Егер жаңа құрылыста кемшілікті байқасаңыз

Келешекте көптеген проблема байқалған кемшілікке байланысты болғандықтан, оны маңызды кезеңде уақытында — сатып алушыға пәтерлерді қабылдау-беру актісіне қол қою кезінде ескерту керек. Нені білу қажет? Міне, бірнеше ақыл-кеңес.

Алдын ала объектіні пайдалануға берудің кепілдік мерзімі барын әрқашан, әрдайым ескерген жөн, осы аралықта мердігер (бас мердігер) белгілеген мерзім ішінде барлық анықталған кемшіліктерді, сәйкессіздікті және тәртіпсіздікті түбірінен түк қалдырмай жоюға міндетті. Кепілдік мерзім құрылысқа тапсырыс беруші мен мердігердің (бас мердігердің) арасында келісімшарт жасалған тұста салынған объектіні пайдалануға берудің нормативтік мерзіміне тікелей байланысты белгіленеді, бірақ, ол объектіні пайдалануға беру күнінен бастап, шамамен екі жылдан кем болмауы тиіс.

Пәтерді сатып алушының иеленуінен бұрын үйді мемлекеттік комиссия қабылдауы тиіс. Сондықтан үйді пайдалануға беруді енгізу актісінің хабарламасын талап еткен дұрыс.

Қабылдау-беру актісіне қол қою кезінде ұсынылып отырған пәтер келісімшарт шарттарына сәйкес келуіне, әрлеу жұмыстарының сапасына тиянақты, ыждағатты назар аударылуы керек. Үлескердің қолында қарау парағы болуы тиіс, онда пәтерде анықталған кемшіліктер жазылады. Осы құжатта анықталған кемшіліктерді құрылыс салушы қандай мерзімде жоятыны анық әрі нақты көрсетіледі. Орындалған жұмыстардың төмен сапасы туралы білдіріс жасауға пәтердің дәйекті сараптамасы талап етіледі.

Анықталған кемшіліктер бойынша барлық наразылықтар жазбаша түрде құрылыс компанияларының өкілдерінің қол қоюы арқылы екі данамен заңды рәсімделеді. Сосын кемшіліктерді жөндеуді — келісілген уақытты, мерзімді күту басталады.

Егер құрылыс салушы дефектілердің уақытысында орнын толтырмаса, сонда да пәтерді қабылдауға болады. Бұндай жағдайда ең қолайлы вариант — қабылдау-беру актісінде пәтердің кемшіліктермен қабылданғанын міндетті түрде көрсету керек және актіге қосымша олардың нақты тізімі тіркеледі.

«Үлестік құрылысқа қатысу туралы» Заң егер тұрғын үй белгіленген сапаға сәйкес келмесе, қабылдау-беру актісіне қол қоюдан үлескерге бас тарту құқы берілетінін мықтап есте ұстаңыздар!

Түсініктеме

Ғалымжан Абдырайымов, Аймақтық даму Министрлігі жанындағы ТКШ-ның  және құрылыс істері жөніндегі Комитеттің төрағасы: 

— Құрылыс сапасын қамтамасыз ету құрылысқа барлық қатысушылардың, тек қана мемлекеттік органдардың емес, бірінші кезекте тапсырыс берушінің өзінің, жобалық және құрылыс компанияларының,  техникалық және авторлық қадағалаулардың, жобаның сарапшыларының және жергілікті атқару органдарының ортақ тапсырмасы болып табылады. Әр кезде объектінің сапасы жобаның және орындалатын (орындалған) құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасына байланысты. Қазіргі таңда жобалық және құрылыс-монтаждық қызмет «Лицензиялау туралы» ҚР Заңына сәйкес лицензиялауға жатады.  Бірақ, көбіне құрылысқа тапсырыс берушілер жобалық және құрылыс жұмыстарын орындауға объектілердің жауапкершілік дәрежесіне сәйкес келмейтін лицензиялық категориясы бар тұлғаларды тартады.

Сәуле Жұмағазина, «Best Realty» жылжымайтын мүлік агенттігінің риэлторы:

— Құрылыс салушының беделіне, абыройына сақтықпен қарау керек. Ол осыған дейін қандай тұрғын үй кешендерін салғанын, олар қалай тапсырылғанын, қандай проблемалар болғанын білу орасан маңызды. Мүмкіндігінше, үлестік қатысу туралы және инвестициялау туралы келісімшарт жасасқанға дейін бұның бәрін анықтау қажет. Егер объектіде құрылыс жүріп жатса, оны келіп көріп, жағдайға әділ баға беруге болады. Сонымен қатар компанияға тыйым салудың бар-жоғын білу де өте маңызды. Құрылыс салушы түрлі сот істеріне қатысып жатқанда, құрылысты тоқтатын кездер болады.

Сенімділік белгілері 

Проблеманы шешкеннен гөрі оның алдын алған оңай екендігі белгілі жәйт. Сондықтан егер сіз үнемдеу мақсатында үлестік қатысу туралы шарт бойынша аяқталмаған құрылыс кезеңінде дайын ғимараттан баспана иеленуді шешсеңіз, құрылыс сапасының проблемаларын тағы құрылыс салушының таңдауымен жоюға тура келеді.

Көптеген құрылыс салушылар тапсырыскерлерді қолайлы ұсыныстармен, тәуір жеңілдіктермен және әртүрлі акциялармен өздеріне тартуға тырысады. Бірақ, бұның шындығын немесе қарапайым жарнама екендігін кім біледі, ақша жоғалып кетпей ме?

Құқық, техникалық құжаттама мен құрылыс саласындағы мамандар біраз мәселелерді тікелей төтесінен қояды, әлеуетті сатып алушының арқасында ол құрылыс салушының сенімді, сенімсіздігін өз бетінше анықтай ала ма?

Бірінші мынаған назар аудару керек, — құрылыс компаниясының әйгілілігі. Атақты, абыройлы, беделді компания ешкімнен ешқашан қорықпайды, БАҚ-мен біріге жұмыс істейді, тірлік қылады, яғни, өз беделін жоғары дәрежеде биіктетіп ұстауға тырысады.

Құрылыс салушыға сенімділіктің екінші белгісі — тұрғын үй кешендерінің құрылысындағы көп жылдық кәсіби тәжірибе және жаңа қоныстанушылардың оң пікірлері, ықыластары. Тілектерді Интернеттен табуға болады немесе жалқауланбау керек — кез келген объектіге барып, онда тұрып жатқан адамдарға сұрау салу артық емес.

Еліміздегі ең маңызды құрылыс компаиялары, тәртіп бойынша, Қазақстан құрылыс салушылары Ассоциациясының мүшелері болып табылады. Егер компания оның құрамына кірсе — бұл қосымша мәртебе.

Жылжымайтын мүлік нарығын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында құрылыс салушының мемлекетпен біріге жұмыс істеуі қажетті пункт болып саналады, мемлекет — ең тұрақты қаржылық серіктес.

Егер таңдалған құрылыс салушы осы өлшемдерге жауап берсе, оны сенімді деп есептеуге болады.

Фото: vintika.net

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Құрылыс жаңғырығы: сан немесе сапа ма?

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.