Егер көршіңіз

Сіздің көршіңіздің әрекеті тыныштық бұзушы болып есептеледі (Әкімшілік заңдар жинағы, 333 бап). 

…әрдайым шулай берсе

Қараңғы түнгі уақытта әдемі тыныштық бұзылғанда, сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін аралығында тұрғын үйде және оның Егер көршіңіз...ішінде өте, орасан қажет болмаса да, тәуір, жақсы, керемет, тамаша демалуға кедергі келтіретін  шулы, мазаны алатын жұмыстар істелетін болса, жеке тұлға және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады, оған  2 АЕК-і мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұл жағдайда тиісті арызыңызбен ішкі істер ұйымы участкелік инспекторға міндетті түрде жүгінуіңіз қажет. Ол әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы осы бап бойынша, яғни, соның негізінде істі тиянақты, жан-жақты, шегіне жеткізе қарастырып, ішкі істер ұйымының атынан оның мойнына кінә артып, әкімшілік жағынан қатаң жазалайды.

...үйіңізден дүкен салынса

 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 4 бабына сәйкес ғимаратты қайта жабдықтау және оны қайта жобалау басқа да меншік иелерінің мүддесін қозғайды, сондықтан алдын ала олардан жазбаша түрде келісім талап етіледі. 

Келісім процедуралары мен тиісті рұқсатнама алу кезінде пәтерді дүкенге лайықтап, сайлап қайта жабдықтауда толыққанды жоба дайындалады.

Дүкен қожайындары жобаны дайындаушылар ретінде онда жобалық шешімдердің болу немесе болмауы туралы мәліметті, ғимаратты немесе оның бір бөлігін өзгерту бойынша жұмыс барысындағы басқа меншік иелерінің мүдделерін, пайдалану тұсындағы өзгерген объектіні нақтылауға, көрсетуге міндетті.

Жобаның қажеттілігі басқа меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша тәптіштелген келісімімен жүргізіледі, ғимаратты (тұрғын үйдің жарты бөлігін) өзгерту жоспарлары да есте нақ ұсталады, ешқашан ұмытылмайды. 

Басқа меншік иелерінің көрсетілген келісімінің қажеттілігі төмендегідей жағдайда бекітіледі:

1.   сәулет-жобалау ғимаратын беру кезінде жергілікті сәулет және қала құрылысының өзгертуі арыз берушінің керемет жоспары;

2.   әзірлеушілерден қабылданған жобалық шешімнің жобасы

Егер дүкен қожайыны сіздің мүдделеріңізді негізсіз елемесе, оған немқұрайлы қараса, алдымен болған жағдайды онымен бетпе-бет талқылауға тырысып көріңіз. Бұдан жолыңыз тіпті болмаса, онда дүкенді пайдалануға рұқсатнама беретін сәулет және қала құрылысы жергілікті ұйымына жүгінуге сіздің толық құқыңыз бар, немесе тиісті арызды прокуратура ұйымына жолдаңыз, сөйтіп, өз мүддеңізді сот тәртібімен қорғаңыз.

...моншаны күл-қоқыспен толтырса

Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға және табиғат қорларын қастерлеп, құрметтеп қарауға міндетті. 

Сонымен қатар әрбір азаматтың оның өте жақсы өмірін және қоршаған ортанының жайлы күйін жасауға, оның жағдайы мен оны жақсарту шаралары туралы толыққанды, жан-жақты ақпарат алуға құқы бар, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама бұзылып, денсаулығы мен мүлкіне зиян болып, келтірілген залалды өтей алады. 

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша хаттар арқылы, шағыммен, арызбен және ұсыныспен мемелекеттік ұйымдарға жүгінуге азаматтың құқы бар, оны қарауды талап ете алады.

Сіз сотқа немесе табиғат қорғау прокуратурасына заңды және міндетті түрде жүгіне аласыз. Бірақ, бұл істі қарау барысында мынадай өте қажетті, маңызды сәттер ескерілу керек: қоршаған ортаның ластануында экологиялық-санитарлық береке және қоғамның экономикалық тұрғысынан қарағанда оның жағдайының төмендеуіне әкеліп соғатын қоршаған ортаға түсетін антропогенді себепті заттар мен энергия.

Бұнымен бірге қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы қолдану кезінде соттар ластанудың барлығы айтарлықтай заңдық мағынаға ие емес, тек қоршаған ортаның бекітілген сапалық нормалары жоғарыға көтерілетінін ғана есепке алады, ескереді.

Егер сіз көршіңіздің жаққан күл-қоқысы сіздің денсаулығыңызға және мүлкіңізге зиян келтіргенін нанымды дәлелдесеңіз, онда ол толық көлемде залалдың орнын толтырады, өтейді, сіздің еңбекке қабілетіңізді жоғалтқаныңыз, денсаулығыңызды оңдап, емдеген, науқасты күтуге кеткен және тағы басқаға шыққан шығындарыңыз есепке алынады.

Азаматтардың денсаулықтарына және мүліктеріне тиген залалдардың көлемдерін анықтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ал, залалды өтеу – сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

...сіздің пәтеріңізді су басып кетсе

Егер көршіңіз...Заңның 917 бабына сәйкес, заңсыз әрекетпен келтірілген (әрекетсіз) залал, мүліктік немесе мүліктік емес нәрсеге және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқына ойсыздықпен, топастықпен залал келтірген тұлға оны толық көлемде жан-жақты міндетті түрде өтейді.

Егер залал оның кінәсінен екенін тиянақты дәлелденбесе, ол келтірілген залалды өтеуден босатылады. Сондықтан келтірілген залал сіздің кінәңізден болмағаны жан-жақты дәлелденгенде ғана сіз келтірілген залал үшін компенсацияны көршілерге төлемейсіз.

