Пәтерді сатып алуда есептеудің қауіпсіз тәсілдері

Пәтер сатып алу — кез келген адам үшін иеленуде қымбатқа түсетін өмірдегі күрделі мәселе. Армандаған пәтер табылғанда, құжаттар тексерілгенде, сома келісілгенде, екі жаққа да қауіпсіз, жылдам әрі қолайлы болу үшін сатып алушы мен сатушыға төлемақыны беру тәсілін анықтау керек болады.

Жылжымайтын мүліктің нарығында мәміле жасайтындар мынадай сұрақты жиі-жиі қояды: ақша беруді қалай және де қашан ұйымдастыруға болады? Чемоданды суреттеп салып, оны көлікте беріп, айналмадан бұрышта оны тартып алатын голливудтық фильмдердегі көріністі мысалға келтіруге болады.  

Сол кездерде жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату барысы осылайша өтті. Бүгінгі таңда ақшаны беруді ұйымдастырудың өркениетті тәсілдері бар, сонымен қатар мынадай мәселелерді, аударымның теңгелей немесе долларлай, қолма-қол немесе банктік болатынын келісіп алуға болады.

Қазақстандықтар нотариустың кабинетінде қолма-қол төлем жасау есептесудің ең қолайлы, ыңғайлы тәсілі деп санайды. Дегенменен, сатып алу-сату келісімшартына қол қойылғаннан кейін банктік аударымның көмегімен, жәрдемімен сонымен қатар есептесудің бұл тәсілі әйгілі бола бастады.

Дедолларизация жәй жүріп жатыр  

Үстіміздегі жылы ақпанда Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов бірнеше негізгі бағыттарда негізделген экономиканың дедолларизация жоспары туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Аталған осынау жобаның негізгі бөлігінің бірі шетелдіктің алдындағы ұлттық валютаның артықшылығы болып табылады. Және бағаны, жұмысты, қызметті шетел валютасымен көрсетуге тыйым салу.  

Русланбек БатаевАлайда, девальвацияны күтумен соңғы жарты жылда тұрған қазақстандықтар бүгінде долларды теңгеге ауыстыруға түк те асығар емес. Адамдар шетелдік валютаға, әсіресе, жылжымайтын мүліктерді сатуға немесе сатып алуға байланысты мәселелерге кәдімгідей сенім білдірулерін жалғастыра түсуде. Астана қаласы нотариальдық округының нотариусы, астананың нотариальдық палатасы басқармасының мүшесі Русланбек Батаевтың айтуынша, бүгінде қазақстандық сатып алушылар мен сатушылардың көпшілігі американдық долларға толықтай үміт артады екен және төлем құралы ретінде осынау валютаны пайдаланатын көрінеді.

— Қазақстанда пәтерлерге, тұрғын үйлерге және жалпы кез келген мүліктерге бағалар көбіне жиі АҚШ долларымен көрсетіледі, — деп түсінік береді Русланбек Батаев. — Азаматтық кодексінің 127 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының ақшалай бірлігі теңге болып саналады. Сондықтан көптеген жағдайларда төлем құралы ретінде қолма-қол шетелдік валютаны пайдаланып, заң талабының күшінде теңге бағамы бойынша қайта есептесуді жүргізеді. Бұл сома шартта көрсетіледі. Маған мәміледе шетелдік валютаны немесе теңгені доллар бағамына сәйкес көрсетуді өтініп, кісілер келсе, мен оларға Қазақстанда ұлттық валюта — теңге,сондықтан оған патриотизмдік сезіммен қарауды айтамын.

Жаңа құрылыстағы пәтер: дағдарыста сатып алу керек пе? >>>

Қолма-қолсыз есептесу

Ұлттық валютаның артықшылығынан басқа да дедолларизацияның жоспарына қолма-қол төлемнің дамуы және де қараңғы айналымның қысқаруы сияқты бағыттамалар кіреді. Яғни, егер аталған осынау жүйені жылжымайтын мүліктің нарығында қолданғанда, сатып алу-сату келісімшартына қол қоятын уақытта нотариустың кабинетінде қолдан-қолға ақша ешқашан да берілмейді. Олар бір банктік есепшоттан екіншісіне аударылады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, азаматтар қолма-қолсыз ақша аударудан әлі күнге қауіптенулерін жалғастыруда. 

