Кең байтақ дара Қазақстанның кез келген қаласындағы интерьерлерді безендендірушілерге сұраныс пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің санына тікелей байланысты.
Жаңа құрылыстағы көркем пәтерлердің, сонымен қатар «элиталыққа» көңілі толмаған жеке үйлердің иелері, бүгінгі таңда сәнді мамандықтың ең білікті өкілдеріне көбірек жүгінеді. Өйткені, үйдің немесе пәтердің интерьері — айтуға тұратын қожайындардың визит карточкасы.
Бұл тапсырманы өз беттерінше шешкеннен гөрі көптеген азаматтардың осы кәсіби шеберлердің қызметтерін пайдалануға тырысатындары кездейсоқ емес. Ал, сұраныс ұсыныстан туады. Қазірде бұл аталған нарықта жүздеген фирмалар мен мамандар-«жалғызіліктілер» жұмыс істейді. Бүгінде үйде жайлылық жасау үшін безендірушілер қандай пікірлер ұсынады? Астананың тұрғындары интерьердің қандай стилін қалайды? Соңында, безендірушінің қызметі қанша тұрады және бұл баға неге байланысты.
Дағдарысқа байланысты кейбір тоқыраудан кейін безендірушілердің қызмет жасау нарығы бүгінде ақырын болса да, дамуын жалғастыруда. Астана мен Алматыда бұл нарықтың кең өрістеуі түсінікті жәйт. Астаналық безендірушілер көбіне тұрғын үй ғимараттарының интерьерімен шұғылданады, мысалы, қарағандылықтар саудалық ұйымдарға — мейрамханаларға, кафе-барларға, клубтар мен сән салондарына көңіл бөледі.
— Бүгінгі таңда тапсырыс берушілер стилдер мен бағыттарға көбірек назар аударып сүйенеді, бұл тақырып бойынша Интернетте тұщымды, қажетті, пайдалы ақпараттың шегі жоқ, жетіп-артылады — деп әңгімелейді тәуелсіз безендіруші Ольга Ким. — Қазірде бұл нарықта өте көптеген фирмалар мен дарынды мамандар жұмыс істейді. Безендірушілер өздерінше тәуір, өздерінше бір әлем. Бір компаниялар дизайнды әзірлеу қызметін ұсынады, кейбіреуі эскиздік жобаны құрудан осы ғимаратта оны жүзеге асыруға дейін пәтердің немесе үйдің интерьерімен шұғылданады. Яғни, жөндеуді «кілтпен» береді.
Араларында белгілі, атақты суретшілер мен сәулетшілер, безендіруші-«жалғызліктілер» интерьерлердің дизайнын бөлекшелеп, сауаттылықпен табыс көзіне айналдырады. Өйткені, интерьердің брендтік атауы мәртебелі, ал, имидждің көп ақша тұратыны баршаға аян.
Өз бетінше жұмыс істейтін безендірушіні, сәулетшіні немесе суретші-сәндеушіні келешекте жасалатын жөндеу немесе қайта жобалау құрылғысына қеңес алу үшін жәй жалдауға болады. Әрі қарай талапқа сай дизайн-жобаны құру және авторлық қадағалауды жүзеге асыру туралы онымен шарт жасасу керек.
Безендіруші керек пе?
Бұл сұраққа тұщымды жауапты «Absolute» қарағандылық туристік фирманың директоры Ольга Бондарева береді:
— Басында мен пәтерде және офисте өз күшіммен бірнеше жөндеу жасадым. Бұл менің уақытымды көп алды, көбісін қайта жасауға тура келді, бірақ, мен ойлағандай, нәтиже көңілімнен шықпады. Оның үстіне әрі қарай қолдануға келмейтін өте қымбат құрылыс материалдары, өкінішке орай, артық болып қалды, бірақ, олар құрылысшылардың нұсқауымен сатып алынған еді. Сондықтан келесі жөндеу мәселесі туындағанда, Қарағандыдағы белгілі деген безендірушілерді жұмысқа жалдауды дұрыс деп шештім. Алдын ала дизайн-жобаны әзірлегенде, біз көп ақылдастық. Өз пәтерімді қандай күйде көргім келетіні туралы менде бүтін байламым болмады. Безендіруші адамның ойын дөп басатын және оған қандай стилдің ұнайтынын білетін тәуір психолог болу керектігін айта аламын. Нәтижесінде пәтерімдегі барлық бөлмелер түрлі стилде жасалды, бірақ, оларды ортақ романтикалық көңіл-күй біріктіріп тұрды.
