Міндетті сақтандыру: пайдасы мен тәукелдері

Қазақстанда бір жыл уақыттан бері 2015 жылы заңды күшіне енуі мүмкін азаматтың жылжымайтын мүлкін міндетті сақтандыру туралы заңды жоба белсенді түрде талқылануда.

Қазақстандықтарға тиесілі жылжымайтын мүліктің 35 шаршы метр көлемін сақтандыруын құжат оларға міндеттейді. Барлық өркениетті елдерде сақтандыру көптен бері және жеңіл өмірге еніп кетті және ол күтпеген қаржылық жоғалтудан қорғанудың және тәуекелшілділікті басқарудың тиімді тәсілі болып саналады. Үйге, көлікке ие бола отырып, көптеген елдің азаматтары (өздерінің табыс дәрежесіне қарамастан) бір мезгілде сақтандыру келісімшартын жасайды. Олар үшін сақтандырудың болуы (халық арасында ол сақтандыру шарты немесе полис деп аталады) — мәжбүрлеуді және бақылауды талап етпейтін табиғи процесс.

Мысалы, Германияда үйді толық сақтандыру бағдарламасы жылжымайтын мүліктің түріне және федералды жерге байланысты жылына 300-ден 500 евроға дейін бағаланады. Немістер былай талқылайды: мен сақтандыру ақысын алмасам, мен ақшаны сақтандыруға жұмсалған, өзімнің сабырлылығыма төлем деп санаймын.

Қазақстан азаматтарының арасында ерікті сақтандыру жолында тым ерекше белсенділік байқалмайды, сондықтан міндетті сақтандырудың дамуы мемлекеттің тарапынан бақылаудың ойластырылған жүйесімен тығыз байланысты болуы керек.  Мысалы, көлік иелері мен тасушылардың міндетті сақтандыру жауапкершілігінің полисінің болуын жол полициясы қадағалайды. Ал, туристік, бақылау компаниясы немесе аудитор егер құжаттардың пакетінде сақтандыру болмаса, өздерінің қызметтері үшін лицензияны ала алмайды.

Дегенменен, өздерінің үйлері мен пәтерлерін сақтандыруға талапкерлердің жоқ болғанымен, Қазақстанда мүліктік сақтандыру нарығы өсу үстінде. Неліктен біздің түсінігіміз, көзқарасымыз өзгеше, басқаша немесе табиғи катаклизм іске әсер етті ме? Ерікті-мәжбүрлі банктік сақтандырудың даму себептері — алайда, жоқ. 

Пайдасы неде?

Жақын уақытта біз мүліктік сақтандырудың жаңғырығына да куә боламыз. Сақтандыру келісімшартын жасау жолдармен күтпеген жағдайлардың бірнеше түрлерінен жеке тұрғын үй көлемін 35 шаршы метрін сақтандыруды мемлекет қазақстандықтарға міндеттейді. Бұл бүгінде адамдарда бар ең аз көлем, мұнан да көбі кездеседі, оларды ерікті сақтандыру керек. Міндетті сақтандыру туралы заңды қабылдаудың өткірлігі жыл өткен сайын айқын сезіліп келе жатыр. Қарағанды облысы Көкпекті елді мекеніндегі, Шығыс-Қазақстан облысындағы топан су басуды, Алматыдағы жер сілкінісі туралы үздіксіз хабарламалар немесе Қарағандыдағы «Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі кенет үйдің құлауындағы қайғылы оқиғаны еске алсақ жетіп жатыр. 

Бүгінгі таңда табиғи зіл-заладан, қауіптен немесе техногендік апаттан барлық зардап, азап шеккендер көмек, жәрдем сұрап, мемлекетке жүгінеді және залалдың орнын толтыруды талап етеді. Мемлекет зақымданған, құлаған тұрғын үйді қалпына келтірудегі шығынды жабу үшін бюджеттен тыс жолын — жылжымайтын мүлікті сақтандырудың жаңа заңын ұсынады.

Сақтандыру компаниялары мемлекеттің бұл қадамдарын қолдайды.

