Жас жанұяларға мемлекеттен тұрғын үй: арман ба әлде шындық па?
Әрбір жанұя ерте ме немесе кеш пе, әйтеуір, жеке меншік тұрғын үйі туралы ойлана бастайды. Бірақ та, егер сіздің жасыңыз 26-да болса, мемлекеттік қызметте жасап, жалақыңыз 120 мың теңгені құраса, сіз арманға қалай жетесіз? 25 жастағы әйеліңіз мектепте мұғалім, айлығы 80 мың, үйде 3 және де 5 жаста екі балаңыз бар.