Сонымен, Ольга қаржылық үнемділік бар деп санайды.
— Егер, мысалы, әр рулонын екі жүз евродан қымбат тұсқағаздар сатып алсаңыз, онда оларды барлық бөлмелерге жапсырудың қажеті жоқ, дизайн-жобаның жоспары бойынша небәрі екі рулон сатып алып, оны бір қабырғаға жапсыруға болады, сонда ол басқа құрылыс материалдарымен жарасымды өрнек табады. Бәрі-бәрі талғаммен жасалады, бірақ, бұл қарапайым адамның қолынан келмейді. Декордың кейбір тұстарын жөндеу процесі кезінде таңдауға ыңғайлы, ал, егер қандай да бір бастапқы пікірді жүзеге асыру мүмкін болмаса, оны әрі қарай жалпы сурет үшін еш шығынсыз кемшілікті жоюға болады. Нәтижесінде өткен жөндеу жұмыстарындағы алған тәжірибемнен сабақ алып, безендірушінің еңбегіне төлеген ақыма қарамастан, әжептәуір уақытымды және ақшамды үнемдедім, — дейді сенімді түрде Ольга Бондарева.
Маңызды: қайта жобалау!
Бірақ, егер пәтерлердің қожайындары қайта жобалау жасауды қаласа, безендірушімен жұмысты бастамас бұрын тұщымды, пайдалы, қажетті жеке жоба дайындау керек — қайта жобалау. Маңызды кезең: керемет қайта жобалауды тек кірпішті үйлерде ойдағыдай жүзеге асыруға болады. 2012 жылы Қазақстанда панелді үйлердегі пәтерлерге қайта жобалауға тыйым салынған заңнамаға өзгертулер енгізілді. Алайда, бұл пәтерлерде — мысалы, ванна бөлмесімен әжетхананы қосуды және асүй мен дәліз арасындағы қабырғаны бұзуды жасап құрастыруға келеді. Қайта жобалау пәтер иелеріне жеке төленетінін ерекше атап өтуге тұрады, оның құны дизайн-жобалау сомасына ешқашан да кірмейді.
Тағы бір маңызды мезет: қайта жобалау өз ісінің шебері кәсіби маманға тапсыру керек. Бұл жұмыс маманнан, әсіресе, сәулетшіден тек қана нақтыланған дағдыларды, әдеттерді емес, сонымен қатар тиісті қызмет түріне заңды лицензия талап етіледі. Тек интерьерлер дизайнына мамандандырылған безендірушінің, немесе суретші-сәндеушінің, тәртіп бойынша мұндай жұмысты жүргізуге ешқандай құқы жоқ.
Егер қайта жобалау тасымалдағыш қабырғаларға қатысты болса, мысалы, сіз одан арка жасағыңыз келсе немесе оны біртіндеп бұзғыңыз келсе, онда сізге сәулетшімен қайта жоба жасағанға дейін қалалық әкімдіктің сәулет бөліміне хабарласу керек. Мұнда сізге сәулет-жобалау тапсырмасын (СЖТ) береді, ол техникалық паспорт және басқа да тиісті құжаттардың негізінде хабарласқан күннен бастап, жеті күннің ішінде дайын болады. Содан кейін қабырғаны бұзу туралы ақпарат және конструкцияны күшейту жоспары арнайы көрсетілген қайта жобалау дайын болғанда, онымен сонымен қатар қалалық әкімдіктің сәулет бөліміне хабарласу қажет. Егер жобаны заңды түрде бекітілсе, келешектегі қайта жобалау туралы құлаққағыс қылып, білдіріс жасау үшін сізді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне (МСҚБ) жібереді. Мұнда сізге хабарласқан күні (нақтыланған уақытта) халыққа пайдасы орасан құрылыс жұмыстарын ертерек бастауға рұқсатнама береді. Егер қайта жобалау тасымалдағыш қабырғаларға қатысты болмаса, онда тиісті құжаттарды рәсімдеу сондай қиынға соқпайды, сәулет бөліміне хабарласса жетіп жатыр.