— Жылжымайтын мүлікті сақтандыру — мемлекет үшін де, қатардағы жәй, қарапайым азамат үшін де қажетті әрі қолайлы рәсім, — деп санайды «Сақтандыру компаниясы «АСКО» АҚ-ы басқармасының төрағасының орынбасары Юрий Миндубаев. — Ол қираған немесе зақымданған жылжымайтын мүлікті қалпына келтірудегі шығындарды жабуда мақсатты қор құруға мемлекетке мүмкіндік береді.а Бұл бағытта Қазақстан өзгелерден алда тұр. Апатты тәуекелшілдікті сақтандырудың мемлекеттік қоры — жаңа құрылым осылай аталады. 

Бұл қалай болады?

Заңның іс-әрекеті жылжымайтын мүліктің құқына тіркелген тек қана жеке тұлғаларға қолданылады. Егер де заңның жобасы талқылау барысында өзгермейтін болса, сақтандырушы болып қазірде нарықта өздерін көрсеткен компаниялар түседі. Тиянақтыланып, ұсынақтап алдын ала жиналған қаражатты апатты тәуекелшілдікті сақтандырудың Мемлекеттік қорына (әрі қарай — Қор) салыну тәптіштеліп те жоспарлануда. Қазақстан Үкіметі Қордың қаржылық мықтылығын, тұрақтылығын қатаң бақылауда ұстайтын болады, ал, инвестициялық қызмет Қазақстанның Ұлттық Банкі арқылы жан-жақты, сапалы түрде жүзеге асырылады.

Өрттің, жарылыстың, найзағай ұрудың, су басудың, жер сілкінісінің, боранның, дауылдың, цунамидің, нөсердің, опырылудың, бұршақтың, қар көшкіннің, селдің, жергілікті мекен үшін күтпеген жауынның, қатты қар құлаудың нәтижесінде үйдің зым-зия жоғалып және оған зақым келгенде, жылжымайтын мүлік сақтандырылады,  сонымен қатар өрттің жан-жаққа таралып, шарпуын тоқтату үшін немесе қандай да бір күтпеген дүлей зіл-заланың қаупіне, жоғарыда айтылғандарға байланысты жылжымайтын мүлікті тып-типыл бұзу керек немесе оны басқа орынға міндетті түрде ауыстыру қажет.

Жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруға байланысты осындай жүйені  Юрий Миндубаев бірнеше себептерге сәйкес, сай тиімді деп санайды. Біріншіден, тәуекелшілдіктер бөлінеді. Облигаторлық қайта сақтандыру келісімшарты бойынша Қор кең көлемдегі апат жағдайында азап шеккендерді толық төлеммен қамтамасыз етеді. Жалпы сақтандыру компаниясы делдалдық қызмет атқарады: жылжымайтын мүліктің қожайындарымен келісімшарт жасасады, бастапқы андеррайтингті (сақтандыру тәуекелшілдігін қабылдау барысы. — Ред.) жүзеге асырады, сақтандыру сыйақсын есептейді, ұсақ тәуекелшілдік бойынша төлем өткізеді.

Ұсынылған осы заңның қатесі «АСКО» басқармасы төрағасы орынбасарының пікірінше, бірнеше екен.

— Заңнаманың ең көзге көрінетін кемшілігі тек қана жылжымайтын мүліктің үлесіне байланысты міндетті сақтандыру енгізу деп те санаймын, — дейді Юрий Миндубаев. — Нәтижесінде әлеуетті сақтанушы тұрғын үйдің шынайы нарықтық бағасынан бар болғаны төлемге 30%-ды қанағат етеді. Сонымен қатар тұрғын үйдің ішкі әрлеуіне де, оны күтіп-ұстауға да ешқандай тіпті назар аударылмайды, көңіл бөлінбейді. Міндетті сақтандыру балабақша үйлерінен, саяжайлардан, шаруашылық құрылыстарынан, гараждардан басқалай, өзгелей азаматтың жеке меншігіндегі жеке тұрғын үйлерге мықтап тұрып қолданылады.  Ескі, көне құрылыстарға сақтандыру қорғанысы жасалмайды.

