Сенімді банкті таңдаймыз

Қазіргі таңдағы тұрақсыз экономикалық жағдайда аздаған күш-еңбекпен келген пайданы сақтау және оны көбейту мәселесі күн тәртібінен еш түспей, күрделірек болып тұр. 

Күнделікті туындаған іске сәйкес осыдан екі ай бұрынғыға қарағанда сенімді банкті таңдау ең маңызды қадам. Сондықтан кез келген қаржылық институтқа өзіңіздің жиған-тергеніңізді салмастан бұрын мәселеге объективті түрде жіті қарап, оның қаншалықты тұрақтылығын дәл бағалап, шарттардың қаншалықты қолайлылығына баса назар аударып, аса көңіл бөлу қажет. 

Салыстырмалы кестені құрыңыз

Экономика және банктік салада ауыз толтырып айтарлықтай сол көрген-білгені жоқ адамның өзінің шағындау салыстырмалы талдау жасай алатынын атап өтуге әбден-ақ болады. Қоғам қайраткері және құқық қорғаушы Ермек Нарымбаев тәжірибеде мынадай нақты әдісті қолдануды ұсынады:

— Салыстырмалы кесте құрыңыз. ТОП-10 немесе ТОП-5 қазақстандық банктердің арнайы сайттарына сауатты түрде дәл кіріңіз, тынымсыз телефон шалыңыз, тұщымды да маңызды ақпараттарды жинаңыз. Объективті бағалау үшін мұндай кестеде төмендегідей бөліктер болады: мерзім, сома, пайыздар, сонымен қатар СЖТС-ы (банктің төлемдеріне байланысты барлық комиссия мен шығындарды есептегенде, несие бойынша сыйақының жылдық тиімді ставкасы), комиссия және сақтандыру жарнапұлының  мөлшерлері. Жалпы, СЖТС-ы әлеуетті клиенттерге толық және жан-жақты ақпараттарды ұсынуға міндетті, бірақ, іс жүзінде кейбір банктер аталған көрсеткішті жүзеге асыруда қарызды ұйымдастыру және сақтандыру жарнапұлы үшін оған комиссияны кіргізбейді. Бұдан да басқа өткен жылы күзде ҚР Жоғарғы Соты ссудалық шотты енгізу үшін комиссияға тыйым салған-ды, алайда, кейбір банктер әлі күнге бұрынғыша оларды айқын қолданып келеді, сондықтан әрдайым өте ыждағатты болу керек. Сосын кестенің бөліктері толыққасын, сіздің маңызды мақсатыңыз үшін қандай банкке бару керектігіне бағыт ұстай аласыз, — деп ұғындырады сараптамашы.

«СЖТС-на қатысты қосарымыз, клиенттерге ақыл-кеңес беру кезінде банк СЖТС-н айтуға міндетті, және сіздің көңіліңіздегі мерзімді, несиенің сомасын, бастапқы жарнапұл мен депозитті сұрауы керек, әрине, ондай болса. Түрлі банктердің СЖТС-н салыстырған уақытта мұндай көрсеткіштің шотына қандай комиссияның кіргенін алдын ала білген дұрыс».

Арнайы тұщымды ақпараттардан басқалай жекелеген банктерге немесе банктік бағдарламаға арналған мүмкін болар форумдарға және шақыртуларға қатысудың қажеті тым шамалы. Адамдардың тарихы банктердің өздерінің клиенттерімен қаншалықты таза екенін бағалауға, банктердің шарттарымен ат үсті танысуда көзге іліге бермейтін ерекшелікті анықтауға және жылдам шешімдерді қабылдаудан сақтануға көмектеседі. 

