Пәтер мәселесін студент қалай шешеді?

Орта статистикалық оқушылар жоғары оқу орнының жанынан пәтерді іздейтін, бірінші кезекте бағасына, құнына қарайтын болып бөлінеді.

Оқу жылы басталды, сонымен қаладан тыстау тұратын студенттердің тұрғын үйлік проблемалары да көбейеді. Егер жатақханада орын болмаса, мұнда туысқандары жоқ болса, амалсыз жалға алуға жүгінуге тура келеді. Студенттердің арасында мынадай бақыттылар бар, барлық жайлы жағдаймен бір бөлмелі жалға алу күрделі еместер. Ерекше санаттағылар — ата-аналары жылжымайтын мүлікті сатып алып бергендер.

ҚР білім беру және ғылым Министрлігінің жастар ісі бойынша Комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2014 жылдың басында 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 4 293 353-ке жеткен, ол Қазақстанның барлық тұрғындарының шамамен 25%-н құрайды. Бұған қоса 1 086 100 адам студент болып саналады. 

Іздеу проблемалары

Астана мен Қарағандыда студенттерде пәтер іздеуде көптеу проблема туындайды. Солардың бірегейі нақты қолайлы тұрғын үйді іздеу кезеңінде анық байқалады. Расы, проблема тұрғын үй көлемін табу болып табылады.

— Тамыздың ортасынан бастап, оқу орнына жақын жерден пәтер табу оңай емес, — дейді сенімді Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенті Екатерина Шкуратова, — ал, егер де тұрғын үй жалға берілетін болса, ондағы жағдай тіпті тым нашар, тұруға ешқандай да мүмкіндік, шама болмайды. Сондықтан күні бойы жылжымайтын мүлік сайтындағы, басылымдардағы хабарландыруды реттеп, телефонға «ілініп», одан жалықпай түспей отыруға тура келеді.

Астанада тұрғын үй мәселесімен уақытты «бос» қоңырауларға және «ауадағы» хабарландыруларға жібермеу үшін жұрт жылжымайтын мүлік агенттігіне жүгінгенді жөн санайды.

— Астанада онда-мұнда пәтерді іздеп, тынбай сабылғанша, маған жалға берілетін тұрғын үйдің құнынан 10%-ды риелторларға ұсынғаным қолайлы, — деп өз ойын білдіреді Л. Гумилев атындағы ЕҒУ-нің студенті Дарын Көрпебаев. — 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жалға алудың арпалысы болады, сондықтан бұл істі маманға тапсырған сенімді.

Сонымен қатар студенттерді қоныстандыруға келісетін жалға берушіні табу оңай шаруа емес. Мысалы, біреулер оқу орнының адамдарын тіпті жақтырмайды, олардың көбісі жас жұбайларды ыңғайлы көреді. Ал, егер тұрғын үйді студенттерге жалға берген жағдайда талапты үйіп-төгеді.

— Мен пәтерді студенттерге жалға бергенге тіпті де қарсы емеспін, тек қыздарға ғана, — дейді Алтынай Маданова, өтілімен жалға беруші. — Сонымен қатар пәтерде тұрушыларды таңдауда менің өз өлшемдерім бар. Мен үшін ең бірінші әсер өте маңызды, мәнді, сондықтан мен әлеуетті пәтерді жалға алушылармен кездесемін. Тіпті азғантай байланыстың өзінде мен жас адамдардың тәртібін, көрген тәрбиесін анықтап қаламын. 

Пәтерді жалға қалай дұрыс алуға болады>>>

Тұрғын үйдің иелері жабықталған үйге студентті жібергілері келмейді.

— Студенттерге арналған санат бар, — дейді нақты түйіндеп «Адмирал» риелторлық агенттіктің басшысы Ирина Барбаева. — Өйткені, онда қатырып жөндеу жасаудың қажеті шамалы, қарапайым студенттерге бола береді, олар қонып шықсақ болды деп санайды.

— Мынадай қожайындар бар, — деп әңгімелейді астаналық риелтор Елена Кравцова, — оларға 10 адам қоныстанса да бәрібір, айырмашылығы жоқ, тек қана ақы төлесе жетіп жатыр. Егер қанша адамның болғаны әсер етпесе, студенттер көбірек қоныстануға тырысады. Пәтердің жанұяға басқа бағаға, ал, студенттерге — қымбатқа жалға берілген сәттер кездесті.100 мың теңге, мысалы, жанұяға, ал, студенттерге — 120-ға. Жанұяға қарағанда олардың саны көп, сондықтан молырақ төлей алады деп есептейтін шығар.

