Теріс пиғылды жалға алушылар

Пәтерде тұратындарды пәтерге жібермес бұрын жалдық шартқа қол қойыңыздар. Жалдық бизнес бүкіл әлемде орасан әйгілі.

Көптеген адамдар жылжымайтын мүліктен ай сайын тұрақты табыс алып тұру үшін оны сатып алуға ақша жинағанды дұрыс, абзал көреді. 

Келісімшартты жасай отырып, өз құқымызды қорғаймыз

1997 жылы 16 сәуірде қабылданған №94-І «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес сіз тіпті сол тұрғын үйде өзіңіз тұрсаңыз да, оны жалға беруге мүмкіндігіңіз бар. Яғни, сізде бар барлық тұрғын үйіңізді, оның бір бөлігін жалға бере аласыз. Бұған қоса бұл бизнес орасан пайдалы, табысты, бүгінде жалдық пәтерге сұраныс деген тым жоғары. Алайда, бүкіл жердегідей оның жақсы, жаман және қолайсыз тұстары да жеткілікті, одан әрбір жалға беруші тез құтылғысы келеді.

Кез келген дау-дамайда (әсіресе, сот ісінде) баға жетпес рөл атқаратын құжаттар екендігі бүкіл дүниежүзі бойынша көп дәлелденген. Сондықтан да тұратындарды пәтерге жібермес бұрын оларменен жалдық шартты жасасып, қолды қойыңыздар. Бірінші кезекте пәтердің қожайыны ретінде сізге тым қолайлы, соныменен сіз келісімшартқа ұсақ-түйектен бастап, өзіңіздің талаптарыңызды жаза аласыз. Жалдың мерзімін, ай сайынғы төлем сомасын, сонымен қатар тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін көрсетіңіз. Сосын соңғы пункт    -- міндеттеме туралы — келешекте жалға алушымен дауды шешуге көмектесуі үшін ойлануға кеңес береміз.

Мысалы, егер жалға алушы жалдық мерзім біткеннен соң баспананы босатпаса, өзіңіздің заңды құқыңыз бен мүдделеріңізді қорғауыңыз үшін сіздің сот және құқық қорғау органдарына жүгінетініңізді көрсетуіңізге болады. Келісімшарттың мұндай пункті, қысқасы, тәуір психологиялық әрекет болып есептеледі — жалға алушы бірден сіздің «ақымақтардың» қатарынан емес екеніңізді түсінеді.

Жалдық шартта оны қандай жағдайда және қандай тәртіппен бұзуға болатынын тиянақтап жазу қажет. Бұл екі тарапқа да уақытты үнемдеуге, жүйкені жұқартпауға көмектеседі. Сізге жедел түрде жаңа тұрғынды іздеудің, қаражат жоғалтудың, ал, оларға — жаңа пәтерді қарастырудың керегі жоқ.

Жалдық келісімшартты жеке тұлғамен де (ЖК пен ЖШС-ті тіркемей-ақ) емін-еркін аянбай жасаса беруге болады. Пәтерді жалға беруден алынатын табыстан ұсталатын жеке табыс салығын (ЖТС) уақытында төлеу қажет. Заң бойынша пәтерін жалға беруші жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тиісті жерге тіркелмеуге  кәдімгідей құқы бар. Алайда, олар жыл сайын ЖТС бойынша декларацияны дер кезінде ұсынуға және бұл салық төлемін жүзеге асыруға міндетті.

Келісімшартты қайда және неге тіркеуге болады?

Юристер бір жылдан көбірек мерзімге жалға берілетін мүліктің келісімшарты жазбаша түрде жасалуы керектігін атап баса айтады. Ең соңында келісімшарттың бір тарабының біреуі заңды тұлға болса, шарттың мұндай формасы мерзімге тәуелді еместігі міндетті болып табылады.

Алайда, азаматтардың арасындағы жалға берілетін мүліктің келісімшарты тек бір жыл мерзімге ауызша түрде жасалуы мүмкін. Егер де жалға берілетін мүліктің келісімшарты мерзімі түк те көрсетілмей жасалса, ол анықталмаған мерзімге жасалған болып есептеледі.

