Жылжымайтын мүлік құжаттарын тіркеу

Жылжымайтын мүлік құқын мемлекеттік тіркеу — тіркелген құқықтың нақтылай бар екендігіне жалғыз ғана дәлелдеме, айғақтама болып табылатын міндетті рәсім, заңдылық күші бар акті.

Мемлекеттік тіркеуге міндеттелген тәртіппен жылжымайтын мүліктік құқықтың мына төмендегідей түрлері жатады:

  • меншіктік құқық;
  • мерзімі бір жылдан жерді пайдалану құқы;
  • шаруашылықты жүргізу құқы;
  • оралымды басқару құқы;
  • үлкен, орасан жер учаскесінің пайдасына мерзімі бір жылдан басқа жылжымайтын мүліктің объектісінің сервитуты. (Сервитут — бұл өзге жылжымайтын мүлік объектісінің шектелген пайдалану құқы: жер учаскесі, ғимарат және т.б.);
  • жылжымайтын мүлік құқының өзгеруі және/немесе ауыртпалығы (жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі, құқық иеленуші туралы мәліметтің өзгеруі);
  • келісімшарттың өзгеруі олар тек мынадай жағдайда, жылжымайтын мүлік объектілеріне бекітілген құқықтың көлеміне түрлі-түрлі жолдармен ықпал жасайтын, әсер ететін тіркелім парағында бар мәліметтерге қатысты болғанда, немесе айқын, анық төмендегідей мәселеде, егер олар тараптардың келісімдерінің негізінде тіркелгенде орын алады.

Қажетті құжаттар

Арыз берушінің құқын тіркеу үшін жеке куәлікпен ТҚО-на бару керек және мына төменде көрсетілген құжаттарды міндетті түрде апарған абзал:

  • мемлекеттік тіркелім туралы бекітілген үлгідегі арыз;
  • объектінің тіркелімін растайтын құқық белгілеуші құжаттар, және де сонымен қатар сапалы заңды түрдегі техникалық паспорт және/немесе жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;
  • жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін алым төлемі туралы түбіртек.

Егер мәмілелерде нәтижесінде тіркелімге жататын, бірақ, нотариалды түрде рәсімделмеген құқық пайда болғанда, тіркелім мекемелері мәмілеге немесе қол қоюлардың түп нұсқалылығына анық қатысатын тұлғалардың іс-әрекетке қабілеттілігіне тексеру жүргізуге міндетті.

Тіркеуге құжаттарды дайындау

Тазартулар да, қосып жазулар да, келісілмеген өзгертулер де немесе сызылған сөздер де нақтыланып анық байқалған кезде ондай құжаттардың мемлекеттік тіркеуге қабылданбайтынына мықтап қатты назар аудару керек. Тіркейтін мекеме егер де құжаттарсыз, жеке куәлігінсіз де тиісті емес тұлғалар арызбен хабарласқанда; егер арыз дұрыс заңды түрде айқын, дәл толтырылмағанда; егер арыз беруші құжаттардың толық емес жарты тізімін ұсынғанда тіркеуден бас тарта алады.

Тіркейтін, мекемеге жылжымайтын мүлік объектісінің нақты құқының туындауын да, өзгеруін де және қысқартылуын да дәл растайтын құжаттардың екі данасы міндетті түрде айқын, анық беріледі. Олардың біреуі нотариуста куәландырылған түпнұсқа немесе көшірме болуы әбден қажет. Сот актісі, немесе басқа құжат болған жағдайда түпнұсқа құқық иеленушінің қолына тиянақтап берілмесе, тіркеу үшін  нотариалды куәландырылған осы құжаттың екі көшірмесі міндетті түрде ұсынылуы тиіс деп есептеледі.

Шешімді нақтылап дәл қабылдар алдында құжаттарға, субъектілер мен объектілердің құқықтық қатынастарына да, құқық пен /немесе ауыртпалық түріне де, заңнаманың тиісті талаптарына сәйкес олардың туындауына да, қысқартылуына немесе өзгеруіне байланысты бекітілу мақсатында тіркеуші мекеме құжаттарды тиянақты тексеруден нақ өткізеді.

Егер де тіркелген құқықтың мазмұндарын, сипаттарын немесе тиістілігін  түк те өзгертпейтіндей тіркеу уақытысында ағаттықтар, қателіктер жіберілсе, онда олар тіркеуші мекеменің жеке ынтасы бойынша нақтыланып түзетіледі. Егер де тіркеуші мекеме түрлі-түрлі себеп-салдармен тиісті талапқа сай түзетулерді тіркелім құжаттарына енгізуден бас тартса, жіберілген қателіктің, кемшіліктің кесірінен мүддесі бұзылған адамның, тұлғаның сотқа жүгінуге құқы бар.

Мемлекеттік тіркеу құқы бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • тіркеуші мекеменің құжаттарды қабылдауы (ТҚО);
  • құжаттарды, демек, жылжымайтын мүлік объектілерінің құқының туындауының, қысқартылуының және өзгеруінің ең негізі болып табылатын біткен мәмілелердің заңдылығын, басқа заңды фактілерді нақтылап тексеру;
  • тіркеу парақшасына жасалған тіркеу туралы жазбаны енгізу;
  • құқық белгілеуші құжатқа қолтаңбаны енгізу;
  • жасалған тіркелім туралы айқын белгімен құжаттарды беру немесе, тіркелімнен бас тарту немесе тоқтату болған жағдайда осынау нақты фактіні растайтын құжаттарды беру.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Егер жылжымайтын мүлiктiң құжаттары жоғалса…

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.