Рента келісімшартын қалай жасау керек?

Жылжымайтын мүлкі бар жалғызілікті адамдар жеткілікті қаражат көзі жоқ болғандықтан рента келісімшартын жасауға қуана кіріседі.

Ғұмырлық рента келісімшарты

Рента төлемі ретінде мүлік берген азаматтың өмірі кезеңіне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмірі кезеңіне ғұмырлық рента белгіленуі мүмкін (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 530 бабы, 1 бөлігі).

Демек, ғұмырлық рентаны алудың құқы оның алушысы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады, яғни, ол мұрагерлік бойынша өтпейді.

Егер шартта өзгеше белгіленбесе, рента алу құқығындағы үлестері тең деп саналған бірнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгілеуге жол беріледі. Рента алушының біреуі қайтыс болған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның рента алу құқығындағы үлесі тірі қалған рента алушыларға ауысады, ал, соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу міндеттемесі тоқтатылады (ҚР АК 530 бабы, 2 бөлігі).

Ғұмырлық рентаны алушылар тек қана жеке тұлғалар заңды түрде болуы тиіс. Бұл жағдайда алушы рента төлемі ретінде шығарылған тек қана меншік иесі емес, кез келген басқа нақтыланып, тиянақты көрсетілген азамат меншік иесі бола алады. 

Ғұмырлық рентаның келісімшарты бойынша ренталық төлемнің формасы кезең-кезеңімен рентаның алушысына бүкіл өмір бойына төленетін тек қана ақшалай сома ретінде қарастырылады және рентаны алушының қандай да бір қызметті ұсынуды талап етуге құқы жоқ.  

Егер де келісімшартта басқалай ештеңе көзделмесе, ғұмырлық рента әр бір календарьлық ай аяқталған, біткен тұста  нақты төленеді.

Ғұмырлық рентаның нақтыланған мөлшері келісімшартта тараптармен  анықталады. Бұған қоса айлық есептеуде ол заңменен бекітілген жалақының ең төменгі мөлшерінен (жалақының ең төменгі мөлшері 2014 жылда 19 966 теңгені құрады) ешқашанда кем болмауы керек. Көрсетілген соманы көтеру, ұлғайту кезінде ғұмырлық рента барабар ұлғайтуға айқын жатады.   

Рентаны төлеушінің бір жақты тәртіппен рентаның төлемінен бас тартуға ешқандай құқы жоқ. Ғұмырлық рентаның төлемі бойынша міндеттеменің тоқтатылу себебі, негізі оның алушысының өлуі болып табылады. Алайда, ғұмырлық рентаның шарттары тараптардың келісімдері бойынша болмаса  келісімшартты бір жақты бұзылуы үшін заңнамада қарастырылған жалпы негіз бойынша бұзылуы ықтимал.

Сонымен ҚР АК-нің 533 бабына сәйкес, рента төлеуші шарт талаптарын елеулі түрде бұзған кезде рента алушы осы мүлікті оның құнын рентаның сатып алу бағасына есептей отырып қайтаруды талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда рентаны сатып алу тұрақты рентаны сатып алу үшін нақтылы қарастырылған ереже бойынша жүзеге асырылады.

Келісімшарттағы талаптарды қасақана, әдейілеп нақ бұзу сот тәртібінде келісімшарттың талаптарын жүйелі орындамау немесе басқа тарап үшін теріс зардап пен теріс залал тигізетін келісімшарт бойынша белгіленген өзінің тиісті міндеттемелерін тараптың бұзуы болып түсініледі. Мұндай тәртіп бұзушылық ренталық төлемнің ұзақ уақытқа және жүйелі кешігуі, рентаны алушының мүдделеріне қауіп төндіретін рентаны қажетті қамтамасыз ету ісінің ұсынылмауы болып есептеледі.

 Өмір бойы асырауда ұстау шарты

Өмір бойы асырауда ұстау шарты рента келісімшартының бір түрі болып табылады. Қолданыстағы Азаматтық Кодекс егер басқаша заңда көзделмесе, өмір бойы асырауда ұстау шартына ғұмырлық рента туралы ереже пайдаланатынын нақтылап көрсетеді. Бірақ, келісімшарттардың арасында айырмашылық дегеніңіз айтарлықтай, жер мен көктей.  

Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті (тұрғын үй, пәтер, жер участкесі және т.б.) сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 535 бабы және 1 бөлігі). Өмір бойы асырауда ұстаудағы мақсаты, міндеттемесі рента алушы қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады.

Бұдан басқа өмір бойы асырауда ұстау шарты ғұмырлық рентадан төлем  мөлшері мен формасына байланысты айтарлықтай ерекшелігі бар. Егер де қарт адамның денсаулық жағдайы талап етсе – оны жан-жақты да қараумен, алушы асырауда ұстауда тегін түрде тұрғын үймен, тамақпен, киіммен, дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етеді. Шартта жалпы асырауда ұстау көлемінің құны айқындалуға тиіс, бұл орайда жалпы асырауда ұстау көлемі заң актілерінде белгіленген ең төменгі екі жалақы мөлшерінен ешқандай кем болмауы керек. (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 536 бабы, 2 бөлігі). Оның үстіне ең төменгі жалақы мөлшерінің көтерілуімен, өсуімен төлем сомасы да барабар келешекте шығандап жоғарылайды.

