Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады?

Қазіргі таңда ағайын-туысқандар арасында мүліктерді бөлуде ушыққан бітіспес жанжалдар өте жиі кездеседі. Әрбір тарап ішкі отбасылық дауда өз істерінің дұрыстығына, туралығына мүлтіксіз кәміл сенімді. Шаршы метрлерді бөлу кезіндегі жайсыз сәттерге жоламаудың бірнеше қарапайым тәсілдері бар.

Дұрыс рәсімделген құжаттар түріндегі ертерек дайындалған сабан тәрізді, мұнда туысқандардың алдыменен бұрынғы қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруге көп уақыттары кетуі мүмкін, сосын тіпті әңгімелесуді қояды.

Тағы бір жиі кездесетін жағдай, әлдебіреу пәтерді сатып алады, ал, оны кейін біреу пайдаланады. Тәуірі ауызша келісіммен шектелуге болмайды, ережені басшылыққа алу керек: кім төлесе, сол ие болған жөн.

Сонымен қатар балалары үшін пәтер сатып алатын ата-аналарға да ақыл-кеңес беруге болады. Әсіресе, шаршы метрлерді иеленуге берілетін ақша тойға шашылғанда, мәселе ауырлай түседі. Алайда, арада бір-екі жыл өткенде, ажырасу басталады, олармен бірге мал-мүлік те «жойылады».

Некелік пәтер

Неке кезінде иеленген жылжымайтын мүлік, бұрын аталып өткендей, қос жұбайға да қатысты. Егер, мысалы, бұл баспанаға басқасынан гөрі көбірек артық қаржы құйған жағдайда екеуінің біреуі түбінде бұл мәселемен келіспеуі мүмкін. Осындай бітіспес дау-жанжал орын алмауы үшін пәтер неке кезінде сатып алынғанында, бірден үлестік меншікті рәсімдеу керек. Мәселені анықтаған дұрыс: кімге, қалай не бөлінетіні.

Алайда, тәжірибеде мұндай жағдай біртүрлі көрінеді: керемет неке, күйеуі мен әйелі пәтерді сатып алар кезде ажырасу болған жағдайдағы үлестік мөлшерді анықтауды бастайды. Мүмкін, осы себептен бізде, әйгіленген Батыстан айырмашылығымыз, некелік шарттардың институты дамымаған. Некелік шарт — бұл қартайған кезде далада қалмаудың мүмкіндігі екенін мамандар батыл қуаттайды. Қысқасы, мұндай оқиғалар аз емес. Мысалы, шынайы тарих, 50-ден асқан бір әйел ажырасудан соң, үй-күйсіз қалыпты, өйткені, баспананы күйеуі некеге дейін сатып алған екен. Бірақ, оны балалары тастамапты. Онда келісімшарт болғанда, уайым азаятын еді.

Кім мұрагер?

Туысқандардың мұрагерлікке өздерінің құқықтары туралы білдіріс жасамауы, өмірде көп кездесетін кемшіліктердің бірегейі. Олар жылжымайтын мүліктің басқа біреуге өтіп кетпейтіндігіне тым сенімді болады, сөйтіп, құжаттарын уақытысында ретке келтірмейді. Болмаса, керісінше, мұрагерлікке талапкерлер жан-жақтан көп болады да, үміттерін ертерек үзіп қояды.

Осынау тұрғын үйде, баспанада тұратын және онда тіркелімде бар сол тікелей туысқан мұраның белгілі бір бөлігін бірден алады, оған жүз пайыз құқы бар. Болмаса, азаматтық кодекске сәйкес, 6 айдың ішінде мұраны қабылдау туралы нотариусқа жүгіну керек. 

Егер түрлі себептермен алтын уақытты өткізіп алса, мұрагер өзінің құқын бұрынғы қалыпқа келтіру үшін сотқа жүгіне алады. Алайда, кешігуінің дәйекті себептерін оған дер кезінде тұщымды түрде дәлелдеуге тура келеді. Мысалы, ұзақ іссапарға, науқастыққа байланысты. Сотқа жүгінерде жарты жылдың ішінде мұраны қабылдауға жіберу (іссапар аяқталғанда) себептері біткесін жылдамдатып үлгеру керек болады. 

«Алтын ғасыр» компаниясының майталман мамандары процесс көбінесе нотариустың араласуымен өтетіндіктен мұраны бөлу кезінде алдаудың, арбаудың бұларға кездеспегенін айтады.

— Көбінесе жарамсыз өсиеттер жиі-жиі кездеседі, мұрагерлер мұраны өсиет бойынша алып үлгеру үшін өлем дегенше мұраны қалдырушының еркіне барынша мықтап ықпал жасайды.

Мұрагерлікке құқыққа жан-жақты білдіріс жасауға кеңес береді юристер. Тіпті сіздің ешқандай да еш уақытта жолыңыз болмайтындай сезіледі. Біріншіден, басында солай көрінеді, екіншіден, кімнің және неге талап қылу керектігін заң шешеді. Мысалы, мұрагер өзінің үлесінен бас тарта алады, немесе түрлі себептермен істен шығады. Мұндай жағдайда басқа да тұлғалар алты айдың ішінде мұраны қабылдай алады.

