Пәтерді жалға аламыз: сәтті мәміленің 7 ережесі

Пәтер мәселесі кенеттен туындауы да мүмкін — оны сіз тіптен де күтпейсіз, бәрі аспаннан түскендей болады. Әдетте, егер сіз жалға алынатын тұрғын үйді бірінші рет іздеп отырған болсаңыз, пәтерді жалға алуды ресімдеуге және оны іздеуге көп күш пен уақыт кетеді.

Тәуекелшілдікті қысқарту үшін және жалға алу барысын оңайлату үшін «жалға алудың» 7 ережесін білу керек, бұл «пәтерді жалға алу» мәселесінде сізге көмектеседі. 

1. Талап тізімін жасаңыз

Риелторлар кеңес бергендей, жалға берілетін үйді іздеместен бұрын сіз қандай үйді жалға алатыныңызды және жалға берілетін пәтердің төлемақысына ай сайын өз бюджетіңізден қандай соманы бөлуге қаншалықты дайын да екеніңізді анықтап алуыңыз керек. Осыларды жан-жақты орындаған соң, пәтерді іздеуге батыл кірісе беруге болады. Екі-үш қолайлы нұсқаны сіз тапқаннан кейін бірден оған баруға, қарауға, жалдық шартқа қол қоюға асықпаңыз.  

— Алдыменен жалға алынатын пәтердегі сіздің қалайтын заттарыңыздың тізімін жасау қажет. Мәселен, кір жуу машинасы, үтік, шайнек және тағы басқалар. Осынау аталған талаптарды тәптіштеп те тізімге енгізіңіз және де оларды қарау кезінде алып барыңыз. Біз әркез бүкіл ақпараттарды басымызда ұстап тұра алмаймыз, қожайынмен сөйлесу барысында көп нәрсені ұмытып кетуіміз мүмкін, егер де көз алдымызда тізім болса, пәтерді қарау барысы шамадан тыс уақытты алмайды, — деп те кеңес береді «Столичное» астаналық жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Жани Тұрысов. — Егер тізімде бір нәрсе жетпесе, оны жалға берушімен талқылау қажет. Болмаса онда бәрі жайнап тұрады, болмаса керекті затты өзіңіз сатып аласыз, бірақ, жалдың бағасын келісіп алған дұрыс.   

2. Аула мен подъездге көңіл бөліңіз

Жалға алу үшін пәтерді таңдаған кезде мынадай маңызды мәселелерді, аулаға кіруді, ауланың өзін, жабылма аймақты және балалар алаңшасын қарауды ұмытпау керек. Риелторлар кеңес бергендей, аулада қанша көлік қойылатынын нақты білу үшін, сіздің көлігіңізге орын болатынын, болмайтынын білу үшін жабылманы кешкілік қарап шыққан дұрыс. Соныменен қатар аула менен подъездге назар аударыңыз. Егер аулада бөтелкелер, темекі қалдықтары шашылып жатса, лифті мен подъезде «жексұрын» жазулар жапсырылып тұрса, онда бұл аула мен подъезде тыныштықтың және қауіпсіздіктің жоқтығының белгісі болып табылады. Мұндай үйден пәтерді жалға алу сізге соншалықты қуаныш әкелмейді.

«Самұрық-Қазынадан» тұрын үй: есептеме мен талап >>>

3. Пәтерді жақсылап қарап шығыңыз

Пәтердің өзін қарау уақытында барлығын тиянақтылап сүзгіден өткізу керек. Ең басты назарды сантехникаға аударған жөн. Шумектердің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын, құбырдан тамшы тамбайтынын мықтап тексеріңіз. Ваннаның бұрышы мен еденнің ылғалданбай тұрғанына көңіл бөліңіз. Ағытпа мен тықпаны тексеріңіз. Олардың қабырғалардан түсіп қалмауы, мықтап бекітілуі өте маңызды, олардың корпустарында қара дақтар болмағаны абзал. 

Нақтыланбаған мынадай ереже бар — сағаттық стрелка бойынша ештеңені қалдырмай пәтерді жақсылап, тиянақтылап қарап шығу.

Егер сіз пәтерді қыстыңгүні қарасаңыз, онда жалға берілетін жайларды өтпелі жел барын білу үшін аяқкиіменен міндетті түрде қарап шығуға тура келеді. Пәтерді жаздыңгүні қарау кезінде міндетті түрде әйнек пакеттеріне назар аударыңыз, егер онда скотчтың іздері қалса, демек, оларда қыстыңгүні өтпелі жел өтеді. Соныменен қатар пәтерде жылу беруші құралдың болғанына аса сақтықпен, жауапкершілікпен қараңыз, тіпті егер оның қоймада жай тұрғанына жақсылап тұрып сендірсе де, ол қыстыңгүні мұнда тым суық, салқын болатынынан айқын белгі береді.

— Нақтыланбаған бір ереже бар — сағаттың тілі бойынша ұсақ-түйектерді қалдырмай қарап шығу, — деп тәптіштеп түсінік береді Жани Тұрысов. — Осындай тәсілдерді біз таулы қонақ үйлерде мықтап қолдандық. Біріншіден, бұл іс тым қолайлы, екіншіден, барлығын жан-жақты қараңыз, бұған өкінбейсіз. Әсіресе, егер де  пәтерде көп майда заттар болса.