— Жылжымайтын мүлікке меншік құқы мен жеке тұлғаны растайтын құжаттар заңды талап етілетіндіктен біз қайта жобалау әзірлейміз, оны рәсімдеумен тапсырыс беруші тек өзі ғана айналысады, — деп түсіндіреді сәулетші Елена Безгинова. — Сәулетші тек қайта жобалау жасағаны үшін төлемақы алады.
Егер қайта жобалау дайын болса және тиісті құжаттар алынса, интерьердің дизайн-жобасына білек сыбана кірісуге болады.
Бәрі бірден емес
Безендіруші Ольга Ким тапсырыс берушімен өз жұмысы туралы әңгімеледі. Барлығы автордың ойы нақты жазылып көрсетілген эскиздік жобаны жасаудан басталады. Эскиздік жобаға кіретіндер:
- Реконструкцияға дейінгі арақабырғаның жоспары.
- Реконструкциядан кейінгі арақабырғаның жоспары (функционалды жабдықтау), бірнеше варианттар.
- Сантехникалық құрал-жабдықтарды орналастыру жоспары.
- Есіктерді ашу жоспары.
- Еденнің жоспары.
- «Жылы еденнің» жоспары.
- Салқындатқыштарды орналастыру жоспары.
- Жиһаздарды орналастыру жоспары.
- Розеткаларды орналастыру жоспары..
- Сөндіргіштерді орналастыру жоспары.
- Төбенің жоспары.
- Шам-шырақтарды орналастыру жоспары.
- Сәндік жарық астының жоспары.
- Төбені бөлу жоспары.
- Толық, нақтылау.
- Суреттер, сенімді сәттер.
- Материалдарды есептеу (тұсқағаздар, галтелдер, молдингтер, паркет, плитка).
Алғашында барлық алаңды функционалды жабдықтау әзірленеді — бөлмелердің, жиһаздардың орналасуы, яғни, ненің қайда болатыны.
Дизайн-жобалауды жасаудың келесі қадамы — стилизация.
— Тапсырыс берушімен әңгімелесу процесі кезінде стилді әзірлейміз, интерьердің негізгі пікірін іздейміз және дамытамыз, — дейді «Архивольт» сәулет және дизайны қарағандылық студиясынан сәулетші Лилия Назмутдинова. — Сырлау және қабырғаның, еденнің, жарықтың, тоқыманың сұлбасы — бұның барлығы жалпы суретке сыю керек. Біз жүйені, тіпті розетканы, сөндіргішті, жылу радиаторын жайластыруға дейін айқын белгілуіміз қажет. Әрі қарай құрылысшылар қатаң түрде нобаймен жұмыс істейді және артық сұрақ қоймайды. Сонымен, жобаға жарықпен төбе жоспарлары, дәлме-дәл мөлшерімен еден, қабырға жоспарлары кіреді. Егер біз, мысалы, суретті орналастыру мақсатында қабырғаны сызсақ, онда бұл кездегі жұмысты, яғни, бұл суретті қалай ілуді білгеніміз — ортасынан немесе ассиметриялы. Сосын оң әсер жасап, интерьердің бөлшегін толтыруды бастаймыз.
