Тұрғын үйден айырылудан қалай өзін сақтандыруға болады?

Жылжымайтын мүлікті кез келген тосын оқиғадан сақтандыруға болады — өрттен, су басудан, ұшақтың құлауынан және тіпті меншіктік құқықты жоғалтудан.

Алаяқтармен немесе бұған жеткілікті құқы жоқ қарапайым адаммен мәміле жасасудың қаупіне қалай тап келмеуге, жолықпауға болады? Бұл кезде титулдық сақтандыру көмекке, жәрдемге келеді. 

Әрине, сақтандыру айырылған тұрғын үйді қайтара алмайды, бірақ, оны иеленуге жұмсалған шығындардың орнын толтырады. Демек, сізде басқа «шаршыларды» алуға ақша болады. Қиындық туындағанда, титулдық сақтандыру қол ұшын береді. Жоғарыда нақтылы аталған сақтандырудың негізгі, басты объектілері тұрғын үй ғимараттары (пәтерлер, үйлер), сонымен қатар жер учаскелері болып табылады.

Титульдық сақтандыру қандай қиындықтардан қорғайды?

Титулдық сақтандыру жылжитын және жылжымайтын мүлікке меншіктік құқықтың (титулдың) жоғалуынан қорғайды. Бұл әзірге тұрғын үй сатып алушыларының арасында сондай белгілі емес, бірақ, бұл несиелеуді қамтамасыз ететін мүлікке меншіктік құқықтың кепілдігінің тәуір формасы болып табылады. Қазақстанда титулдық сақтандыру нарықты жаулап алуды бастады. «Номад Иншуранс» АҚ СК қарағандылық филиалының директоры Руслан Нуртденовтың бағалауынша, Қарағандыда 2013 жылы басқа сақтандыру түрлеріне қарағанда титулдықтың үлесі барлығы шамамен 0,1%-ды құрады.

Қазақстанда титулдық сақтандырудың қандай ерекшелігі бар екенін және оның қандай кепілдік беретінін қарастырамыз.

— Титулдық сақтандыру — бұл сақтандыру келісімшартында көрсетілген мүлікке меншіктік құқықтың тоқтатылу нәтижесінде шығындардың пайда болуымен тәуекелшілдікке байланысты адамның (сақтанушының) мүліктік мүддесі, — деп түсіндіреді Руслан Нуртденов. — Мұндай сақтандырудың жақсы тұстары — бұл төлем кезінде жылжымайтын мүліктің нарықтық немесе кепілдік құнына тең мөлшерде сақтандыру төлемін алу мүмкіндігі. Расында, шартсыз франшиздердің сомасын есепке алмағанда (сақтандырушының өтеуіне жатпайтын және сақтандыру өтеуін есептеу кезінде өтеудің жалпы сомасынан ұсталатын сақтанушының төлеміне жататын орасан шығындардың бір бөлігі).

Мұндай сақтандыру, сараптамашының айтуынша, егер сот әр түрлі себептермен жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілені жарамсыз деп таныған жағдайда мүлікке қожайынның меншіктік құқының жоғалуын болдырмайды екен.

— Титулдық сақтандыру заңдылық құжаттарды тиісті емес жағдайда ресімдеуде көмекке келеді, мысалы, жарамсыз құжаттар болғанда, кәмелетке толмаған немесе еңбекке қабілетсіз азаматпен мәміле жасалғанда, кепілдік мүлікпен проблема туындағанда және басқа да жағдайларда, — деп жан-жақты әңгімелейді іскер маман Руслан Нуртденов. — Бүгінгі таңда, көбінесе, қазақстандықтар негізінен ипотекалық несиелеу кезінде мүмкін болар алаяқтыққа ұрынбау үшін титульдық сақтандырудың қызметтеріне жүгінеді және арқа сүйейді.

Титулдық сақтандыру пайдасымен «Қала құрылысы қызметінің субъектісімен іс жасау ассоциациясы» ЗТБ-нің президенті Сәкен Ешмұратов та келіседі.

— Титулдық сақтандыруды иеленудің қажеттілігі бірнеше себептерге негізделген. Барлығы, әрине, жылжымайтын мүлік нарығындағы алаяқтықтың көптеп тарауынан туындап отыр. Көбінесе, бұл тәртіп бұзушылық жекешелендіру, жылжымайтын мүлікті жалған құжатпен сату барысында, мәмілеге қатысушының біреуінің өз әрекетінің мағынасын түсінуге қабілетсіздігі, жеке мұрагерлердің мүдделерін бұзудағы мүліктердің бөлінуі, жұбайлардың біреуінің келісімінсіз бірлесе тапқан мүліктерге қатысты мәміле жасау, — деп қадап-қадап көрсетеді Сәкен Ешмұратов.

Титулдық сақтандыру Қазақстан Республикасы заңнама актілеріне сәйкес сақтандыру ұйымдарымен әзірленетін сақтандыру ережелерінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл ереже меншіктік құқықты жоғалтудың нәтижесінде мүліктен айырылуда сақтандыру келісімшарттарын жасау және орындау тәртіптерін нақты анықтайды.

Титулдық сақтандыру келісімшарттары бойынша объектілер иеліктен алуға байланысты меншіктік құқықты жоғалтудың нәтижесінде жылжитын және жылжымайтын мүліктен айырылу тәуекелшілділдігіне қатысты, сонымен қатар мүлікті сатып алу-сату мәмілесін соттың жарамсыз деп тануына сай  сақтанушының (жеке және заңды тұлғаның) мүліктік мүдделері болып табылады.

Риелторлық агенттікті қалай таңдауға болады>>>

Титулдық сақтандыру қандай артықшылықтар береді?