Егер жалдық шарты 1 календарьлық жылға жасалса, ТҚО-ы арқылы тиянақты түрде жүзеге асырылатын тек мемлекеттік тіркелімге жататынын, мүмкін, сіз жақсылап білетін боларсыз. Мұндай келісімшарттың сіз үшін де, жалға алушы үшін де заңдық салмағы орасан үлкен. Егер сіз құжатты тіркегіңіз келмесе, қулыққа басуға болады (әрине, заң аясында) — әрі қарай пролонгациямен (ұзартумен) басқалай мерзімге 11 айға келісімшартты жасасу. Бұл заңды бұзғандық болып еш есептелмейді. Тараптың әрқайсысының кез келген уақытта мұндай шарттан бас тартуына құқы бар, бұл туралы 3 ай ішінде жылжымайтын мүлікті жалға берер кезде -- басқа тарапқа ескертуі тиіс.  

Сот арқылы немесе қулықтың көмегімен

Бірақ, егер сіз тіпті шарт (немесе келісім) бойынша жалдық мерзім біткеннен кейін пәтерді босатпайтын, мүліктерін көшірмейтін және сіздің баспанаңыздың кілтін бермеуге тырысатын сондай теріс пиғылды жалға алушылармен жолыққанда не істеуге болады?

Егер де келісімшарт бойынша жалдық мерзім бітіп келе жатса, онда сіз уағдаласқан мерзімде бұл туралы жалға алушыға жазбаша түрде дәл ескертіңіз: дұрысы хабарламаны қолма-қол, тіпті куәлардың, мысалы, көршілердің көзінше тапсырыңыз. Сіз көрсеткен мерзім аяқталғаннан соң, жалға алушы баспананы босатып және барлық заттарын алып кетуі тиіс. Егер де олар еріктерімен бұлай жасамаса, онда сіз қоныс аударту туралы талап арызбен сотқа сенімді, нық жүгінуіңізге болады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында тұрғын үйден азаматты немесе заңды тұлғаны қоныс аударту тараптардың біреуінің талаптары бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылатыны баса көрсетілген. Алайда, тараптың біреуінің дауласу жағдайында іс қараудағы сот шешімі бірнеше инстанциялардан өтеді, және, сөйтіп, қоныс аударту орасан ұзаққа созылып кетуі ықтимал (тіпті жарты жылға дейін). Қоныс аудартудың өзі сот шешімі заңдық күшіне енген уақытта іске асады.

Мүлікті жалға беру келісімшарты төмендегідей жағдайда ғана өзгеріске (немесе мерзімінен бұрын бұзылуы) түсуі ықтимал:

  • жалға алушы келісімшартағы ережені немесе мүлікті белгілеуді бұзумен мұндай әрекетті тоқтату туралы жалға берушінің жазбаша түрдегі сын-ескертпесіне қарамастан мүлікті пайдаланса;
  • жалға алушы қасақана немесе байқамай, абайсызда мүліктің сапасын төмендетсе;
  • жалға алушы келісімшартта бекітілген төлем мерзімінің бітуі бойынша мүлікті пайдаланғаны үшін 2-ден көп емес төлем жасамаса;
  • заңнама актілеріне немесе келісімшартқа сәйкес күрделі жөндеу жасау міндеттемесі жалға алушыға жүктелген жағдайда — жалға алушы келісімшартта бекітілген жалға алу мерзімінде, келісімшартта ол көрсетілмесе — санаға сыйымды мерзімде күрделі жөндеуді жан-жақты, сапалы жүргізбесе.

Қысқасы, жалға беруші санаға сыйымды мерзімде өзінің міндеттемелерін орындау мүмкіндіктерін жалға алушыға ұсынғанда, шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге оның құқы бар.

Қоныс аудартудың екінші нұсқасы тәжірибеде бар және көпке белгілі — келісімшарттың әрекет мерзімі біткеннен кейін сіз ғимараттың меншік иесі ретінде онда не істесеңіз де болады — жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізе аласыз, сантехниканы, терезе мен есікті ауыстырасыз. Енді жалға алушылар есіксіз, терезесіз және сантехникасы жоқ үйде тұра алмайды ғой. Бір ерекшелік: барлық жөндеуге қатысты істерді және сантехниканы сыртқа шығаруды кейін сотқа сүйреп жүрмес үшін тұрғындар үйлерінде болғанда жасаңыз, алайда, басқалай себеп — мысалы, жалға алушының заттарының да ұрлануы мүмкін. 

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз: 

Пәтерді жалға қалай дұрыс беруге болады?

Пәтерді жалға қалай дұрыс алуға болады?

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.