Депозиттердің жоғары пайыздары сақтандыруы тиіс

 Сіздің қолыңызға барлық қажетті ақпараттар түсіп, танысқаннан кейін шынайы жағдайды және де сіздің сұранысыңызды есепке ала отырып, оларға жіті талдау жасау қажет. Мәселен, депозитті ашу үшін банкті таңдағанда, адамдардың көпшілігі бірінші кезекте пайыздық ставкалардың мөлшерлеріне тым назар аударады, олардың жоғары болғандығы туралы пікірге тоқталады. Алайда, расында, жоғары пайыздық ставкалар банктердің пассивтерінің көп жетіспейтіндігін анық білдіреді, яғни, олардың қаржылық жағдайларының тұрақсыздығын дәл аңғартады. Жоғары пайыздық ставкалардың көмегімен қаржы институты бар ынтасымен жаңа салымдарды тартуға тырысады, бірақ, бұл іс жағдайды жақсартуға, уағдалы пайызды төлеуге банкке жәрдемдеседі деген сөз емес. 

10%— көлеміндегі Ұлттық банк ұсынған 2014 жылы 1 наурыздан бастап теңгелей салымдар үшін ставкалар. 

Сондықтан банктердің ұсынған орташа мағынадағы ставкасын және де реттеуші бекіткен ставкалардың мөлшерлерін бағыт етіп нақ ұстай отырып, депозитті ресімдеген дұрыс. Сонымен, Қазақстан Ұлттық банкінің шешіміне сәйкес ұсынылған максималды ставкалардың сыйақысы тартылған салым бойынша жеке тұлғалар үшін төмендегідей мөлшерде бекітілді: 

  • 2014 жылдың 1 наурызынан бастап теңгелей — 10%,
  • 2014 жылдың 1 сәуірінен шетелдік валютада — 4%.

Салымдар үшін ұсынылған ставканың мөлшері бұрыннан теңге түрінде 9%-ды, шетелдік валютада — 4,5%-ды құрады. 

Тұрақты несиелеу — сенімділіктің белгісі 

Банкте депозитті ашатын кезде оның несиені беру жағдайының қандай екендігіне көңіл аударған лазым: банк тұрғындарға несиені бере ме және оның қолданыста қанша бағдарламасы бар?

—Егер банк несиелерді беруді тоқтатса немесе қысқартса — бұл әрекет оның күрделі проблемасы бар екенін нақтылы көрсетеді. Бұл дабыл қағарлық мәселе. Егер де несиені жеңіл түрде беріп жатса, онда банк депозит бойынша пайыздарды төлей алады. Бұған қоса тұрғындарға тұрақты несие беретін және азғантай «проблемалы» несиелік портфелі бар банкте салымды сенімді түрде ресімдеуге болады, — деп қадап, атап өтеді Ермек Нарымбаев. 

Банк қызметінің масштабтары 

Нарықтың сараптамашыларының көпшілігі банктерді «қалтаға қарап» таңдағанды дұрыс санайды. Сізге ұсынылатын қызмет етудің тым жоғары сапасының үлкен дәрежесі нақты осыған байланысты. Шағын банкте тіпті салымның аз сомасымен сіз әрдайым қажетті клиент боласыз. Ал, қарапайым және VIP клиенттеріне бөлу бар ірі банктерде егер де сіз бірінші кезекте категорияға кезігіп қалсаңыз, туындаған мәселелерді шешуге орасан уақыт жібересіз.

Банк мол масштабты болған сайын топтық келісімдер мен шешімдерге сәйкес қызмет етушілер-клерктердің ондағы жүйесінің көлемі де ауыз толтырып айтарлықтай кеңейеді, толығады. Нәтижесінде қарапайым клиенттердің мынаны жиі естулеріне тура келеді: «Сіздің мәселеңіз шешілу үстінде, екі күннен...аптадан... соң хабарласыңыз».

— Бюрократия да егер банк сенімсіздеу болса, онда оның клиенттердің қарым-қатынасына байланысты көрсеткіш ретінде дәл әсер етеді. Клиенттің банкке қанша пайда әкелетініне қарамастан тәуір банк оны көп күттірмейді, әуре-сарсаңға салмайды, — дейді қоғам қайраткері. 