Сонымен қатар қарағандылық студент Екатерина да пәтерді жалғыз жалға алудың тым қолайсыздығын айтады.

— Мен әрдайым біреуменен қосылып жалға алуға тырысамын, өйткені, ол жалғыз адамға қымбатқа түседі. Сонымен бірге тұрғын үйдің бағасының мәселесі мен үшін маңыздырақ емес. Оқу кезінде білім ордасы жанынан пәтерді жалға алуға қарағанда, қаланың орталығында өте арзан болады

Сонымен бірге кез келген жынысқа байланысты пәтерлерді жалға алуда өзіндік күрделіліктері кездесіп қалып отырады. Мысалы, топтағы жігіттердің күні-түні жалға берушіні іздеп, шаршап-шалдығып, сарсылғандарын айтады Екатерина. Астанадан студент Дарын Көрпебаев, керісінше, соңғы уақытта мұнда бозбалаларға үйді жалға беруді қалайтындардың көбейгенін тілге тиек етеді, өйткені, жігіттер суды және жарықты орасан аз жұмсайды екен.  

Студентеріне бітім-болмыспен қарсы жалға берушілер бар, олар жинақылықтары үшін көбінесе жас отбасыларын қалайды.

Пәтерде тұрушылардың қайсысы бағалы

Ең тәуір тәртіп — пәтерді қамтамасыз етудің кепілдігі. Егер бөлмелерде тазалық және жинақылық болса, кейбір қожайын өздерінің студенттерін жазғы каникулдан күтеді.

— Иә, қожайын пәтерді жазға жалға береді, — деп түсіндіреді риелтор Ирина Барбаева, — бірақ, тек қана 20 тамызға немесе 1 қыркүйекке дейін деп ескертеді. Себебі, оның өзінің клиенті бар, бұл студенттерді ол біледі, басқасын іздеуді қаламайды.

Жалға берушінің тіпті өзінің тұрғындары үшін қобалжитын оқиғалары туралы айтты іскер маман.

— Үш бөлмелі пәтерде қыздар ұлдармен тұрған екен. Алғашында мен үшін таңданарлық жағдай болды. Алайда, оларда барлығы таза әрі тәртіп те болыпты, бұл пәтерді сатқан уақытта қожайын қатты толқыпты: осындай жақсы адамдарды енді қайда қоныстандырсам? Оларға баспана іздеуге көмектескен. Мұндай да болады.

Бірақ, бұл сирек кездеседі, көп жағдайда төлем ақысыз қыркүйекке дейін пәтерді бос ұстап тұруға кейбір жалға берушілер келісе бермейді.

— Сонымен, тамыздың ортасынан бастап, тұрғын үйді жалға беру нұсқаларының қаттырақ зәрулігі сезіледі, мен қожайынмен ертерек келісуге тырыстым, — деп әңгімелейді Екатерина Шкуратова. — Өкінішке орай, осы шарттарға жалға берушілердің көпшілігі тіпті де келіспейді. Олар маусым басталғаннан студенттердің тыныштық бермейтініне, пәтердің ешқашан бос болмайтынына сенімді.

— Егер пәтерді алушылар тұрғын үйдің арендасының ең болмағанда жарты сомасын төлеп қойса, мен қыркүйекке дейін оны ұстап тұра аламын, — дейді Алтынай Маданова. — Сонымен бірге жалға беруші ретінде менің беделім маған маңызды, сондықтан келісім шарттарын қатаң сақтаймын.

— Клиенттің тұрусыз қалдырған пәтер қызметі үшін жалдық құннан 50% сома туралы екшелеп, тиянақтап айтқанда, — дейді Дарын Көрпебаев. — Жалға беруші, оның сөзінше, басқа да пәтерде тұрушылармен қатаң түрде үш айға жалдың келісімшартын жасаған олар үшін пайдалы, қолайлы көрінеді екен. 

Пәтерді кімдер сатып алады?

Тұрғын үйді «алтын жастардың» нақ иеленуі міндет емес. Ата-аналар студенттерге негізінен бір бөлмелі пәтерді сатып алып береді. Неге пұлы жетеді дегендей. Бірақ, мұндай жағдайда оның оқу орнына жақындығы зор рөл атқарады. Екінші орында — баға. Аталған екі шартты салмақтай отырып, үлкендер солардың ең жақсысын таңдайды: үйдің хал-жағдайы, жөндеудің жасалуы, қабаты және басқалар бойынша. Басқа факті қызықты: күздігүні тұрғын үйдің қымбаттайтынын бүкілі біледі, сонда бұл кезде сатып алудың саны неліктен көтеріледі? Пәтерді ертерек, мамырда немесе шілдеде иеленуге әбден болады ғой.

