Шатырлар, жертөлелер, қоймалар кімге тиесілі?

Бүгінде көп пәтерлі үйлердің тұрғындарының тұрғын емес ғимаратқа құқықтарын қорғау туралы істері бойынша сот тәжірибесі көптеп кездеседі. Тұрғын емес ғимаратқа пәтер иелерінің меншік құқығын жүзеге асыру механизмі қандай және олардың азаматтық айналымы мүмкін бе?

Коммуналдық мүлікті жекешелендірудің белгілі «жабайы» кезеңінде көп пәтерлі үйлердің жертөлелері, қоймалары, мансардтары мен шатырдың асты басында коммуналдық меншіктің объектілері, содан кейін жалға берудің объектісі болып саналды, әрі қарай біртіндеп жеке қолға көшті.

Сонымен қатар көп пәтерлі үйлердің иелері тұрғын емес ғимараттың да, техникалық құрал-жабдықтардың да, сыртқы абаттандыру элементтерінің де иесі болып табылатынын ешкім де ескерген жоқ, тиянақты зер салып, көңіл аударған жоқ.

Тұрғын үйлердегі ортақ мүлікті пайдалану

Көп қабаттыларда тұрғын емес ғимараттың қожайыны кім?Астанада тұрғын үй кешендерінің жертөлелерінде шеберханалар, дүкендер және тіпті жатақханалар ашылып жатыр. Бараев көшесінің 6/1 үйінің тұрғындары жеке жертөлеге кіру үшін екі жыл бойы күресіп келеді... Адамдардың айтуынша, олардың келісімінсіз кәсіпкердің бірі үйге өз құрылысын жалғастырып, жеке бизнесін ашуға талаптаныпты. Үй тұрғындарының рұқсатын алмай, ол құрылысын бастап, жертөлеге баратын есікті жауып тастаған.

Зейнеткер Айгүл Ыбраеваның айтуынша, кәсіпкер әуелі пікірлерін білу үшін барлық тұрғындарды жиналысқа шақырған. Бірақ, мұндай көршілікке ешкімнің келіспейтінін түсінген ол қорқытуға кіріскен, сосын тіпті белден басып, құрылысты бастап кеткен.

— Ол құрылысты әуелден заңсыз бастады. Құрылысты тоқтату үшін біз әрбір пәтерден алты мың теңгеден жинап, тәжірибелі адвокат жалдадық. Мынадай ереже бар, жертөлелік ғимарат — бұл барлық тұрғындардың меншігі, сондықтан олардың рұқсаты міндетті түрде керек, — дейді Айгүл Ыбраева. Бұл оқиғаға әлі нүкте қойылған жоқ, іс сотта әлі қаралып жатыр

Бірақ, бұл Астанадағы жертөлелік ғимаратқа байланысты жалғыз жағдай емес. Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары өздерінің үйлерінің жертөлесіндегі мәселеге байланысты қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың блогына шағым жазды және сөздері дәлелді болуы үшін сайтқа суреттерді орналастырды.

Тұрғындардың айтуынша, олар үйдің жертөлесіне бейтаныс адамдардың кіріп-шығып жүргеніне көңіл аударған. Онда не болып жатқанын білу үшін белсенді азаматтар олардың соңынан ерген. Сөйтсе, жертөледе адамдар тазалыққа қарсы жағдайда өмір сүріп жатыр екен.

— Кімдер олар және қандай негізде мұнда тұрып жатыр, бірақ, тұщымды, салиқалы жауап болмаған, жертөледе тұратындардың ішінен көршілер аулашы мен тазалаушыны таныған — олар біздің үйге қызмет жасайтын ұйым «Байқоңыр» Басқару компаниясы» ЖШС-нің жұмысшылары екен, — деп нақты жазылған Астана әкімдігінің сайтында.

Адамдар тұрып жатқан ғимарат барлық қажетті құралдармен жан-жақты жабдықталған, — орындықтар, үстелдер, керуеттер, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, электр пеші, сантехника. Бірақ, ғимаратта сасыған иістің шығатынын тұрғындар растайды. Жертөленің тұрғындары суды, құбырды, жарықты пайдалану үшін инженерлік желіге «қосынды» жасаған.

— Біздің жертөледе жоғарыда аталған басқару компаниясының жұмысшылары тазалыққа қарсы жағдайда күн кешіп жатыр, бұл ғимарат о бастан олардың тұруына арналмағандықтан, біздің өмірімізге өрт қауіптілігін тудыратыны қолайсыз деп санаймыз. Осы мәселеге байланысты жедел тексеру жүргізуді және жағдайды қалыптастырған кінәлілерге шара қолдануды сұраймыз, — деп «Уют» ЖК-нің тұрғындары Астана өкіметіне шағым жасайды.

