Риелторлық агенттікті қалай таңдауға болады?

Жылжымайтын мүлікпен қандайда әрекетті жасаудың қажеттілігі, мейлі сату, сатып алу, жалға алу болсын, ол адамдарды сенімді компания-делдалды таңдау қиындығына апарады.

Дұрыс таңдаудың маңыздылығы белгілі — өйткені, сіздің проблемаңызды шешуге фирманың қаншалықты кәсібилікпен баруы барлық істің сәттілігіне  себепкер болады. Риэлторлық агенттікті қалай таңдау және қателеспеу керек?

Осындай сұрақтарға жауап берместен бұрын бұл мәселені егжей-тегжейлі, дәл қарап бағамдау қажет. Риэлторлық фирма немесе агенттік — бұл тұрғын үй және коммерциялық ретінде сатып алу-сатуға немесе жалдық жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілені жүргізуде делдал бола алатын заңды тұлға. Риэлторлық агенттіктің нақты тапсырмасы — бір-бірімен мәміле бойынша әріптестердің мәліметті және пайданы комиссиялық түрде алу.

Кейде риэлторлық қызметті ірі-ірі фирмалар атқарады екен, олар делдал рөліне түсумен қатар мәмілелерге өздері қатысады, тұрғын үй кешендерінің құрылысын қаржыландырады, пәтерлерді сатып алады және т.б.

Таңдаудың өлшемі

Риэлторлық агенттікті таңдауда, бір қызығы, осы бизнеспен айналысатын фирмалардың көптігі де айтарлықтай-ақ қиындықтар тудырады. Қазіргі таңда Қазақстанда жылжымайтын мүлікпен шұғылданатын 15 мыңнан көптеу заңды тұлғалар тіркелген екен. Олардың ішінен риэлторлардың Бірлескен ассоциациясына тек қана 60 компания кірген. Қалғандарының қызметтері анық, нақты реттелмеген, бақыланбайды. Мұндай жағдайда жеті рет өлшеп, бір рет кескен маңызды.

Риэлторлық агенттікті таңдау кезінде арқа сүйейтін керекті, қажетті, мәнді негізгі өлшемдерді барынша жан-жақты қарастырамыз.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы агенттіктің беделі 

Риэлторлық агенттіктің кәсіби беделі көптеген факторларға тығыз байланысты болады — ол компанияның жұмыс өтілінен және оның жекелеген кейбір қызметкерлерінен бастап, азат, ерікті сертификацияның арнайы бағдарламаларына нақты қатысумен аяқталады. Бірақ, арнайы қағаздар клиенттердің сенімін ұлғайтпайды. Мұндай жағдайда кейбір кезде осы немесе басқа фирмаларға хабарласқан таныстардың арасында сұрау салу керек. Сонымен қатар интернет­қайнар көзіне де жүгініңіз. Мысалы, kn.kz сайтына назар аударған абзал, онда көптеген риэлторлық агенттіктер тіркелген және олардың жұмыстары туралы клиенттердің оң пікірлері бар. Жинақтағанда бұл ақпарат осы және басқа фирмалар туралы әсер қалыптастырады.

Ұсынылатын қызметтердің тізімі

Жылжымайтын мүлік агенттігінің тәуір беделі туралы олардың ұсынған қызмет түрлерінің кең мағынадағы толық тізімін айтуға болады. Нарықта біраздан келе жатқан фирмалар жылжымайтын мүлікке байланысты түрлі-түрлі проблемаларды шешумен шұғылданады. Осындай агенттіктердің қызметкерлері сатып алу-сатуға және жалдық жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерді ғана емес, мұрагерлік, ипотекалық несиелеу, салық салу, жылжымайтын мүлік объектілерін сақтандыру проблемаларын жедел түрде шешеді, сыйға беруді де рәсімдейді.

Сатып алу-сату және тұрғындық немесе саудалық жылжымайтын мүліктерді жалға алу мәмілелерімен тікелей айналысқанда да, риэлторлық агенттіктер өздерінің мойындарына нақты міндеттемелерді алулары керек. Бұл жылжымайтын мүлік объектілерінің нақтыланған түрінің мәлімет базасын ұсыну және қолайлы варианттарды іздестіру, танысу мен келісімді ұйымдастыру, мәміленің тазалығын тексеру болып табылады... Сонымен қатар төлемді аудару үшін банктік есепшотты ашуға, меншік құқын тіркеуге, келісімшартты рәсімдеуге және жылжымайтын мүліктің саудалық объектісінің қаржылық тартымдылығы бойынша кеңес алуға көмектесу. Клиент осы пунктердің кез келгенінің орындалуын агенттіктен талап етуге әрқашан да құқылы. Егер де агенттік бұдан бас тартса, басқа фирмаға хабарласу керек.

Мәмілелердің сенімділігі мен қауіпсіздігі

Бірақ, жан-жақты назар, көңіл аударуға тұратын басты өлшем жасалған мәміленің қауіпсіздігі мен сенімділігі болып табылады. Осындай сізді қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін  риэлторлық агенттікті қалай таңдауға болады? Компания ұсынған қызмет көрсету туралы шартты қараңыз.