Сонымен қатар келісімшартта нағыз кезең-кезеңімен ақшалай төлем төлеумен асырауда ұстаудағы ұсынымдарды ауыстыру мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылған.

Иеліктен шығару (сату және тағы басқа) болмаса рентаны төлеушіге берілген мүліктерді кепілге қою, тек қана ерте, алдын ала рентаны алушының келісімімен жүзеге асады.

Өмір бойы асырауда ұстау шартында келісімшартқа қатысушылардың арасындағы тым жақын және сенімді қарым-қатынастар көрсетіледі, және ол оны жасау, құру кезінде екі тараптың сауысқандай сақ, тиянақты болуларын міндеттейді. Заңда басқа нәрсе көзделмесе, оны бір тарапты тәртіппен бұзу мүмкін емес. Рентаны төлеушінің өзінің міндеттемелерін айқын түрде бұзған жағдайда рентаны алушы өмір бойы асырауды қамтамасыз етуге берілген жылжымайтын мүлікті оған қайтаруды болмаса сатып алынған рентаның нақ бағасын төлеуді заң түрінде талап ете алады. Сатып алынған соманы төлеу жағдайында әрдайымғы рентаны сатып алу қарастырылған ереже іс-әрекетте болады, жүзеге асырылады.

Рентаны төлеушінің келісімшарттық міндеттемелерді бұзған жағдайында және рентаны алушының зор ынтасымен бұл шарттың бұзылу зардабынан төлеуші рентаны алушыны ұстауға жіберілуіне байланысты шығындардың өтемақысын талап етуге құқы жоқ екенін әрқашан, әрдайым да есте ұстаған абзал. 

Пәтерден пәтерiге көшу>>>

Рента шартында нені қарастыру қажет

  • Рентаны төлеушінің өзінің меншігіне мүліктерді беру шарты: ақылы немесе тегін.
  • Рентаны төлем жасауға және ұстауға берілген мүліктің нақтылы бағасы, және оның төмендеуіне жол бермеу.
  • Ренталық ақыларды төлеу тәртібі, мөлшері, және мерзімі.
  • Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылу жағдайында рентаның сатып алынған құнының тәртібі, мөлшері және уақыты.
  • Рентаны алушыны анықтау.
  • Рентаны алушыға айқын, анық ұсынылған ұстаудың ай сайынғы көлемінің нақтылы жалпы бағасы, сонымен қатар орташа айлық жалақының көтерілуіне, жоғарылауына тең барабар ұстаудың ай сайынғы дәл шарттары туралы.
  • Өмір бойы асырауда ұстау шартын нақ жасайтын, құратын уақытта ұстаудың тәртібін анықтау, мәселен, медициналық қызмет ету, тамақпен қамтамасыз ету, үйішілік қарауды жүзеге асыру тәртібі, госпитализация, киімдерді, дәрі-дәрмектерді алу, шаруашылыққа көмектесу, коммуналдық қызметтерге төлем жасау және т.б.
  • Рентаны алушының (материалдық, жекелік) жағдайының өзгеруіне байланысты ұстаудың көлемін азайту немесе көбейту мүмкіндіктері туралы нақты, тұрақты шарттар.
  • Ақшалай түрде кезеңдік төлемдерді нақтылап төлеудегі ұстаудың ұстанымдарын ауыстыру, өзгерту мүмкіндіктері, шамалары туралы.
  • Иеліктен шығару, кепілге беру кезіндегі рентаны алушының алдын ала келісімінің қажеттігі және рентаны төлеушінің жылжымайтын мүлкіндегі басқа да ауыртпалықтар туралы шарттар.
  • Рентаны төлеуші шарттағы талаптарын қандай жағдайда бұзғанда, рентаны алушы бір жақты тәртіппен шартты бұзуға құқы бар екенін жан-жақты қарастыру.
  • Жеке немесе үшінші тұлға арқылы ұстау бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін қарастыру. Соныменен, дау-дамай, жанжал туындаған жағдайда қарт адамды ұстау бойынша қызметті, әрине, рентаны төлеушінің есебінен жан-жақты етіп, тиянақты етіп өзінің дәрежесінде көрсетуге болады.
  • Мүлікті кенеттен жоғалтқан және зақымдаған жағдайда рентаны төлеушінің міндеттемелерін қарастыру.

Анықтама

Қазақстан Республикасы Салықтық Кодексінің 180 бабына сәйкес, салық салуға жататын жеке тұлғаның мүліктік табысына жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан алынған, салық агенттері болып табылмайтын мүлікті арендаға тапсырған тұлғадан алынған табыс бірден-бір қатысты деп сенімді түрде, батыл есептейміз, санаймыз біз. Тиісінше, рентаны алушының ай сайынғы алатұғын төлемақысы салық салуға жататын оның табысы болып табылады. Коммунальдық қызметтерге төлем (газ, жарық, жылу, телефондық байланыстар) рентаны төлеушінің нақтылы міндеттемесі болып табылады, олардың төлеген ақысы рентаны алушының табысы болып саналмайды.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады

Тұрғын үйді сатудың заңдылық белгілері

Подписка на статьи
Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.