— Бұл мәселе бойынша алдын ала тұщымды болжам жасау мүмкін емес, — деп жалғастырады Юрий Миндубаев. — Біздің облыстарда салынғанына алпыс жыл болған үйлер жетіп артылады. Мұндай баспаналар күн көрісі төмен отбасылар, зейнеткерлер, мүгедектер үшін жалғыз күрке болып отыр. Осындай санаттағы үйлерге кететін шығындарды өтеу бойынша жауапкершілік пен міндеттемені мемлекет өз мойнына алады ма? Әзірлеушілер цифрлары мен коэффициенттері бар сақтандыру сыйақысының есептеу механизімін жазбағандықтан, сақтандыру үшін қанша төлеуге тура келетіні әзірге тым түсініксіз. 

30% — тұрғын үй нарығының бағасын міндетті сақтандыру төлемдері құрайды

Кейбір ерекшеліктер

Жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруға қатысты қабылданған заңның қолдануы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен барабар жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ, егер де автокөлікті бақылау органы сақтандырусыз эксплуатацияға тыйым салатын жол инспекциясы болып табылса, жылжымайтын мүлікке байланысты айтсақ, іс-әрекеттер және де бақылау механизмдері тәптіштеліп, әлі күнге тиянақтыланып пысықталмаған.

— Аймақтық желінің дамуына қарамастан сақтандыру компанияларының бар жылжымайтын мүліктің объектілерін қамтуға шамалары жоқ. Сақтандыру — бұл сақтандыру агентінің күшімен сатылатын тауар. Сондықтан сақтандыру ерекшелігін түсіндіру, иеленетін өнімнің оң жақтары туралы әңгімелеу көп уақытты талап етеді, ал, домофонның және жабық есіктің арғы жағындағы адамға ұғындыруға қол жете бермейді, — дейді «Сақтандыру компаниясы «АСКО» АҚ сату департаментінің директоры Светлана Силищева.

Қолданыстағы сақтандыру заңнамасы сақтандыру сыйақысына ақы қабылдауға сақтандыру агентіне тыйым салады. Сөмкесінде бүкіл қажетті құжаттары және де «тізеде» келісімшарт жасау үшін түбіртектері бар «портфельдік агент» деп аталатын тәжірибе өзін-өзі бітірді, қазір ол жоқ. Бұл қадамды оң, жақсы деуге болады, өйткені, сіздің ақшаңыз Қорға дейін «апара алмайтын» сақтандыру қызметін тұтынушы арам пиғылды, қулықтарына құрық бойламайтын алаяқтардан қорғалады. Бүгінгі таңда сақтандыру сыйақысы төлемдерінің қолайлы және сенімді формалары баршылық: банк, төлем карточкасы, жалақыдан ұстап қалу жолдары арқылы және т.б.

Кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алу>>>

Не жаңалық бар?

Тұрғындарды алаяқтардан қорғау үшін және де тұтынушылардың алдындағы сақтандыру компанияларын жауапкершіліктерін көтеру үшін мемлекет біртұтас сақтандыру мәлімет базасындағы — БСМБ-дағы бар сақтандыру келісімшарттары туралы ақпараттарды мемлекет біріктірді. Міндетті және ерікті сақтандыру шартын жасаушы әрі сақтандырушы белгілі уақыт тәртібінде оған шарттың мәліметін  және оның белгісін енгізеді.

Бұл шара соңғы күнмен сақтандыруға байланысты алаяқтардың желісінен сақтандырушылардың құтылуына, ал, сақтанушыларға — сақтандырушының ісін бақылауға мүмкіндік береді. Сақтандыру қызметінің нарығында заңсыз мәмілелер орын алатындықтан  сіздің сақтандыру полисінің жариялылығына күмәніңіз болса, сіз сұрау салумен сақтандыру компаниясына, Ұлттық Банкке, БСМБ-на жүгіне аласыз.