Астанадағы Сарыарқа ауданына қарасты ПИК-і қалалық қауымдастығының төрайымы Динара Абдрахманова жертөлелер, шатырдың асты және қоқыс құбырлары ортақ пайдалану орны болатынын және олардың кондоминиумға кіретінін айтады. Осы ғимараттан бір нәрсені пайдалану үшін міндетті түрде тұрғындардың келісімі керек.

Мысалы, егер де онда жұмыс істемейтін қоқыс құбыры бар жерден қандай да бір қойма жасау үшін алаңшадағы тұрғындардан рұқсатнама алу керек, олардың келісімі туралы көршілердің қолы нақтыланып көрсетілген арызды ПИК-не жазу қажет.

Абдрахманованың айтуынша, шатырдың асты да жертөлелер тәрізді барлық тұрғындардың меншігі болып табылады екен, бірақ, оны сирек пайдаланады, өйткені, олар техникалық қабаттарға жатады және биіктігі де бір нәрсе жасауға мүмкіндік бермейді.

Жертөлелер табыстың қайнар көзіне айналуда. Динара Абдрахманова олардың ПИК-і құрылған күннен, яғни 2006 жылдан бастап түрлі шеберханалар үшін жертөлелік ғимараттарды жалға бере бастағанын айтады, бұл ПИК-нің тарифті көтермеуіне себеп-салдар болды.

— Жалға беру бойынша бұл сәттерді, біз бәріміз ең алғашқы жиналыста талқылаймыз, бұл сатуға құқы жоқ жалпыүйлік мүліктерге ПИК-і басқармасының билік жасауына мүмкіндік береді, — дейді нық сеніммен көпті көрген Абдрахманова.

Бірақ, ПИК-і төрайымының байламды ұстанымымен Республикалық қоғамдық монополияға қарсы комитеттің төрағасы Виктор Сыздықов түбегейлі келіспейді. Ол «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 31 бабына сәйкес, ортақ мүлік тікелей жалпы үлестік меншік құқығындағы пәтер меншік иелеріне тиісті екенін айтады. Ортақ мүлікке шатырдың асты, жертөлелер, баспалдақтар және басқа техникалық ғимараттар кіреді.

— Егер бұл ғимараттар жалпы үлестік меншік құқығына жататын болса, онда әрине басқарма ұйымдары ПИК-і немесе ПИК-нің төрағасы, басқалар емес жалғыз меншік иесі — ол осы пәтерлердің иелері болып табылады. Сондықтан заңға сәйкес, кондоминиумдағы әрбір меншік иесінің үлесі бар жертөлелерді, шатыр астын пайдалануға олардың жүз пайыздық рұқсатынсыз қатаң түрде тыйым салынады, — дейді Виктор Сыздықов.

Оның айтуынша, құрылыс салушылар, керісінше, тұрғындардың заңнан орасан хабарсыздығын, білімсіздіктерін пайдаланып, бұл ғимараттарды пәтердің өз меншік иелеріне ұялмай-қызармай сатады, ал түптеп келгенде олар басынан солардың мүлкі.

Бірақ, үйді пайдалануға берумен айналысатын ПИК-нен басқа да көптеген басқа басқару компаниялары бар. Олардың қызметтерін пәтер меншік иелерінің бақылауы қиынның қиыны.

— Жақында маған бір ТК-нің тұрғындары шағым жасады, — деп әңгімелейді Сыздықов. — Ортақ мүлікке қызмет жасауға байланысты жеке шартты алып келді. Онда егер сіз ортақ ғимаратқа билік жасау үшін оларға құқық беретін болсаңыз, онда сіз қол қоюыңыз керек деп нақты жазылған. Бірақ, мұндай көршілік жайсыз. Бұл өртке қарсы жағдай, онда адамдар тұрады, мұндай оқиғалар Астанада, тіпті Қазақстан бойынша көп. Жертөледе құрылыс салушылар өз жұмысшыларын ұстайды, олар онда заңсыз тұрады — тұрғындардың меншігін қоныстанады, пәтер меншік иелерінің есебінен жарықты, суды пайдаланады.