— Менің пікірімше, мұнда бірнеше факторлар бар, — дейді Русланбек Магомедұлы. — Бұл азаматтардың қолма-қолсыз есептесу жүйесіндегі сауатсыздығы, қосымша шығындардан қорқыныш, құпиялылықтың жоқтығы. Сонымен, егер нотариустағы мәмілеге сатушы, сатып алушы және нотариустың өзі қатысса, онда қолма-қолсыз есептесу мәмілесіне банктің қызметкерлері де қатысады.  

Нотариустың айтуынша, банктің қызметтерін азаматтар қажетті де жағдайларда пайдаланады. Негізінен қолма-қол есептесуге көбінесе сатушы айқын құмар болады. Сонымен қатар банктегі мәміленің бағасын реттеуге тараптардың ынта танытпайтынын айтуға тұрады, өйткені, қосымша шығындар, мысалы, салық төлемі, банктік қызметтер, ақшаны алу және де тағы басқалар.

—   Бүгінгі таңда тұрғындардың қолма-қолсыз есептесуді пайдаланулары үшін түк те объективті кедергілер жоқ, — деп санайды Русланбек Батаев. — Банктер қолайлы, ыңғайлы жағдайды жасауға және соңғы кедергіні жеңуге — психологиялық тұрғыдан жан-жақты күш салса жетіп жатыр. Тұрғындар қолма-қол валютаға үйреніп қалған.   

— Қолма-қолсыз есеп жасасу үшін, яғни, өз есепшотынан сатушының есепшотына ақшаны аудару үшін клиент арыз жазуы керек және сатушының есепшотының реквизиттерін, сонымен қатар жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынуы қажет, — дейді АТФБанкінің сараптамашысы. Нотариус Русланбек Батаевтың айтуынша, сатушы мен сатып алушының арасындағы қолма-қолсыз ақша аудару кезіндегі қолайсыз жағдайдың бірі мәмілеге қатысушының бірінің жауапсыздығы болып табылады.  

— Қолма-қолсыз есептесу тараптардың келісіміне байланысты сатып алу-сату келісімшартына қол қойылғанға дейін болмаса қол қойылғаннан кейін, соныменен қатар сатып алушының атына меншік құқын мемлекеттік тіркеуге дейін болмаса тіркеуден кейін болады. Егер сатып алу-сату шартына тараптар қол қоймай тұрып, ақша сатушының есепшотына аударылса, онда сатып алушы тәуекелге барады. Егер мәміле жасалғасын ақша сатушы есепшотына аударылмаса, сатушы тәуекел етеді. Тараптардың міндеттерін атқаруы сот арқылы жүзеге асады, — деп түсінік береді нотариус Русланбек Батаев.

2015 жылы пәтер сатып алу керек пе? >>>

Сатып алу-сату келісімшартында әділет органдарында сатып алу-сату келісімшарты тіркеуден өткеннен кейін ғана төлемнің жасалатынын көрсетуге болады. Сонымен қатар шартта есепшоттың реквизиттері, қолма-қолсыз төлемнің мерзімі, банктің атауы және қажет болғанда басқа да мәліметтер нақтылы, тиянақты белгіленеді.

— Клиенттің қаражатының аударылымы онлайн режимімен жасалады, — дейді «Банк Kassa Nova» АҚ-ның сараптамашылары. — Қазақстан аймағында екінші дәрежелі өзге банктегі клиент есепшотына аударылым операциялық күнде жүзеге асырылады.

Егер де пәтер сатып алу уақытында сіз қолма-қолсыз есеп айырысуды қалап шешсеңіз, онда ақша берудің барлық тәсілдерін біліп, солардың өзіңізге қолайлысын таңдауыңыз керек.

