ЭКСПО көрмесінің төңірегінде қандай үйлер салынып жатыр?

Астананың бұл ауданында соңғы жылдары ондаған жаңа ғимараттар мен құрылыстар бой көтерді.

Бұл жерде қызу тіршілік қайнап жатыр: құрылыс техникаларының гүрсілі, машиналардың гүрілі және жұмысшылардың айқай-шуы естіледі. Шынын айтқанда, ЭКСПО-қалашыққа іргелес жатқан көшелер 2017 жылға қарай  таңдаулы тұрғын жай кешендерімен, сауда-көңіл көтеру орталықтарымен және басқа да ерекше көрікті жерлермен толығатын болады. 

Өткен жылдың басында Астананың бас жоспары түзетілді. Шенеуніктердің айтулары бойынша, бұл «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің, яғни кең ауқымды оқиғаның қарсаңында нысандар салу, тіршілік — тынысының қолайлы ортасын құру қажеттілігі үшін туындады. Әрине, бұл ретте келетін, шетелдік-қонақтарға жайлы жағдай тудыру үшін қаланың ЭКСПО өтетін, бөлігіне зор көңіл аударылды.

Көрме өтетін аумақ Қабанбай батыр, Хусеин бен Талал, Орынбор және Рысқұлов көшелері мен даңғылдарының тоғысында орналасқан. Жақын арада бұл жерде қандай көрікті нысан пайда болады? Осы ауданнан тұрғын үй сатып алудың мәнісі бар ма? Сатып алатын жылжымайтын мүліктің бағасына қатысты қандай жағдай болуы мүмкін? Міне, осының бәрін егжей-тегжейлі талқылап көрейік.

Қабанбай батыр даңғылы

Жолдардың біреуі астананың әуежайына тікелей апаратын, айналма айырықпен Астананың Сол жақ жағалауын байланыстыратындықтан, астаналықтар бұл даңғылды «Әуежай трассасы» деп те атайды.

Көрме өтетін аумақ Қабанбай батыр, Хусеин бен Талал, Орынбор және Рысқұлов көшелері мен даңғылдарының тоғысында орналасқан.

Қабанбай батыр даңғылы қаланың ең ұзын көшелерінің бірі болып саналады, оның ұзындығы 9,4 шақырымды құрайды. Осы даңғылдың бойында ЭКСПО-қалашыққа қарсы «Назарбаев Университеті» орналасқан. Көрме өткеннен кейін бірқатар павильондардың ғылыми зертханалар мен зерттеу институттары ретінде әрі қарай қолдану үшін дәл осы оқу орнына берілетіндігінің, әлден-ақ белгіленіп қойылғандығы да тегін емес. Қала салушылар халықаралық көрме өткеннен кейін оның барлық ғимараттарын қажеттілік бойынша кәдеге жарататындықтарын, үнемі айтады.

«Көрме өтетін ауданда қала үшін маңызы бар бірнеше нысан салынуда. Астана қаласының көзге түсетін көрікті жерлерінің бірі — саябақ аумағы бар ботаника бағы болады, — деп мәлімдеді Астана қаласының сәулет және қала құрылысы Басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Камитов. — Бақ ЭКСПО көрмесіне орай қаланы көркейту жөніндегі кең ауқымды бағдарламаның аясында жасалатын болады.  Аталмыш нысанның жалпы көлемі — 97,5 га».

Ботаника бағы да Қабанбай батыр даңғылының бойына салынады. Онда тек саябақ аймақтары ғана емес, ерекше ішкі микроклиматы бар жылыжайлар да болады деп болжанып отыр. Астана тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда өсетін, ағаштар мен бұталардың барлық түрлерін көру мүмкіндігіне ие болады. Біздің еліміздің ландшафтысына байланысты бақ бірнеше аймаққа бөлінеді. Сондай-ақ келушілер үшін балалар мен спорт алаңдары, мейрамхана, көлік қоятын орындар, жасанды су қоймалары, спорттық жабдықтар мен велосипедтерді жалға алатын пункттер салынады.

Тұрар Рысқұлов көшесі

ЭКСПО-қалашық Тұрар Рысқұлов көшесі жағынан № 1 Перинатальды орталық және № 2 қалалық клиникалық аурухана кіретін, дәрігерлік кластермен шектеседі. Орынбор көшесімен қиылысында ҚР Қорғаныс министрлігінің көп салалы кешені салынатын болады. Астананың Бас жоспары бойынша бұл ауданға тұрғын үй кешенін салу әлі жоспарланбаған. Көшенің өзі өте қысқа, ол Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Орынбор көшесінің қиылысында аяқталады.

