Баспананы жалға алу үшін іздеу — жиі күтпеген оқиғаға жолықтыратын тәуекелге толы жұмыс: санаулы сағатта пәтерді табуға болады, кейде өзіңе қолайлы мекенді айлап іздеуге тура келеді. Сондықтан баспананы жалға аламын деп шешкеннен соң, бірден іздеуді неден бастау керектігін білу керек.
Іздеу нұсқалары
Бірінші — достар мен таныстар
Жақсысы, бұл сіз үшін... ең тәуір және қолайлы жоспар. Бірақ, бұл нұсқа көбінесе жалға берушіге ыңғайлы келеді, себебі, тәжірибелі адам «өзінікінен» гөрі таныс емес адамға пәтерін жалға бергенді қалайды, өйткені көп ақша түседі. Иә және бір нәрсе бола қалған жағдайда ешқандай қобалжымастан және ұялмастан танымайтын кісіні оңай қуып шығады.
Екінші — газеттегі хабарландыру
Бұл қарапайым және пайдалы. Дұрысы, кейде тұрғын үйді жалдық бойынша мерзімі өткен хабарландыру берік жарнамалық база үшін «өлі жүкпен ілінеді». Сондықтан жылжымайтын мүлік бойынша мамандандырылған басылымға жүгіну қажет.
Үшінші — риелторлар
Егер де кімде-кім өзінің қымбат уақытын босқа жоғалтқысы келмесе, нақты төлемге тұрғын үйді жалға алуға/беруге сізге көмектесетін риелторлардың қызметі бар.
Төртінші — бағаналардағы және автобус аялдамасындағы хабарландыру
Жалға беруші үшін осынау тәсіл ақпараттық парақшаларды ұзақ және тиянақты оқуды білдіреді, ал, жалға алушыға хабарландыруды өзіне көптеп желімдеуге тура келеді. Алайда, мұндай нұсқа тиімсіздеу, өйткені, адамдар қоғамдық орындарда көбінесе асығып-үсігіп, аптығып, жүгіріп жүреді және мыңдаған жарнамалық хабарландыруларды оқуға уақыттарын да жібермейді, оның үстіне, қысқасы, олардың кейбіреулері алаяқтық жолдармен жасалған. Және бағанадағы және тақтадағы жарнамалардың өмірі ұзақ болмайды: бір сағаттан соң, оны ауласыпырушы жыртып тастауы мүмкін немесе желімдеуші оны өзінің парақшасымен жауып тастайды.
Бесінші — көршілер
Қосымша нұсқа ретінде — кешкісін көшеге шығу керек және сөзге жақын әрі бәрін білетін әжелермен сөйлесу қажет. Басқалардың құпия сырын сақтаушы бұлар кімнің пәтерді (бөлмені) жалға беретінін дәлме-дәл айтып береді, бұған қоса қожайынның аты-жөнін, оның мекен-жайын және телефонын сізге тез жеткізеді, пайдасы тиетін басқа қажетті ақпараттан құлағдар етеді.
Өкінішке орай, біздің қалада жалға берушілер мен жалға алушылар жолығып сөйлесетін әзірге жай жоқ. Мұндай нүктелер дерлік әрбір мегаполисте бар. Мысалға, Алматыда осындай «бұрылыста» алаң-елең таңнан бастап, бірнеше ондаған адам жиналады. Оның үстіне бұл орында тіпті өз инфрақұрылымы пайда болған — дүкен, телефон, әжетхана, орындық, таксист, хабарландыру тақтасы, газет тасушы және тағы басқалар. Алматылық «бұрылыстағы» үйді жалға алу/беру бойынша мәміленің көп бөлігі делдалсыз жүзеге асырылады, алайда, соңғы кезде «қара» және «сұр» деп аталатын маклердің ынтасы жоғарылады.
Құжаттарды ресімдейміз
Заңдық тұрғыдан қарағанда пәтерді жалға беру, жалпы, айтарлықтай операция емес. Осындай мәмілені жасасу үшін әлеуетті тұрғын ғимараттың жалға берушінің атына дәл жазылғанына көз жеткізуі тиіс, басқа сөзбен айтқанда, нағыз меншік иесімен іс-әрекет жүргізіп жатқанын анық, айқын білуі керек, өз кезегінде, болашақ тұрғынның жеке куәлігін тексерген артық болмайды. Тек осы рәсімдерден кейін ғана тараптардың жалдау туралы шартқа сенімді түрде қол қоюларына болады.
— Құжатта жалға берілетін ғимараттың барлық сәйкестендіру сипаттамасы жан-жақты көрсетілуі тиіс: мекен-жай, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі (пәтер, үй, саяжай), көлемі, қабаты, — деп түсіндіреді юрист Сәкен Ешмұратов. — Келісімшартта сонымен қатар тараптардың құқықтары мен міндеттемелері жазылады және оны орындаудың шарттары белгіленеді — қандай тарап коммуналдық ақыны төлейді, кім және қандай жағдайда келтірілген залалдың орнын толтырады. Сома, төлемнің мерзімі (ай сайын, тоқсан бойынша), жалдау мерзімі талқыланады.
