«Көкте тұрушылар» үшін пәтерлер

Пентхаустар — тұрғын үй нарығындағы ең қымбат пәтерлер болып табылады. Өзіне мұндай пәтерлерді тек қана қалтасы қалың байлардың сатып алуға мүмкіндіктері бар. 

Бұның үстіне көп қабаттылардағы соңғы қабаттағы ең қымбат пәтер есебінде астаналық риелторлар кәдімгі мансардтарды ұсына алады.

Әй, сіз жоғарыдағы?!

Пентхаус — соңғы қабаттағы көрікті пәтерлердің артықшылықтарын көрсетеді. Риелторлар оның астында өте қымбат пәтерлер қатарына жататын биік, заңғар ғимараттың шатырында орналасқан зәулім де сәулетті үйлер бар екенін жақсы, тәуір түсінеді. Оның басты ерекше белгісі әрқашан тірі қызық пен шыжыққа толы суретті аймақты көруге ашылып тұратын әйнектелген террасқа шығу болып табылады.

«Көкте тұрушылар» үшін пәтерлерПентхаус екінші және үшінші дәрежелі болуы мүмкін. Мұндай баспанадағы террас қожайын мен жанұясы «заңғардан» бұрқырап жатқан төмендегі өмірді көретін тек ғана қарау алаңшасының ролін орындамайды. Мұнда бәрін жасауға болады: қысқы бақша мен теннис кортынан бастап, алаңшасы мен су алабына дейін, бұдан басқа сізді тікелей пәтеріңізге кіргізіп тастайтын, терезеден қарағанда ұшу сезімімен шалқитын жеке лифтіге ие бола аласыз. Қысқасы, пентхаус — «Әдемі өмір сүруге тыйым сала алмайсыз», — деген қағиданың шындығына көз жеткізеді.

Мұндай кереметтер өз-өзін ақтайды: пентхаус — бұл ләззат өте жоғары бағаланады, «шатырдағы үй» кез келген элиталық пәтерлерден 50%-ға қымбат тұрады. Егер де тұрғын үй аталған өлшемдердің біріне сәйкес болмаса, онда, кешірерсіз, бұл пентхаус емес, тек «жабысқан үй» болып есептеледі.

Классикалық байламда пентхаус деген не, ол қандай да бір міндетті атрибуттарға ие болуы керек? Элиталық тұрғын үйлерде мамандандырылған өзгеше риелторлық компаниялардың сарапшылары ең басты деген төрт ерекшелікті анықтайды. Біріншіден, бұл ғимараттың шатырына орналасқан жекежай немесе оның соңғы қабатындағы пәтер болуы тиіс. Пентхаус ғимараттың жоғарғы қабатына қондырылған айрықша пәтер жобасын білдіреді немесе, мамандардың айтуынша, көп пәтерлі ғимараттағы жеке үй болып есептеледі екен.

Басқа қалған үйлердегі және көршіліктегі объектіге ие болу тұрғын үйдің мәртебесін көрсетеді. Бұған қоса бұл бірнеше емес, бір коттедж болуы керек. Кейбір жағдайларда бір үлкен пентхаусты кішкентай екі-төртке әбден бөлуге болады, бірақ, мұндай кезде оны элиталық тұрғын үй деп емес, керісінше, «таун-пентхаустар» қыстағы деп батыл түрде атауға тұрады.

Екінші маңызды фактор арнайы технология бойынша әйнектелген айқара ашылған терезе арқылы көз қарықтыратын керемет көрініске жол болып табылады. Американдық құрылыс салушылардың стандарты бойынша пентхаустардың сән шарттары өте-мөте қолайлы жағдай — бұл көріністік әйнектендіру, яғни, жарықтың төрт жағына жайыла ашылатын түрі. Астанада инвесторлардың біреу-міреуі бұлай жарқырауға қазір тәуекелге бара қоймас.