— Алдыменен, келеді де, сосын жылжымайтын мүлікті жалға алуға іздейді, — деп нақ түсіндіреді «Проспект» қарағандылық риелторлық агенттіктің дамыту бойынша директоры Дмитрий Ли. — Ұнайтын нұсқаны тапса да, таппаса да бәрін бағамдайды. Қаланың сыртындағыға қарағанда қалада үйді жалға алудың бағасы қымбат екенін біліп, оны бірден сатып алуды қолайлы көреді.

Дмитрий Ли компанияда қаладан тысқарыдағы клиенттер көптен пайда болғанын айтады. Жалпы сатып алудың шамамен жартысы ипотекалық несиенің үлесіне анық тиеді. 

Тұрғын үйді иелену үшін қандай мамандықты таңдау керек?>>>

Мәселенің құны қандай?

қу маусымының басында жылжымайтын мүліктің және оның жалға алудың құны көтеріледі. Бірақ, нарықтың мамандары бұл мәселе жөнінде түрлі-түрлі пікірлер айтады. «Проспект» қарағандылық риелторлық агенттікті дамыту бойынша директоры Дмитрий Ли шынайы бағаның өсуінің жоқ екеніне бек сенімді. Жаздың соңында және де күздің басында басқа кезеңдегідей хабарландыруларда пәтер бойынша стандартты және ерекше ұсыныстарды кездестіруге болады. Мысалы, жалдың немесе сатудың шамадан тыс өскен бағасы. Басқа кезеңдермен салыстырғанда, оқу жылының басында тәуір нұсқаларды жылдам алып кетеді. Жоғары құн ұсыныстары қалады, осыдан қымбаттау шығады.

— Сонымен бірге бүгінгі таңда тұрғын үй нарығында жағдай біркелкі емес, — дейді Дмитрий Ли. — Құнсызданудан кейін жылжымайтын мүліктің бағасы тұрақты емес, жақын аралықта не болатыны тағы белгісіз. Қоғамда тағы бір күрмеуі мол жаңа құнсыздану болады деген қаңқу сөз жүріп жатыр, бұл әрекет нарықты онан сайын тұрақсыз қылады.

«Адмирал» риелторлық агенттігінің білікті басшысы күздігүні барлығы жәй өздерінің топтарына қайтып оралады дейді сенімді:

— Жаздыгүні сұраныс аз болады, өйткені, мамыр-маусымда студенттер жан-жаққа кетеді, көптеген пәтерлер босап қалады. Жалға берушілер тым төмен бағаға келіседі. Жалға беру бойынша ставка 10-15%-ға төмендейді. Әрине, тамыз-қыркүйекте студенттер оралғанда, аренданың құны өз орнына келеді.  

«AstКвартал» компаниясының аренда бойынша аға менеджері Елена Кравцованың нақпа-нақ айтуынша, Астанада 10-­15 мың теңгеге көтерілу байқалыпты.

25-30% — жалға берілетін пәтерлерге бағаның дәстрүрлі көтерілуі, тамыздың аяғында және қыркүйектің басында болады.

Kn.kz аналитикалық қызметі университеттерге жақындау орналасқан пәтердің арендасы бойынша баға ұсынысының өзгеруіне байланысты зерттеу жүргізді. Сонымен, Астанадағы Агротехникалық, Евразиялық, «Тұран-Астана» және Медициналық университеттерінің аудандарында орташа ставка 2014 жылы шілдеде пәтерге 655 долларды құрады  (бір бөлме үшін 490 доллардан үш бөлме үшін 1070 долларға дейін). 2-бөлмелі пәтер үшін университеттердің аудандарында орташа есеппен 680 доллар сұрайды.

2014 жылы шілдеде қымбат деген пәтер «Тұран-Астана» университетінің ауданында болды. Аталған ауданда пәтер үшін шамамен 720 доллар сұрайды (510 доллардан — бір бөлме үшін, үш бөлмелі үшін 1090 долларға дейін). Ең қолжетімді тұрғын үй Медициналық және Агротехникалық университеттердің нақтыланып аудандарында орналасқан. Мұнда бір бөлмеліге 435 доллар, 2-бөлмеліге — айына 640 доллар айқын ұсынылады.