Хусейн бен Талал көшесі

Бұрын ол № 27 көше ретінде белгілі болған, алайда өткен жылдың мамыр айынан бастап Иорданияның экс-королі Хусейн бен Талалдың атымен аталады. Сол кезде астананың бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала әкімі Амман Акелем Бельтаджимен бірге осы көшені салтанатты түрде ашты және бұл оқиғаны екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың, саяси, экономикалық және рухани ынтымақтастықтың нәтижесі деп атап өтті.

Астаналықтардың оны № 27 көше деп атағанға дағдыланып кеткендіктеріне қарамастан, ЭКСПО-ның жақындап қалуына байланысты «Хусейн бен Талал» деген ат жергілікті халықтың арасында танымалдыққа ие болып келе жатыр.

Қазіргі таңда бұл — жалпықалалық маңызға ие жаңа торапты алты жолақты көше Тұран, Қабанбай батыр және Орынбор даңғылдарын қиып өтеді. ЭКСПО-қалашықтың көрінісі көз тартатын таңдаулы көп қабатты зәулім үйлердің көпшілігі нақ осы көшенің бойына салынуда. Құрылыс салушылар RoyalExpoApartments, «Қамал» және «Арнау» тұрғын үй кешендерінің құрылысын да келесі жылдың ортасында аяқтауға және пайдалануға тапсыруға уәде беріп отыр. Бұлар құрылыс кезінде табиғи гранит, травертин, кірпіш, энергия жинақтаушы шыны және тағы басқалары сияқты өте сапалы материалдар пайдаланылатын, «ақылды үй» жаңа технологиясы бойынша салынатын, ерекше жобалар.

«ЭКСПО-қалашыққа тікелей жақын жерден салынып жатқан, тұрғын үй кешендерінен пәтер алуға шамасы жеткендер, еш ұтылмайды, — дейді V шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина. — Халықаралық көрме өткізу кезінде олар бұл пәтерлерін басқа елдерден келген, адамдарға жалға бере алады. Екіншіден, ЭКСПО-ға қонақтар көп жиналады, сол себепті оған қатысу оңай болмайды. Міне сонда сол маңда тұратын адамдар ауқымды шараны өз пәтерлерінің терезесінен тікелей бақылай алатын болады». 

Егер жаңа құрылыстағы пәтерді кешеуілдететін болса >>>

Астананың бас жоспары

Астананың Бас жоспарына сәйкес осы көшенің бойымен ЭКСПО мен «Абу-Даби Плаза» аумақтарын байланыстыратын, саяжол тартылады. Оның ұзындығы шамамен төрт шақырымға созылады.

ЭКСПО-қалашыққа шектесетін, аудан қазіргі таңда іс жүзінде толықтай салынып болды, — дейді RamazanRealEstate жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы Ғалым Ысқақов. — 2016 жылдың ортасына қарай көптеген нысандар пайдалануға беріледі. Бұлар — премиум-, бизнес- және жайлы-кластардағы тұрғын үй кешендері. Ауданның болашағы зор, әрі адамдар бұны түсінеді де. Аздаған уақыттардан кейін пәтерді жалға беру елеулі кіріс әкелетіндігін түсінгендіктен, олар қазірдің өзінде-ақ осы үйлердің құрылысына инвестиция салып отыр. Өйткені көрме өтетін кезде шетелдіктердің ағылып келетіндігін олар біледі». ЭКСПО орналасқан жерге жақындығы, тұрғын үй кешендерінің мәртебесі және сан алуан көрікті орындар — осы көшедегі жылжымайтын мүліктің қаражат көзіне айналатындығын білдіреді.

Орынбор көшесі

Қазіргі таңда бұл көшенің бойына «Арман қала», «Сұлтан Апартаменті», «Янтарный», «Асыл Парк», Вивера», «Алтын арна» және «Орынбор» сияқты бірнеше тұрғын үй кешендері бірден салынып жатыр. Құрылыс салушылар салынып жатқан үйлерді жағымды жағынан сипаттауда. Құрылыс монолитті — кірпіш технологиясы бойынша іске асырылуда. Бұл өз кезегінде, пәтерлердегі қажетті температураны қамтамасыз етеді: пәтер жазғы уақытта — ыстық болмайды, ал қыста — жылы. Бұл үйлердің терезесінен ботаника бағына, желілік саябаққа, әр түрлі жылыжайлар мен бақтарға, серуен жолдарына және демалыс орталығына ғажап кең көлемді көрініс ашылатын болады.

