Новый поиск 17 июля 2015

Менің жасым 29-да, уйленгенімізге 1,5 жыл болды, 1 баламыз бар. Қазір декреттік демалыстамын. Жас жанұяларға арналған бағдарламаға қатыса аламыз ба? Ол үшін жолдасымның табыс көзін растайтын құжаттар қажет пе? Ең төмен жалақы қанша болуы шарт? Болмаса қандай мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген пайыздық несиелеу арқылы баспана алуымызға болады?

Отвечает www.kn.kz (Информационная служба)
«Қазақстанның ипотекалық компания» желісі бойынша сіз әлеуметтік арендалық тұрғын үйді аласыз. Егер сіз мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес келсеңіз, онда пәтер алуды қалаған қаланың жергілікті атқару органына сіздің хабарласуыңыз керек. Тұрғын үй департаментіне талап етілген нақты құжаттарды тапсырасыз және сосын барып кезекке тұрасыз.
ҚИК желісі бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін арыз жазып, төмендегі құжаттар берілу қажет:
1) арыз берушінің жеке куәлігі және оның жанұя мүшелерінің құжаттары;
2) некеге тұру/некені бұзу туралы, күйеуінің/әйелінің өлгендігі туралы, балалардың тууы туралы куәлік, арыз берушінің некеде тұрмағандығы туралы арыз;
3) Арыз берушіде және онымен әрдайым бірге тұратын жанұя мүшелерінде ҚР аймағы бойынша кейін сатып алумен арендалық тұрғын үйге немесе меншік құқына жататын тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) тиісті елдімекенде тұрғандығын нақтылы растайтын тұрғылықты мекен-жайы бойынша арыз берушінің және онымен әрдайым бірге тұратын жанұя мүшелерінің тіркелуі туралы мекен-жайлық анықтама;
5) арыз берушінің жұмыс орнынан анықтама;
6) жанұя мүшесінің бірінде ұзаққа созылған ауыр науқастың немесе мүгедектіктің бар екендігін растайтын анықтама;
7) мемлекеттік бағдарламаға қатысуға арыз беру кезіндегі кезектік номері нақтылы көрсетілген тұрғын үйді қажет ететіндердің есебіне қою туралы мәлімет;
8) арыз берушінің табыс табуын растайтын анықтама.

Похожие вопросы