Соңғы ерік немесе өсиет қалдырудың қыры мен сыры

Адам баласы шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ақтық демі шыққан уақытқа дейін жылжымайтын мүлік сатып алу, банкте шот ашу және тағы басқалары сияқты материалдық игіліктер мен қажеттіліктерге ұмтылады, табысқа жетуге тырысады. Алайда ерте ме, кеш пе жалған дүниемен қош айтысар сәтте жинап-терген дүние-мүлікке қалай билік жүргізсем екен деген сауал туындайды.  Өйткені бейнетпен тапқан дүние мұрагерлердің арасында адал, ең бастысы заңды түрде бөлінуі керек.

Әрине, еш шара қолданбай-ақ, әрбір мұрагер мемлекетпен кепілдік берілген тиісті үлесін алатын, заңға сүйенуге де болады. Бірақ сол заң, ҚР әрбір азаматына өсиет құру арқылы өзінің меншікті мүлкін өз еркі бойынша басқаруға да мүмкіндік береді. Ең бастысы — әрқайсысында таңдау және осы сауалды өзінің қалауы бойынша шешу құқығы болады.

Заңға сәйкес өсиет жазбаша нысанда жасалуы және нотариуспен куәландырылуы тиіс. Ол үшін кез келген нотариусқа жүгінуге болады, ал ол болса заңды қатаң бақылауға ала отырып, өсиетті азаматтың еркіне және қалауына сәйкес жасап береді.

Өсиет деген не?

ҚР Азаматтық кодексінің 58 тарауына сәйкес, «азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi» өсиет болып танылады. Өсиеттің негізгі мақсаты — азаматтың барлық мүлкiнің немесе оның бiр бөлігінің нақты жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға немесе мемлекетке өту тәртібін анықтау болып есептеледі.

Өсиет еркіндігінің мұрадағы міндетті үлес туралы ережелермен шектелетіндігін білу маңызды

Өсиет жасаған кезде адам, өзі қайтыс болғаннан кейін өзінің нені және кімге қалдыратындығын нақты белгілеп береді — міне өсиеттің заң бойынша мұрагерліктен басты айырмашылығы да осы болып саналады. Мұрагерлерді тағайындау және олардың арасында мүлікті бөлу тәртібі тек өсиет қалдырушының еркіне байланысты болады (ҚР АК 1046 б.).

Өсиет жасаған кезде толық әрекет қабілеттілікке ие азамат өсиет қалдырушы бола алады. Азаматтық кодексте өсиеттің кез келген уақытта күшін жоюға немесе өзгертуге болатындығы көзделген.

— ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес азамат бұрын жасалған өсиетке өзгерту енгізуге, не жаңасын жасауға құқылы, — дейді нотариус Марика Ахмедиева. — Өсиет жасау кезінде нотариус аталмыш құжаттың тек жасалған күнін және орнын емес, уақытын да көрсетеді. Заң бойынша, тек соңғы жазылған өсиет жарамды болып танылады. Яғни жеке тұлға бір нотариуста өсиет жасап, содан кейін сол күні басқасына барып және де алдындағының күшін жоймастан жаңа өсиетті куәландыра алады. Әрі заң бойынша осы жарамды болып саналады.

Өсиет еркіндігінің мұрадағы міндетті үлес туралы ережелермен шектелетіндігін білу маңызды. ҚР АК 1069 бабына сәйкес мұрадағы міндетті үлеске ие және өсиеттің мазмұнына қарамастан, мұрагерлікке шақырылатын, адамдар тобы да бар. Заңнамаға сәйкес:

  • өсиет қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары;
  • өсиет қалдырушының еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы мұрадағы міндетті үлеске ие.  

— Адам бізге келіп өсиет жазғысы келетіндігін айтқан кезде, біз оған келесі жайлы міндетті түрде ескертеміз, — дейді Марика Ахмедиева. — Тіпті егер сіз өсиет жазсаңыз да, бірақ сіздің кәмелетке толмаған балаларыңыз немесе еңбекке жарамсыз жұбайыңыз немесе ата-анаңыз болса, онда олар өсиеттің кімнің пайдасына жасалғанына қарамастан,  заң бойынша олардың әрқайсысына тиесiлi болатын, мүліктің екіден бір бөлігіне құқылы болады. Мәселен, отбасында үш бала бар, алайда өсиетте тек үлкен баласы көрсетілген, бірақ сонымен бірге бір бала кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз делік. Заңнама бойынша ол өзіне заң бойынша тиесілі үлестің жартысын алады. Бірақ, мұрагер өзінің үлесінен бас тарта да алады.