Нағыз пентхаустың тағы бір өзгермейтін, тамаша, керемет атрибуты — террастар және мөлшері 50-ден 1000 шаршы метрге дейінгі жерді алатын пайдалананылатын төсенішке бөлек шығу.  

Пентхаустың төртінші белгісі — ол бірінші дәрежелі болмайды. Мұндай үй қожайын жобалау мақсатында өзінің ойларын емін-еркін жүзеге асыру үшін екі-төрт дәрежеден тұрады. Батыстық пентхаус үшін тағы міндетті жағдай бөлек лифті болып есептеледі. Қазақстанның астанасында мұндай оқиғалар аз. Пентхаустарда өз лифтілері жүріп тұратын ортақ холл болады. Үйдің басқа тұрғындары оны пайдалана алмайды, ал, эксклюзивті жылжымайтын мүлік қожайындарының чип-кодымен лифтіге арнайы кілттері болады.

Пентхаус — бұл қалалық жылжымайтын мүліктің биік, асқар шыңы, тікелей және ауыспалы мағынада да ол құны бірнеше миллион долларға жетіп жығылатын дара, жеке әрі керемет тауар. Сондықтан «жасандылықтан» ажыратуға мүмкіндік беретін және қадір-қасиеті сай бағалайтын Батыстағы нағыз пентхаустардың нақты, айрықша белгілері бар. Біздің Қазақстандық мегаполисте бәрі әзірге басқаша.

 Пентхаустардың нарығы элиталық жылжымайтын мүліктің нарығына өте-мөте ұқсас келеді. Онда да, мұнда да осындай рангадағы тұрғын үй класын анықтау үшін нақтыланған топтастыру жоқ. Америкада бөлек лифтісі және басқалай ерекшеліктері бар зәулім ғимараттың шатырындағы үйді пентхаус деп атайды. Әрине, бұған ұқсастар бізде бар, бірақ, көп емес. «Астанада жоғарғы қабаттағы кез келген екінші дәрежелі пәтерлерді пентхаус деп атаумен жиі кездесеміз», — дейді іскер, майталман риелторлар.

Алайда, Қазақстанда пентхаус деп мансардымен кәдімгі, қарапайым пәтерлерді назарға ұсынады. Мұндай пәтерлер де ғимараттың соңғы қабатында орналасады, дүниенің төрт жағына керемет көрініс ашылуы мүмкін, ал, үй қазіргі заманғы инженерлік жүйеге қосылған. Бірақ, оны қанша әспеттесе де, көркемдесе де, элиталық тұрғын үй атағына ие бола алмайды.

«Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік Қорының нақты мәліметтері бойынша пентхаустарды жүйелі іске қосу тұрғын үй құрылысының бірінші бағдарламасына кірді, бірақ, қор қызметкерлерінің өздері осы бағдарлама бойынша тұрғын үй кешеніндегі құрылыста тұңғыш рет екінші дәрежелі пәтерлер салынғанын мойындайды, тек қана ыңғайлылық үшін олар пентхаус деп аталған. Алайда, габариттерден басқалай осы пәтерлердің қарапайым, кәдімгі баспаналардан ешқандай да айырмашылығы болмады.  

Әр шаршы метр үшін бес мың доллар

Қазір сол Астанада нағыз деген пентхаустардың саны оннан аспайтыны анықталды. «Бұл баспананы, — дейді риелторлар, — бұқаралық сұранысқа ие тауар деп айтуға келмейді, өйткені, тек іскер элитаның өкілдері, жоғары лауазымды шенеуніктер ғана бұларға сұранысты сенімді жасай алады.

— Пентхаустарға сұраныс ұсынысты көбейтеді деп айтуға болмайды. Мұндай пәтердің құнын есепке алсақ, адамдар бұл ақшаға астанаға жақын бір қаладан тәуір үй сатып алғанды қалайды, — деп әңгімелейді Астананың жылжымайтын мүлік агенттігінің риелторы.

Өздерінің сөздерін дәйекті түрде дәлелдеу үшін риелторлар ең элиталық пәтерлердің сатылу нәтижелерінен мысал келтіреді. Олардың айтуынша, мұндай мәмілелер жылына бірнеше рет жасалады екен.