Бюджеттік нұсқа — бұл қоныстанумен немесе қожайынмен нақ бірге тұрумен бөлменің жалдау құны болып та табылады. Мұндай нұсқа шілдеде студент үшін бір айға тұруға айқын 190 доллардан айналады. Ең «қымбат» бөлмелер Евразиялық және де «Тұран-Астана» университетінің маңайында ұсынылады — бір айға 205 доллар, ал, қолжетімді шаршылар Медициналық университеттің ауданында нақ болады — бір айға тұруға 175 доллар. Агротехникалық университеттің ауданында бөлменің жалдау құны айына 190 доллар тұрады.

Аталған талдауларға сүйенсек, өткен жылдары тамыздың соңында және қыркүйектің басында пәтердің жалдау құны шамамен 25-30%-ға қымбаттаған. Kn.kz аналитикалық қызметі маусым басталғаннан аренда ставкасының өсуі айына 800-850 долларға дейін баратынын болжайды. Астанада, «AstКвартал» компаниясының мәліметінше, Евразиялық университеттің маңайында бір бөлмелі пәтер шамамен 100 мың теңгеге,  екі бөлмелі —  150-ге жалға алынады. Медициналық университеттің ауданында бағалар біршама төмен: «бір бөлмелік» — 80­90 мың теңге, «екі бөлмелік» — 120­130 мың.

Астанада, «AstКвартал» компаниясының нақтылы мәліметінше, Евразиялық университеттің маңайында бір бөлмелі пәтер шамамен 100 мың теңгеге, екі бөлмелі — за 150-ге жалға алынады.

Студентке кеңестер

Психолог Елена Лазаревская тіпті өздерінің есейген балалары үшін ата-аналарға жауапкершілік жүктеледі деп санайды. Тұрып жатқан жерде тәртіп ұстай білу, — бұл тәуір де тәрбиенің нәтижесі. Мүмкіндік болса, туған-туысқандардың студенттермен бірге тұрғаны дұрыс әрі абзал деп кеңестер береді ерінбей-жалықпай ас психолог. Жанұя мүшелері жас студенттердің тәртібін бақылай алғанда, пәтерді жалға алу оңай. Тағы бір нұсқа — пәтерді тауып беруге көмектесетін риелторлармен ғана емес, ата-аналар жалға берушімен де танысулары керек. 

Студент Екатерина тұрғын үйді жалға алып тұрғанда, қожайынның кез келген уақытта келетініне дайын болу керектігін қатаң ескертеді. Сонымен, студентке қандай кеңестер беруге болады?

  • Пәтерді ертерек іздеу.
  • Қосымша шығынды талап ететін риелтордың қызметін сауатты пайдалану.
  •  Тұрғын үйдің қожайынына тәуір ықпалды аз жасау, ол құрған ережені қатаң сақтау керек. Осылардың ең бастысы: уақытында, дер кезінде төлем жасау, тәртіп ұстау, көршілердің шағымдарының түк те болмауы.
  • Өзіңнің бұрынғы жалға берушілеріңнің хабарламасын пайдалан. 
  • Егер ата-аналар жалға берушімен танысса керемет болады. Ата-аналардың, студенттердің және жалға берушілердің арасында тәуір қарым-қатынас салтанат құрса, пәтердің жазғы каникул кезінде де сақталуы әбден мүмкін.
  • Жалдық төлемнің көтерілу мүмкіндігін ертерек әңгіме етіңіз. Егер пәтер ұзақ мерзімге жалға берілсе, құнның бір жылға немесе жарты жылға «қатуын» тілге тиек етуге тұрады. 
  • Тұрғын үйдің қожайындары кейде күтілген екі студенттің орнына топырлап бесеуінің онда тұруына нақтылы келіседі. 3 пунктті қатаң сақтаған жағдайда.
  • Студенттерге, кез келген жалға алушыларға барлық ерекшелік пен талап анық көрсетілген жалдық келісімшартқа қол қойған артық емес.

Студенттік жылжымайтын мүлікке ақша құюдың ертеңі бар ма?

Шетелдік жылжымайтын мүліктің ресейлік іскерлі аналитигі Игорь Индриксонстың мәліметінше студент үшін тұрғын үйге ақша құю әлемдегі бүгінде келешегі бар бағыттың бірі болып саналады екен. Indriksons.ru болжамынша, жақын уақыттағы 12 жылда студенттердің жалпы саны екі есе көтеріледі және 260 миллион адамға жетеді, ең аз дегенде соның 8 миллионы шетелде білім алмақшы. АҚШ –та 23 миллион студенттің 750 мыңын — шетелдіктер құрайды. Ұлыбританияда 2,7 миллион студентке 450 мың шетелдік азаматтардан келеді. Франция мен Германияда 2,4-тен және 2,2 миллион жоғары оқу орындарында білім алушылардың 280 мен 170 мыңы тиісінше басқа елдердің азаматтары айқын болып есептеледі.