1 кесте. Қолма-қолсыз есептесудің артықшылықтары мен кемшіліктері  
пәтер сатып алуға есептеме 

Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Қолма-қол қаражатпен мәміле болған жағдайда тоналу қаупі ешқашан орын алмайды.
  • Ешқандай жалған ақшаларға, «қуыршақтарға» және түрлі алаяқтыққа жол берілмейді .
  • Пәтерді сатып алу төлемі тәрізді ақша аударудың мақсатын көрсетуге болады.
  • Ақшаның аударылуын құжатпен растайтын әрдайым да мүмкіндік бар.
  • Қолма-қолсыз есептесу несиелік ақшаларды, субсидийді, сертификаттарды ерекше тартумен мәмілені жасауға көмектеседі.
  • Соншалықты көп емес қарыздар үшін (мәселен, салық бойынша) есепшот жабылып қалады.
  • Банктік проблемаға байланысты оған байланып қалу қаупі бар, бір уақытта клиенттің кінәсінсіз ешқашан ақша, қаражат аударылмайды.
  • Есепшотты ұстауға шығындар, қаржыландыруға, комиссия және т. б.
  • Мәміленің тарааптарының бірінің адалдығына тәуекелділік.

Банктік жәшік

Қазақстанда банктік жәшіктер қаражатты сақтау мен берудің, мәселенки, Ресейдегідей әйгілі, соншалықты белгілі болып табылмайды. Бүгінгі таңда нranking.kz порталының мәліметтеріне сәйкес, банктік жәшіктерді жалға беру қызметін 24 банк ұсынады. Қызметтің толық спектрімен (барлық санаттағы жәшіктер) 8 банк ғана қамтамасыз етеді.

Кіші жәшікті жалға алудың орташа бағасы күніне, ranking.kz порталының мәліметі бойынша 478 теңгені, айына — 3564 теңгені, жылына — 30 350 теңгені құрайды. 

— Осы қызметке сұраныс тұрақты, өйткені, жылжымайтын мүлікті сатып алушылар мен сатушылар үшін, маңызды құжаттарды, қымбат заттарды сақтау үшін сейфтік жәшік керемет құрал болып табылады, — деп түсінік береді «АТФБанк» АҚ-ның мамандары.

Ұлттық банктің ережесінде жәшіктің ерекше қызметтерінің бірі — жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату операциясы бойынша төлем кезінде делдалдық қызмет көрсету, ал, жеке сейфтерді жалға беру пәтерді сатып алу кезінде ақшаны беруде өте қолайлы.

Банктік жәшік«Банк Kassa Nova»АҚ банкінің сараптамашыларының айтуынша, банктік сейфтік жәшік — бұл, алдыменен, жәшіктерді пайдалану уақытында банктер қамтамасыз ететін бағалы заттарды және құжаттарды сақтауға сенімділік. Клиенттің өзінің және оның заттарының құпиялылығына орасан зор назар аудару қажет. Бүгінгі таңда клиенттің өте маңызды құжаттарын, оның бағалы заттарын, қомақты қаражаттарды үйде немесе офисте сақтау тым қауіпті, сондықтан қазақстандықтар көбінесе банктің қызметіне жүгінеді. Сейфтік жәшікті ашу үшін тапсырысты ресімдеуге соншалықты көп уақыт кетпейді және аз құжаттар жиналады.

Сейфтік жәшіктерді көлемдері бойынша 4 бағаны қалыптастыру тобына бөлуге де әбден болады: кішілері (10 000 куб.см дейін), орташалары (10 000-нан 20 000 куб.см дейін), үлкендері (20 000-нан 60 000 куб.см дейін) және гранд-сейфтер (60 000 куб. см). Сейф көлемі үлкендегенде, оның жалға беру құны жоғары болады. Жал мерзімі бойынша нарықта стандартты градация бар: күн, ай 3 ай, 6 ай, жыл. Ұзақ мерзімге болса, банк жалдау құнын төмен түсіреді. Мысалы, кіші жәшіктің жалдық орташа құны күніне, ranking.kz. порталының мәліметінше, 478 теңгені, айына — 3564 теңгені, жылына — 30 350 теңгені құрайды. Егер жәшік бір жылға жалға алынса, ол айына 2529 теңгеге, күніне 83,2 теңгеге түседі.