Жылжымайтын мүліктің объектісін заң тұрғысында тексеру бойынша міндеттемелер туралы келісімшарттың пунктеріне ерекше, нақты көңіл бөліңіз. Бұл орын міндетті түрде келісімшартта жазылуы тиіс. Ауызша ақпараттың заңдық күші болмайды. Компания қызметкері құрғақ сөзбен толық тексеруде сізге мол кепілдік бере алады. Алайда, егер сіздің қолыңызда өткізілген тексеруді арнайы растайтын құжаттар болмаса, мәміле жасалып біткеннен кейін қандай да бір проблема туындай қалса, агенттікке жауапкершілік жүктелмейді. Келісімшартта қолайлы вариантты реттеу агенттікке артылатын мерзім нақты жазылуы керек.

Компанияның кепілдік міндеттемелері

Риэлторлық агенттіктің сенімділігі мен орнықтылығы туралы айтылатын тағы бір маңызды орын — келісімшартта жазылған постсатуды қолдаудағы құқық бойынша міндеттемелер болып табылады. Егер сізге мәмілелер біткеннен кейін сіздің меншік құқыңыздың заңдылығына күмән, наразылық білдірілген жағдайда да бұл орын агенттіктің есебінен сізді білікті де заңды қорғауға кепілдік береді. Әрине, мұндай маңызды міндеттеме кез келген компанияны нақты нартәуекелге баруға итермелейді, сондықтан толымды жауапкершілікті адал риэлторлық агенттік өз мойынына алады, оларға бітім-болмыспен сенуге барады.

Заңды және жеке жылжымайтын мүлік объектісінің босатылуы

Риэлторлық агенттіктің соңғы, аяқтайтын іс-әрекеті айтылатын орын міндетті түрде ерекше назар аударуға тұрады. Егер олар келісімшартта жазылмаған болса, ендеше тікелей мемлекеттік тіркелімге құжаттарды бергеннен кейін серіктестік өз міндеттемесін жоя алады. Демек, құжаттарды алуға, алдыңғы тұрғындарды шығаруға және тіпті жеке тұрғын үй алаңын босатуға байланысты әрі қарайғы қимыл-әрекеттер де, күрделі жұмыстар да клиенттің мойнына мінеді. Сондықтан егер келісімшартта қандай да бір агенттіктің біткен жұмысы туралы мәміледе көрсетілсе, онда, дұрысы, оның қызметтерінен жедел түрде бас тартыңыз, өйткені, оны сіздің мүдделеріңіз бірінші кезекте қызықтырмайды, керісінше, алынатын комиссиялық төлем оған артық болып көрінеді.

Риэлторлық агенттіктің комиссия мөлшері

Комиссиялық сыйақының мөлшерлері соңғы рөлді жан-жақты атқарады. Осындай өлшемдерді ескере отырып, риэлторлық агенттікті қалайша таңдауға болады? Алдыменен жасалған мәміленің сомасынан 3%-дан төмен құрайтын комиссиялық төлем туралы ұсынысқа берілудің қажеті жоқ.   Әрі қарай екеуінің біреуі нақты анықталады: болмаса төмен пайызға сізге қызметтің толық емес  комплексі ұсынылады, болмаса мәміле процесісінде қосымша шығындар «бетіне шығады».

Қысқасы, комиссияның төмен мөлшерін жылжымайтын мүлік объектілеріне бағаны орасан етіп көтеретін риэлторлық агенттік бекіте алады. Сондықтан фирманың ұсынысына келіспестен бұрын көрсетілген объектілердің құнын интернет­қайнар көздерінен ыждағаттылықпен тексеріп алған  еш артық болмайды. Бұған қоса жылжымайтын мүлік объектісінің құнына тек қана метраж және орналасу орны сияқты мықты факторлар емес, құрылыстың жылы, жобалау, инфрақұрылымның жан-жақты дамуы және өндірістік объектілердің зым-зия жоғалуы қатты әсер етеді.

Мәміленің сомасынан комиссиялық төлемнің орташа мөлшері 3%-ды құрайды, бірақ, көбінесе қазақстандық риэлторлық агенттіктер басқаны, төлемнің белгіленген вариантын ұсынады. Сұрау салудың нәтижесі бойынша риэлторлық агенттіктердің көп бөлігі $1000 мөлшерінде төлем алады. Бұл сома ұсыныстың сомасына кіреді және сатып алушыдан заңды алынады, болмаса сатушылар бөлек-бөлек төлейді. Кейбір агенттіктер өздеріне қолайлы екі есе төлем бекітеді, яғни, мәмілені жасар уақытта сатушы да, сатып алушы да бірдей мөлшерде төлейді.

Сервистің сапасы

Сіздің таңдауыңызға адамдық фактор мол әсер етеді. Клиентпен арақатынас — сіз сенім артқан риэлторлық агенттікті дұрыс таңдауда көмектесетін өте маңызды, мағыналы өлшем. Бір агенттікті таңдап, сонымен бір орныңызда тоқтап қалмаңыз — бірнеше фирмаға хабарласыңыз, сол және басқа компаниялардың мамандарының біліктілікпен ақыл-кеңес берулеріне мықтап назар бөліңіз.

Kn.kz Ақпарат қызметі

 Тағы оқитындарыңыз:

Пәтерлерді сатуға қалай дайындалуға болады

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.