Тұтынушы өз құқығын қалай қорғайды?

Интернет, домофон, лифті қызмет көрсету нарығында бүгінгі таңда ондаған ұсынысты қабылдауға болады. Бірақ, олар, тізімдемеде көрсетілгенмен әрдайым шындыққа сәйкес келе бермейді.

Сол себепті тұтынушы жасалған сапасыз қызметке көнуге немесе белсенді түрде өзінің құқын қорғауға тырысып бағады. 

Шағымның дұрыстығын қалай дәлелдеуге болады? 

Тұтынушылардың қазақстандық іскер провайдерлерге көрсететін наразылықтары берілген нақты жылдамдықтың сәйкес келмеуі, қосылу үшін жан-жақты дамыған нақ техникалық мүмкіндіктің тып-типыл жоқтығы, тапсырысқа ынтасыз, көңілсіз қарау болып табылады. Бірақ, қызмет көрсетушіге шағымның мәнін қалай дәлелдеуге болады? Мысалы, интернетке қосылудың тұрақсыз жылдамдығына немесе күні бойына әркез үзілістің болуына қалай көзін жеткізбек? Дәлелді базасыз тұтынушы сапасыздау қызмет көрсетілгені үшін қайта есептеу мұң болып табылады және компанияның ұсынған тарифімен ақы төлеуіне оған амалсыздан тура келеді.

Сонымен қатар қазақстандық ірі провайдерлердің қызметкерлері азаматтардың білдірістеріне уақытылы назар, көңіл бөлмеуді жоққа шығарады. Олардың айтуынша, ұсынылған сапа немесе телебайланыс қызметінің әрекетсіздігі мәселесі бойынша  абоненттер әрқашан да, әрдайым да емін-еркін батыл түрде Орталықтандырылған жөндеу бюросына жүгіне алады екен. Сонымен қатар құқық қорғаушылар да қызмет көрсетудің сапасыздық фактісін дәлелдеу  ешқашан мүмкін еместігін айтады.

 «Гарант» тұтынушылардың құқын қорғау қоғамының төрағасы Жаслан Айтмағамбетовтің айтуынша, тұтынушылар қандай да бір наразылық білдірмеуі үшін провайдерлер түрлі-түрлі қулықтарға барады екен.  

— Клиенттермен жасалған келісімшартта қызмет жасаушылар жылдамдықты нақты дәрежеге дейін жеткізетінін көрсетеді. Мысалы, секундына 4 мегабитка дейін. Бұл өзінше көзбояғыш айналма маневр, — дейді де Жаслан Айтмағамбетов.

— «Дейін» сөзі «өз дәрежесінде» дегенді білдірмейді. Яғни, мүмкін, төмен болуы. Сондықтан бұл наразылық негізсіз болуы ықтимал. 

Соныменқатарқұқыққорғаушылардақызметкөрсетудіңсапасыздықфактісіндәлелдеуешқашанмүмкінеместігінайтады. 

Компанияның ең төмен сапада қызмет көрсетуіне көбінесе тұтынушылардың өздері кінәлі. Клиенттердің қызмет көрсетушіге нарызылығын білдіруге уақыт таба алмайтыны болмаса бір-екі рет барғаны олармен әңгіме барысында белгілі болды.

— Уәделері бойынша компаниядан сапалы қызмет жасауды талап етіп, оған қол жеткізу қажет, — деп ақыл-кеңес береді Қазақстан тұтынушылары Ұлттық Лигасының президенті Светлана Романовская. — Болмаса моралдық немесе материалдық залалдың орнын толтыруды сұрау керек.

Құқық қорғаушылар бір орнында тұрмай, ұсынылған сапасыз қызмет жағдайын өзгертуге тырысу керектігін айтады. 

Үлескерлер үшін қақпандар>>>

Сонымен, интернет-провайдердің кінәсін қалай дәлелдеуге болады? 

  • Компанияның маманын шақырыңыз, ол жылдамдықтың төмендігіне немесе интернеттің тіпті жоқтығы фактісіне көзін жеткізсін. 
  • Мәселе тығырыққа тіреліп, жағдай қиындағанда сотта куәгер болуға келісетін байланысшының және жүйелік әкімшінің мықтап қолдауына сүйенуге болады.
  • Егер фирманың өкілі болған жағдайда ешқандай жылдамдықтың көтерілуі болмаса және де шағымда көрсетілген фактілер расталмаса, компьютердің экранында бейнеленген жылдамдықтың көрсеткішін видеоға нақтылап таза түсіріңіз немесе скриншотты жасаңыз. Тек қана сотта осындай дәлелдемелер есепке алынбайды.
  • Дәлелдемелі базаны тиянақты жинастырып, жазбаша түрде қайта есептеуді өткізу талабымен жеткізуші-компанияға сенімді жүгіне аласыз.
  • Егер қызмет жасаушы сіздің наразылығыңызбен келіспесе немесе ақшаны сізге қайтарудан бас тартса, онда сотқа талап арыз беруге тура келеді.

Домофонға ай сайынғы төлем — заңсыз

Не оңайырақ болады: қызмет көрсетуші домофонды орнатады, яғни, тауарды ұсынады, сосын  домофондық аппараттың пайдаланылғанына ай сайын төлемақы жинайды және жүйеде пайда болған ақауларды жояды. Енді нақтыланған кодты теріп алып, болмаса электрондық кілттің нақ көмегімен подъездге кіруге әбден болады. Домофондық аппараттардың пайдаланылғаны үшін Қазақстандағы ай сайынғы жарнапұл мөлшері шамамен айына 300-ден 500 теңгеге дейін барады. Сонымен бірге юристер домофонды орнату бойынша фирманың ай сайын төлем алуға құқы жоқ екенін растайды.