2 кесте. Пәтерді сатып алу үшін есептеменің артықшылықтары мен кемшіліктері банктік жәшіктің көмегімен 

Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Жәшікті тікелей қоюдың бірі — жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу кезінде төлем қызметін жасаудағы жан-жақты, тиянақты делдалдық.
  • Жылжымайтын мүлікке есептесу кезінде делдал ретінде банк түседі, бұл алаяқтықтың орын алуына жол бермейді.
  • Жәшік арендасының келісімшарты атына ресімделген тұлға ғана ақшаны еркін ала алады.
  • Банк жәшіктегі нәрсенің қатаң сақталуына  және оның құпиялылығына кепіл болады. 
  • Әдетте, ақшаны қайта санау үшін машинкілер мен банкноттың тазалығын анықтайтын детектор тегін беріледі.
  • Ақшаны алуға ертеден келісудің қажеті шамалы (депозиттегідей барлығы).
  • Банктік жәшіктердің арендасы үшін қосымша шығындар.
  • Банк әркез делдал бола алмайды.көбінесе клиентке сейф ұсынады, оның затының қауіпсіздігіне кепілдік бере алады.
  • Клиент кілтті жоғалтып алуы мүмкін. Егер арендатор бұл туралы бірден банкті ескертпесе, онда соңғысы жәшіктегі заттардың тұтастығына жауап бермейді. Кілтті жоғалту бойынша барлық шығындар келісімшарттың ережесіне сәйкес клиенттің мойнына мінеді.

Аккредитив

АккредитивАталған қызметті де көбінесе заңды тұлғалар жан-жақты пайдаланады. Аккредитивті формада ақшаны беру механизмі шамамен былай болады: сатып алушы ақшаны банкке береді, ал, ол оны өзінің есепшотына салады. Банк пен сатып алушының арасында келісімшартқа дәл қол қойылады, онда бұл ақшалар қандай да жағдайларда сатушыға берілетін ережелері айтылады. Мысалы, нақтыланған құжаттардың тізімдемесі ұсынылғанда. 

— Аккредитив тәрізді осындай бұл өнімді банк тек қана ыңғайлап заңды тұлғаларға ұсынады да, — деп те түсініктеме береді АТФБанктің сараптамашылары. — Жалпы алғанда, аккредитив — бұл клиенттің тапсырмасы бойынша көрсетілген тұлғаның пайдасына тауар/жұмыс/қызмет үшін төлемді жүзеге асыру мақсатындағы банктің бұлжымас міндеттемесі, бірақ та, алдыменен соңғысы аккредитивтің шарттарына толықтай сәйкес ресімделген бұрын ескертілген құжаттардың да пакетін банкке ұсынуы керек. Аккредитив банк арқылы мәміленің орындалуына бақылау жасауға, серіктеспен тиісті емес шарттағы ережені жүзеге асыру тәуекелшілдігін болдырмауға мүмкіндік береді, бұны бұл құрал қауіпсіз жасайды.

Аккредитивті соныменен қатар жеке тұлға да жылжымайтын мүлік үшін есеп айырысқанда пайдаланады. Әсіресе, офистер, қоймалар немесе өзге ғимараттар басқа қаладан алынғанда.  

Аккредитивтің қамтамасыз етуінің бағасын егер де назарға алмағанда, бүгінгі таңда ақша аударудың аккредитивті формасы ең сенімді болып саналады, әрбір операцияны жан-жақты бақылауға болады және әрбір теңгенің қайда барғанын кез келген уақытта дәлелдеуге мүмкіндік бар.

3 кесте. Аккредитивтің көмегімен пәтер сатып алудағы есептеменің артықшылықтары мен кемшіліктері   

Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Есептесудің орасан зор қауіпсіз формасы, әсіресе, егер де халықаралық мәміле жасалып жатса (мысалы, жылжымайтын мүлікті басқа елден сатып алған уақытта).
  • Нақтыланған қажетті, керекті құжаттар ұсынылғаннан кейін ғана сатушының ақшаны алатынына сатып алушы сенімді болады (мысалы, әділет органында сатып алу-сату келісімшартының тіркелгенін растау).
  • Жеке тұлға үшін мұндай банктік өнім қарастырылмаған.
  • Аккредитивтің қызмет жасауының ең жоғары бағасы — 15 мың теңгеден басталады.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Жылжымайтын мүлік құжатын қалай қалыптастыруға болады?

Саудадан үйді қалай сатып алуға болады?

Тұрғын үйлік қорқыныш: меншікті неден қорғауға болады?

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.