Тапсырыс беруші безендірушімен бірге дизайн-жобаны бекітеді, жұмысына ақысын төлеп, оны дайын күйінде қолына алады. Ол маркирлік жоспарларды, жарық беру жоспарларын, үш мөлшерлі моделдеуді кіргізеді — әрбір ғимаратқа бірнеше сурет және материалдар бойынша есептерді көрсететін қабырғалық айналма, жиынтық тізілім болады.
Осы кезеңмен безендірушінің тапсырыскермен бірлескен жұмысы аяқталады. Тапсырыс беруші өз бетінше құрылыс материалдарын сатып алады және өмірге керемет пікір енгізетін жұмысшылардың бригадасын жалдайды. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру туралы безендірушімен келіседі.
Құрылысшылардыкөздентасақылмаукерек!
— Авторлық қадағалау — бұл майталман сәулетші-безендірушінің құрылыс алаңында болуы, құрылысшылармен кездесулер, бақылау, құрылыс материалдарын сатып алу, — деп түйеді ҚР сәулетшілер Одағының мүшесі, G-Group компаниясының басшысы Юрий Герман. — Әрине, өте маңызы зор құрылысшылардың дәл есептемеуі мен қателіктерін сәулетші уақытысында жөндейді. Оларсыз бірде-бір жөндеу жүргізілмейді. Жұмыс істеп жатқан сәулетшілердің, безендірушілердің бірге тірлік қылатын бригадалары болады, олар туралы тапсырыскерді хабардар етеді. Егер безендірушіні тапсырыскер өз бетінше жалдаса, ол кез келген құрылысшымен байланысқа шыға алады.
Құрылысшылардың жұмысына бақылау жасаумен қатар безендіруші материалдарды таңдауды жүзеге асырады. Егер тапсырыс берушінің нақты мүмкіндігі болса, материалдар шетелден тасылынады.
— Біз бірде тапсырыс берушімен Қытайға бардық, — деп еске түсіреді Юрий Герман. — Материалдарды таңдау авторлық қадағалаусыз өмір сүрмейді — мен материалдарды сатып алдым, менен басқа ешкім ретке келтірмейді. Авторлық қадағалау материалдарды таңдаусыз жүзеге асады.
Ольга Бондарева авторлық қадағалаусыз дизайн-жобаға тапсырыс берудің еш мағынасы жоқ деп санайды.
— Егер сенің жаныңда жоғары білікті тәжірибелі жұмысшылар істесе де, кейде безендірушінің ойындағының, көкейіндегінің бәрін олар өмірге енгізе алмайды, — дейді ол. — Жұмыс барысында бір нәрсеге, әйтеуір, міндетті түрде өзгеріс қосу талап етіледі, бұл тек авторының қолынан ғана келеді. Оның үстіне жөндеу жасау кезінде жұмысшылармен сөзге келу, керісіп қалу жиі-жиі болады, мұндай шуы көп даулы мәселелер кәсіби емес, яғни, тапсырыс берушіге қиынырақ, ауыр соғады. Құрылысшылар безендірушілерді жақсы көре қоймайды — өйткені, олар сапасыз жұмыс жасауға жол бермейді. Бұл безендірушінің тәуір жағы.
Авторлық қадағалауға келісімшарт негізінде заңды ақы төленеді. Бір айдан жарты жылға-бір жылға дейін, мүмкін, созылатын жөндеу-құрылыс жұмыстары кезінде безендіруші болмаса бір айлық жалақы, болмаса соманы нақты бөліп-бөліп алады.
Бұрын айтылғандай, көп фирмалар «пікірден — «кілтке» деп жұмыс орындайды. Мысалы, «Астана сұлу» компаниясында интерьердің дизайнымен және ландшафттық дизайнмен мынадай қызметтер қарастырылған:
- ғимаратты сәндеу (жиһаздарды, сантехникаларды, декор заттарын, жарықты, тоқыманы, аксессуарларды және т.б. таңдауға көмектесу );
- көркемдік сәндеу (қабырғаларды, витраждарды, қол жұмыстары өнімдерін әшекейлеу);
- коллаж (жиһаздар мен құрал-жабдықтарды орналастыруда жоспарлы және стилистикалық шешім);
- жөндеу-құрылыс және әрлеу жұмыстары;
- қабырғаларды көркемдеу.
