«Қолжетімді тұрғын үй-2020»: ҚИК-дан пәтерлер кімдер үшін?

Қазақстандық ипотекалық компаниядан (ҚИК) жалға берілетін пәтерлердің бірінші үйлері Қазақстан қалаларында, дәл айтсақ, Алматыда, Қарағандыда және Шымкентте күздің басынан пайда болады.

Расында, құнсыздану бұл іске өз ықпалын тигізіп жатыр.

Құрылыс нарығындағы іркіліс 2014 жылдың күзіне дейін созылады

Ипотекалық компаниялардан біздерге жауап берілгеніндей, құрылыстың материалдарымен және жабдықтарымен проблемалар туындап жатыр екен. «Жеткізіп берушілер бағаның өсуі байқалғандықтан, тауар жіберуді уақытша тоқтатқан. Қазіргі таңда бұл мәселе мемлекеттік органдармен, бағдарламаны әзірлеушілермен шешілу үстінде. Қиындықтарға қарамастан құрылыс объектілерінің бекітілген мерзімде бітетініне сенімдіміз».

Осынау түсініктеменің сыры қандай екенін, наурыздың басында құрылыс материалдарының нарығында не орын алғанын бізге «Қазақстан құрылыс нарығындағы кәсібилер Одағы» (ҚҚНКО) қоғамдық бірлестігінің президенті Алексей Малютин нақтылап ұғындырып берді:

— Мен біз өзіміз бірігіп жұмыс істейтін Алматының базарларын таңнан бастап аралап шықтым. Бәрінде бірдей жағдай: бастарын ұстап, не істерлерін білмейді. Адамдар жоқ, тіпті жоқ. Тапсырыс берушілер қандай бағамен құрылысшыларға тапсырыс беруді түсінбейді, ал, құрылысшылар өздерін қандай бағамен сатуды ұқпай дал. 

Қоғамшыныңпікірінше, құрылыснарығындағыіркіліснақтыорыналғанқұнсыздануғақарағандаәріқарайсозыладыекен. Осыданбесжылбұрынтыныштықүшайбойынабайқалғанболатын. 

«Нарықта дәйекті нақтылықтың жоқ екендігін қоғамдық ұйымдардағы жағдайлардан да дәл ұғынуға болады», — дейді Алексей Малютин. Тоқсан сайын ҚҚНКО «Құрылыс және жөндеу-әрлеу жұмыстарының бағалары» атты анықтама шығарады. Бағаның мониторингін жасау қолдан келмейді. Маманның айқындап айтуынша, Қытайдан және Ресейден материалдар мен жабдықтарды жеткізу тоқтатылған. Оның үстіне ешбір құрылыстың ұйымы сатып алынбайды. Және тоғыз- немесе он бес қабаттық құрылыстары үшін материалдарды сақтау да тіпті мүмкін болмай тұр. Құрылыс жұмыстарының бағалары материалдардың құндарына тығыз байланысты болады. Мысалы, дәнекерлеушілердің еңбектері металдың құнына сай бағаланады.

— Құрылысшыларға жалақылар бұрынғыдай төлене береді ме? — деп сұрайды Алексей Малютин. — Сол баяғы импортты кафель  доллардың және евроның бағасына байланған. Ертеректе егер де құрылысшы-әрлеуші шаршы метр үшін шамамен 1500-1800 теңге алды дейік, ал, қазір ол осы бағаға сол жұмыс көлемін орындағысы келмейді. Күнделікті асқа жиі-жиі пайдаланатын картоптың бағасы да өсті. Кафель де, желім де қымбаттады.

Қоғамшының пікірінше, құрылыс нарығындағы іркіліс нақты орын алған құнсыздануға қарағанда әрі қарай созылады екен. Осыдан бес жыл бұрын тыныштық үш ай бойына байқалған болатын.

Бүгінгі таңда тұрғындардың нашар халімен, сағызша созылған дағдарыспен жағдай шиенілісіп тұр. ҚҚНКО-ның президентінің өз сөзінше, құрылыстың саласындағы белсенділіктің жоқтығы шамамен 2014 жылдың күзіне дейін байқалады екен.