Қазақстандық заңнамаға сәйкес мұрагерлердің рулықтың бес дәрежесіне дейін қатарынан шұбатылған ұзынсонар сегіз кезегі болуы мүмкін. Міндетті үлес, бірінші кезекте, жылжымайтын мүлік қожайындарының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз балаларына қатысты жатады. Егер өсиет болып, онда осы аталған топтар нақтыланып, дәлме-дәл көрсетілмесе де, олардың мұрагерлікке заңды түрде құқы бар.

Өсиет ету ме немесе сыйлау ма?

Егер анасында екі ересек баласы болды делік, оның пәтері қос құлыншығына бірдей тиісті болғанынын ол қаласа, өсиет жазудың ешқандай қажеті жоқ. Онсыз да тұрғын үй заң бойынша екі мұрагердің арасында екіге тең бөлінеді. Егер анасы біреуіне көп бөлікті немесе барлық мүлікті бергісі келсе ғана құжат құруға тура келеді.

Сыйлықты тиянақтап рәсімдеуге де болады. Расында, кейбір риэлторлар мен юристер қартайған ата-аналарды бұдан аулақ болуға барларын салып шақырады.

— Әжем өзінің үйін менің атыма рәсімдеп жатқанда, — деп әңгімелейді алматылық Дмитрий Афонцев, — нотариус менен бірнеше рет сұрады: құжаттарға қол қойылғаннан кейін үйдің әжеңнің иелігіне жатпайтындығына ол, расында, есеп бере ала ма? Мен әзілдеуге тырыстым, нотариус маған үндемеуді қатты өтінді. Сөйтсем, оныкі дұрыс екен. Кейбір қариялар туысқандарына жылжымайтын мүлікті қайта рәсімдегенде, үйсіз қалатынын байыбына барып түсінбейді екен.

Өсиет мұндай проблеманы болдырмайды. Үй немесе пәтер тек қана бұрынғы қожайын ажалы жетіп, өлгеннен кейін жаңа қожайынға өтеді.

Кейбір жағдайларда сыйлықты рәсімдеген дұрыс деген тоғышарлардың арасында пікір бар. Өйткені, өсиетті басқа туысқандар даулай алады, ал, сыйлыққа олай ете алмайды. Алайда, сөйтсек, бәрімен де, барлық мәселемен де дауласуға болады екен.  «Сыйлық шарты, Азаматтық құқықтағы басқа шарттар тәрізді мәміле болып табылады. Бұл, демек, ҚР АК-нің157 бабына сәйкес, ұстаным және мәмілелерге қатысушылардың ұсынған түрінде талаптар бұзылған кезде, сонымен қатар бостандыққа тұсау салынғанда, мәміле мүдделі тұлғаларды, мемлекеттік органның, болмаса прокурордың талап арызына байланысты жарамсыз деп танылуы мүмкін», — дейді «Алтын ғасыр» компаниясында.

Жазбаша қағазға сеніңіз

Алматының тұрғыны өзінің пәтерін сатты және барлық ақшасын Астанада тұратын ұлына түгел береді. Бұл әйел астанадағы балаларына тым жақын көшіп баруды қалады, ұлы оған жаңа тұрғын үй сатып алатын болған. Ол бәрін дұрыс жасамады, пәтерді мамасына емес, келіншегіне рәсімдейді. Алайда, анасының өз жоспары болыпты: біріншіден, меншікті пәтерді иелену, екіншіден, өсиет бойынша оны бүкіл балаларының арасында бөлу. Әйел өз дегеніне жетті, пәтерді өз атына қайта рәсімдеді.

Расында, әйел ұлының атына басында сенімхат жазып, онда баласының оның не істеуге құқы барын көрсетуі керек еді. Сенімхаттың стандартты формасы сенім иесіне сатып алу-сату келісімшартына қол қоюға, ақшаны алуға және біреуге беруге құқықтық мүмкіндік жасайды. Алайда, құқыққа өз түзетулерін енгізе алады.

— Сенім білдіруші қандай өкілеттілік беруді қалайтынын біз көрсетеміз, — деп тиянақтап, нақтылап жан-жақты түсіндіреді нотариус Салтанат Бельбаева. — Егер адам қаражат оның есепшотына аударылуын қаласа, мархабат, біз сенімхатта тіпті оның банктік деректемелерінің өзін айқындап, айшықтап белгілейміз.

Сатып алушы немесе сатушы мәмілемен айналысуға, келісімшартқа қол қоюға қатыса алмайтындай болса, тек осындай жағдайда сенімхат керек. Әрине, мұнда тәуекелшілдік басым, бізге белгілі оқиғада еркек ақшаны өз мүддесіне пайдаланып жұмсаған. Сенімхат бола тұрып, мұндай іске барғандықтан, ол Қылмыстық заңдар жинағында алаяқтық деп нақты жазылған. 

Азаматтардың көпшілігі өзінің туысқандарына қандай да бір маңызды қағаздарға қол қоюға ұсыныс жасауға ұялады және бұны дұрыс емес деп санайды. Бірақ, кейбір жағдайда әңгіме қомақты сома немесе жылжымайтын мүлік туралы сөз болғанда, құжаттарды рәсімдеуде әрбір тараптан жауапкершілік талап етіледі.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Подписка на статьи
Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.