Новый поиск 1 июля 2015

Біз ауданда тұрамыз. Жас отбасымыз. Арендаға баспана алғымыз келеді. Ақтөбе каласында екеуміз де мемлекеттік жұмыста қызмет жасаймыз.

Отвечает www.kn.kz (Информационная служба)
Жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар пакетімен арыз беру үшін және кезекке тұру үшін сіздер мемлекеттік қызметкер ретінде әкімдікке хабарласа аласыздар. Арендалық тұрғын үйді алу үшін төмендегі құжаттар арызға қосылып берілуі тиіс:
1) арыз берушінің жеке басын, оның жанұя мүшелерін растайтын құжат;
2) некеге тұру туралы куәлік;
3) арыз берушіде, онымен әркез бірге тұратын жанұя мүшелерінде ҚР аймағында сатып алумен арендалық тұрғын үйдің немесе олардың меншіктік құқына жататын тұрғын үйдің болмауы немесе болуы туралы анықтама;
4) тиісті елдімекенде тұруды растайтын да тұрғылықты мекен-жайымен арыз берушіні және онымен әрдайым бірге тұратын жанұя мүшелерін тіркеу туралы мекен-жайлық анықтама;
5) арыз берушінің жұмыс орнынан анықтама;
6) жанұя мүшесінің бірінің созылмалы қиын ауру түрімен ауыратынын немесе мүгедектіктінақты растайтын анықтама;
7) мемлекеттік бағдарламаға қатысуға арызды беру кезіндегі кезекке тұру нөмерін көрсетумен тұрғын үйді қажет ету есебіне қою туралы мәлімет;
8) арыз беруші табатын табысты растайтын анықтама.

Похожие вопросы