Мәселенің құны
Дизайн-жобаның құны көптеген факторларға байланысты, бірінші кезекте оған авторлық қадағалаудың кіргендігі немес кірмегендігі әсер етеді.
Егер тәуелсіз безендірушілердің қызметтері әр шаршы метріне орташа 5-тен 50 долларға (шамамен 750-ден 7500 теңгеге дейін) тұрса, онда көптеген фирмалар әр шаршы метріне дизайн үшін 3,5-нан 4 мың теңгеге дейін баға қойып, бұл рамканы тарылтады.
Тәртіп бойынша шағын ғимараттың дизайны әрбір шаршы метрмен есептегенде, тапсырыскерге орасан қымбатқа түседі. Керісінше, компания егер ғимараттың алаңы жүз шаршыдан асса, жағдайды түсініп, жеңілдік жасауы мүмкін.
Белгілі, тісқаққан, майталман сәулетшілер мен безендірушілер лицензия бойынша және келісімшарт негізінде жеке-жеке жұмыс істейді, сондықтан баға оларда басқаша болады.
Сәулетші мен безендірушілікке оқып жатқан шәкірттер бар. Мұндай жас талапкерлер аталған салаға қажет, олар қарапайым ғимараттардың дизайн-жобасын тым арзан сомаға жасап береді. Әрине, олардың тәжірибелерінің аздығын жоққа шығаруға болмас, шәкірттер маңызды жұмыстарға тәуекел етпейді, бірақ, олар түс гаммасына, құрылыс материалдарының фактурасына, тоқыманы сауатты қолдануға ақыл қосып, пікір білдіре алады.
Интерьердегі қазіргі заманғы бағыт
Қазақстандықтардың, соның ішінде Астана тұрғындарының тұрғын үй ғимараттарындағы ішкі көрінісінің сәні бүгінде неде? Бұл туралы әйгілі безендірушілер айтады.
— Қандай да бір стиль болмасын — салтанатты, сырбаз, емін-еркін немесе бірегей әрбір объектінің сәні, мәні жанұя өмірінің үлгісіне сәйкес келуі тиіс, — деп санайды тәжірибелі безендіруші Ольга Ким. — Мен әрдайым демалыс пен көңіл көтерудің арасындағы тамаша балансты табуға тырысамын және кеңістікті сәтті жоспарлау, сырды, материалдар мен тоқымаларды дәл, дұрыс үйлестіру түрінде жобаны жүзеге асырамын. Осындай сәулеттердің арқасында ол еңбек күнінен кейін ынтамен оралатын және өзін үйде еркін сезінетін орынға айналып отыр. Сарапшылардың айтуынша, астаналықтар күлгін түсті, яғни, сабырлы екпінді қалайды, ашық түстен жиі қорқады, оны қабылдай алмайды. Ал, стилдердің өз арасынан қазіргі заманғы әзиз классиканы (неоклассиканы), минимализмді, модернді (сәулетші Ле Корбюзьенің пікірімен) жөн дейді. Енді соңғы «жарық» ТМД елдері бойынша әйгілілікке ие болған — лофты болып табылады.
Неоклассика — қазіргі заманға бейімделген, тұрмыстық техниканың мағынасымен үйлесетін, өте жеңіл, ұстамды, байламды классикалық стиль. Ең бірінші жоспарға жеңіл материалдар, төсектік рең, нақты түр мен бағыт кіреді. Мұндай интерьердің ерекше бір белгісі — ол жынысына және жасына қарамастан кез келген адамның ойын қанағаттандырады. Негізгі күш материалдың сапасына арналады. Бүгінде қамтамасыз етілген тапсырыс берушілер нағыз материалдарды қалайды — ағашты, паркетті және тіпті мәрмәрді, текстурлық бір реңді тұсқағаздарды жақсы көреді.