Бұған қоса ірі-ірі банктер олардың тұрақтылығын төмендететін мерзімі өткен несиелерден қомақты үлеске жиі иелік етеді. Алайда, Қазақстандағы банктік сектордың тарихына жіті қарай отырып, мемлекеттің үлкен банктерді банкроттыққа ұшыратпауға тырысатынын байқау қиын емес, ал, орта және кішкентай банктер кейде «құлап жатады». Банктің хал-ахуалы туралы толық ақпаратты алу үшін қаржылық нарықты бақылау және қадағалау Комитетінің және ҚР Ұлттық банкі қаржылық ұйымының www.afn.kz. сайтына, «Банктік сектор» тарауына жүгінуге әбден болады, онда сіз қазақстандық банктердің қаржылық жағдайларына баға бересіз, оларды салыстырасыз. Сонымен қатар актив тәрізді көрсеткіштерге, жеке капитал мен міндеттемелерге назар аудару керек. Мерзімі өткен төлемге сай несиелердің жоғары үлесі банкте қаржылық проблема бар екенін аңғартады. 

Халықаралық агенттіктердің бағалауы бойынша банктің рейтингі 

Банктің сенімділігінің объективті көрсеткіші болады және оған  рейтинг беріледі. Банктің рейтингі — бұл қандай да бір ерекшелікке байланысты оны сараптамашының бағалауы. Сараптамашы ретінде халықаралық рейтингтік  агенттіктер түседі. Олардың маңыздысы үшеу: Standard&Poor’s (іргетасы 1860 жылы қаланған бұрынғы рейтингтік агенттік), Moody’s InvestorsService және FitchRatings. Олардан Standard&Poor’s және FitchRatings кез келген білек сыбанған талапкерге қажетті ақпаратты орыс тілінде береді.

Рейтингтік агенттік рейтингтер иеленеді: ААА (ең жоғары рейтинг), АА, А, BBB, BB, B, CCC, CC, C, және, кейде тағы SD (таңдаулы дефолт) және D (дефолт). Рейтингтер өздеріне қосымша белгілерді қосады «+» (аздап үлкен сенімділік) немесе «–» (аздап шамалы сенімділік). Сонымен қатар рейтинг жақын арадағы екі-үш жылдағы рейтингтің маңыздырақ қозғалыс бағытын айқындап нақты көрсететін рейтингтің байыпты болжамын енгізеді: «Позитивті», «Негативті», «Тұрақты», «Өркендеуші». Алғашқы бестіктен ойып тұрып орын алған қазақстандық банктердің арасында ең жоғары  рейтингтегі ұйым жоқ екені рас, шындық.

Келісімшартты тиянақты оқыңыз 

Міне, банк таңдалды және келісімшартқа қол қоятын уақыт келді. Мұнда сауысқандай сақ, қырағы болу керек. Өйткені, «алданған» салымшы ретінде қатысатын соттың іс қарауының көпшілігі кәдімгі келісімшарттың тиянақты түрде оқылмағандығынан болып жатады. Ұсақ шрифтармен жазылғанның клиент үшін ыңғайсыздық, қолайсыздық тудыратынын білмейтін адам кемде-кем шығар. Сондықтан келісімшарттың қол қойылатын әрбір парағын, әрбір пунктін асықпай оқу қажет. Расында, дұрысында, келісімшарттың үлгісін  юристке көрсеткен ешқандай да артық болмайды.

Банкпен келісімшарттың әрбір парағын, әрбір пунктін тиянақты оқу керек, дұрысы оны юристке көрсету. 

Депозиттердің сақталуына кім кепілдік береді?

Өкінішке орай, жақын уақытта болатұғын банкроттық туралы өздерінің салымшыларын ескерту банктердің дәстүрінде жоқ. Сонымен бірге күтпеген жерден ең сенімді банктің өзі құлауы мүмкін. Мүмкін болар тосын оқиғадан салымшылардың қаражатын жартылай қорғау үшін 1999 жылы Қазақстанда депозитке кепіл болудың Қазақстандық қоры құрылды. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Ұлттық банкі болды.

