Жылжымайтын мүлікті заңдылық тазалығын қалай тексеруге болады?

Пәтерді сатып алу адамдардың біразы үшін – өмірде көпшілік бірнеше жылдар бойы дайындалатын ең маңызды шешімдердің бірі. Сонымен сарыла күткен баспана енді-енді қолға тиеді деген де, барлығы сақтықты жоғалтады және зор мағыналы сәтті, кезді жіберіп алады: сатып алынатын баспананың заңдылық тазалығын тексеру.

Келісіңіз, пәтер – етік емес, көлік емес, оны сатып алар уақытта әртүрлі кедергіге тап боласыз, ақшаңызды кетіресіз және жүйкеңізді жұқартасыз. Ал, пәтерді қолайсыз «құпиямен», қосымша тіркелген тұрғындарымен немесе қомақты қарызы бар «құйрықшасымен» иелену көңілді түсіреді. Сонымен қолайсыздықтан өзіңізді қауіпсіздендіру үшін, бір нәрсе болғанда, әзірлікпен тұрғын үйге құқыңызды сотта дәлелдеу үшін не істеу керек?

Із кесуші ретінде

Хабарландыру да жасалған, сатушыға телефон да шалынған, пәтерлер де қаралған және көп нұсқалардың ішінен ыңғайлысы табылған. Бағаға да көңіл толады. Енді бәрін-бәрін білу үшін аздаған шыдам қажет.

Бірінші кезекте пәтерді қараған кезде және бөлмелерді аралағанда, тәуір жағымен жан-жақты айтылған адам тұрғын үйдің толыққанды қожайыны екендігіне анық, айқын көз жеткізіп анықтаңыз. Ең мықты тәсіл – сізді қызықтырған пәтердің «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКК-дегі түпкілікті тарихын тиянақты түрде біліп алыңыз. Тұрғын үй тарихы – мәмілелердің тазалығын білуге мүмкіндік беретін жалғыз құжат емес. Сонымен бірге жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық (ауыртпалық) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтаманы алуға болады. Бұл құжатта мәмілені жасау үшін ең қажетті барлық ақпарат көрсетіледі: жылжымайтын мүліктің объектісі, бұл объектіге тіркелген құқық, сонымен қатар шектелген (ауыртпалық) туралы нақты қанағаттандыратын   керекті мәліметтер.

Мұндай анықтаманы осы немесе басқа пәтерге қызығушылық, ынта білдірген кез келген адам міндетті түрде тегін алады. Тек қана оны алу үшін – жеке басыңызды растайтын куәлігіңізді ТҚО-на әкелсеңіз жетіп жатыр. Осыдан кейін кадастрлық орталықтан (жылжымайтын мүлікке құқық пен ауыртпалық тіркеледі мұнда) сізге жазба қағаз береді.   

Мәмілені жасар алдында бұрын болған барлық ауыртпалықтарды алып тастау қажет.

Кімдер  үйшікте тұрады?

Сіз көздеген пәтердің бірнеше тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болатынын ұмытпаған, естен шығармаған дұрыс, абзал. Ортақ бірлескен меншіктегі пәтерді сату кезінде меншік иелерінің әрқайсысы келісімшартта заңды түрде сатушы ретінде кіріседі. 

Мынадай жағдайларда болады, мысалы, тұрғындық ғимарат ондағы тұратын барлық жанұя мүшелерімен жекешелендіріледі немесе жылжымайтын мүлікті жекешелендіру уақытында оның туысқандарының болмауы есепке алынып, жанұя мүшесінің біреуімен жекешелендіріледі.

Бірлескен меншікте болатын тұрғын үйдің екінші себебі – некеде тұрған уақытта жылжымайтын мүліктің жұбайдың біреуімен сатып алынғанда. Мұндай жағдайда жылжымайтын мүлік жұбайлардың ортақ бірлескен меншіктері болып табылады. Осындай пәтерді сату үшін сатушыда екінші жұбайдың нотариалды куәландырылған келісімі болуы керек. Бұлай болмағанда, пәтерді сатушының күйеуінің немесе әйелінің пәтерді сату кезінде келісімі есепке алынбаса, онда мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа шағымдануға әбден болады.