Жағдайды өзгерту үшін азаматтық белсенділер ПИК-нің төрағаларына айыппұл салып, жазалау керектігін ұсынады. Қазір прокуратура заңды бұзушылықты қалыпқа келтіру туралы тек нұсқама бере алады. Виктор Сыздықов нормаларға байланысты «ПИК-нің төрағасы тарапынан заңның кез келген бабының бұзылуы — бұл нағыз қылмыс» деп санайды.

Жалпыүйлік меншікті кіріс көзіне айналдыру

Көп қабаттыларда тұрғын емес ғимараттың қожайыны кім?Шатырлардың асты жеке фирмаларды онша қызықтырмаса да, ұялы телефон байланыс операторларының сүйікті орнына айналды. Жертөлемен болғандай тұрғындардың келісімін ешкім ешқашан сұрамайды. Көп қабаттылардың төбедегі төсемін компаниялар антенналар орнату үшін пайдаланады. Тұрғындар шатырдағы өздерінің спутниктік тәрелкелерінің жанында басқа құрылғы орналасқанын байқамай да қалады.

Ұялы телефон операторлары орасан ірі, мәртебелі компаниялар болып саналады, сондықтанда олар негізі тұрғындардың құқығы туралы және көпшіліктің келісімі керектігі туралы білулері тиіс. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, адамдар жалпыүйлік меншіктің иелері болып саналғанмен, оларды басқа біреулер пайдаланады.

2011 жылы қарағандылық «Достық» ПИК-нің төрайымы бір көп қабаттылардың тұрғындарының ақшасын жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды. Ұялы телефон операторы өз антенналарын үйдің шатырына орналастырған, ал, ақшаны ПИК-нің есепшотына аударған. Бірақ, ақша үйді ұстауға емес, төрайымның жеке пайдасына жұмсалған.

Тұрғындар үй құлау қаупінде тұрғанда, кооператив басшысы жаңа көлік сатып алғанын байқайды. Адамдар қаржы полициясына жүгінеді, сөйтсе, қулығына құрық бойламайтын алаяқ үй басқарушы 4 миллион 959 мың теңгені заңсыз иеленіпті.

Қаражаттың жартысын, яғни 2 миллион 330 мың теңгені төрайым әйтеуір, сотта істі қарау кезінде тұрғындарға қайтарды. Бұл ақшаға ПИК-нің жаңа төрағасы Виктор Ботов  лифтілерді жөндеді, подъездегі еденді плиткамен жапты, қабырғаларды әдемілеп сырлады және оған шам-шырақтар ілді.

Өкінішке орай, арам ақшаны иелену тарихы жалғыз бұл емес. Кейбір ақпарат көздеріне сенсек, Қарағандыда өткен жылы бір ПИК-нің төрағасы үйдің төбесіндегі бір  антенна үшін айына 60 мың теңге алып келген. Табыс сомасын ол жария қылмауға тырысқан.

Тұрғын үйдегі ортақ пайдалану орындарын тиімді пайдалану

Кеңес дәуірінде салынған үйлерде тұрғындардың қандай да өзіндік басқару кілті болатын, ал, қазіргі таңда жаңа құрылыстарда мәселе басқаша болып тұр. Барлық құрылыс салушылар төменгі қабаттарды кеңсе етіп жасауға бар ынталарын салады. Үйді пайдалануға бергеннен кейін бұл ғимараттарды өзгеге сатады. Сайып келгенде, жертөлелерде орналасқан жалпыүйлік  коммуникацияларға еркін кіріп-шығу жобасы болу керек ғой.

Осындай оқиға Қарағандының жаңа құрылысында да болған. Төменгі қабатты компания-құрылыс салушы кәсіпкерге сатқан. Жертөледе ортақ дәліз және екі есік салыныпты: біреуі — кәсіпкердің бөлмесі, екіншісі — жалпыүйлік электр тұстамасы. «Стимул» ПИК-нің төрайымы Елена Горбунованың айтуынша, құрылыс салушылар дәлізді де сатып жіберген. Кәсіпкер  электр тұстамасына және өз дәлізіне есік орнатқан, заң бойынша олар ортақ болуы тиіс, бірақ ол онда ешкімді жібермеген.

— Осыдан екі жыл бұрын, — деп әңгімелейді Елена Горбунова, көп қабатты үй екі күн жарықсыз қалды. Кейбіреулердің жарығы «атылып» кетті, ал қ электр тұстамаға жол жоқ.

— Содан аудан әкімі, полиция бастығы, өрт сөндіру инспекциясы бар бәрі жиналып бас қосты. Кәсіпкер болса бұл жеке меншік деп кедергі келтіріп, ешкімді жібермей қойды. Ол жалпыүйлік электр тұстаманы өз қажетіне пайдаланған. Кірпіш қалап, ойына келгенін жасаған.