...сатылық торда темекі тартылса

2009 жылғы 18 қарашадағы «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Заңдар жинағының 159 бабы, 10 бөлігіне сәйкес үйлердің подъездерінде темекі тартуға тыйым салынады.

Подъездерде темекі тарту, шылым шегу Әкімшілік Заңдар жинағының 336-1 бабына сәйкес келетін әкімшілік тәртіп бұзушылық болып табылады, сондықтан сіз тиісті арызыңызбен жергілікті полиция бөліміне заңды түрде жүгіне аласыз.

Жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған. Тәртіп бұзушыға 1 АЕК-і мөлшерінде (яғни, 1 731 теңге) айыппұл салынады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл көлемінде темекі тарту тағы бір рет қайталанса, 2-ден 5 АЕК-не дейін айыппұл салынады.

...құрылыс салуға тәуекел еткенде

Көршіңізге заңды түрде ықпал жасау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау Басқармасына немесе аудандық прокуратура басқармасына емін-еркін хабарласа аласыз.

Егер көршіңіз...«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 4 бабы, 3 бөлігіне сәйкес басқа ғимараттардың (үй бөлігінің) меншік иелерінің мүдделеріне тиетін, ғимаратты (үй бөлігін) өзгертуімен тұрғын үйдегі тұрғын үй және тұрғын үй емес ғимаратты қайта жабдықтау және қайта жобалау үшін көрсетілген тұлғалардың жазбаша келісімі және сәулеттік бақылау ұйымдарынан рұқсатнама талап етіледі.

Құрылыс салу Қазақстан Республикасының аймағындағы тұрғын үй ғимараттарының қайта жобалау, қайта жабдықтау рұқсатнама процедураларын жан-жақты өткізу Тәртібімен реттеледі.

Егер сіздің пәтеріңіз көршіңіздің пәтерімен аралас, қатар тұрса, онда ол құрылыс салу үшін сізден жазбаша түрде рұқсатнама алуы керек, содан кейін ғана тиісті ұйымдарға құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатнама беріледі.

…сіздің пәтерді жалға беруіңізге қарсыларға

Меншіктік құқықтың заңы бойынша бұл мүлікке иелік ету, қожалық ету құқы білдіріледі. Пәтердің кез келген меншік иесінің оны жалға беруге мүмкіндігі және құқы бар. Бұндай жағдайда тұрғын үйдің қожайынан тек қана жеке кәсіпкер ретінде міндетті тіркелімді және табыстан салық төлемді заңнамаға байланысты талап етеді.

Егер пәтерлердің жалға алушылары сол үйде тұрып жатқан азаматтардың тыныштықтарын бұзса, онда мұндай кезде зардап шеккен тарап тәртіп бұзуға сай арызбен ішкі істер ұйымдарына жүгіне алады.

...қайта жабдықтауға келісім бермейді 

Егер ғимаратты (тұрғын үйдің бір бөлігі) реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жобалау) жоспары немесе ғимараттың шекарасын ауыстыру басқа ғимараттардың (үйдің бөлігінің), шектес өзгертілген ғимараттардың (үй бөлігінің) меншік иелерінің мүдделерін қозғаса, онда бұл өзгертуге байланысты нотариальды куәландырылған олардың жазбаша келісімі арызға қосылып берілуі тиіс.

Басқа меншік иелерінің (біріккен меншік иелерінің) келісімдері көрсетілген реконструкцияны (қайта жабдықтау, қайта жобалау) тапсырыс берушінің алудағы қажеттілігі проектіні әзірлеу сатысында  заңды түрде бекітіледі, ол құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) нақты беру және рәсімдеу Тәртібімен қарастырылған.

... үй жануарларын подъезде ұстаса

№ 341/43-III 2007 жылғы 9 ақпандағы астаналық мәслихаттың шешімімен бекітілген Астана қаласындағы иттер мен күшіктерді бағу, қағу Ережесіне сәйкес хайуанаттарды бағудың, қағудың міндетті шарттары жыл сайынғы қайта тіркелім тіркелуі, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық тәртіп пен ережелерді сақтау болып табылады.

Иттер мен мысықтарды ұстауға, бағуға, қағуға санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен төмендегі Ережені сақталғанда рұқсат беріледі: 

  • бір жанұя тұратын тұрғын үй ғимаратында;
  • бірнеше жанұя тұратын тұрғын үй ғимаратында тек өзінің тұрғын үй алаңында (барлық пәтерде тұрып жатқандардың жазбаша келісімімен);
  • мекемелерде, ұйымдарда, бақшалықтар мен саяжайлық саудалық емес бірлестіктерде, демалыс базаларында сабырлылықты қашыратын, тыныштыққа нұқсан келтіретін, сонымен қатар төңірегіндегілерге, айналасындағыларға қауіптілік жасау мүмкіндігінен айырылған, ауыздықталған иттері бар азаматтарға. 

Мұндай көрші әрекеті Әкімшілік Заңдар жинағының 311 бабына сәйкес келеді. Жергілікті өкілдік ұйымымен бекітілген қалаларда және басқа да елдімекендерде мысықтарды ұстау тәртібі бұзылғанда, ондай көршіге ескерту жасалады немесе 1 АЕК-не дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Денсаулыққа және мүлікке зиян келтірген жеке тұлғаның осындай әрекеті үшін 10 АЕК-не дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Учаскелік полицияға және аудандық әкімдікке сіздің жүгінуіңізге мүмкіндігіңіз бар.

kn.kz Ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.