Жылжымайтын мүлікті мұраға қалдырудың мәселелері

Мүлікті мұраға қалдыру көптеген мол қиындық пен күдік туғызады, тіпті кейде мүдделі тараптардың арасында дау-дамайды тым көбейтеді. Өркениетті тәсілмен осынау проблемаларды шешу үшін мұрагерлік құқықтағы негізгі жағдайды мықтап та анықтап алу қажет.

Мұраға қалдырудың тәсілдері

Барлық жылжитын және жылжымайтын мүлікті мұраға қалдырудың нақты екі жолы бар — заң бойынша және де өсиет бойынша. Мұра егер де өсиет жоқ болса немесе түрлі-түрлі, себептерге байланысты ол жарамсыз болып танылса, заң бойынша таратылып беріледі.

Сонымен қатар заң бойынша мұраға қалдыру егер де мұраға қалдырушының барлық, бүкіл мүліктеріне өсиет болмағанда қолданылады. Мүлік өсиетте көрсетілмеген жағдайда ол заңнаманың тиісті нормаларына сәйкес мұрагерлердің арасында тең бөлінеді.

Мұраның құрамына мұраға қалдырушының мұраны ашқан уақыттағы оған қарасты барлық мүліктері, сонымен қатар мүліктік құқықтары мен міндеттемелері кіреді. Тек қана оны мұраға қалдырушының жеке басына қатысты құқықтары мен міндеттемелерінен басқалары құрайды.

Мұраның құрамына сонымен қатар ортақ бірлескен меншіктегі мұраға қалдырушының үлестері кіреді.

Көбінесе жылжымайтын мүліктегі үлес заң бойынша мұраға қалдыру сияқты өсиет бойынша да таралып беріледі.

Қазақстандағы мұраға қалдырудың барлық мәселелері «Мұралық құқық» ҚР Азаматтық Кодексінің алтыншы тарауымен реттеледі.

Өсиеттің негізінде мұраға қалдыру

ҚР Азаматтық Кодексінің 1046-шы бабына сәйкес, азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.

Өсиет бойынша мұрагерлер

Әрбір адамның өзінің мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлердің тобына кірмейтін бір немесе бірнеше тұлғаға өсиет етуге заңды түрде құқы бар. Тек қана мұралықтың міндетті үлесіне құқы бар тұлға істен сырт қалуы әбден мүмкін: кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мұра қалдырушының балалары, оның еңбекке қабілетсіз ата-аналары және күйеуі (әйелі).   

Сонымен қатар заңды тұлғалар мен мемлекет өсиет бойынша мұрагер бола алады. Мұрағер өсиет қалдырушымен тікелей таныс емес бөтен адам да мұрагер бола алады.

Мұралықтағы үлесті дәл анықтаудың, байқаудың тәсілі сонымен қатар кез келген жағдайда өзінің билігіне билік жүргізуге құқы бар мұраға қалдырушының ықтиярына тығыз байланысты. Бұдан басқа 1047 бабына сай өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгілі талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы емес талаптар, өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша мұрагер үшін талаптар заңды міндетті  жарамды болып танылады. 

Өсиетті құру

Өсиет тек ғана жазбаша формада ұсынылуы тиіс, нотариалды куәландырылады және өсиет берушінің қолы болуы керек және оның құрылуының орны мен уақыты көрсетілгені дұрыс, абзал. Нотариалды куәландырылған немесе теңестірілген нотариалды куәландырылған өсиет, тиісті түрде ресімделген өсиет болып танылады.

Бірақ та бір күні құрылған өсиет өзгеруі мүмкін немесе кез келген уақытта өсиет беруші оны тоқтата алады, сонымен қатар жаңа өсиет жеңілдікпен құрылуы ықтимал.

Заң бойынша мұраға қалдыру

Егер де әлдеқандай жағдаймен өсиет құрылмаған болса, мұра бекітілген заңнама рәсіміне сәйкес қылдай қылып тең бөлінеді.

Мұралыққа кезек

Мұралықтағы міндетті үлестерге заңды түрдегі құқы бар жоғарыда нақтыланып, басқа тұлғаларға да арналып, ҚР Азаматтық Кодексіндегі 1061 — 1064 баптарымен мұраға қалдырудың 8 бірдей кезегі бекітіледі. Бір кезек арқылы мұрагерлердің арасындағы мүліктер тең бөлінеді. Егер де алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмай қалған жағдайда мұралаудың құқы келесі кезектегі мұрагерлерге өтеді.

Мұрагерлердің нақтыланған тізімі мұраға қалдырылатын мүліктің иесіз қалған мұра дәрежесіне, яғни, мемлекеттік меншікке өтіп кетуіне ешқандай да мүмкіндік бермейді. 