Минимализм — бұл стиль кеңістіктің таза геометриялық бағытында, түс пен түрдің шағындылығында дегенді нақты білдіреді. Ол тұрмыстық қоқырсуға, ластыққа, настыққа яғни, артық қатеге шыдамайды. Мұндай интерьерлердің «пірі» — бұл көп ауа, жарық пен еркін кеңістік.
Модерн — француз тілінен аударғанда, «қазіргі күнгі» деген мағынаны білдіреді және «сәнді» деген сөзбен де қатар жүреді. Бірақ, ол сонау XIX ғасырдың екінші жартысында (шамамен 1860 ж.) заманауи болды. Оның минимализмнен айырмашылығы модернге қазіргі заманғы материалдарды пайдаланатын нағыз табиғи бағыт тән (металл, әйнек) деуге тұрады. Модерн стилін ар-нуво («жаңа өнер», Франция), арт-деко (XX ғасырдың басы, модерннің жинағы және неоклассицизм), югендстиль («жас стиль», Германия) сияқты белгілі, атақты стильдердің қатарына тікелей және жанама түрде сеніммен қосуға болады.
Лофтының таза шығу тегі, табиғаты американдық және ол өз бастауын тек фабрикалық құрылыстардан, қоймалардан және шеберханалардан алады. Кіреберістен бірден барлық пәтерлердің көрікті, әсем көрінісі ашылады, диагоналынан ең түкпірдегі қонақжайдың бұрышын көруге болады. Күндіз жарықты қажет етпейтін барлық шаруашылық бөлмелер шығар жерге орналасқан. Мұнда бар бағанасымен бөлінген асүй бар. Жайлылық туралы дәстүрлі түсінікке ие адам үшін мұны бәрі аздап ыңғайсыздау: бұл жерде бұрыштар көп емес, кеңістік тұмшаланған, есесіне мол бостандық және ауа жетеді. Бұл баспана заманауи, ашық, мөлдір өмір үшін.
Александр Титарев, сәулетші, безендіруші, қарағандылық қала құрылысының «патриархы»:
— Жас ұрпақтан сәулетшілердің көпшілігі, Қазақстанда да, Ресейде де жобалаумен қоса интерьерлердің дизайнымен жан-жақты шұғылданады. Қарағандыдағы қызмет осыған дәл үйлестіріліп, өмір сүреді, біз бұрын жобалаған ірі сәулеттік объектілер бүгінде өте аз мөлшерде салынады. Біздің көптеген майталман жігіттеріміз Астанада немесе Астанаға жұмыс істеп жатыр. Мен үшін бұл игілікті іс тартымды, ыңғайлы болып есептеледі. Дизайн кәсіби шеберге өз ойын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, осы арқылы мен шығармашылық шыңға шығамын және тапсыру берушінің көңілін қанағаттандырамын. Расында, бұған уақыт пен күш мол жұмсалады.
Питерде біз әрқашан бірнеше елдерде тұратын жастар үшін пәтер-студия жасадық. Бұл пәтердің дизайн мәселесі — неондармен түнгі қала, сен қандай қалада екеніңді түбегейлі түсінбейсің. Белгісіз түнгі қаланың пікірі, ойы. Тым, өте керемет, көрнекті, әдемі жұмыс. Мұндай игілікті істі жүзеге асыру оңайға соқпады, қиындық деген жетіп артылды. Сонымен қатар ас безендірушіге төлемақы мұнда төмен болды. Мәскеуде және Питерде дизайн шаршысына 50-ден 200 доллар дейін тұрады. Әрине, Питерде шаршысын 30 долларға авторлық дизайн жасайтын жас безендіруші-шәкірттер бар.