1 Кесте. Таза әрлеудегі 1 ш. м. үшін жалға берілетін тұрғын үйдің сатылу бағасы

Бағдарламада көрсетілген бағалар (тг/ш.м)

Айма

4 класты жайлылық

3 класты

жайлылық

Астана, Алматы

120 000

140 000

Атырау, Ақтау, Өскемен

110 000

124 000

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары

96 000

102 000

Қалған аймақтар

92 000

Осы жылдың басында Аймақтық даму министрлігі ұсынған көтерілген бағалар

Аймақ

4 класты

жайлылық

3 класты жайлылық

Астана, Алматы

120 000

140 000

Атырау, Шығыс-Қазақстан,  Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан  облыстарында

115 000

125 000

Қалған аймақтар

110 000

120 000

Есептемелер инженерлік желілердің құны қосылмай берілген

Құнсыздану жоспарларға әсер етеді

ҚИК-тегілер «қолжетімді тұрғын үйдің» шаршы метрінің болашақ бағасы туралы тіс жарып, ештеңе айта алмайды. Тек қана көрсетеді: «Құнсыздануға байланысты бағалар қайта қаралуы мүмкін. Осынау мәселелерді өкілетті мемлекеттік органдар естен тіпті шығармайды».

Тек көп қабаттылардың бағдарламасы бойынша салынып жатқандарды мерзімінде беруге байланысты ғана нақтылық әзірге бар, бірақ, құнсыздану қиындығы бұған кедергі келтіруі ықтимал. Мысалы, ең бірінші үй 2014 жылдың ІІ тоқсанында, яғни, асып кеткенде жаздың басында Алматыда беріліп қалады. Дәлме-дәл мерзімді жергілікті атқару органдарында, демек, әкімдіктерде атайтынын ипотекалық компанияларда айтты.

Алматы басқару органдарында мәселені тым аз білетіні анықталды. «ҚИК бағыты бойынша көп қабаттылардың құрылысы қашан аяқталады?» деген біздің сұрағымызға: «Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін, «ҚИК» АҚ-ның мәліметі бойынша» деп әкімдік ипотекалық компанияның мәліметіне сүйенді. Мерзім бойынша осынау анықтаулар белгілі бір уақытта әкімдікке адамдардың құжаттарды апаруға дайындалуы үшін керек. Бұл мәселеге сай қалалық органда мынадай жауаппен шектелді, бағдарламаға қатысу үшін арыз беруді «бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыруды орналастырған кезден» бастау керек. ҚИК-те сонымен қатар өздерінің сайты арқылы құжаттарды қабылдау туралы айтуға уәде берді. 

Қалалық өкімет тек қана жалға берілетін тұрғын үйдің болашақ бағасын дәлме-дәл, нақ көрсете алды: әр шаршы метр үшін 120 мың теңге. Шамасы, әңгіме аймақтық даму Министрлігінің жобасында ұсынылған бағалаулар туралы болып отыр. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасындағы өзгерту мен қосымшалар туралы министр құнсыздануға дейін, осы жылдың басында айтқан. Сол кезде шаршы метрдің бағасын 5-10 мың теңгеге көтеру керектігі сөз болған. Алайда, Астана мен Алматы қалалары үшін бағалар бұрынғы күйінде қалуы ұсынылды (1 кестені қараңыз).

Күрделі емес есептеме жасаймыз. Мысал ретінде — 50 шаршы метрімен тұрғын үй көлемі:

  1. Жалдама бойынша ай сайынғы төлем — 55 000 теңге + коммуналдық қызметке төлемақы.
  2. Кепілдік жарнапұл — 330 000 теңге (ай сайынғы төлем х 6 айға. Бағдарламаның шарттарын қараңыз).
  3. 15 жылдық нәтиже — 9 900 000 теңге (55 000 х 12 ай х 15 жыл).

Құрылыс салушылар мемлекеттік бағдарламаға қатысудан бас тартады

Қаншалықты құнсыздану орын алса да, құрылыс ешқашан да арзандамауы мүмкін дейді ҚҚНПО-ның президенті Алексей Малютин. Қоғамшының айтуынша, мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлерді беру таяқтаумен жүріп жатыр екен. 