Мұралықтағы құқықтан айыру

ҚР Азаматтық Кодексінде «лайықсыз мұрагерлер» деген нақты түсінік қалыптасқан. Мәселен, мұра қалдырушыны немесе мүмкін болар олардың мұрагерлерін қасақана, әдейі өлтірген, сонымен қатар олардың өмірлеріне қауіп төндірген тұлғалар. Азаматты «лайықсыз мұрагерлер» деп тану тек қана сот арқылы заңды түрде жүзеге асырылады.

Мұралықты қабылдаймыз

Мұралыққа билік жасауды бастау үшін оны қабылдап алу керек. Мұралық ашылған күннен мүдделі тұлға басқа мұрагерлердің пайдасына оны қабылдауды, одан бас тартуды шешуі тиіс. Мұралықтың бөлігінен бас тартуға немесе ескертпе мен шарттқа сүйеніп оны қабылдауға болмайтынын атап өтуге тұрады. Бас тарту бір рет және мәңгіге жүзеге асырылады — «қайта ойланып», мұралыққа құқықты қайтарып ала алмайсыз.

Егер де азамат ойланып, әйтеуір мұралықты қабылдағысы келсе, онда ол оны қабылдау туралы немесе мұралыққа құқық куәлігін беру туралы мұралықты ашу орны бойынша нотариусқа арызды беруге міндетті. Мұралық ашылған күннен бастап, тиісті мұрагерге мұраны қабылдау болып танылады, ол бұл қабылдаудың нақтыланған уақытына және мұраға қалдырылған мүлікке мұрагердің құқы мемлекеттік тіркелген кезге байланысты болмайды.

Егер мұрагер мұраны сақтауға, ұстауға, мүлікті басқаруға бағытталған әрекетті жүзеге асырса, мұраға қалдырушының қарызын толық төлесе немесе үшінші тұлғадан мұраға қалдырушының ақшасын алса, мұра қабылданған болып саналады.

Мұралық құқықты ресімдеу үшін құжаттар

Нотариалды тәртіппен мұралық құқықты ресімдеу үшін төмендегі құжаттарды тиісті орынға міндетті түрде тапсыру қажет:

  • мұра қалдырушының өлгені туралы куәліктің түпнұсқалары мен көшірмелері;
  • мұра қалдырушымен туыстық қатынасты растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
  • жылжымайтын мүлікке, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
  • мұра қалдырушының соңғы мекені туралы анықтама (жайлық анықтама, азаматты тіркеу кітапшадағы жазба және т.б.).
  • тіркелген құқық туралы анықтама/жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар және олармен мәмілелер, оларды мұраға қалдырылатын жылжымайтын мүліктің орналасу орны бойынша ТҚО-нан алуға болады.

Мұраны қабылдау мерзімі

Қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес мұра ашылған күннен бастап, алты айды құрайтұғын дәлме-дәл мерзімінде қабылдануы тиіс. Мұраның ашылған күні мұра қалдырушының өлген күні немесе сот шешімінің күшіне енгеніне сай оның өлгендігін хабарланған күні деп танылады. 

Егер де мұрагер мұраны қабылдау үшін мерзімді өткізіп алса, бірақ та, одан бас тартуды шыныменен қаламаса, мерзімді қайта белгілеу туралы арызбен міндетті түрде сотқа жүгіну керек. Бұның алдында мүлікті қабылдау үшін мерзімнің біраз өтіп кеткеніне байланысты мұраны ресімдеуден бас тарту туралы қаулыны нотариустан алу қажет. Алайда, егер де мұрагерде мерзімді өткізіп алғанына тұщымды, байламды себебі болса, тек сонда ғана мерзім қайта белгіленеді. Мұраны қабылдау мерзімі біткеннен кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінген дұрыс.

Егер де бұған дейін мұра басқалай мұрагерлердің арасында теңдей бөлінген жағдайда мұралыққа құқық туралы бұрында берілген куәлік заңды түрде жарамсыз деп танылады және де барлық мұрагерлердің үлестері сотта қайтадан қаралады.

Ақырғы штрих

Мұраны алғаннан кейін юстиция органдарында жылжымайтын мүлікке меншіктік құқықты тіркеу мүмкіндігі пайда болады. Бұл үшін құжаттарды жылжымайтын мүліктің орналасу орны бойынша ТҚО-ы арқылы беруге болады.

ҚР Азаматтық Кодексінің 1076 бабына сәйкес мұраны қабылдаған мұрагерлердің әрқайсысы, әрбірі мүліктің тарауын заңды түрде талап ете алады.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз: 

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады

Ажырасу және ипотека

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.