— Алдыменен тұрғындар сатып алуға, есікті және барлық жүйені орнатуға ақша жинайды. Домофонды пайдаланғанына жарық үшін тағы адамдар ақы төлейді, — деп түсіндіреді Жаслан Айтмағамбетов. — Сонымен, азаматтар бәрін сатып алады, сосын ай сайын төлем жасайды. Сіз тоңазытқышты сатып алып, мұз етіп қатырғанына ақы төлемейсіз. Домофонды орнатқанда да осылай болу керек: қызмет жасаушы тауарды жеткізіп, оны жиі жеке меншікке береді, «Тұтынушылар құқын қорғау туралы» ҚР заңының 17 бабына сай оған екі жыл кепілдікпен қызмет етуге міндетті.

— Тұтынушыда әрқашан таңдау бар, — деп растайды Қазақстан тұтынушылары Ұлттық Лигасының президенті Светлана Романовская, — ол домофонды сол подъезде орнатқысы келе ме, келмей ме? Мархабат.

Соныменбіргеюристердомофондыорнатубойыншафирманыңайсайынтөлемалуғақұқыжоқекенінрастайды. 

Айтпай, орнатылған лифтіге ақы төлетуге мәжбүрлеуге болмайды 

Лифтілік шаруашылық туралы да айтуға да болады. Тұтынушының таңдау құқы бар. Лифтімен қызмет жасаушы фирмалар лифтімен нақты қызмет жасағандары үшін төлемнің түрлі жүйелерін ойластырады. Кейбіреулер пәтерге нақтыланған абоненттік төлемді орнатады, кейбіреулер тіркеудегі адамның саны немесе шаршы метрдің саны бойынша санайды, басқа фирма лифтідегі әрбір жүріп-тұрғаны үшін сол сәттік төлемді белгілейтін жүйені лифтіге орналастырады, кейбір көп қабаттыларда төлемнің карточкалық жүйесі жұмыс істейді. Карточкаға ақшаны салып, ақша және чиптің әрекеті біткенше, оңды-солды ештеңе ойламай, емін-еркін жүре бересіз.

— Егер де лифтілік шаруашылық тұрғындардың меншіктерінде болса, кіммен келісімшартты қандай жағдайда жасасуға болатынын олар өздері шеше алады, — деп сендіреді Қазақстан тұтынушылары Ұлттық Лигасының іскер президенті Светлана Романовская. — Сметаны талап етуге, төлем шарттарын таңдауға олардың құқы бар. Келісімшарт — тараптардың келісуі, демек, шарттың бар мәселесін біз шеше аламыз.

Соңғы уақыттарда лифтіге байланысты күтпеген оқиғалар болып жатыр. Бұған мемлекет те мықтап араласады. Мысалға, мемлекеттік бағдарлама бойынша лифтіні түпкілікті орнату.

— Жаңа лифтіні орнатуға тұрғындарды төлеуге мәжбүрлейтін кездер болады. Оның үстіне кейде бұл іс тұрғындардың келісімінсіз мына жүйе бойынша жүргізіледі: келді – орнатты – есепті көрсетті. Бұның пәтердің меншік иелерінің бюджетіне қалай әсер ететінін әлдебіреу ойланды ма екен? Сондықтан егер бұл қызмет керек болмаса немесе төлей алмаса, сонымен қатар бұл қызмет оған оның келісімінсіз ұсынылса,  тұтынушы одан бас тарта алады, — деп растайды «Гарант» тұтынушылардың құқын қорғау қоғамының төрағасы Жаслан Айтмағамбетов.

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер>>>

Тұтынушыларға кеңестер 

  • Лифтілердің, домофондардың қожайыны екенін тұрғындар ұмытпаулары тиіс, сондықтан олардың қызмет жасайтын компанияны таңдауға, құқы бар.
  • Домофондық қызмет жасаушы фирмамен шартты бұзған кезде компанияның құрал-жабдықты және есіктерді алып тастауға құқы жоқ. Өйткені, оларды тұрғындар сатып алды.
  • Қызмет жасаушы компаниямен келісімшартты бұзар уақытта тұрғындармен жиналыс өткізіліп, пәтерлерді аралап, қолдау үшін үштен бір қол қою жиналуы тиіс. Жиналыстың хаттамасының, қол қоюдың тізімдерінің көшірмелерін қызмет жасаушы компанияға тапсыру қажет. 
  • Егер сізді төлем жүйесі қанағаттандырмаса, басқа мекемені іздеу міндет емес. Фирманың өкілдерімен мәселені нақты талқылап, келісімшарттың кейбір бөліктерін өзгертуге тырысып көріңіз.
  • Егер мәселені айқын қарау сотқа дейін баратын болса, моралдық залал үшін қомақты қаржы, үлкен сома сұрауға юристер кеңес береді. Түгел уақытта судьялар құнды кәдімгідей түсіреді немесе моралдық залалды нақ төлетуден бас тартады.
  • Сапасыз қызметтерді алғандық фактісін дәлелдеу керек болады. Куәгерлерді тартыңыз немесе егер сіздің сонымен қатар көршіңіз де зардап шексе, ұжымдық жазбаша наразылықты фирманың басшылығына жолдаңыз.
  • Тұтынушылардың құқын қорғау қоғамының сіз мүшесі болсаңыз, сонда сауатты қолдауға үміт артуыңызға болады.

Kn.kz ақпарат қызметі 

Тағы оқитындарыңыз:

Пәтерді таңдау бойынша тәжірибелік кеңестер

Қолжетімді тұрғын үйді қалай иеленуге болады?

Пәтерді қайта жоспарлаудың ерекшеліктері

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.