— Бұның бұрын қалай болғанын мен жақсы білемін. Тұрғын үйдің әрбір шаршы метрін 600 доллардан сату үшін 400-500 доллар бөлінді. Тендерден қалаған адамдар емес, осынау бағдарламаға қатысуға міндеттегендер өтті. Осы тұрғын үйді салуды соларға тапсырды. Қорытындысында әрбір шаршы метрге 350 доллар берілді, және бұл сомадан жергілікті шенеуніктерге: аудандық, облыстық және тағы басқаларға үстеме берілді.

«Эконом-класты тәуір, жақсы, тамаша тұрғын үйді тұрғызу үшін тікелей мердігерлер әрбір шаршы метрге 600 доллардан кем алмауы керек, — деп те санайды Алексей Малютин. — Яғни, осы пәтерлерді сатып алушыларға әрбір «шаршыға» 1000 доллардан төмен төлемеу ғана қалады».

— Егер тым аз төлесе, бәрібір қарапайым түрде ұрланады немесе алдайды. Арматураның 8 орамының орнына көрер көзге 4 салады. Екі есе төмен ғой. Техникалық бақылаушымен келісіліп, қалай да актіде бұлар өтіп кетеді. Бұл үшін мен құрылысшыны кінәлай алмаймын. Әрқашан мұндай кезде бұрушы кінәлі болады, ал, паравоздың диспетчері судан ақ, сүттен таза.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыстар үшін операторлардың әркез жеке ұйымдарды жалдауға дайын тұратындарын атап өткен абзал. Мысалы, «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасында дәл бекітілген «ҚИК» АҚ-ның бағытындағы ипотекалық компанияның (немесе оның еншілес ұйымының) мердігерлік ұйымдардың арасында тендер өткізетіні тайға таңба басқандай жазылған. Сосын олардың біреуі құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу келісімшартын жасасады. Сонымен қатар жалға берілетін тұрғын үйді беру кезі (мемлекет есебінен) терең әңгіме болады, құрылыс компаниясы тағы жобалау сәтінде қосымша қабаттардың және коммерциялық ғимараттардың (өзінің есебінен) құрылысын қарастыруы мүмкін. Яғни, жылжымайтын мүліктерді коммерциялық тұрғыда сатуда пайда табу мүмкіндігін мердігерлерге береді.  ҚИК-ның үйі қандай болатыны туралы айту ерте, бірақ, басқа мемлекеттік бағдарламалар мен бағыттар бойынша келеңсіз жәйлар кездеседі. Берілген қолжетімді баспанаға сай қоныстанушының жылуға, сапасыз қабырғаға, еден мен шатырдың жабылуына шағымының бар екендігі белгілі. Құрылыс бағасының шындыққа жанаспайтынын құрылысшылардың өздері айтады.

Мысалы, «Вист» қостанайлық компанияның директоры ол шұғылданған үйдің бір қабатының құрылысына 23 миллион теңге қажет болған екен, бұл уақытта бағдарлама бойынша небәрі 15 миллион теңге бөлінгенін айтады. Аталған қаражат тек құрылыс материалын сатып алуға жетеді. Нәтижесінде орасан көп шығындармен және кемшіліктермен үй пайдалануға берілген. Ал, компания қолжетімді үйдің болашақ жобаларына қатысудан бас тартты.

Мүгедектерге, жетімдерге  үй қолжетімсіз болып тұр 

Жалға берудің азғантай бағасының мысалына қайта оралайық — 55 мың теңге. Бұл сомаға — мынадай категорияларға, мүгедектерге немесе жетім балаларға, көп балалы отбасыларына төлем жасау күрделі. Бұған қосымша коммуналдық шығынды төлеу қажет. Тағы жүз мыңдаған теңге кепілдік жарнапұл бар.