Питерде авторлық қадағалау айына үш мың доллар тұрады. Шетелде шаршысына үш мың доллар алатын белгілі, әйгілі шебер безендірушілер миллиардерлерге, атақты адамдарға әдемі дизайн жасайтынын мен білемін. Салауатты адамдар тобы қалыптасады — біреуі бірегей үстел мен орындықтарды ұйымдастырады, кейбіреуі баппен скульптурды қашайды, үшіншісі елде жоқ шам-шырақты ойластырады. Бұның бәрі эксклюзивті және тек сен үшін. Бізде де қазір безендірушілер жұмыс істейді, хабарландырулар көп, ненің не екенін адамдар түсіне бастады, бүгінде бұл бизнестің түрі орасан даму, өрістеу биігінде тұр. Бұл адамдардың жағдайларына байланысты сұранысқа ие болады, бірақ, баспана салынып, сатылуы керек.
Питерде тұрғын үйдің ескі, көне, салт-дәстүрі, мәселен, мәңгі сақтауға тұратын көптеген бағалы антикварлық заттар бар. Қазақстанда адамдар жылжымайтын мүлікке үлкен ақша салуға талпынбайды, тырыспайды. Питердегі салтанатты жағдайларға қарағанда бізде қарапайымдылық тым басым. Бірақ, сөйте тұра олар ойындағылар «қымбат-көрнекті» көрінгенін қалайды. Ал, көркемдік метафизикалық шығармашылық бөлшегі далаға, сыртқа кетеді.
Интерьердің дизайнын әзірлеуге кеңестер
Егер сіз өзіңіздің интерьеріңіздің дизайнымен жеке шұғылданамын деп шешсеңіз, онда бірнеше пайдалы кеңеске құлақ түргеніңіз артық болмайды.
Стилдік шешімді енгізу
Қазірде баспананы керемет жабдықтау бойынша ақпараттар жеткілікті. Сондықтан өз басыңызбен тиянақты ойланып, шешу керек – сізге қандай интерьер ұнамды? Мүмкін болар варианттар:
• сіздің өзіңізге не қонымды;
• сән журналындағы суреттердей ме;
• «Еуропадағы қазіргі сәндей ме»;
• Біреудің қосқан ақылындай ма (дос, серіктес, ата-аналар және т.б.).
Дизайн өзіңіздің тұрғын үйіңіздің бүтін кескін-келбетін көрсетеді. Сондықтан 2-3 бөлмемен шектелмей, барлық пәтердің немесе үйдің жалпы тұжырымдамасын мықтап ойлану қажет.
Жобалық және жоспарлық жұмыстар
Интерьерлер дизайнының барлық тапсырыс берушілерінің ортақ ең көп тараған қатесі — өздерінің шаршы метрлеріне көбірек функциональдылықты «тығындау» болып табылады. Нәтижесінде сіз интерьердің дизайнымен емес, көптеген шкафтар мен шкафшалардың дизайнымен әуреге түсесіз. Адамға жайлы ұяшық жасау туралы керемет пікір өз ынтаңызбен қайдағы бір құнсыз кепеге айналады.
Әрлеу материалдарын таңдау және сатып алу
Материалдарды нақты компаниядан және нақты менеджерден сатып алған әбден дұрыс. Компания-сатушыдағы адамдардың тек кәсібилігіне, жауапкершілігі мен сақтылығына түсетін материалдардың кестесі және соған сәйкес жұмыстардың орындалу кестесі байланысты. Егер әкелу күтілетін болса, тапсырысты ертерек жасаған жөн.
Жөндеу жүргізу кезіндегі мердігерлермен арақатынас
Өте төмен бағаға «сатылып кетпеңіз». 3-4 құрылыс ұйымдарына телефон шалып, бөлмені әрлеу жұмыстары бойынша азғантай мониторинг жүргізіңіз — сөйтіп, сіз тұрғын үй алаңының әр шаршы метрінің жұмысының шамамен құнын біліп алып, әрі қарай еркін қимылдайсыз.
Kn.kz Ақпарат қызметі