Риелтор мамандығының күлкілі оқиғалары

Риелтор мамандығы соншалықты күш-қуатты қажет етпейді деген түсінік бар. Клиенттің офисіне телефон шалады, ұсынысын қалдырады, келесісіне хабарласады — ыңғайлы нұсқаларды мықтап та іздеуді өтінеді.

Ал, жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкерлері — кәдімгі келістірушілер, бар нұсқалардан олар қолайлы сұрауларды ұсынады. Ал, шынында, іс жүзінде бәрі басқаша болады. Өздерінің нәпақаларын табуға талпынған риелторларға қарасты клиенттермен байланыс орната отырып, біраз тер төгіп, еңбектенулеріне тура келеді.

«Сөйлесу керек пе?»

Тұрғын үйді сату немесе сатып алу кезінде өздерінің өмірлерінен ашық мысал келтіріп, клиенттер жиі риелторлардың мазасын алады. Жылжымайтын мүлікті сатушылар немесе сатып алушылар бірінші кездескен уақытта риелторды тым жақын досы ретінде қабылдап, өзі және туысқандары туралы сырын ақтарады. 

Олар бейне бір агенттікке жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселесінде көмек үшін емес, әңгімелесу үшін хабарласатын тәрізді.

— Бізде мынадай бір жағдай болды, — деп есіне түсіреді АБС Royal Estate астаналық жылжымайтын мүлік агенттігінің атқарушы директоры Расул Биккинин, — біздің мамандарға Астананың оң жағалауындағы екі бөлмелі пәтерін сатып беруді өтініп, ересек ер адам хабарласты. Сонымен қатар оның талабы тым жоғары болды. Бұл бағаға да, тіпті болашақ сатып алушыларға да қатысты еді. Бірнеше апта бойында ол күн сайын мәміленің жүру барысы туралы тынбай әңгіме айтып, мазаны орынсыз алып, риелторға телефон шалып тұрды. Арасында маманға басынан өткерген оқиғаларды, туысқандары мен көршілерін тынбай айтты. Нәтижесінде пәтер сатылмады. Тым жоғары шарықтаған баға көпшілікті қанағаттандырмады, тұрғын үй көлемін қарауға барған көптеген сатып алушылар қожайынның өзіне тіпті ұнамады.

Бағаны аздап түсіртуге келісу мақсатында қартайған қожайынды риелтордың өзі үйіне іздеп барды, бірақ, ол үйінде болмай шықты, ал, сөзшең көрші маманға бұл еркектің үйін сатқысы келмей жүргенін айтты. Ол жәй біреумен сөйлескенді жақсы көреді екен, ал, оның сөзін тыңдайтын адамы жоқ болып шықты.

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады >>>

«Ал, диван?»

Мынадай жағдай  болады, қолайлы объекті табылады, барлығы «көңілдегідей» делінеді, бірақ, қайдағы бір ұсақ-түйек себепке негізделіп, маманның бүкіл еңбегі далаға кетеді. Бір күні АБС Royal Estate астаналық агенттікте диванның... кесірінен мәміле жасалмай қалды.

— Пәтерді иеленген клиентке пәтердің интерьеріне әдемі-ақ жарасым тауып тұрған бұрышта орналасқан қарапайым диван ұнап та қалды, — деп еске түсіреді Расул Биккинин. — Сатып алушыға түсі де, формасы да ұнады. Ол тіпті жиһаз нысаны үшін жылжымайтын мүліктің сатушысына артық ақша төлеуге дайын болды. Бірақ, анау айтқанынан қайтпай қасарасып бақты. Бұл «демалыс орны» оған да қымбат екен, кез келген «байлық» үшін ол диванымен қоштасқысы келмеді. Нәтижесінде мәміле жасалмай қалды. Сатушы өз пәтерімен, диванымен қалды, сатып алушыға басқа үйді іздеуіне тура келді.

«Сіз әйеліме неге хабарласасыз?»

Тағы бір орасан таңқаларлық күтпеген бір оқиға АБС Royal Estate агенттігінде орын алды.

— Өзінің пәтерін сату мақсатында біздің агенттікке бір әйел хабарласты, — деп нақты әңгімелейді риелтор. — Мәміле жасаумен айналысатын агенттіктің маманы (қысқасы, бұл ер адам болатын) пәтердің қожайынына күніне бірнеше рет телефон соқты да. Араға бірталай күн түскеннен кейін күтпеген жерден тым кештеу мерзімде осы іспен шұғылданатын риелтордың телефонына ащы қоңырау естіледі. Трубкадан айқай-шу, даң-дұң басталады: «Сен өзі кімсің?», «Менің әйеліме неліктен әрдайым хабарласасың?», «Тез мойында, сен оның көңілдесісің бе?». Сөйтсе, пәтер иесінің күйеуі тек бір нөмірден белгісіз бір еркектің әйеліне бірнеше рет телефон соққанын байқап қызғаныпты. Кезекті қоңыраудан соң, еркек сабыр сақтап шыдамағандықтан, өзінің наразылығын білдірді. Нәтижесінде ұзақ түсіндіруден кейін мәселе шешілді, еркек көп уақыт бойында риелтордан кешірім сұраумен болды.