Мысалы, мүгедектік бойынша 1-ші топтың жәрдемақысы 27 154 теңгені құрайды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапатталған көп балалы аналардың 11 мың теңгеден сәл-пәл артық жәрдемақысы бар. Мұнда қандай жалдама болуы мүмкін? ҚИК бағыты бойынша бағдарлама бүгінде — үйді иеленуде қолжетімді тәсіл болып тұр. Салыстыру үшін: наурыздың басында Алматыда пәтерді жалға берудің орташа құны 179 270 теңгені, Астанада — 170 534 теңгені құрады (Kn.kz. аналитикалық қызметтің мәліметі бойынша). Бұл сатып алусыз жалдама екенін ескереміз.

«Рейтинг.kz» агенттігінің және «Казпотребнадзор» ҚҚ-ның мәліметтері бойынша тұрғын үй кезегінде тек қана 2013 жылы Алматыда 14 173 жанұя, Астанада — 25 762 жанұя, Қарағанды облысында — 15 638 жанұя тұрды. Егер осы жылғы жалдық тұрғын үйдің құрылыс жоспарына үңілсек, олар тіпті бір категорияны бөліп-бөліп жаба алмайды. Мысалы, Астанада 17 мыңнан аса мүгедектер тұрады (бәрі мүгедектік топтағылар), бұл уақытта ҚИК бағыты бойынша астанада 2014 жылы небәрі 80 пәтерлі бір бес қабатты үйдің құрылысы басталады.

Пәтердің жетіспеушілігі болған жағдайда жалға сай талапкерлерді таңдау жұмыс өтілі және аталған елдімекенде тұру ұзақтығы ескеріліп, жүзеге асырылатыны бағдарламада айқын, анық көрсетілген.

Мұнда жан-жақты қорғалмағандар қолайсыз жағдайға кездеседі. Мысалы, сол баяғы мүгедектер. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмысқа орналасу проблемалары республика Президентінің Жолдауында айтылды. Түрлі-түрлі мәліметтерге нақтылап сүйенсек, мүгедектердің бар болғаны 3%-ның ғана айналысатын жұмысы бар екен, әрбір 10-ның қолы бос емес көрінеді.

Шамасы, жасы 29-ға жете қоймаған жетім балалар туралы осыны айтуға болатын шығар. Балалар үйлерінің бітірушілері нақтылы жұмысқа тұру проблемасымен жиі кездеседі.

Аталған бағыттама ең бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлерге, әскери адамдарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыс жасап жүрмей ме? Бұл категориядағыларға баспана керектігі түсінікті. Бірақ, мысалы, полицияның учаскелік инспекторы 134 мың жалақысымен (2013 жылғы мәлімет) пәтерді басқаша жолмен  («Жилстройсбербанк» арқылы қолжетімді тұрғын үй) алатын шығар. Ал, осынау бағдарламаға сай оның жетім балалармен және көп балалы отбасылармен бірге бірдей кезекке тұруға заңды түрде құқы бар.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар осындай бағыттама бар екенін, бірінші кезекте жалдамалы тұрғын үй енгізілетін қалалардың тұрғындарына біздер түсініктемелермен хабарласқанымызға қарамастан тіпті түк те білмейді екен.

Қазақстан мүгедектер ұйымы Одағының төрағасы Әли Аманбаев (Алматы қ.): «ҚИК бағыты бойынша тұрғын үй туралы есіткен жоқпын. Мархабат, бұл туралы анықтаманы менің электрондық поштама салып жіберіңізші».

«Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту Орталығы» мүгедектердің облыстық ерікті қоғамының төрағасы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесі бойынша Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, өмірлі Қарағандыдағы қарапайым да белгілі, еңбекқор қоғамшы Александр Ивкин:

— Мұндай бағдарлама туралы бірінші рет сізден естіп тұрмын. Әкімдікте осындай кезектің бар екенінен хабардармын. Сіз не дедіңіз, не туралы... ҚИК? Жоқ, естімедім. Дәл қазір әкімдікке сұрау саламын. Өйткені, кепеде тұратын 2-ші топтағы мүгедектер бізге жиі хабарласады.