Астана әкімдігінің ақпараты бойынша ЭКСПО-2017 көрмесі аумағының айналасына Хусейн бен Талал және Орынбор көшелері жағынан бірінші және екінші класты тұрғын үйлері бар 13 тұрғын үй кешенін салу жобаланған және салынады.

«Сонымен қатар, «Абу-Даби Плаза» көп салалы кешенінен көрмеге дейін созылатын желілік саябақ салынатын болады, ол қазақ ұлттық хореография академиясы ғимаратының кешенімен аяқталады», — деп мәлімдейді Нұрлан Қамитов.

Орынбор көшесіЫңғайлы көлік айырымдары, дамыған инфрақұрылым, ЭКСПО-қалашықтың және астананың көрікті орындарының жақын орналасуы сынды ерекшеліктер ол жерден жылжымайтын мүлік сатып алудың пайдалы екендігін білдіреді. Сондай-ақ үйден 5-10 минуттік жерде Астананың әкімшілік орталығы орналасқан: Министрлер Үйі және Ақ Орда. Әдеміліктің, көлікке қолжетімділіктің және дамыған инфрақұрылымның үйлесуі бұл жерді ең тартымды заманауи мегаполиске айналдырады. Қалалықтар мен қала қонақтары үшін одан артық не болсын?!

«Шетелдіктер өз қауіпсіздіктері үшін қаланы жаяу қыдырғанды жақсы көреді, — дейді Ғалым Ысқақов. — Мәлім болғанындай, ЭКСПО аумағында ірі сауда-көңіл көтеру кешені салынатын болады. Оның атын «Жібек Жолы» СКО деп мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың маусым айында өзі бекіткен. Аталмыш нысанның өте тартымды болатыны соншалық, астана тұрғындары мен қонақтары ол жерде бос уақыттарын тамаша өткізетін  болады»

Жолдың бәрі ЭКСПО-ға апарады

Қазақстанның қалааралық жолдарының желісімен тоғысып жатқандықтан, ЭКСПО-ға жақын орналасқан аудандар қолжетімді. Бұл фактор қалааралық қатынастағы бағыттардың барлығымен жылдам байланысуды қамтамасыз етеді. Мұны көрмеге келушілердің жетуін жеңілдету үшін билік әдейі ойластырған.

«Қазіргі таңда жеңіл рельсті көлік желісі жоспарланған, ол халықаралық әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейін созылатын болады», — деп мәлімдейді Нұрлан Қамитов. ЖРК бағыты барлық әкімшілік — мәдени нысандарды және қонақ үйлер көбірек шоғырланған, әлеуметтік — маңызды аудандарды қамтиды.

«Абу-Даби Плаза»«Астана LRT» компаниясының ақпаратына сәйкес ең алдымен ұзындығы 22,4 шақырымға созылатын, (LightRailTransit (LRT)) жеңіл рельсті көліктің алғашқы желісі пайдалануға беріледі. Ол төрт негізгі хабаны қосатын болады. Олар — Астананың Халықаралық әуежайы, «ЭКСПО — 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Абу-Даби Плаза» көп салалы кешені және жаңа теміржол вокзалы. ЖРК алдымен даңғыл бойымен, содан кейін Сығанақ, Шәмші Қалдаяқов және А-82 көшелерімен жүретін болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары ЖРК-ті қай кезде сынай алады? Жеңіл рельсті көліктің алғашқы желісін іске қосу 2017 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. Қазіргі күні жоба алдындағы құжаттама әзірленіп жатыр, оған сәйкес жалпы ұзындығы 76 шақырымға созылатын, үш кезектен тұратын құрылыс болжанып отыр.

Көліктің бұл түрінің тұтас жүйесіне ұзындығы 22,47 шақырымдық эстакадалық жол, 18 заманауи жабық типтегі станциялар, 19 бірлік жылжымалы құрам, және Астананың халықаралық әуежайының ауданында болатын, бір депо кіреді. Жалпы алғанда жеңіл рельсті көлік салушы — компания астаналықтар мен ЭКСПО қонақтарын жүріп-тұратын құрамдарымен, жабдықталған ауа баптағыш, желдету және жылыту, ақпараттандыру және хабарлау, өртті автоматты түрде байқау және өрт сөндіру, бейне бақылау арқылы күзету жүйелерімен және сондай-ақ жол ақысын төлеудің электронды жүйесімен таң қалдыруға уәде беріп отыр.