Сонымен қатар сақтандыру агенттеріне білікті талап қою заңды түрде қатаң жолға қойылған. Агенттікке кандидат білімінің болуын растауға, соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынуға, оқу курсынан өтуге және емтихан тапсыруға міндетті. Енді әрбір компанияда қызметкерлердің тізімдемесі болады, кез келген клиент агент расында компанияның арнайы өкілі екендігіне көзін дәл жеткізу үшін сақтандырушының сайтына кіре алады. Бастапқы талап бойынша агент біліктілік куәлігін және де компанияның мүдделерін қорғаудағы оның сенімхатын және де сақтандыру келісімшарттарының қорытындысын ұсынуға міндетті. Құжаттар тиісті мөрлермен міндеттелген тәртіп бойынша заңды түрде расталады. Сонымен қатар сақтанушы өзін нақ қызықтырған ақпаратпен тікелей компанияға емін-еркін жүгіне алады.

Сақтандыру келісімшартын жасау үшін құжаттармен нақтылы орнында танысу, лицензияны, аталған қызмет түрін жүзеге асыруға құқы бар ұйымның мемлекеттік тіркелім туралы куәлігін талап ету мақсатында компанияның офисіне бару ең дұрыс шаруа. Қазақстанның сақтандыру нарығы уақыт өткен сайын өркениетті болып келе жатыр, жол бойында қолшатырдың астында отыратын агенттер қарасы жоғалуда. Сақтандыру полисін иелену — бұл маңызды қаржылық қадам, компания офисінің тиісті жағдайында оны жүзеге асыру керек, — деп бүкіл адамды үгіттеп шақырады іскер маман Светлана Силищева.

Сараптамашылар сақтандыру бойынша мәмілеге кез келген тауарды иеленуге көңіл бөлгендей іс қылу керек деп кеңес береді: белгілі брендке назар аударып, дүкенде біз сапалы затты таңдаймыз, ал, бұл жерде сақтандыру компаниясының тұтынушыларының таза наразылығын, қаржылық тұрақтылықты байқау қажет. Сатып алынған зат ақылмен алынуы тиіс!

Сақтандыру қызметінің нарығында заңсыз мәмілелер орын алатындықтан сіздің сақтандыру полисінің жариялылығына күмәніңіз болса, сіз сұрау салумен сақтандыру компаниясына, Ұлттық Банкке, БСМБ-на жүгіне аласыз.

Сақтандырудың түрлері

Мүмкін, сіз, жылжымайтын мүліктің міндетті сақтандыруының әрекетке енуін күтпестен ерікті сақтандыру туралы ойланатын боларсыз. Аталған нарықта бүгінде  қандай нұсқалар бар екенін қарастырамыз. 

Жылжымайтын мүлікті сақтандыру

Осынау түр — қаржыны жоғалтуға немесе көз өтуге жол бермейтін ең сенімді әрі қолайлы тәсіл. Айтарлықтай үлкен емес соманы төлеп, су басуға, өртке, тұрмыстық газдың жарылуына, дүлей зіл-заланың әсер етуіне, сонымен қатар үшінші тұлғаның құқыққа қайшы әрекетіне байланысты мүмкін болар шығындардан өзіңізді қауіпсіздендіруге болады. Бұл жағдайда қабырғаның, есіктердің, төбелердің, терезелердің бүтіндігі қатаң сақтандырылады. 

Офистік ғимаратты өрттен қалай қауіпсіздендіреді?>>>

Ғимараттың ішкі әрлеуін сақтандыру

Егер пәтердің меншік иесі оның баспанасына найзағай түсетініне және тіреусіз конструкцияның зақымданатынына күмәнді болса, ол тек ішкі әрлеу элементтеріне сақтандыру келісімшартын жасайды. Оның қымбатқа жасалған жөндеуіне жоғары қабаттағы көршілер су ағызуы әбден ықтимал. Жарайды, егер кінәлілерде ұят және дау-жанжалды бейбіт шешу үшін жеткілікті қаржы болса жақсы. Жоғары қабаттағы көршілердің мұндай қадамға бармайтыны кездеседі, онда өзіңіздің пәтеріңіздің ішкі әрлеуін сақтандырған абзал. Оған жылжымайтын мүліктен басқа барлық үйдің ішіндегілер жатады, — паркет, есіктер, сантехника, қабырғаны әрлеу, төбе және т.б.

