеу технология датчигімен жарық сақтайтын технология қолданылады.

Назарбаев Университетімен бірге зияткерлік осы жаңартпаның кластерін өмірге мықтап енгізу үшін 50 га алаңымен арнайылап жер участогы бөлінген. Ол кампустан алыс емес жерде орналасқан. Мұнда ұлттық және халықаралық жоғары технологиялық компаниялардың түрлі орталықтарын салу жоспарланған. Кластер аясындағы ғылыми парктің дамуын кәсіпкерлер жүзеге асырмақшы. Қазіргі таңда ЖОО-ның басшылығы бірігіп жұмыс істеу үшін көптеген әлемдегі мәртебелі шетелдік университеттермен, ірі-ірі компаниялармен жұртқа қажетті, пайдалы іскерлік келіссөздерді әрдайым жүргізіп келеді.

Ғалым Бәйтімбетов, Назарбаев Университетінің студенттік өкіметінің білікті президенті, «Инженер» мамандығының 3 курс студенті:

Тамақтану және басқа жайлылықтарНазарбаев Университеті — бұл Қазақстан үшін стратегиялық маңызы орасан зор оқу орны. Мен осында білім алып жатқаныма өте қуаныштымын. Бұл академиялық бөлікке және тұрғын үйлік жағдайға қатысты. Бізде ТМД елдері бойынша ең тәуір деп саналатын кітапхана бар. Оның мәліметтік базасы бай, соның арқасында пайдалы зерттеу жұмыстарын жүйелі өткізу үшін қомақты ресурстарды пайдалануға студенттердің мүмкіндіктері тым жеткілікті. Екіншіден, дүние жүзінің түкпір-түкпірінен таңдалған мықты оқытушылық құрам жұмыс істейді. Олардың арасында шетелде толымды білім алған шетелдіктер және біздің отандастарымыз бар. Үшіншіден, бұлар түрлі қосымшаларымен, бағдарламаларымен лабораториялық, компьютерлік бөлмелер. Демек, тәуір білім алуға, жақсылап оқуға және де өзінің әлеуетін дамытуға студенттердің мүмкіндіктері көп. Жатақханалар да батыстық стилмен салынған. Сабақтардан қолдары бостау уақытта студенттер футбол, баскетбол, теннис  ойнай алады және де  спорттың басқа түрлерімен шұғылданады. Университеттің сыртында бұл үшін арнайы алаңдар мен корттар бар. Сонымен қатар жеңіл атлетика, би, бокс үшін залдар, тренажерлық зал жұмыс істейді. Атриумда әуенді кештерді өткізу үшін орындар бөлінген. Бұдан да басқа Назарбаев Университетінің жатақханасында вокалдық түрде іс-шаралар өткізетін орындаушы өнер орталығы да тұрақты түрде тиянақты, тұщымды іс қылады. Мұнда өздерінің  музыкалық құралдары бар: гитара, барабан, күйсандық.

Kn.kz Ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.