Риелторлық агенттікті қалай таңдауға болады >>>

ҚР АК-нің 1051 бабында айтылғандай, өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол қойылғанға дейiн нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс.  Сондай-ақ егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi. Ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп, өсиетте тиiстi жазба жасалады.

Егер өсиет куәның қатысуымен жасалса, онда құжатта өсиет қалдырушының соңғы тілегіне куә болған адамның тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Сонымен қатар, құжатқа өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қойған адамдар да енгізіледі.

— Өтініш жасау үшін өсиет қалдырушы және оның жеке басын куәландыратын, құжат қажет, — дейді нотариус. — Егер де құжат өсиет қалдырушының қатысуымен нотариустың компьютерінде терілетін болса, онда заңға сәйкес өсиет қалдырушымен бірге осы құжатқа қол қоятын, үшінші тұлға да қатысуы тиіс. Егер өсиет, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылған болса, онда нотариус куәландырып қол қояды және куәмен бірге конверттегі жазуға куә болады. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi.

Өсиетті куәландыруға кім құқылы?


Тұрғын үйді бір мұрагерге мұра етіп қалдыруға немесе өз қалауы бойынша бірнеше мұрагерлердің арасында үлеспен бөлуге боладыӨмірде нотариус адамның соңғы тілегін куәландыра алмайтын, жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1052 бабына сәйкес өсиетті куәландыруға құқығы бар, адамдар тобы болады. Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:

1) ауруханаларда, санаторийларда, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлардың, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;

2) госпитальдарда, санаторийларда және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийларда және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;

3) Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүзіп жүрген азаматтардың, осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;

4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi; 

5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар, мекемелер, әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегі әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi;

6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi.

Мұндай түрдегі өсиет үшін қажетті шарт — оны жасау кезінде өсиет қалдырушымен бірге осы құжатқа қол қоятын, куәнің де міндетті түрде қатысуы болып есептеледі.

Егер жылжымайтын мүлiктiң құжаттары жоғалса >>>

Жылжымайтын мүлікті қалай мұраға қалдырады?

Өсиетті куәландыруТұрғын үйді бір мұрагерге мұра етіп қалдыруға немесе өз қалауы бойынша бірнеше мұрагерлердің арасында үлеспен бөлуге болады. Бұл ретте тұрғын үйдің сол жер телімінде орналасқан, барлық қызметтік құрылымдарымен және құрылыстарымен бірге бірыңғай объекті құрайтындығын естен шығармау керек, сондықтанда мысалы монша немесе көлікжай сияқты шаруашылық қора-жайларды жеке мұра етіп қалдыруға болмайды. Қызметтік құрылымдары және құрылыстары бар тұрғын үй түріндегі мұраны тек жылжымайтын мүлік объектісінің үлесі түрінде бөлуге болады.

Өсиетті ресімдеген, мүлік иесі жылжымайтын мүлікке өзінің қалауы бойынша бұрынғысынша билік жүргізе алады, яғни оны сатуына, сыйға тартуына немесе ауыстыруына болады.Ол оның меншік иесі болып қалады, өйткені мұра етілген мүлікке меншік құқығы мұрада көрсетілген тұлғаға тек өсиет қалдырушы қайтыс болған жағдайда өтеді.

Өсиеттік бас тарту

Адамдардың екінші некеге отыру жағдайлары жиі кездеседі. Ер адамның жылжымайтын мүлкі және бірінші некеден туған балалары бар делік. Пәтерді, саяжайды кімге өсиет ету керек? Өйткені екінші әйелінің жасы келіп қалған, сондықтанда егер өсиетті соның атына жасайтын болса, онда ол (әйелі) қайтыс болғаннан кейін жылжымайтын мүлік оған бөтен адамдарға бұйырады. Ал егер өсиетті балаларына ресімдейтін болса, онда екінші әйелі баспанасыз қалады. Осы жағдайға орай қолданыстағы заңнамада өсиеттік бас тарту (легат) қамтылған өсиет ресімдеу көзделген. ҚР АК-нің 1057 бабының 4 тармағы мынаны айтады:

«Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды. Өмiр бойы пайдалану құқығы иелiктен айырылмайды, берiлмейдi және бас тартылушының мұрагерлерiне ауыспайды. Бас тартылушыға берiлген өмiр бойы пайдалану құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетiлмесе, оның отбасы мүшелерiнiң тұруына негiз болмайды». Демек, жақын адамыңыздың пайдасына өсиеттік бас тарту жасай отырып, жылжымайтын мүлікті балаларыңыз бен немерелеріңізге қорықпай мұра етіп қалдыруыңызға болады.

Рента келісімшартын қалай жасау керек? >>>

Қажетті құжаттар

  • Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар (сату-сатып алу шарты, жекешелендіру шарты, айырбастау шарты және басқа);
  • пәтердің немесе иеліктегі үйдің техникалық паспорты;
  • жылжымайтын мүлікке (үй, сондай-ақ жер телімі) тіркелген құқық (ауыртпалық) және онымен жасалған мәміле туралы кадастрлық анықтама. Жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі ХҚКО арқылы әділет департаментімен беріледі;
  • өсиет қалдырушының жеке куәлігі.

Мыналарды... білу маңызды

  • Өсиет қалдырушы өсиетке өзінің қолында бар, сондай-ақ қайтыс болған кезде өзіне тиесілі болатын, мүлікті де енгізе алады.
  • Нотариус, өсиетті орындаушы немесе сот өсиетке түсінік берген кезде ондағы сөздер мен тіркестердің дәлме-дәл мағынасы назарға алынады. Өсиеттің қандай да бір ережелерінің дәлме-дәл мағынасы түсініксіз болған кезде ол осы ережені басқа ережелермен және өсиеттің тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
  • Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын әрекет жасау немесе кредит берушi ретiнде осы мiндеттi атқаруды талап ету құқығын ешкiмге ұсынбастан одан тартыну мiндетiн жүктей алады. Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін өсиет қалдырушы жүктеудi атқаруға мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп шығарған кезде өсиеттi орындаушыға осындай мiндет жүктелуi мүмкiн.
  • Нотариустардың пікірі бойынша және статистикаға сәйкес соңғы он жылда өсиет қалдырушылардың жасы едәуір төмендеген. Егер бұрын өсиетті тек зейнет жасындағы адамдар жасаған болса, енді зейнеталды жасындағы және тіпті одан жас адамдар да өзінің соңғы еркін қағазда қалдыру туралы ойлануда.

Риелтор мамандығының күлкілі оқиғалары >>>

Ең-ең… өсиеттер

  • Тарих бойынша ең ерсі өсиетті Марсельдік етікші қалдырған. Онда жазылған 123 сөздің 94-ін тіпті салыстырмалы түрде әдепті ортаның өзінде айту мүмкін емес.
  • Ең ұзын өсиетті Құрама Штаттардың негізін салушы-аталардың бірі — Томас Джефферсон жасаған. Мүлікке қатысты нұсқаулар құжатта Американың тарихы туралы пайымдаулармен сапырылысып кеткен. Джефферсонның мұрагерлері осы өсиет бойынша өздерінің мұрагерлік үлестерін тек, өздерінің барлық құлдарын бостандыққа жіберген кезде алған.
  • Ең қынжылыс тудыратын өсиет. Орта ғасырда бір фермер өзінің әйеліне 100 ливр қалдырған екен, бірақ егер ол тұрмысқа шығатын болса, оның ері атанатын, бишараға ақша қажет болады дегенді желеу етіп,  тағы 100 ливр қосуды бұйырыпты. Әттең, ол уақытта ажырасуға тыйым салынған болатын.
  • Ең тарихи пайдалы өсиетті Вильям Шекспир қалдырыпты. Ол өте ұсақшыл адам болып шықты және өзінің бүкіл мүлкіне, жиһаздан бастап аяқ-киімге дейін өкім еткен екен. Өсиетті  Шекспирдің өмірде болғандығын  дәлелдейтін, жалғыз даусыз құжат десе де болады.

Мұрагерлікке таласу

Өсиеттің бар екендігі туралы қалай білуге болады?