Төрайымның айтуынша, ол барлық инстанцияларға хабарласқан, бірақ, ешкім де жәрдемдеспеген. Барлық жерде бір жауап — сотқа жүгініңіз, істі өздеріңіз шешіңіз. Тікелей заң бұзушылық орын алды, сонда бақылаушы ұйымдардың қажеті не? — деп таңырқайды Елена Горбунова.

Арада жылжып көп уақыт өтті, дәлізді баяғыда қайтарып алуға болатын еді. Бірақ, төрайым және тұрғындар бір жарым жыл үздіксіз кондоминиумды тіркеумен айналысты. Осы ТК-де үш көп қабатты үй бар, сол себепті жаңа құрылысқа құжаттарды заңды рәсімдеу оңай шаруа емес. Енді қазір кооператив төрайымы сотқа жүгінбекші.

— Әуелі дәлізді сатып алу-сату мәмілесін жарамсыз деп тану керек, сосын жеке кәсіпкер өз ақшасын даулау үшін құрылыс салушының үстінен міндетті түрде арыз жазуы қажет. Бұл  процесте біз жеңеміз, мен білемін, заң біздің жағымызда. Бірақ, ол сотсыз күшіне ене алмайды.

Коммуникацияларға қол жеткізу проблемасы ескі үйлерде де кездеседі, кеңес кезінде бірінші қабаттарда дүкендер орналасқан еді. Бұрын жертөлелерге сауда нүктелерінің басшылығы бақылау жасаған. Жекешелендіруден кейін кейбір дүкендер жеке меншікке «тиынға» кеткен кезде жертөлелер де солай қолдан-қолға өтті.

Елена Горбунованың басқаруында да осындай бірнеше көп қабаттылар бар. Кейбір мысалы, барлық қарағандылықтарға белгілі «Мечта» және «Юбилейный» дүкендерінің басшылары коммуникацияларға күндіз-түні кіруді қамтамасыз етеді. Ал, басқалармен проблемалар туындайды:

— Бейбітшілік бульварындағы дүкен. Өз уақытында бұл «Культтовары» дүкені болған. Қазір оның жартысынан кептіргіш-бар жасады, күрделі жөндеу жүргізді, барлық құбырларды жапты. Егер бізге қандай да бір пәтердің құбырын жабу керек болса, оны біз істей алмаймыз. Өйткені, еврожөндеу кезінде олардың бәрін жауып тастаған. Заң бойынша жертөленің иесі болса да, ол ғимаратқа күндіз-түні кіруді қамтамасыз етуі керек. Бірақ, іс жүзінде  мүлдем басқа жағдаймен ұшырасып қаласың.

Осы аталған проблемаларға байланысты Елена Горбунова жертөлелерді жалға беруге тіпті қарсы. Оны қомақты қосымша табыс та қызықтырмайды.

— Қандай жағдайда да бәрін тұрғындар шешуі тиіс, бұл менің жеке пікірім. Егер олар келісетін болса, біз заңгердің көмегімен жалға беру туралы тиісті келісімшарт құрамыз. Бірақ менің білуімше мұндай мәселені тұрғындар ешқашан көтерген емес. Ескі үйлердің жертөлелерінде сарайшалар бар, олар оны пайдаланады, демек қанағаттандырады.

Заңгер Жаслан Айтмағамбетов те жертөлелерден табыс, кіріс түсіру пікірін қолдамайды. Оның ойынша, жеткіншектер үшін спорттық залдар салған дұрыс. Спорттық бөлімдер бүгінде барлық жерде ақылы, бірақ балалардың бәрі бірдей ақшалы емес. Есесіне, жастарда өз энергиясын шығаратын орын болады.

Жалпыүйлік мүлікті жалға беру шартын қалай құруға болады?

Көп қабаттыларда тұрғын емес ғимараттың қожайыны кім?Жалпыүйлік мүлікті пайдаланудағы қомақты түсім кейбір тұрғындарды өзіне тартуы мүмкін. Қосымша келген қаражат үйді ұстау ауыртпашылығын, қиыншылығын кәдімгідей азайтады. Жалпы аймақты жалға беру ойы біреулерді қызықтыратын болса, оларға юрист Жаслан Айтмағамбетов келісті, келелі кеңестер береді.

Ұзақ мерзімдік жалға беру шартын құру кезінде бірнеше төмендегі пунктерді есте сақтау қажет.