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер >>>

«Тойға барасыз ба?»

— Мен ойлаймын, үлкен талапқа жылжымайтын мүліктің саласында жұмыс істеуге тырысатын және де жұмыс істеп жүргендердің әрекеті кәсібилік жағынан толық сәйкес келе бермейді, — дейді «Проспект» риелторлық агенттіктің қызмет және дамуы бойынша директоры Дмитрий Ли. — Біз әрдайым да объектілердегі нақ өзіміздің бәсекелестермен соқтығысып қаламыз. Мысалы, орасан ірі коммерциялық объектілерде спорттық костюмдермен, велосипедте қаланың бір ауданындағы пәтердің ұсынысымен және т.б. риелтордың жүргенін маған байқауға тура келді.

Өзінің жұмысына зор жауапкершілікпен қарамайтын риелторлардың кесірінен аталған мамандықтың бар өкілдері зардап шегеді. Дмитрий Ли есіне түсірді:

  • Бірде мен коммерциялық объектінің қожайынымен кездесуге келдім, сонда ол мені көріп, былай сұрады:
  • Немене тойға жиналдыңыз ба?
  • Неге сіз олай ойлайсыз? — дедім мен.
  • Қайдан білейін, әдеміленіп киініп алыпсыз, — дейді. Ал, мен офистік дәрежемен киінгенмін.

Күн сайын таңқаларлық іс

Риелторлық агенттіктердің жұмысының принциптерін тұрғындардың түсінбеуі туралы дейді АБС Royal Estate астаналық жылжымайтын мүліктің агенттігінің атқарушы директоры Расул Биккинин:

— Біраз уақытқа дейін адамдар біздің жылжымайтын мүлік агенттігіне жиі-жиі хабарласатын, олардың талаптарынада сәйкес келетін жылжымайтын мүлік объектісінің дәлме-дәл мекен-жайын немесе пәтерді сатушының телефонын беруді сұрайтын. Бейне біз байланысуды оңға, солға лақтыратын қамқоршылық жасайтын ұйым тәріздіміз.

Біздің жылжымайтын мүлік агенттігіне түрлі қулықпен, тәсілмен өз пәтерін бағалау мақсатымен хабарласатын клиенттер туралы риелторлар әңгімелейді.

— Ұсынылған талаптардағы мұндай клиенттер пәтерді қатаң түрде нақтылы да үйден іздестіруді сұрайды, — деп түсіндіреді Расул Биккинин. — Риелтор барып, әлеуетті сатып алушыларға бірнеше пәтерді көрсетеді. Клиенттің бір нәрсеге көңілі толмаса, біраз уақыттан кейін келісімшартты бұзады. Нәтижесінде бұрынғы клиент өзінің пәтерін саудалап сатады және осындай үйдегі өзінің пәтеріне өзін қанағаттандыратын тиісті бағасын қояды.

Жылжымайтын мүліктің агенттігінің кейбір мамандарында дінге сенушілерге  «аллергия» пайда болды. «Проспект» агенттігінің риелторларында мұндай «ауру» олар толық түрде «дінге сенушілермен» бірнеше рет соқтығысқаннан соң өршіді, олар бұл туралы баспалдақты аттап жатып айтады екен.

— Осындай адамдар келгеннен кейін де бірден былай дейді: «Біздер дінге сенушілерміз, алдамаймыз, қорықпаңыздар! — деп таңданады қызмет және даму бойынша директор. — Ал, іс жүзінде олар жалпы риелтордың жасаған қызметіне төлем беруді қаламайды. Мәмілені ресімдегеннен соң, нотариустан шығады да, жоқ болады.  Мұндай дінге сенушілердің біреуімен біз соттастық. Нәтижесінде ол тек залалдың орнын толтырып қоймай, бар сот төлемін төледі. Қолайлы жылжымайтын мүлікті іздеуде біздің мамандарға бас июмен болды.

Жылжымайтын мүлік агенттігінің мамандарының айтуынша, іс жүзінде барлық мәміле олар үшін таңқаларлық оқиғаға толы болып жүр екен. Бірақ, риелторлар кез келген күтпеген жәйға мол түсіністікпен қарауға, клиенттердің талаптары шамадан тыс жоғары болса да, оларды мүмкіндігінше құрметтеуге тырысады.

Kn.kz ақпараттық қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Егер жылжымайтын мүлiктiң құжаттары жоғалса…

Пәтерден пәтерiге көшу

ТҚЖБ-тен «Қолжетімді тұрғын үйге» балама: бәрі үшін ипотека

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.