Мұрагерлердің көпшілігі үшін өсиеттің бар болуы кейде тосын сый болады.«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабы 3 тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотраиаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік беріледі. Мұрагерлердің көпшілігі үшін өсиеттің бар болуы кейде тосын сый болады. Алайда егер ықтимал мұрагерді өсиет бар ма және оған мен кірдім бе деген сауал мазалайтын болса, онда ол заң бойынша мұны біле алады.

Жоғарыда аталған баптың 6 тармағына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.

Қалған барлық ақпараттарды, өсиеттердiң телнұсқалары мен көшiрмелерiн егер мемлекетпен өзгеше белгiленбесе, мүдделi адамдар тек өсиет берушi қайтыс болғаннан кейiн алады.  Адам тірі болған кезде өсиет туралы ешқандай мәлімет берілмейді. Сондай-ақ өсиеттің көшірмесін де тек өсиетте аты көрсетілген, адам ғана алады. Қалған ықтимал мұрагерлер өзіне пайдасы тимейтін өсиеттің бар екендігі туралы ақпаратпен шектеледі. Өсиетке қатысты қалған қажетті ақпараттарды алу үшін мұрагер немесе оның сенімхат бойынша өкілі мұраның ашылу орны бойынша нотариусқа хабарласуы қажет.

Өсиетті өзгертуге немесе жоюға бола ма?

— Енем менің пайдама өсиет жасады,— дейді Н.Надежда. — Шынын айтқанда, мен ол туралы білген де жоқпын. Аталмыш өсиет бойынша мен күйеуімнің шешесінен оның пәтерін алуым керек болды. Алайда қайтыс болардан біраз бұрын енем тек менің күйеуімді, оның ұлын және оның үлкен апасын енгізіп, өсиетті қайта жазды. Содан кейін белгілі болғанындай, енем өзінің қызына пәтерге құқық толықтай маған берілген өсиет жасадым деп айтқан екен. Жанжал туды, үлкен қызы өсиеттің қайта жазылуын талап етті, әйтпесе анасы қайтыс болғаннан кейін өсиетке барынша таласатындығын және түбінде өзіне заң бойынша тиесілі үлесті алатындығын айтты.

ҚР АК 1053 бабына сәйкес өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы. Ол үшін ол  нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш немесе осы құжаттың белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беруі және  бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасауы тиіс. Алайда күші жойылған немесе өзгертілген өсиеттің кейін қалпына келтірілмейтіндігін есте сақтау керек.

Мұрагерлердің соңғы еркіне қалай дауласуға болады?

Өсиетті оқығаннан кейін, оған  кірмей қалған көптеген мұрагерлердің өсиетпен барынша келіспейтін және күшін жоюға тырысатын жағдайлары да жиі кездеседі. Нотариустардың сөзі бойынша,  өсиетті жарамсыз деп танудың ең кең таралған тәсілі Азаматтық кодекстің 159 бабының 5 тармағына сәйкес өсиеттің есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адаммен жасалғандығын сот тәртібінде дәлелдеу. Сондай-ақ соңынан әрекет қабілетсіз деп танылған, азаматпен жасалған өсиет, егер оның өсиетті жасау кезінің өзінде-ақ психикалық шатасу жағдайында болғаны сот процесінде дәлелденсе, жарамсыз деп танылуы мүмкін. Яғни мұрасыз қалған мұрагер өсиет жасаған кезде өсиет қалдырушының өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болғандығын дәлелдеуі қажет. Мысалы, егер өсиет жасау кезінде науқас адамға қатты әсер ететін препараттар тағайындалған болса, оның  өз әрекеттерiнiң мәнiн толықтай түсiнгендігіне күмәндануға болады. Ол үшін әдетте қайтыс болу себебін анықтайды, аурудың тарихын зерттейді, науқастың жағдайына сипаттама беретін, емдеуші дәрігерлерді сот отырысына шақырады.

Өсиетті жасау, қол қою немесе куәландыру кезінде жіберілген емле қателері және техникалық сипаттағы басқа да елеусіз бұзылыстар, егер сот олар өсиет қалдырушының өз еркін білдіруін түсінуге әсерін тигізбейді деп анықтаса, өсиетті жарамсыз деуге негіз бола алмайды. 

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Тұрғын үйлік қорқыныш: меншікті неден қорғауға болады?

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады

Ажырасу және ипотека

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.