Біздің несие тарихымызды кімдер жазады?

Несие бойынша мерзімі өткен төлемге байланысты банкпен қарым-қатынас бұзылса, кейбіреулер басқа банкпен займды жайбарақат рәсімдеуге болады деп ойлайды. Расында жылдан-жылға несие пайдаланушыларға бақылау күшейіп жатыр, олар туралы мәліметтер тұтас базада жинақталған.

Біздің елде 9 жылдан бері сауда ұйымы — «Бірінші кредиттік бюро» (БКБ) ЖШС-і жұмыс істейді, онда Қазақстандағы барлық қарызгерлер туралы ақпараттар сақталған: несиені қашан алды, қандай мерзімге алды және онымен есептесуге қандай негізге сүйенген? «Менде жаман несиелік тарих бар», — деген сөйлем көбіне американдық фильмдерден белгілі, ол көптен бері біздің кейбір азаматтарымызға қатыс-ты.

Несие алуға талаптанған адам банкке жүгінген кезде Несиелік бюродан өзі туралы ақпарат алуға келісімге қол қояды. Бұндай құпия мәліметті әлеуетті қарызгердің рұқсатынсыз қар-жы ұйымы ала алмайды. Егер несие алу қолдау табылса, азамат мәліметтерді қайта Кредиттік бюроға (КБ) жіберуге келісімге қол қояды. Яғни, банк қарызгердің барлық несиелік жағдайы туралы ақпаратты КБ-ға жолдайды: төлемнің мерзімі өткені, өсімақы және өзге төлем тәртібінің көрсеткіштері. Сонымен қатар жеке ақпарат беріледі: ТАӘ, контактілер, берілген құжаттары. Мәселен, сіз үш жыл бұрын бір ұйымда несие рәсімдеп, енді басқасына жүгінсеңіз, бірінші жағдайдағы ісіңізбен мұндағылар хабардар болып отырады.

Кредиттік бюро туралы Заңға 2004 жылы Президентіміз қол қойған. Заң бойынша мұндай ұйымдардың санына шектеу қойылмаған, бірақ, Қазақстанда әзірге біреу — «Бірінші кредиттік бюро» (БКБ) ЖШС-і жұмыс істеуде.

«Орталық Азия кредиттік бюросы» ЖШС-де лицензия бар, алайда ол қазір тарау қауіпінде тұр. Одан басқа 2012 жылы қыркүйекте «Мемлекеттік кре-диттік бюро» АҚ-ы тіркелді, бірақ, ол бүгінде әлі қызметін бастаған жоқ.

«Бірінші кредиттік бюро» 2004 жылдан Алматыда жұмыс істейді. Ол басқа қалалармен және аудандармен пошта ар-қылы байланыста. Бүгінде БКБ ұқсас ақпарат көздерін іздес-тіруде: банктің қаржы порталы арқылы және үкіметтің электрондық порталы арқылы.

«Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің құрылтайшылары ек-інші дәрежедегі сегіз банк болып табылады: «Альянс Банк», «АТФ Банк», «Банк ЦентрКредит», «Казахстан Халық Банкі», «Астана Финанс», «БТА Банк», «Казкоммерцбанк», «Цеснабанк» және Сreditinfo исландиялық компания. Заң бойынша барлық коммерциялық банктер, компаниялар кейбір банктік операцияларды жүзеге асырарда ақпаратты несиелік бюроға беруге міндетті. Клиенттер туралы мәліметтерді қаржы ұйымдары несиелік бюромен келісім жасасқаннан соң ғана алуға құқықтары бар.

Қазірде екінші дәрежедегі 39 банк БКБ жүйесіне қатысушылар болып саналады.

— Заңнамадағы соңғы өзгер-істерге байланысты КБ-мен микро қаржылық ұйымдар да келісімшарт жасасуға міндетті, — деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюроның бизнесті дамыту менеджері Дәмелі Сұлтанбекова. — Микронесиелік ұйымдар өз еріктерімен біздің жүйенің қатысушылары бола алады. Бүгінде мыңдаған МНҰ-дың ең ірі 9-ы ғана бізбен тығыз жұмыс істейді. 2012 жылдың соңынан жүйеге қатысушылыққа тапсырыс берген МНҰ-дың саны 3 есеге артқанын атап өтуге болады.