Мұндай дәрежедегі тұрғын үйдің құны анықтама бойынша кішкентай болмайтыны түсінікті. Бірақ, цифрлар мықты көбейеді. Осындай бір пәтердің бір шаршы метрі 2000-нан 5000 долларға дейін тұруы мүмкін. Алаңы 400 шаршы метр жерді алып жататын классикалық пентхаустың құны 2 миллион долларға дейін тартады.

Мұндай «меруерттер» өздерінің сатып алушысын бірден таба алмайды, бірақ, үйдің имиджіне қолайлы, оң штрих қосады. Астанада тартымды, байламды ойлар туындаса да, сарапшылардың бағалауы бойынша барлық классикалық талаптарға сәйкес келетін пентхаусты табу қиынның қиыны.

— Қазір осылай аталатын пентхаусты ескі бес қабаттыдан табуға болады. Пәтерлердің қожайындары екі қабатты өзара біріктіреді және қолайлылық пен мәртебелік үшін элиталық атау беріледі, — дейді риэлтор.

Нағыз пентхаус — бұл қайта жобалаудан және еврожөндеуден кейін жабдықталған қарапайым мансардқа айналған жәй ғана шатыр емес, ол бөлек пәтер, яғни, төбеден еденге дейін айналы әйнектелген және жеке лифтісі бар керемет вилла.

Әрбір елде ең қалтасы қалың және жағдайы жақсы сатып алушыларға арналған осындай бірегей өнім өзінің айрықша ерекшеліктеріне ие болады, бірақ, оның жалғыз өзгермейтін белгісі бейнелі мінездемесін талап етуді қалдыру жалғасады. Америкада күн мекен етер аспанға «қол созған» пентхаустар ең элитарлы үйлердің шатырына орналасқан жеке бассейн, тік ұшақ алаңшалары және басқа да өмірдің жарқын да жайсаң жақтары қожайындарының қаладағы таршылықтан құтылып, кеңінен тыныстауларына жәрдемдеседі, көмектеседі.

Еуропаның консервативті тұрғындарында пентхаустарға басқаша көзқарас қалыптасқан. Олар үшін басты талап теңіз төбесіндегі шексіз биіктік болып табылмайды, тек қана әдемі, көрікті, керемет көріністі қалайды олар. Қазақстандағы пентхаустарда мұндай нақты өлшемдер жоқ, мысалы, Америкада астаналық риелторлар қымбат тұрғын үйлердің мүмкіндіктерін ең көп пайдалануға тырысады, көкке өрлеген метрлерді бейнелейді, бірақ, кейде олардың сөздері мен істері қабыспай жатады. Мысалы, мұндай міндетті атрибут, жеке лифті тек «делюкс» класындағы жаңа пәтерлерде, «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде болады .

Ескі үйлердегі пентхаус

Алданыш пентхаустарды ескі көп қабаттыларда бүгінде біраз жылдар бойы Астанада ешкімнің салмайтынын құрылыс ісі бойынша Агенттік пен ТКШ-ның мамандары растайды. Олардың айтуынша, мұндай элиталық пәтерлер қазірде басында жобада көрсетілгендей, аспанмен таластырып тұрғызады. Бірақ, егер кенеттен баспана иесі бұрынғы «хрущевкадан» пентхаус салуды қаласа, оның біраз терлеуіне тура келеді.

«Көкте тұрушылар» үшін пәтерлерҚайта салуға жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын келісіп-пішіп алу керек. Бұл өте маңызды кезең, келісімсіз сізге пентхаус тұрғызуға кедергі көбейеді. Иә, сіздің пәтеріңіздің қазіргі заманғы күйі жоғары болса да, біртіндеп нарықтық құнын жоғалта бастайды.