Дағдарыс кезінде жылжымайтын мүлік сатып алуға бола ма? >>>

Астананың ерекше нысандары

2017 жылға қарай басқа да ерекше ғимараттар мен құрылыстар бой көтеретін болады. Маңызды нысандардың тізіміне 75 қабаттан тұратын «Абу-Даби Плаза» әкімшілік — тұрғын үй кешені, жаңа теміржол вокзалы, ботаникалық бағы бар желілік саябақ, еспелі канал, ғарышты зерттеу орталығы, «Жасыл орам», орталық алаңы бар Триумфальды арка және т.б. кіреді. Осы құрылыстар мен тұрғын үй кешендері сол жақ жағалаудың аяқталған сәулетті келбетін қалыптастыратын болады.

Орталық алаңБұл аудандағы құрылыс жанданып келе жатыр, — деп түсіндіреді Майра Айсина.

— Менің ойымша, ол қазіргі таңда астана тұрғындары мен қонақтарының арасында үлкен танымалдылыққа ие болған, Водно-Зеленый бульварынан кем болмайтын сияқты. Сондықтан да, ЭКСПО-ның маңайындағы жер болашақта өте құнды болайын деп тұр».

Сфера пішіндес болып келген Қазақстанның Ұлттық павильоны ЭКСПО-2017 көрмесінің нышаны болады, оны 2016 жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланып отыр. Көрме ұйымдастырушылары уәде беріп отырғандай, әрбір келуші Қазақстан белгілерінің өнертабыстарына метафоралық саяхат жасағандай болады. Сонымен қатар, шетелдіктер экспозициялары ғылыми тәжірибелердің нәтижелерін көрсететін, «Әлем энергиясы», «Болашақтың энергиясы», «Энергия — барлығы үшін», «Менің болашағымның энергиясы», сынды тақырыптық павильондарды тамашалай алады. Қонақтардың назарына энергия жинақтау және энергетикалық тиімділік, энергетикалық нарықтың жаһандастырылуын зерттеу, адамдардың энергияға қол жеткізу тетіктері және т.б. тұжырымдамалар ұсынылады. Әрбір павильон қонақтарды тамсандырып, аузын аштырып көзін жұмдырады, өзінің ерекшелігімен таң қалдырады деп күтілуде.

Kn.kz порталының аналитикалық қызметінің басшысы Анна Шацкая:

—   Тұрғын үйдің құны тек орналасқан жеріне байланысты болмайды, астананың жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның түзілуін сұраныс пен ұсыныс факторлары айқындайды. Сұраныс тарапынан болып отырған экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында жақын арадағы бір-екі жылдың ішінде елеулі өсуді күтуге болмайтын сияқты. Менің ойымша, қазір жылжымайтын мүлікке инвестиция салу үшін қолайлы уақыт емес. Ал бағалар төмендеген жағдайда ең алдымен инвесторлар зиян шегеді, өйткені олар өздерінің салған салымдарының құнының өсуін күтеді, табыстылықты басқа құралдармен салыстырады (тым болмағанда банктегі депозиттермен). Пәтерге салынатын салымның табыстылығы жалдық төлемдер мөлшері мен олардың құнының өсуінен құралады. 2014 жылдың басынан бастап жылжымайтын мүлік нарығындағы жалпы тренд жағымсыз, тиісінше табыстылық та төмендеп отыр. Сондықтан да  біз қазір төмендеудің тек басын ғана бақылап отырмыз. Нарыққа еркін құбылмалы бағам енгізілгеннен кейін төлемқабілеттілік сұранысының төмендеуі күшейеді, мәмілелер саны күрт азаяды. Бұл жылжымайтын мүлік құнының түсуіне алып келеді. 2016 жылдың соңына қарай бағалар орта есеппен алғанда 20-25 пайызға түсуі мүмкін деп күтудеміз. Тек еркін құбылмалы бағам енгізілген кезден бастап көрсетілген орташа долларлық баға 5 пайызға қысқарды, ал саудаласуға жеңілдік орта есеппен 5-тен 20-ға пайызға дейін өсті.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Астана жолдары: проблемалар және оларды шешу тәсілдері

Астанада үйді қалай сатып алуға болады?

«ЭКСПО-2017» кезінде астананың түр-тұлғасы қалай өзгереді?

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.