Келтірген залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру

Өкінішке орай, жылумен және сумен қамсыздандыру жүйесі әрдайым да толық жайбарақаттыққа кепілдік бермейді. Сіздің мүлкіңізге зор зақым келгенінен басқа  трубаның сынуынан төменгі қабаттағы көршіге су ағуы мүмкін, қорытындысында  — залалды өтеуді талап етеді. Шарт бойынша аталған залалдар үшін тұрғын үйдің меншік иесі емес, сақтандыру компаниясы төлейді. Мұндай жағдайда сақтандырушы жеке мүлкіне зақым келгені үшін ештеңе де алмайды, өйткені, пәтерді емес, көрші пәтердің қожайындарының алдындағы өзінің жауапкершілігін ғана сақтандырды, сондықтан қорғауда сіздің мүлкіңіздің және көршілердің алдындағы жауапкершілігіңіздің болғаны жақсы. 

Ипотека бойынша сақтандыру

Қазақстанда банктік несиелеу дамудың жоғары сатысында болып отыр. Клиент жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін банктен несие алған уақытта қаржылық ұйымның негізгі шарты кепілдік мүліктің міндетті сақтандырылуы болып табылады. Бірақ, кейбір банктер сақтандырусыз несие беруді тәжірибеде қолдануда.

— Бірақ, бұл жерде де қиыншылықтар кездеседі, — деп ескертеді «Сақтандыру компаниясы «АСКО» АҚ сату департаментінің директоры Светлана Силищева. — Әрине, сіз несиені ала отырып, оны дер кезінде қайтаруды есіңізде ұстайсыз. Бірақ, сынған трубадан ыстық су аққанда абдырап қаласыз. Сіздің алдыңызда таңдау тұрады — несиені уақытысында төлеу ме немесе жөндеу жүргізу ме? 

Анықтама 

Сақтану жағдайы басталғанда

  • Сақтану жағдайы кенет басталғанда, сақтанушы ең бірінші және басты әрекетті жүзеге асыруы, — сақтандыру компаниясында сақтандыру мерзімі бекітілген келісімшартындағыдай хабарланады. Сонымен қатар ауызша хабарландыру нақты жазбаша арызбен расталуы тиіс.
  • Зардап шеккен адамның қалған әрекеттері сақтану жағдайының сипатына және салмақтың дәрежесіне байланысты болады..
  • Сақтандыру келісімшартына сақтану жағдайындағы сақтанушының іс-әрекеті нақты жазылады. Қол қойыламын дегенше, келісімшартты көңіл қойып оқыңыз! Сізге түсініксіз тұстарды ұйымның қызметкері ұғындырады. Сақтандырушылар дәлелдемелі база ретінде қандай құзырлы органдардан қандай қажетті анықтамаларды әкелу керектігін айтады.
  • Сіздің арызыңыз 15 календарлық күн ішінде қаралады, осы уақыт аралығында болған оқиғаның сақтану жағдайына жататыны немесе жатпайтыны туралы шешім шығарылады. Бас тартудың себептері міндеттелген тәртіппен сізге жазбаша түрде хабарлануы тиіс. Содан кейін қажетті құжаттардың тізімінен соңғы анықтамалар сақтандырушының үстелінде болады, әрі қарай 15 күнде сақтандыру өтемі сізге төленеді.

Kn.kz ақпарат қызметі 

Тағы оқитындарыңыз: 

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады

Пәтерді қалай дербес бағалауға болады?

Yйді күтіп-ұстау шығындарды қалай қысқартуға болады?

Подписка на статьи
Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.