Сонымен қатар масштабты жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде көршілермен дау-дамай туындайтынын ескеру қажет, олар өз қауіпсіздіктерін көп ойлайды, перфоратордың дарылдақ шуына олар еш таңданбайды. Бұл мәселені шешу үшін тек қайта жобалауға рұқсатнаманы көрсеткен жөн, абзал. Егер рұқсатнама сіздің қолыңызда болмаса — көршілер тарапынан түрлі көптеген инстанцияларға шағымдар түседі, тіпті бұл іс сотта шешіліп қалуы әбден ықтимал.

Құжаттар тізімі қомақты: ТИБ-нан және жобалық ұйымдардан бірнеше анықтамалар қажет, мұнда мамандар пентхаус туралы армандардың өмірде шындыққа айналу жолдарын айтады. Олар талапқа сай қабырғалардағы және қабаттар арасының жабылмаларындағы ойықтардың мөлшерін есептейді, теміршелердің, басқа бөлшектердің орнын анықтайды.

Қазақстандағы пәтерлерді көлденеңінен біріктіруге ашық түрде жол беріледі, ал, оларды тігінен біріктіру — тіпті мүмкін емес жағдай. Бұған коммуникацияның орналасуы кедергі жасайды, ескі қабырғаларға қол тигізу қашанда өте қауіпті. Кез келген жағдайда мұндай баспана пентхаус деп аталмайды. Отандық ҚНмЕ-де екінші дәрежелі пәтерлер деген атқа ие.

— Мұндай тұрғын үйдің құрылысына рұқсатнама тек құрылыс салушы нақтыланған ережелерді сақтаған кезде беріледі. Біріншіден, осындай пәтердің бірінші қабатында бөлек лифтісі болуы керек. Пентхаустың екінші қабатына лифті көтерілмейді, ал, қабаттар арасында баспалдақтың болуы міндетті, — деп әңгімелейді құрылыс ісі жөніндегі Агенттігі мен ТКШ-ы нормативті қамсыздандыру басқармасының басшысы Сәуле Мұстафаева.

Көлденеңінен біріктіру бәрінен де оңайырақ. Жалғыз-ақ «бірақ» — пәтерлерді біріктіру кезінде олардың алаңына тамбурдың бөлігін немесе сатылық торды қосуға болмайды, қабырғалардағы ойықтар бөлмелер арасында орналасады. Алайда, жаңа пәтердегі шектес бөлмелер тіпті шыдамды, төзімді тапсырыс берушіні қанағаттандыруы күдікті. Сондықтан қабырғадағы ойықтардың кең болуы қатаң талап етіледі, ол ғимарат құрылымына мүмкіндік береді, біріккен бөлмелерге есік қораптары қондырылмайды, пайда болған тұтас кеңістік бір уақытта қонақ үйге және асханаға қызмет етеді. Бұл үйлесімді вариант, қасында тағы асүйі бар. Мұндай жұмыстарды жүйелі жүргізіп жатқан кезде – тек инженерлік коммуникацияны толықтай жоюға болмайды. Кенеттен сіз бір уақытта біріккен пәтерді тағы екіге бөлуге шешім қабылдайсыз ба?

Бірақ, элиталық пәтерді иелену және қайта жасау кезінде пентхаусты іске қосқанда аз ақша жұмсалмайтынын сатып алушы жадында үнемі ұстауы керек болады. Керемет ерекшеліктерге және 400 шаршы метрден басталатын ғимараттың көз жетпес үлкен алаңына байланысты ай сайынғы төлем де бірнеше мың долларды құрайды. Сондықтан қаражат тек қана жарықтың энергиясына, кәдімгі газға және суға кетпейді. Қызмет ету жұмыстарына мыналар кіреді: күні-түнгі күзет, видео бақылау, қазіргі заманғы дамыған телекоммуникация және тағы басқалар.

Алайда, тұрғындардың сенімі әрдайым ақтала бермейді. Нұржановтар жанұясы өз «пентхаустарын» осыдан бір жыл бұрын сатып алды. Шамамен 300 шаршы метр алаңы бар бір биік ғимараттың соңғы қабатындағы пәтер екен. Расында, өздерінің баспаналарына қожайындардың жаяу баруларына тура келеді.