4. Көршілеріңіздің кім екенін біліңіздер

Бір қарағанда керемет, тамаша, қолайлы пәтерді жалға алғаннан кейін тынымсыз көршілеріңіз тыныштық, маза бермегеннен кейін басқа жаққа көшуді армандайтын кездер жиі кездесіп тұрады. Сондықтан сатылық алаңшаны кімдермен бөлісетініңізді ертерек білген дұрыс. Егер сіздің көршілеріңіз отырыспаны ұнататын жастар болса, немесе тентек суды ішіп, жиі ұрысатындар болса, онда мұндай пәтерді жалға алудан бірден бас тартыңыз.

Жас жанұяларға мемлекеттен тұрғын үй: арман ба әлде шындық па? >>>

5. Қауіпсіздікке көз жеткізіңіз

Егер де пәтерді соңғы жылдарда көптеген жалға алушылар ауыстырған болса, онда қауіпсіздік туралы мықтап ойланған дұрыс. Жалға берушімен құлыпты және есікті ауыстыру туралы бірден келісіп алған жөн. Кейде бұрынғы қожайындар кілттің екінші нұсқасын жасап алып, сіз үйде болмаған кезде «қонақтарды кіргізуі» әбден мүмкін. Риелторлардың айтуынша, бүгінгі таңда құлыпты тиянақты ауыстыру — бұл қолайлы қалыпты тәжірибелер, кейде пәтерде тұрушылар суылдаған жалға берушілер мен күтпеген қонақтарды болдырмау үшін пәтер иесіне тіпті айтпай-ақ өз беттерінше құлыптарды ауыстыра береді.  

6. Пәтердің құжаттарын тексеріңіз

Егер де пәтерді қарап болғаннан кейін оның барлық өлшемдері сіздің ойыңыздан шығатын болса, қоныстануды тойлауға және жарты жыл бұрын төлемақысын төлеуге ешқашан асықпаңыз. Алдымен жалға берушінің жалға беретін үйге меншіктік құқын растайтын құжаттарды мықтап нақты тексеру де қажет. Бұл үшін одан сатып алу-сату келісімшартын немесе басқа құқық белгілеуші сияқты құжаттарды (ауыстыру шарты, сыйлау келісімшарты, өмірлік ұстауға сай айыру шарты немесе жекешелендіру келісімшарты) талап етіңіз.

— Барлық, бүкіл құқық белгілеуші құжаттарға қалалық әділет басқармасында тіркелгені туралы міндетті түрде мөр басылуы тиіс, — деп те ұғындырады юрист Сәкен Ешмұратов. — Соныменен қатар бір объектіге бірнеше құқық белгілеуші құжаттар әрдайым да болуы мүмкін — мысалы, сатып алу-сату келісімшарты және мұралыққа құқық туралы куәлік (егер бір бөлігі сатылса, басқа бөлігі — мұралық бойынша алынса).

Бұдан басқа жылжымайтын мүлікке меншіктік құқықты жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеумен және онымен мәмілемен растауға болады. Осынау да құжаттарды әділет басқармасы ТҚО арқылы бере алады. Соныменен қатар осындай қызметтерді egov.kz. сайтының онлайнынан емін-еркін алуға болады. Бұл үшін ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қол қоюы) болуы керек.

Бірлескен жалдамалы тұрғын үйдің ерекшеліктері >>>

7. Келісім шартты дұрыс құрыңыздар

Шартта мына мәліметтерді, тараптардың реквизитін, объектінің келісімшартын (мекен-жай, пәтердің көлемі), төлем шартын (ай сайынғы арендалық ақы мөлшері, төлем мерзімі) көрсетуге сараптамашылар кеңес береді.

Соныменен қатар келісімшарта қосымша ережелер болуы мүмкін. Бұған коммуналдық қызметтер төлемақысы, төлемнің кешігуіне байланысты айыппұл санкциясы, жалға беру құнының өсу жағдайы енеді, кім, қашан және қандай жағдайда пәтер жөндеу жасалуы, ПИК тәрізді консьерждің және басқа қызметтер, қосымша шығындарды кім өтейтіні келісіледі.

— Тағы бір тәжірибелік келелі кеңес — бұл барлық мүліктің тізімдемесін жасау, — деп бағыт береді «Столичное» жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры. — Бұл қоныстану кезінде дау-жанжалдың болмауына себеп те болады. Тізімді сауатты түрде жасау да қажет, онда теледидардың қосқышына дейін нақ көрсеткен дұрыс. Не нәрсенің қайда тұрғанын, оның қандай жағдайда екенін ерінбей жазған жөн, келешекте ыңғайсыз жанжалдарға ұрынбау үшін мүмкіндік болса суретке түсіріңіз.

Ойланып, толғанып істі қолға алған адамның тамаша тұрғын үйді нақ алатынын ешқашанда ұмытпаңыздар. Ең бастысы — жеті ойланып, бір рет кесу қажет.

kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Саудадан үйді қалай сатып алуға болады?

Тұрғын үйді сатып алу үшін ақша жинауға 10 ақыл

Егер жылжымайтын мүлiктiң құжаттары жоғалса…

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.