Кішкентай қожайындар

Пәтердің меншік иесі 14 жасқа толық жетпеген кәмелетке толмаған бала болуы мүмкін екенін ұмытпаған абзал. Мәмілені кішкентай қожайынның атынан ата-аналары, асырап алғандар немесе қамқоршылар жүзеге асырады (ҚР АК-нің 23 бабын қараңыз); және/немесе кәмелет жасқа толмаған 14-тен 18 жасқа дейін.Кәмелетке толмаған және кәмелетке толмаған үшін мәмілені жүзеге асыру үшін қорғаншылық және қамқоршылық органының алдын ала келісімі керек (толығырақ – ҚР АК-нің 24 бабында). Кәмелетке толмаған балалар тұратын пәтерді сату бойынша мәміле қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімінсіз жүзеге асса, заң талабына қайшы келеді және ол жарамсыз деп танылады.

Қиынды

Егер пәтер некеге тұрамын дегенше сатып алынса, неке кезінде оларға сыйлық ретінде берілсе немесе мұралық бойынша алынса, жұбайлардың келісімі туралы талап есептелмейді.

Иелікке алынған пәтерге меншіктік тиісті келісімшартпен расталады. Егер де тұрғын үйді сатушы мұралық бойынша, сыйлық ретінде немесе сатып алынса, меншіктік құқық оның меншік иесінің қолына көшкендігінің негізіндегі құжатпен расталады. Бұл мұралыққа құқық, сый келісімшарты, сатып алу-сату немесе ауыстыру туралы нағыз куәлік болады. Сонымен қатар барлық келісімшарттарда «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКК-де тіркелгені туралы міндетті түрде тайға таңба басқандай мөр тұруы керек.

Сонымен қатар жылжымайтын мүлікке меншіктік құқық жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу және онымен мәміле туралы куәлікпен расталады. Бұл құжатты ҚР әділет Министрлігінің жанындағы тіркелім қызметінің қызметі Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКК-ы береді. Куәлікте көрсетілген мәліметтер беру кезінде жарамды болып табылады және құқық иеленушілікке құқықты тіркеуді куәландырады, яғни, тіркелген құқықтағы барлық ауыртпалықтарға (шектеулерге) ықпал жасамайды. Осыған байланысты сіздің иеленген пәтеріңізге заңды тыйым салынбағандығына міндетті түрде көз жеткізуге, тиянақтылап айқын, анық анықтауға толық болады.

Соңғы секіріс

Сонымен, сатып алу кезінде пәтерде ешкімнің тіркелмегеніне сіз көз жеткізген соң, барлық қажетті рұқсатнаманы және келісімді алғаннан кейін – келісімшартты сенімді түрде жасасуға болады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесі нотариалды кеңседе заңды түрде жасалады және ол міндетті мемлекеттік тіркелімге жатады. Бұл үшін сіз тіркеуші органға құжаттардың пакетін нақтылап тапсыруыңыз керек, олар төмендегідей:

  • келісімшарт;
  • пәтердің техпаспорты;
  • жеке куәлік;
  • 0,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу, есептесу туралы түбіртек.

Егер сатып алу-сату келісімшарты бойынша есептеу толықтай, түбегейлі жүргізілмесе, онда мемлекеттік баж жер учаскесімен жылжымайтын мүлік үшін 1 АЕК құрайды (яғни, жеке үйлер мемлекеттік баж 0,5 АЕК-ті құрайды және жер учаскесі үшін 0,5 АЕК-ті қосыңыз). Тіркелім жинауы үшін төлем туралы мәлімет түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде тіркелім жүзеге асырылады.

Барлық көрсетілетін мәселелерді қарап шығу жәй, қарапайым шаруа емес, тоқтамдылық пен баса назарды талап етеді – кез келген жағдайда бұл керек нәрсе, жаңа пәтерде немесе үйде жаңа өмірді құру маңызды қадам, шаңырақта шаттық, сенімділік орнаса, нұр үстіне нұр, сонда сот дауларына қатыспайсыз және өзіңіздің құқыңызды қорғау үшін адвокатты іздемейсіз.

Редакция мақаланы дайындауға көмектескені үшін юрист Сәкен Ешмұратовқа алғыс айтады

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз: 

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер

Егер жылжымайтын мүлiктiң құжаттары жоғалса…

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.