— Біздің пәтеріміз қабатта жалғыз-ақ, бірақ, лифті екі қабат төмен тоқтап қалады. Әрі қарай амалсыз жаяу көтерілеміз. Бұған басқа пәтерді біз жақсы жөндеусіз сатып алдық. Үйге бірінші кірген кезде қабырғалардағы сылақтардың сыпырылып түсіп жатқанын көрдік, терезеден жел гуілдейді. Жөндеу жүргізгенімізге жыл толды, — дейді қожайын Роза Нуржанова.

Құрылыс салушының қисыны

Элиталық тұрғын үй құрылысына мамандандырылған астаналық компаниялар үшін пентхаус толыққанды жобаны қисынды құру болып табылады. Бірақ, мұндай керемет кешен концепциясын әзірлеушілердің нарықтың барлық ерекшелігі мен тенденциясы, сонымен қатар әлеуетті сатып алушылардың психологиясы туралы терең ойлануға мәжбүрлейді. Тұрғын үйдің бұл түріне бизнес-класс сегментінде жұмыс істеуші компаниялардың қызығушылығы біртіндеп туындайды, бірақ, мұндай тәуекелшілдік әрі қарай баспананы сатуда қиындыққа кезіктіруі мүмкін.

— Бір шаршы метрдің орташа бағасы бес мың долларды құрайтұғын үйлердегі үлкен, зәулім, заңғар пентхаустарды элиталық тұрғын үй есебінде көрсету тіпті дұрыс емес. Үй тұрғындарының әлеуметтік мәртебесі ешқашан қарама-қарсы болмауы керек, — деп санайды Қазақстан құрылыс салушылар Ассоциациясының мамандары.

Ірі көп қабатты кешендердегі пентхаустардың белгілі үлгілері барлық қажетті талаптарға жауап бере алады, бірақ, мұнда элиталық пентхаустар мен «шыбыншықтағы» көп қабаттыдағы төмен кластық үйлер арасындағы сапалық айырмашылыққа байланысты проблема туындауы мүмкін. Бұл нақтыланған әлеуметтік дискомфортқа итермелейді және пентхаустардың ерекше бір тартымдылығына кері әсер, ықпал етеді.

Мұндай пәтерлерді сату құрылыс салушыларға өте қолайлы, құрылыс компаниялары пентхаустардан тұратын үйлерді салуға көбірек уақыттарын жібермейді, тереңірек ойланбайды. Бұл іске тек шығын ғана кетпейді, бірақ, ол деликатты. Құрылыс салушылар ассоциациясының мәліметі бойынша мұндай пәтерлерде терезе қуыстарынан жел уілдемеуін ғана ойланбау керек. Пентхаустарда, алдымен тәуір гидроизоляция жасау қажет. Егер пәтерде труба жарылса, «элиталық» көршілер тұратын төменгі қабатқа су кетеді, сонда қожайын өз баспанасының жөндеулеріне ғана қаражат жұмсамайды.

Қысқасы, мұндай тұрғын үйлер мемлекеттік бағдарламалар аясында салынбайды. Мысалға, «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік Қорының қаржыландыру линиясы бойынша құрылыс салу және пентхаустарды иелену қарастырылмаған, қор қызметкерлерінің айтуынша, бағдарламаның мақсаты — қазақстандықтарды элиталық емес, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету екен. Сондықтан тұрғын үй жетімділігін қажетті дәрежемен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша эконом-класты, яғни, 3 класты жайлылықтағы баспана салу жоспарланып отыр. Жаңа бағдарлама аясында үйге қол жеткізу әзір ғимараттың сапасына зиян келтірмеу жобасымен, пәтердің алаңын ұтымды пайдаланумен жүзеге асырылады.

Фото: storyportal.ru, kvartirimoskva.ru , freemarket.kiev.ua

Kn.kz Ақпарат қызметі

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.