Бұл жалға беру туралы келісімшарттың негізгі ережесі. Алайда, тараптың біреуінің бастамасымен оған қосымша пунктерді дәл енгізе алады. Мысалға, жалға беруші «депозит» деп аталатын пункті кіргізеді — бұл пәтерге орналасатын уақытта жалға беруші беретұғын ақшалар (кәдімгі тұрғын үйдің жалы үшін ай сайынғы төлем мөлшері). Үйден шығарда депозит қайтарылады, бірақ та, тұрғынның төлемге немқұрайлы болғандығынан, депозит жалдық ақының есебіне кіреді.
Егер де қожайын қымбат жабдықпен және тұрмыстық техникамен жиһаздалған пәтерді жалға беретін болса, онда келісімшарттан басқа мүліктің тізімдемесін құру ұсынылады. Әрбір нәрсеге қысқаша сипаттама берілуі тиіс — шыққан жылы, моделі, тозу дәрежесі, ақаулар және зақымдар. Мүліктің тізімдемесі екі беру-қабылдау актісінен тұрады. Олардың біреуі пәтерді жалға берерде, ал, екіншісі — тұрғын үйді қайтарар уақытта толтырылады. Жалға алушының ынтасымен жалға берушінің пәтерге келу кезеңін және тағы басқа жеке өмірдің құпияларын сақтау шарттарын айта алады. Тараптар келісімшарттың пунктерін анықтап болғаннан соң, бұл құжатқа қол қоюға болады.
— Жалпы, жалға беру туралы келісімшартты реті келсе нотариалды ресімдеген дұрыс. Өйткені, қандай да бір міндеттемені немесе мәміленің шартын орындамаған кезде дауласу үшін бұл заңды негіз болады, — деп кеңес береді Сәкен Ешмұратов. — Егер тұрғын үйді жалға алу туралы келісімшарт бір жылдан аз мерзімге жасалса, оны әділет органдарында тіркеуден өткізу міндетті емес. Басқа жағдайда құжат міндетті тіркелімге жатады.
Соныменен, заңнамаға қарамастан жеке тұлғаға мүлікті жалға беру шартын ауызша түрде жасауға толықтай мүмкіндік бар, жалға беруші ретінде құқық пен заңды мүдделерді қорғау үшін және жалға алушы да мүліктік жалдық келісімшартты бәрі бір жазбаша түрде жасағаны дұрыс, жөн. Бұл қадаммен жалға алушы пәтерге қоныстандыру мен пәтерден шығару мерзімін, сонымен қатар жалдық төлемнің мөлшерін дәлме-дәл анықтай алады. Жалға беруші, тиісінше, көрсетілген шарттардан басқа да ғимараттың арендасына қарызды өндіруге кепілдікпен өзін қаматамасыз етеді, және де пәтерге байланысты алаяқтардан қорғанады, мәселен, жалға алушылар өздерін меншік иесі ретінде көрсетіп, пәтерді сатып жіберетін қулыққа барады екен, мұндай оқиға бүгінде көптеп кездеседі.
Жалға алушы нені білу керек?
- Есте сақтаңыздар, егер сізден алдымен ақшаның жартысын төле, сосын пәтерді көреміз деп сұраса, оған еш келіспеңіздер.
- Ақшаны пәтерді тиянақтап көріп болғаннан соң ғана беріңіздер, келісімшартқа қол қойыңыздар, қолхатты және пәтердің кілтін алыңыз, кілттің осы пәтердікі екеніне анық көз жеткізіңіз.
- Келісімшартты жасасар алдында жалға берушінің жеке куәлігін, пәтердің құжаттарын (барлық құжаттардың көшірмесі емес, түпнұсқасы болуы керек) ыждағатты тексеріңіз. Есте ұстаңыздар, келісімшартта міндетті түрде жалға берушінің мәліметтері және оның қолы болғаны жөн.
- Өткен айға коммуналдық қызметтерге төлем туралы түбіртекті сұраңыздар. Меншік иелері, негізінде, комқызметке төлейді әрі төлем туралы түбіртекті сақтайды. Егер де түбіртек болмаса, ойлануға тура келеді!
- Ақшаны тек қана қолхат арқылы беріңіздер, егер де жалға беруші қолхатты бергісі келмесе, дұрысы бұл пәтерден бас тартыңыз.
- Қожайын пәтерде тұрушыны келісімшартта көрсетілгендей, жалдық мерзім аяқталмайынша, өзінің жеке тұрпайы мінезімен үйден шығара алмайды. Әрине, жалға берушінің мүдделерін қорғау мақсатында жазылған келісімшарттың барлық пунктерін жалға алушы қатаң сақтауы тиіс.
- Келісімшартта қожайын көбінесе пәтердің бүтіндей жағдайын және оның санитарлық-техникалық, жарық беру хал-ахуалын, тұрмыстық жабық пен жиһазды бақылау мақсатында келетіндігін жазуға болады. Жалға алушы жазбаша шарттың негізінде өзін сенімді және уақытша тұратын тұрғын үй алаңында тәуелсіз сезіне алады, ал, қожайын бұған қоса жалға алушының өз бетінше әрекет етуінен сақтандырылады.
Тағы оқитындарыңыз:
Риелторлық агенттікті қалай таңдауға болады
Kn.kz Ақпарат қызметі