«Бұл түсіндіреді, — деп көрсетеді Игорь Индриксонс, — неліктен соңғы 5 жылда инвесторлар осылай белсенді студенттік жылжымайтын мүлікке ақша салып жатқандығын. Келісімнің көлемі Еуропада жылына 81%-ға өсті».

— Инвестициялық белсенділік студенттік тұрғын үй секторында жақын уақыттың бойында өзінің оң, тәуір динамикасын мықтап сақтай отырып, әрі қарай жоғарылай береді, — деп батыл түрде санайды ресейлік аналитик.

Қазақстандық студенттер және де риелторлар мұндай құрылыс туралы әзірге тек армандап қояды. Жылжымайтын мүліктің қызметкерлері Астана мен Алматы қалалары үшін студенттік жылжымайтын мүлікті нақ енгізудің ертеңі зор болар еді деп дәл санайды. Сонымен қатар риелторлар құрылысқа мемлекеттік қаражатты қоспай болмайтынына сенімді.  

Студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы білім және де ғылым Министрлігі 2012-2015 жылдарға жатақханалардың желілерін дамыту бойынша да Кешенді жоспар әзірледі. 2010 жыл мен 2013 жылдар аралығында республикада жоғары оқу орнында білім алу уақытында 3601 студентті тұрғын үймен нақ қамтамасыз етуге қабілетті жаңа 9 жатақхана салынып, пайдалануға берілді. 2014 жылы  республикалық бюджеттің есебінен жатақханалардың құрылысы бойынша 16 инвестициялық жоба іске асуда. ҚР БҒМ экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігіне 16 жатақхананың құрылысына 15 599 030 мың теңге шығын кететіні көрсетілген 2015-2017 жылдарға бюджеттік тапсырыс жолдады. Мұндай қарқынмен студенттерді баспанамен қамтамасыз етуде Қазақстанда проблеманың шешілетініне шенеуніктер нық сенімді.

Бүгінде, ҚР білім және ғылым Министрлігінде нақты көрсетілгендей, жатақханамен жүйелі қамтамасыз етілген студенттердің көрсеткіштік үлесі толық түрде орындалмаған. Ведомстваның мәліметтерінше, 2013-2014 оқу жылында қаладан тыс жерден келген студенттердің контингенті 225 305 адамды құрады. Қазақстанда 75 904 орынға есептелген 237 жатақхана бар. Көбіне Астанада 10 240 орындық 21 жатақхана нақты жұмыс істейді, қаладан тыс жерден келген студенттердің саны 28 849 адамды құрайды.

Шетелде сонымен қатар жанұямен қосып студенттерді қоныстандыру дәстүрі бар. Әсіресе, студент-шетелдіктер. Бұл іспен жекелеген бөлменің, әжетхананың, асхананың тұрғынын тек қамтамасыз ете алатын үйдің иелері шұғылданады. Мұндай тұрудың ыңғайсызы жанұяның тәртібіне көну керек. Оң жақтары — шетелдік жаңа тілді үйрену, білу барысында тәжірибелік пайдалы сабақтар алады.

Бұл бағыттама Қазақстанда аздап, біртіндеп, нақтыланып дамып жатыр. Сонымен қатар Астана мен Алматыда алғашқы студенттік хостелдер пайда болуда. Онда тек қана студенттер емес, кез келген саяхат жасаушы тұрақтай алады. Хостелдер — жайлы жағдайда азаматтарға арзан қонып шығуға толық мүмкіндік жасайтын бюджеттік қонақүй нұсқасы. Мысалы, Астананың орталығында орналасқан хостелдің нөмірлері күніне 2500 теңгеден айналады, сонымен бірге мұндай қонақ үйде бір айлық тұру құны бар болғаны 35 мың теңге тұрады екен. Бұл салқындатқышымен, екі қабатты керуетпен және интернетпен төрт орынды бөлме. Фен, ксерокс, душтық кабинкалар, үтік және тағы басқа тұрмыстық жайлылық аталған нөмірдің бағасына кіреді.

Қазақстандық құрылыс компаниялары туралы тілге тиек етер болсақ, бүгінгі таңда оларды шағын габаритті пәтерлер мықтап қызықтыратынын көптен айтып келеді.

Kn.kz ақпарат қызметі 

Тағы оқитындарыңыз:

Риелторлық агенттікті қалай таңдауға болады?

Пәтерді таңдау бойынша тәжірибелік кеңестер

Қолжетімді тұрғын үйді қалай иеленуге болады?

Подписка на статьи
Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.