Егер жылжымайтын мүлiктiң құжаттары жоғалса

Құжаттарды жоғалту — кез келген уақытта болып тұратұғын құбылыс. Ал, егер де олар адамға тым қажетті болып тұрғанда жоғалып жатса, құжаттарды қайта қалпына келтіру қиынның қиыны, ауырдың ауыры болып саналатынын түсінуге, ұғынуға әбден болады.

Жылжымайтын мүлікке құжаттардың түп-нұсқалары қолда болмай қалса, қожайын ешкіммен мәміле жасаса алмайды, қысқасы, өз меншігіне иелік етуден айрыла бастайды.

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды жоғалту меншікке құқықтан айрылуға апармайды — бұны, расында, басқа түскен жағымсыз жағдайда ең бірінші қатаң есте ұстау керек. Құжаттарды қалпына келтіру  процесі азапты әрі ұзаққа созылады, бірақ, қайғырудың қажеті жоқ.

Қандай құжаттар жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты анықтайды?

«Жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының 1 бабында құқық белгілейтін құжаттар жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтататын, өзгертетін және сол негізде пайда болатындар деп түсіндіріледі. Барлығынан бұрын атап айтсақ, мұндай құжаттар мыналар болып табылады: тиісті белгілі түрде рәсімделген және тіркелген сатып алу-сату келісімшарттары, сыйлық шарттары, айырбас және жекешелендіру, мұралыққа құқық туралы куәлік, бұқаралық саудаларға және тағы басқаларға қожалық ету туралы актілер. Кейбір жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілейтін заңды құжаттар болып, жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқын растайтын объектіні пайдалануға беру және сот шешімдері қызмет жасауы мүмкін. Жер участкесіне құқықты куәландыратын құжаты жер учаскесіне меншік құқының мемлекеттік актісі болып саналады және есептеледі. Мұндай құжатты жер ресурстарын басқару бойынша Комитет міндетті түрде бере алады және жер учаскесін иелену негізіндегі құжат атауын, меншік құқына жататын ЖУ-не нұсқаманы, участкенің тиянақты жоспарларын, ЖУ-не айқын мақсатты белгілеу нұсқаманы ол өзінде ұстайды.

Құжаттарды жоғалтқан жағдайда не істеу керек?

«Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының 36 бабына сәйкес құқық белгілейтін құжаттарды жоғалтқан немесе оны бүлдірген жағдайда құқықтық кадастрда өткізілген тіркелімнің негізінде оларды қалпына келтіру қарастырылған, бұл бағыт әділет ұйымдарының мұрағатының тіркелім ісінде сақталған қажетті құжаттың көшірме телнұсқасын тіркелім ұйымдарының беру тәсілімен жүзеге асырылады. Тек қана жылжымайтын мүліктің меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен жағдайда телнұсқаны өзінің қолына алуға толықтай мүмкіндігі бар.

Құжаттарды қалпына келтіру процесі

Қажетті маңызды құжаттың немесе куәліктің телнұсқасын өзіне алу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан мекені бойынша ТҚО-на хабарласып, төмендегідей заңды құжаттарды әкелу керек:

- жоғалған құжаттың түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелім мекені бойынша басылым данасы;

- жеке басты куәландыратын құжат;

- жылжымайтын мүлікке құқықтың мемлекеттік тіркелімін, сонымен қатар онымен мәмілені куәландыратын — мемлекеттік тіркелім үшін төлемді жинауды заңды растайтын құжаттардың телнұсқасын беру кезінде. Жинау сомасы 0,25 АЕК-н құрайды, құжаттар бес жұмыс күні бойында міндетті түрде беріледі;

- құқық белгілейтін құжаттың немесе куәліктің жоғалғандығына немесе жарамсыз қалыпқа түскендігіне байланысты жағдайдың міндетті көрсетілімі бар құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы арыз. Қысқасы, мұндай мән-жайлар құжаттық растауды талап етуі ықтимал.  Сонымен, мысалы, егер құжаттар табиғат сүргіндерінің нәтижесінде жоғалған болса, онда ТЖМ-не анықтама алу үшін хабарласу қажет. Өрт болған кезеңде оқиға туралы анықтаманы алу үшін тиісті ұйымдарға сұрау салуға болады. 

Нотариалды кеңседе жасалған шарттарды қалпына келтіру

Нотариалды кеңседе куәландырылған сатып алу-сату, сыйлық, айырбас келісім шарттарын және тағы басқа құжаттарды жоғалтқан уақытта осы құжат рәсімделген жердегі сотқа жүгіну қажет. Онда меншік иесіне телнұсқаны беруге байланысты арыздың үлгісі ұсынылады, оны толтырған соң, жеке куәлікті де, сонымен қатар №2 нысандағы анықтаманы да және талап етілген құжаттардың жоқтығын растайтын табу үстелінен анықтаманы да ол беруге тиіс. №2 нысандағы анықтама — жеке тұлғаның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқы (ауыртпалығы) және оның техникалық мінездемесі туралы анықтама. Анықтаманың мұндай үлгісін алу үшін ТҚО-на жеке куәліктің көшірмесін өткізген дұрыс. Оның бір күндік ғана заңдық күші болғандықтан, оны алу бойына тиісті орынға міндетті түрде жедел тапсыру керек.

Егер құжатты куәландырған нотариалды кеңсе өмірде кездесетін түрлі себептерге байланысты тарап кетсе немесе арада жылдар өтіп, құжаттардың сақтау мерзімі бітіп қалса, онда бірден аудандық мұрағатқа жүгіну қажет.

Сот шешімінің көшірмесін қалыпқа келтіру

Жылжымайтын мүлік объектісіне меншік иесінің құқын растайтын сот шешімінің көшірмесін қалпына келтіру үшін арыз берушіге тиісті шешім енгізілген соттың мұрағатына жүгінуіне тура келеді. Мемлекеттік баж салығын төлегеннен кейін және арызды жазған соң меншік иесінің тиісті құжаттарды алуына заңды түрде мүмкіндігі бар.

Телнұсқаны тіркеу

Телнұсқа алынған соң, жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан мекеніне байланысты ТҚО-на оны тіркеуден өткізеді. Міне, осыдан кейін ғана ол заңдық күшіне енеді.

 Kn.kz Ақпарат қызметі

Подписка на статьи
Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.