Жертөлелік ғимаратты нысаналы мақсатта өзгерту әкімдікпен келісіп жасалатынын көрсету. Сонымен қатар басқа да уәкілеттік ұйымдардың жағынан бақылау өткізілуі тиіс: санэпидқадағалау, ТЖ және т.б. (бизнестің түріне байланысты). Күшіне енетін жалға беру шарты тек барлық жан-жақты, тұщымды келісімдер арқылы жүзеге асатыны жөнінде тұжырым жасау.

Жалпыүйлік коммуникацияларға күніне 24 сағат, жылына 365 күн ешқандай қарсылықсыз, кедергісіз қол жеткізу шартын тиянақты талқылау. Бұл әрбір салиқалы кәсіпкердің бұлжымас міндетіне кіруі тиіс: кілтті көрсетуі керек, болмаса күндіз-түні қарауыл күзетеді. Жан-жақты қолжетімділікті жасамаған жағдайда, мысалы, күні бойында жертөлелік ғимаратты жалға алған жақ өздерінің міндеттемесін орындамағаны үшін жәбірленген жаққа залалдың орнын қандай жағдайда да толтыруы тиіс.

Дәлелді, дәйекті залал келтіру болған уақытта біржақты тәртіппен ПИК-і төрағасы мен тұрғындар арасында құрылған актінің шартын ыждағатпен талқылауға әбден тұрады. Сонымен қатар дәлелдеме, айғақ ретінде оқиға болған жерден фотография және видеотүсірілім қабылдануы керек.

Шартта ғимаратта өткізілген барлық түбегейлі өзгерістер тұрғындардың келісімімен болуы туралы пункті сауатты қарастыру қажет. Мысалы, кәсіпкер барлық келісімді алып болғаннан кейін өз жұмысын бастайды, басындағы ойын жүзеге асырады және өзінің интерьерінде әр нәрсені өзгерте алады. Кондоминиум мүшелері үшін ойластыру жайсыз, ыңғайсыз болмауы тиіс.

Тұрғын емес ғимаратты, қалай жалға беру керек?

Заң бойынша шатырды және жертөлені жалға беру ретінің қандай болу керектігін түсіндіру,бұл туралы біз «Гарант» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жаслан Айтмағамбетовтен сұрағанбыз:

— Нақты кондоминиумға кіретін жалпыүйлік мүлікті пайдалануға болатыны, болмайтыны туралы шешімді тек тұрғындар шығаратыны жоғарыда көрсетілді. Жалпы жиналыста шатырды немесе жертөлені жалға беруді қолдауға байланысты тұрғындардың үштен бірінің қолы жиналуы керек. Бірақ, бұл бәрі емес.

Жертөледе тәуекел етіп, өзінің бизнесін бастауға талап қылған кәсіпкер сәулет, өрт сөндіру,  санэпидқадағалау ұйымдарынан міндетті рұқсат алуы тиіс. Егер кәсіпкер тұрғындардың келісімі бар хаттаманың көшірмесін ұсынбаса, мемлекеттік ұйымдар тапсырысты қарауға міндетті емес. Жаслан Айтмағамбетовтың айтуынша, сәулеттен немесе ТЖ-дан рұқсатнама құжаттар болмауы осы инстанцияларға жүгінудің себебіне айналады.

— Заңсыз жасалғандықтан, барлық конструкцияны бұзу туралы нұсқаманы енгізу мақсатында тұрғындар ұйымдарға шағым түсіре алады. Жертөлелік ғимаратты алғашқы, бастапқы қалпына келтіру туралы салиқалы нұсқама болуы тиіс.

— Бірақ, — дейді юрист, — мемлекеттік ұйымның жұмыс істемейтіндігі ешкімге құпия емес. Жаслан Айтмағамбетов мынадай сындарлы теңеу келтіреді: «тепкілеуден» біздің шенеуніктердің шаңына ешқандай бразилиялық команда ілесе алмайды.

— Бұл туралы арнайы білдіріс жасаймын, расында, бізде ешкім жұмыс істегісі келмейді. Менде бірнеше дәлелдеме, айғақтар бар: жазасың — ешкім ештеңе істемейді. Осы жағдайларды ескере отырып, барлық конструкцияны, яғни, жертөледе салып тастағандарды қалпына келтіруді, осы ғимаратты босатуды міндеттеу талабымен сотқа жүгінулеріне тұрғындардың құқықтары бар.