Жалдамалы тұрғын үйді алуға талапкерлердің тізімі әкімдіктің интернет-сайттарында, БАҚ-та дәл жариялануы тиісті немесе аталған тізімде тұрған тұлғаның талабымен жазбаша түрде берілуі керек. Қолайсызы сол, осынау механизм әлеуетті жалға берушілердің тізімдемесін жасағанда, тазалықты қамтамасыз ете алмайды.

Қатысу ұшін құжаттар

  • әкімдік бекіткен форма бойынша арыз;
  • арыз берушіде және әрдайым онымен бірге тұратын жанұя мүшелерінің меншікті баспанасының жоқтығы туралы әділет департаментінен анықтама. Бір қызығы және таңқаларлығы арыз берілген елдімекенде үйлері немесе пәтерлері болмауы тиіс;
  • арыз берушінің (жанұяның) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға, жас жанұяға тікелей қатыстылығын нақ растайтын анықтама, болмаса, жұмыс орнынан, яғни, мемлекеттік қызметкерлерден, бюджеттік ұйымдардың адамынан, әскери шендіден, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен немесе тағы басқалардан анықтама;
  • әрдайымғы тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелімді растайтын құжат (мекен-жайлық анықтама болмаса селолық және/немесе ауылдық әкімнен анықтама).

Жылжымайтын мүлікті заңдылық тазалығын қалай тексеруге болады? >>>

КИК-ны бағыттамасының мәні неде?

Бағдарламаға кез келген азамат, мысалы, мемлекеттік тұрғын үйді алуға кезекке тұрғандар қатыса алады. Бірақ, тұрғындардың 18 категориясына аса, орасан басымдылық беріледі.

Жергілікті атқару органдары, көбінесе әкімдіктер жер учаскелерін бөледі, оған коммуникацияны қосады. ҚИК көпқабаттыларды қаржыландырумен және оның құрылысымен шұғылданады.

Аталған бағыттамаға қатысатын адам 15 жыл бойына тұрғын үйді жалға алады. Ай сайын, ипотекаға байланысты, бекітілген төлемді нақты енгізеді. Бұнымен қоса тұрғын бөлек коммуналдық төлем жасайды. 15 жыл біткесін жалға берілген пәтердің толыққанды қожайыны болады. Және жылжымайтын мүлікті оны жалға алғаннан кейін 10 жылдан соң, қалған құнды мерзімінен бұрын төлеп, сатып алауға болады.

Жалдамалы пәтерге қоныстанбастан бұрын, алдыменен сол бағдарламаға қатысушы 6 айлық жалдық төлемнің дәл мөлшерінде есепшотқа кепілдік жарнапұлды енгізуі қажет.

Маңызды сәттер: тұрғын үйді жалға берушілердің тізімін әкімдік жасайды. Сондықтан шаршы метрлерді алу үшін ең алдыменен сонда хабарласу керек. Үміткердің әрқайсысына әкімдік жазбаша түрде нақты жауап береді. Егер де  кандидатураны қолдаса — хатта сіздің реттік нөміріңіз және тұрғын үйді жалға берушілердің тізіміне сізді енгізген уақыт дәлме-дәл жазылады. Егер үміткерлердің қатарында ғайыптан сіз болмай қалсаңыз, бас тартылудың себебі жазбаша беріледі. Әлеуетті қатысушылардан әкімдікте құжаттардың қаралатын мерзімі — 30 күннен артық емес.

Бағдарламаға қатысушылардың тізі-
мі әкімдіктердің стендінде, интернет-порталында, БАҚ-та орналасуы тиіс.

Көп қабаттылар салынып біткесін және олар пайдалануға нақты берілгесін әкімдік әлеуетті жалға алушылардың тізімін ҚИК-на береді. Қазақстандық ипотекалық компания тұрғын үйді мүмкін иеленушілердің төлемге қабілеттілігін тексереді. Тек осыдан кейін ғана азамат жаңа пәтерге сенімді қоныстана алады.