Осынау институттың басты қызметі банктік депозиттерді кепілдендіру және де банк-қатысушысының жүйесін мәжбүрлеп тарату жағдайлары орын алғанда, сылымшыларға шығындардың орнын толтыру болып табылады. Банкроттық болғанда немесе банк құлағанда депозиттерді кепілдендіру жүйесі болып табылатын Қор сол салымның да өтеу сомасы бойынша салымшыларға төлеу заң жүзінде міндеттеледі. Салым, алайда, оның сомасы 5 миллион теңгеден бір де аспаған жағдайда толықтай мөлшерде өтеледі. Бұл сомадан жоғарыны салым валютасы мен түріне ешқандай қарамастан депозитор ала алмайды. Бөлінген сыйақы және тіпті егер оның жалпы сомасы бастапқы салыммен 5 миллион теңгеден бір де аспағанда Қордан қайтарылмайды.

Бірақ та қазақстандық банктердің барлығы депозиттерді кепілдендірудің жүйесінің қатысушылары болып табылмайды (кестені қараңыз). Егер де сіз депозитке 5 миллионнан асатын соманы салғыңыз келсе, оны бөліп, жүйенің қатысушылары болатын бірнеше түрлі банктерден депозиттерді ашыңыз.

Банктің хал-жағдайы туралы толықтай ақпаратты қаржылық нарықты бақылау және қадағалау Комитетінің және ҚР Ұлттық банкі қаржылық ұйымының www.afn.kz. сайтынан аласыз. 

Депозитті міндетті кепілдендіру жүйесінің банктері-қатысушылары, 2014 жылғы 2 сәуірдегі жағдай (kdif.kz. мәліметтері бойынша)

«Альянс Банк» АҚ

«АТФБанк» АҚ

«KASPI BANK» АҚ

«БТА Банк» АҚ

«Банк ЦентрКредит» АҚ

«PNB»-Казахстан» ЕБ АҚ

«Банк ПозитивКазахстан» АҚ

«RBS (Kazakhstan)» ЕБ АҚ

«АЛЬФА-БАНК» ЕБ АҚ

«Банк Китая в Казахстане» ЕБ АҚ

«Национальный банк Пакистана в Казахстане» ЕБ АҚ

 АО «Capital Bank Kazakhstan» ЕБ АҚ

«Евразийский Банк» АҚ

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

«Заман-Банк» АҚ

«КЗИ Банк» ЕБ АҚ

«Казкоммерцбанк» АҚ

«Казинвестбанк» АҚ

«ХоумКредит банк» АҚ

 «Народный сберегательный банк Казахстана» АҚ

«Нұрбанк» АҚ

«Qazaq Banki» АҚ

«Ситибанк Казахстан» АҚ

«АзияКредит Банк» АҚ

«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

 «Темiрбанк» АҚ

«Торгово-промышленный Банк Китая в городе Алматы» АҚ

«Цеснабанк» АҚ

«Банк ВТБ (Казахстан)» ЕБ АҚ

«Delta Bank» АҚ

«HSBC Банк Казахстан» ЕБ АҚ

«Сбербанк России» ЕБ АҚ

«ForteBank» АҚ

«Банк KassaNova» АҚ

«Bank RBK» АҚ

«Эксимбанк Казахстан» АҚ

«Банк «Астана-Финанс» АҚ

 

Банктің жақын банкроттығының 5 белгісі

2014 жылғы ақпан айындағы құнсызданудан кейін ортақ дабыл қағарлық оқиғаларға, бірнеше қазақстандық банктердің жақын күйреуі туралы да жалған ақпаратқа және де теріс пиғылды үгіт-насихаттарға да байланысты клиенттердің көпшілігі өздерінің тірнектеп жинаған пұлын алу үшін банкке лап қойды.