Сақтандыру және лизинглік компаниялар бюроға ерікті түрде ақпарат бере алады. Несиелік қызмет жасайтын және тауар тарататын саудалық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің КБ-мен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Кредиттік бюроның әрекеттеріне ҚР Ұлттық банк жанындағы қаржылық қадағалау Комитеті бақылау жүргізеді.

Егер несиелік мекеме жүйенің қатысушысы болмаса, БКБ-ға тікелей сұрау салмаса, онда клиент оған өзі хабарласып, жеке несиелік есепті болашақ кредиторға тапсырады.

КБ-ның қызметі банктердің несиелік тәуекелшілдіктерін аз-айтады  —  клиент хабарласқан қаржылық ұйым оның бүкіл несиелік тарихын көре алады. Бұл несие бойынша шешім қабылдау процесін тездетеді, бірақ, пайыз ставкасының мөлшеріне әсер етпейді.

— Өкінішке орай, Несиелік бюро заемщиктің табысы, тұр-ғылықты мекен-жайы, бюджеттік қарызы және басқалар туралы банкке толық әрі сенімді ақпарат беру үшін мемлекеттік тіркелім әзірге ене алмай отыр, — дейді Дәмелі Сұлтанбекова. — Бірақ, бұл бағытта мемлекет жұмыс істеп жатыр.

Өзіңіздің несиелік тарихыңды тексеруді ұмытпаңыз

Жылына бір рет жеке немесе заңды тұлғаның дербес несие-лік есеп алуға құқы бар, әрі қарай календарлық жыл бойынша бұл процесс ақылы түрде жүреді.

Жеке тұлғалар үшін қай-талап хабарласу құны 400 теңге, заңды тұлғалар үшін қайталама бірлескен есеп 800 теңге тұрады. ПКБ мамандары алаяқтыққа ұрынбау үшін несиелік тарихты үнемі бақылауды ескертеді (азы жылына 2 рет). Мысалы, жеке куәлікті жоғалтқан кезде адамға басқа несие рәсімдеуі мүмкін. Бұған ПКБ-ден несиелік есеп алғанда көз жеткізе аласыз. Алматы қ., Самал-3 мкр., 25 үй, 1 қабат мекен-жайына пошта арқылы хабарласуға болады.

— Көп қателер ТАӘ-де, туған күнде және құжаттарда кездеседі, — дейді Дәмелі Сұлтанбекова. — Заемщик несиені жапқанда, бірақ, банк кейде несиелік бюроға бұл ақпаратты беріп үлгермей жатады. Осы тұста басқа банктер бұл несиенің қозғалыста екенін көреді. Дегенмен, бұл қателерді жөндеуге болады, жолданған сенімсіз мәліметтерді тек ақпаратты жеткізуші, яғни, банк немесе МНҰ ғана дұрыс қалпына келтіре алатынына көңіл аударуды сұраймыз.

Әзірге Бірінші несиелік бю-роға азаматтар қажеттіліктері үшін ғана хабарласады. Қалған есептер сирек сұралады. Негізінен клиент құжатын жоғал-тқанда немесе өзінің несиелік тарихының негативті статусы туралы білгісі келеді. Мұндай жағдай адам банкке барып, оған несие берілмегенде болады.

Кредиттік бюро заемщикке мінездеме бермейді, ол тек несие алу мен оны өтеу фактілерін белгілейді. 2008 жылы БКБ пилоттық режимде қосымша қызмет — скорингті енгізді. Төлем қабілеті мен қаржылық репутациясына байланысты әр адамға балл беріледі. Бірақ, іс әрі қарай жүргізілмеді. Бүгінде мамандар БКБ-да 2013 жылдың ІІ тоқсанына банктер үшін аппликациондық скорингтік картаның 5 түрі әзірленіп дайындалып жатыр, бұл бөлшек несие секторында келешек заемщиктерді бағалау мақсатында ұйымдастырылды. 