Кімнің тұрғын үйге құқы бар:

  • ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектер;
  • мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери адамдар, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік қызметті таңдаумен шұғылданатын тұлғалар;
  • жалғыз үй-баспанасы апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматы;
  • ҰОС-на қатысушысы мен мүгедегіне теңестірілген тұлға;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші жанұя;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметімен нақтыланып, бекітіліп, аурулардың тізімінде дәлме-дәл бар кейбір созылмалы аурудың өте ауыр түрімен азап шеккен, қиналған тұлға;
  • жасы келген зейнеткерлер;
  • жетім балалар және ата-аналарының еш қорғауынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа жетпеген, кәмелетке толмай жатып ата-анасынан айрылған балалар. Мұндай тұлғаларды әскери қызметке шақырғанда, жастары мерзімді әскери қызметтен өту сәтіне теңестіріледі;
  • оралмандар;
  • экологиялық апаттың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде тұрғын үйінен айырылып қалған тұлға;
  • көп балалы жанұя;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді, әскери қызметті орындау үстінде, ғарыштық кеңістікке ұшуды жүзеге асыру және оған дайындық кезінде, адам өмірін құтқаруда, құқық тәртібін күзетуде қаза болған (қайтыс болған) жанұядағы тұлға ;
  • толық емес жанұя;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  • мемлекеттік заңды тұлғалар;
  • мемлекеттік қатыстылыққа тым жатпайтұғын әлеуметтік саланың жұмыскерлері, мемлекеттік және (немесе) жеке оқу орындарының және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері;
  • жоғары және (немесе) техникалық және кәсіби, орта білімі бар 29 жасқа толмаған азамат, оны алғанына заңды түрде 9 жылдан аса уақыт кете қоймағаны қатаң ескеріледі.

2 Кесте. 1 ш. метр үшін жалдаманың құны

Құнсыздануға дейінгі болжамды бағалар

Құнсызданудан кейінгі болжамды бағалар

Астана, Алматы

1100 — 1300 теңге

 Алматы әкімдігінің жауабына сәйкес — 1100 теңге

Басқа аймақтарда

900 — 1100 теңге

Мәліметтер жоқ

«ҚИК ИҰ» АҚ: «Аталған баға тұрғын үй құрылысының шығындық бөлігіне ықпал жасайтын объективті факторлар жоқ болған кезде сақталады. Бұған қоса жыл сайын құнсызданудың ставкасына байланысты баға қайта қаралып отырады».

3 Кесте. Бағдарламаның басқа да шарттары

Жалдамалы пәтерлердің көлемдері

35 ш. метрден (1-бөлмелі)

75 ш. метрге дейін (4-бөлмелі)

Пәтерді жалға алу кезіндегі ең аз бастапқы кепілдік жарнапұл

6 АЕК (немесе пәтердің құнынан шамамен 5%)

Пәтерді жалға алуда үшінші тұлғаға сату кезінде өзінің құқынан шегінуге болады

Тек «ҚИК ИҰ» АҚ-мен келісіммен

Қаржылық жағдайға байланысты жалдамалы тұрғын үйге қайта қоныстану мүмкіндігі

Мысалы, егер қаржылық жағдай қиындаса, 2-бөлмелі пәтерден 1-бөлмелі пәтерге қайта қоныстануға болады

 Немесе керісінше. 

Жанұя мүшелерінің құрамынан тең жалға берушілерді тарту

Табыстар жетіспеген жағдайда

Тағы оқитындарыңыз:

Шетелдік жылжымайтын мүлік қазақстандықтар үшін қолжетімді

Құрылысқа үлестік қатысудағы беймәлім қиындықтар

Астанадағы құрылыс дүмпуі: сан немесе сапа ма?

 


2 комментария:

Обновить
Майра (21.06.2015 19:38)

Салеметсиздер ме,биздин 4баламыз бар жане озим жумыссызбын,куйеуимнин айлыгы аз,биз енди келдик Астанага,пропискага енди гана турдык,биз Молодая многодетная семья деп очередке тура аламыз ба,жане оны толыгырак кайдан биле аламыз ,казир квартирада турамыз,жасымыз 26,27де.Отиниш жауап беринизши,алдын ала рахмет

Куралай (07.01.2015 23:43)

Саламатсызба менин уш балам бар мен коп балалы отбасыга жатам ба жане мен базарда жумыс истеймин Ип аркылы жасым 25 те


Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.