Алданған үлескер болмау үшін не істеу керек?

Ипотека туралы келісімшарт жасасудың негізі тәртібі — оны юристке нақты көрсету. Өз пәтеріңізді және маңдай термен, адал еңбекпен жинақтаған қаражатты жоғалтпау ең басты мәселе болып табылады.

Профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университеті жанындағы халықаралық құқық пен халықаралық қатынастарының Жоғарғы мектебінің директоры Өмірбай Қыстаубай Қазақстандағы ипотекалық несиелеу туралы өзінің пәрменді ойларын ортаға салған еді:

— ҚР азаматтық заңдар жинағы бойынша ипотека — кепілге қойылған мүліктің кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалатынын көрсететін кепіл түрі. «Несие» сөзі сенім дегенді білдіреді, яғни, азамат ақша алу үшін банкке хабарласқанда, алдымен банктің сеніміне кіреді.   

Ипотекалық несиелеудің негізіне бірінші жағынан азаматтың немесе заңды тұлғаның кепілге қойылған мүліктері жатады, екінші жағынан — оған немесе басқа азаматқа (заңды тұлғаға) банктің сенімі.

Қазақстандағы үлескер мен құрылыс серіктестерінің арасындағы қатынастар 2006 жылы 7 шілдедегі «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Қабылданған осы күйінде онда іс барысында үлескерлер мен құрылыс салушылармен арасында дау-жанжалдардың тууына себеп болған үлескерлердің құқық қорғаудың құқықтық механизмдері мен үлескерлердің заңды мүдделері нақты жазылмаған.

Заң бойынша тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу келісімшарты жергілікті атқару ұйымдарының тіркеліміне жатады. Әрине, азаматтардың көпшілігі мұны тиянақты білмейді. Сондықтан құрылыс серіктестерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты бізге көптеген арыз-шағымдар түседі. Құрылыс серіктестерінің біразы жан-жақты жұмыс істегенмен, қарыз алушылардың сенімдерін толық ақтамады, оларды көрер-көзге алдады.

Енді құрылыс серіктестері қулық-сұмдыққа басып отыр, заңнамалардағы кейбір кемшін тұстарды сауатты пайдаланып — міндетті мемлекеттік тіркелімге жатпайтын түрлі басқа келісімшарттарды жасады. Мысалы, өз тұрғын үйлерін қаржыландыру жарнамаларда жиі-жиі ұсынылады. Құрылыс ісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігінің (қазірде аймақтық даму Министрлігінің құрамында) заңды айналып өтетін мұндай келісімшарттарға тыйым салу туралы ұсыныс енгізіп жатқанын атап айтуға болады.

Бүгінде заңға басқа түзетулер енгізу қарастырылуда. Мәселен, үлескерлердің ақшаларының банктегі арнайы есепшотта сақталуы, әзірге құрылыс фирмалары жалпы көлемнің 20 пайызынан артыққа жұмысты тіпті жүргізбейді. Осы уақытқа дейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау Департаментінен құрылысшылар өздеріне тиісті келісімдерін алмай сенделуде, сондықтан қаражат банкте қалады. 

Фото: sob.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.