— Скоринг процедурасы арқылы өткен жеке тұлға өзінің скорингтік баллын біле алмайды, өйткені, бұл ақпарат құпия. Сонымен қатар ол банк тарапынан қабылданар шешімге ықпал етеді. Скорингтік баллды шығару статистикалық көрсеткіштердің негізінде жасалады. Алдағы уақытта БКБ қарызгерге оның меншікті скорингтік баллын беруді жоспарлап отыр, — деп түсіндіреді Дәмелі Сұлтанбекова.

БКБ скоринг жүйесінің объективті болатынына уәде береді. Баллдар заемщиктің анкетасында автоматты түрде қойылады.

Ыңғайсыз жағдайға кез болғанда, не істеу керек?

Барлық түсірілген мәліметтер КБ-да 10 жыл сақталады. Мерзім біткесін ақпарат жоғалады. Займ бойынша жарнапұл төлеудің мерзімі бір рет өтіп кетсе, өзінің несиелік тарихын ұзаққа бүлдіреді. Бірақ, бұл барлық банкілер сізге несие беруден бас тартады деген сөз емес. Мүмкін, төлемнің мерзімі өтуінің объективті себептері бар шығар. Мәселен, жұмыстан шығып қалу. Несиені төлей алмасаңыз, оны банктен жасырудың қажеті жоқ, менеджерге бәрін айтыңыз. Банк те сіз сияқты сот арқылы дауласуға мүдделі емес, төлем өтеудің басқа графигі ұсынылады.

Мерзімі өткен төлем күндері өскен сайын банк тарапынан шешім қабылдауды тездетеді. Ол 180 календарлық күннен артып кетсе, клиент туралы ақпарат негативті болып есептеледі. Егер осындай орын алса, КБ-ның кез келген қатысушысы қарызгердің келісімінсіз мұндай ақпаратты алуға құқы бар.

— Егер сіздің несиелік тарихыңызда проблемалы займдар болса, онда ірі сома алуға талаптанудың қажеті жоқ, — деп кеңес береді БКБ менеджері. — Алдымен азырақ несие алып, уақытысында қарызды өтеу міндеттемелерін орындау керек. Бұдан кейін ірі сомаға тапсырыс берген дұрыс. Мұндай несиелік тарихқа, мерзімі асып кеткен төлем болып, кейін ол жойылса, банктер оған түсіністікпен қарайды. Әлеуетті заемщик жағдайды түзеген болып саналады. Сондықтан қарызгер жаңа маңызды несие алу үшін банкке хабарласпас бұрын өзінің несиелік тарихына жан-жақты көз жүгірткені абзал. Әрбір нақты жағдайдың өзіндік маңызы бар екенін ұқыпты түсіну керек.

Әр банктің және микронесие-лік ұйымның өз саясаты болады. Сондықтан кейде сіздің негативті несиелік тарихыңызға қарамастан сізге займ берілуі мүмкін. Еш қобалжымастан түрлі қаржы ұйымдарына хабарласа беріңіз, біреуінен болмаса, біреуінен жолыңыз болары ықтимал.

Азаматтар өз құқықтарын білуі тиіс. Егер жұмыстан шыққан адам несие төлеу қабілетінен айырылса, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы» ҚР заңына сәйкес әр қазақстандықтың жәрдемақы алу үшін әлеуметтік сақтандыру Қорына жүгіну құқы бар.

Мүмкін болар әлеуметтік төлемдер:

  1. Еңбекке қабілет жоғалғанда — міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жалпы еңбекке қабілетті жоғалту дәрежесіне өкілетті орган бекіткен күннен әлеуметтік төлем тағайындау бойынша, Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізіледі.
  2. Жұмыстан шығып қалған жағдайда — Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілгенде, еңбекпен қамту мәселесі бойынша өкілетті органға жұмыссыз болып тіркелгенде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы хабарласқан күннен.

Қордан әлеуметтік төлемді тағайындауға хабарласу мерзімі жұмысты жоғалтқанда, жүктілікке және босануға байланысты табыстан айырылғанда, ұл (қыз) асырап алған жағдайда және оған қарау бір жастан аспағанда Қордан әлеуметтік төлем құқы пайда болғаннан бастап, он екі айдан аспауы тиіс.

Фото: basov.com.ua

Kn.kz Ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.