Ғимаратты жалға беру туралы шартқа тұрғындар қол қойған уақытта да жертөлені пайдаланушылардан кемшілік, қателік табуға болатынын юрист айтады. Жалға алушылар өз міндеттемелерін орындамағанда, шарт заңды бұзылады. Мысалы, кәсіпкер жөндеу жасаса және жерүйлік вентилдер мен құбырларға жолды жапқан жағдайда.

Кәсіпкер өзінің құрылысымен тұрғындардың жертөлеге кіруін жауып тастаған Астанадағы жағдайға байланысты Жаслан Айтмағамбетов сәулет мекемелеріне немесе жер комитетіне шағым жасауға әбден болады деп санайды:

— Барлық нормалар мен ережелерге қарамастан заңсыз құрылыс — бұл нағыз сүру болып табылады. Сәулет мекемесінің өзі тіпті сотқа жүгініп, осындай талап арыз бере алады.

Санэпидқадағалауға, ТЖ немесе сәулетке шағыммен жүгінерде бірден прокуратураға арыз жазуға кеңес береді юрист.

— Төмендегілерді жазу керек: сізден бақылауды және сәулет мекемесіне заңсыз құрылысқа байланысты шаралар қолдануды, сотқа талап арызбен шығуды және оларға айыппұл санкциялары мен заңсыз объектіні тарату туралы нұсқаманы ұсынуды міндеттеуді сұраймыз. Санэпидқадағалауға санитарлық нормалар мен ережелерді немесе т.б. бұзғаны үшін айыппұл салумен шығу. Прокуратура барлық осы арыздарды тиісті инстанцияларға жолдайды және осы арыздар бойынша олардан есеп беруді сұрайды. Сосын бұл тұрғындар сияқты прокуратура да жауап күтеді.

Юристің кеңестері

Егер кәсіпкер заңды мүлде сақтамаса және үй тұрғындарының құқын аямай бұзса, жалпы жиналыс өткізуі керек және хаттамада міндетті түрде келесі күн тәртібін көрсетеді:

  1. Ғимаратты пайдаланудың заңдылығы және тұрғындар тарапынан рұқсат алу туралы мәселені шешу.
  2. Ғимаратты босату туралы мәселені шешу.
  3. Сотқа талап арызды беру туралы мәселені шешу.

— Бірінші пункті бойынша хаттамада тұрғын үй қатынастары туралы бекітілген нормаларға қарамастан ғимараттың босатылмағанын, тұрғындар келісім берген жалпы жиналыс туралы хаттаманың жоқтығын көрсету керек. Екінші мәселе бойынша көп дауыстың әсерімен ғимаратты пайдалануға беруден бас тартылып шешілгендігі және бастапқы салынған құрылысқа байланысты мақсатқа қатаң пайдалану керектігі жазылады. Үшінші пункті бойынша көрсетіледі: хабарлама берілгеннен кейін 10 күннің ішінде сотқа талап арыз беру. Егер тарап біздің қорытындылармен келіспесе, оларға сотқа жүгіну құқы беріледі. Сосын осы үйдің тұрғынын, мысалы, осындай да белгілі пәтерден ауырлықта тұрғындардың мүддесін қорғау үшін И.И. Ивановты жіберу керек.

Жерүйлік ғимараттан объекті ашуға рұқсат берілгендігіне байланысты әкімдікке, ТЖ бойынша қызметке сұрау салу қашанда артық болмайды. Егер ешқандай келісімнің болмағандығы нақты, толық дәлелденсе, оның үстіне егер мемлекеттік ұйымдар рұқсат бермеген болса, сот тұрғындар тарапын қабылдайды.

— Егер сот шешімінде «жертөлені бастапқы, алғашқы қалпына келтіруді» көрсетсе, іс  материалы күшіне енгенде, сот орындаушысы жауапкерге жедел түрде хабар береді. Егер де сот шешімі уақытылы орындалмаса, онда міндеттеп, мәжбүрлеп орындату жүргізіледі. Бұған учаскелік полиция, куәлар қатысады, акті құрылады, сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл жазылады.

Сот қаулысын сауаттылықпен даулауға болады, бірақ, шешім апелляциялық инстанцияның шешімінен кейін күшіне енеді. Яғни, әрі қарай кәсіпкердің қайда, қалай жүгінгенінің маңызы жоқ, өйткені, сот орындаушылары өздерінің жұмыстарын орындауға кірісіп кетеді.

Фото: fotokanal.com, 1tv.ru, sovch.chuvashia.com, slast.pl.ua

Kn.kz ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.