Әрине, әрдайым сақтанудың ешқандай да зияны, залалы жоқ, алайда, шектен шыға әрекет ету, қимылдау дұрыс емес. Әрқашан жағдайға оң баға беру қажет те абзал. Банктерде туындаған қомақты проблеманы көрсететін жиынтықты, бірнеше белгілерді бүтіндей алып қарауға болады.

РЕЙТИНГТІ ЖОҒАЛТУ

Moody`s, Fitch және S&P халықаралық рейтингтік агенттіктері ірі-ірі банктердегі хал-жағдайды байқап та бағамдап отырады. Егер де олардың болжамдары нашар болса немесе тіпті сіздің банктің  рейтингін төмен түсірсе — бұл сақтануға себеп.

ЖҰМЫС КЕСТЕСІНІҢ ӨЗГЕРУІ

Мысалға, егер бұрындары қаржылық ұйым аптасына 7 күн және 20:00-ге дейін жұмыс істесе, ал, енді кенеттен бүгінде аптасына 5 күн және 18:00-ге дейін жұмыс кестесіне көшті. Осы шараның көмегімен банк өзінің жиғанын алғысы келген клиентке тосқауыл болуға тырысады.

АҚША ОПЕРАЦИЯСЫНА ШЕКТЕУ

Ақшаларды қолма-қол алу үшін немесе депозитті жабу үшін клиенттен операцияға бірнеше күнге дейін тапсырыс қалдыру қатаң түрде талап етіледі, бұл банкте нақты, айқын, анық проблема бар деген сөз.

ҰЛТТЫҚ БАНКПЕН ДАУЛАР

Егер де еліміздің Ұлттық банкі банктердің біреуін сотқа беретін болса, бұл сонымен қатар оның тұрақсыз жағдайын көрсетеді. 

КАПИТАЛДЫ ЖАППАЙ ШЫҒАРУ

Егер банктің клиенттері өздерінің салымдарын жаппай жабуды бастаса, бұл қабілеттілікті жоғалтады, банк күйреуге ұшырау қаупінде тұрады.

БАҚ-ТАҒЫ ДАБЫЛ ҚАҒАРЛЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

Біріншіден, БАҚ-тағы ақпараттың қайнар көзі кім екенін біліп алыңыз. Жаңалықтың арнайы бөлімінде (нақты сенуге болады) әрдайым арнайы және арнайы емес қайнар көздерге сілтеме жасалады. Мұнда сараптамашылардың қорытындылары мен пікірлері келтіріледі. Мемлекеттік өкімет органдарына немесе банк өкілдерінің арыздарына сену қажет.

Шынайы фактілерді өсектер мен ойдан шығарылған сөздерден ажырата біліңіздер. Әрине, сондай естігендерге құлақ түруге болады және тіпті керек, бірақ, басты қатырып, банкке барып, өз ақшаларыңызды асығыс алу — болған жағдайдағы ең тәуір, ең мықты әдіс емес.

Алайда, егер де сіздің ақшаларды сақтайтын қаржылық ұйымыңызға тексеріс және тінту жүргізілсе, бұл тағы да оның проблемалары бар екенін растайды.

Бұл келтірілген айқын, анық, нақтылай белгілер жекелей алғанда, үлкен проблемалардан дәлелді хабар бермейді, бірақ, олар тиісті қорытындыларды шығаруға тиісті.

Аталған мақалада тек қана ең белгілі және түсінікті экономикалық мәселелерде сенімді банкті таңдау ерекшеліктері жазылды. Сонымен қатар қаржылық институттардың қызметтерінің басқа да маңызды көрсеткіштері бар. Ол туралы біз келесі мақалаларда жан-жақты айтатын боламыз.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Тұрғын үйді сатудың заңдылық белгілері

Жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ақша беруді қауіпсіз тәсілдері

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.