Біріншіден, бұл ипотекаға жылжымайтын мүлікті иелену кезеңінде меншіктік құқықты сақтандыруға керемет мүмкіндік. Екіншіден, төлем кезінде жылжымайтын мүліктің нарықтық немесе кепілдік бағасына тең мөлшерде сақтандыру төлемін алудың толықтай мүмкіндігі (сақтандыру келісімшартының міндетті шарттары болып табылатын шартсыз франшиздердің мөлшерлерін жаппай алып тастау).

ҚР АК-нің 803 бабына сәйкес сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтандырушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттеледі, басқа тарап (сақтанушы) сақтану жағдайы болғанда сақтандырушыға немесе өзге тұлғаға сақтандыру ақысын төлеуге міндеттеледі, нақты келісімшарт негізіндегі соманы (сақтандыру сомасы), шарт (қолайлы иеленуші) пайдасына жасалған.

— Сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушының хабарламасының мерзіміне аса назар аудару қажет етіледі, сонымен қатар мұндай міндеттеме сақтанушыға да жүктеледі, мерзімді өткізіп алу сақтандыру төлемінен бас тартуға апарады. Осыған байланысты титульдық сақтандыру ерікті болып саналады және хабарламаның мерзімі келісімшарт жасаларда тікелей жан-жақты толықтай айтылады, сақтандыру компаниясының аз мерзімді бекітпегенін қатаң қадағалау керек, — деп кеңес береді Сәкен Ешмұратов.

Қанша төлеу керек?

Сақтандырудың барлық, бүкіл түрлері ерікті және міндетті болып екіге бөлінеді. Титулдық сақтандырудың шарттары жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасасарда ерікті түрде ресімделеді. Сақтандырудың мөлшері және оның төлем тәртібі келісімшартта келісіліп бекітіледі.

— Қатаң түрде төленуге тиісті біздің компанияның сақтандыру сыйақсының мөлшері тарифтерге сәйкес есептеледі, — деп әңгімелейді Руслан Нуртденов. — Сақтандыру сомасы сақтандыру келісімшартында тараптардың келісімімен бекітіледі және де сақтандыру келісімшартын жасасар кезде тұрғылықты мекеніне байланысты нақты сақтандырылатын мүліктің шынайы (нарықтық) бағасын өсірмеу абзал. Мысал ретінде: сақтандырушы клиентпен анықтаған сақтандыру төлемінің сомасын алады, мәселенки, бұл бір миллион теңге және ол да сондай клиентпен анықталған 1%-ды сақтандыру тарифіне нақтыланып көбейтеді. Бір миллион теңгеден 1% дегеніңіз, бұл 10 мың теңге. Сонда клиент сақтандыру компаниясына аталған соманы айқын төлейді. Сақтандыру ақысын алу қиын емес. Бастысы  — сақтандыру төлемін алар кезде сақтандыру келісімшартының шартына сай, байланысты қимылдауы керек!

Қысқасы, сақтандыру сыйақысын сақтандыру компаниясына толықтай көлемде төлеу қажет, өйткені, бөліп-бөліп төленген жағдайда төленген сақтандыру сыйақысына барабар тек сақтандыру ақысының бір бөлігі төленеді.

Сақтандыру келісімшарты неге жарамсыз болып танылады?

Сақтандыру келісімшартын жасайтын кезде шартты жарамсыз деп тану үшін қандай да бір негіздің бар екенін есте ұстау қажет. Олар бірнеше болып саналады:

  • шартты жасайтын кезде сақтандыру объектісі тып-типыл жоқ болады;
  • сақтандыру объектілері қарсы құқықтық мүліктік мүдделер болып табылады (ҚР Азаматтық кодексінің 807 бабы, 2 бөлігі);
  • сақтандыру объектісі соттың тиісті салмақты, сауатты, толыққанды шешімінің заңды күшіне енуінің негізінде тәркілеуге, болмаса жымысқы қылмыстық жолмен олжаланған, иеленген немесе қылмыстың нысанасына жататын мүлік болып есептеледі;
  • сақтандыру жағдайы ретінде мүмкін болар және кездейсоқтық белгілерден айырылған (Азаматтық Кодекс 817 бап, 3 бөлік) оқиғалар қарастырылған және оның әрқашан және объективті келісімшарттың әрекетінің негізінде өтуі тиіс екенін, ең болмағанда, сақтандырушылар көрінеу көзге тайға таңба басқандай біліп отырған.   
  • сақтанушы келісімшартты жасар кезде, сонымен қатар осы уақытта сақтандыру жағдайының шеті көрінгенде, өзіне тікелей қолайлы іске жетуді мақсат тұтады;
  • оның келісімін алу міндетті болып табылғанда, сақтандыруға келісім бүтіндей, толықтай  жоқ болады;
  • келісімшарттың жазбаша формасы сақталмайды (Азаматтық Кодекстің 825 бабы, 3 бөлігі).

Титулдық келісімшартты жасаудың керек, керек еместігін ойлану кезінде, естеріңізде  болсын, егер де жылжымайтын мүлікті сатып алушы адалдық әрі тазалық танытса да, тұрғын үйдің даулы болмайтынына және соттың істі жеңетініне ешкім де ешқашан кепілдік бере алмайды. Өйткені, егер пәтер қорқыту немесе алдау жолымен сатылса, сот бұрынғы қожайынның жағында болады және жаңадан қоныстану дау-жанжалмен басталатыны сөзсіз.

Қандай жағдайларда сатып алу-сату (басқа да келісімдер) келісімшарттары соттың шешімімен жарамсыз болып табылады:

  • 14 жастағы кәмелетке толмаған баламен оның ата-аналарының (асырап алушылардың) немесе қорғаншылардың келісімінсіз мәміле жасау, сонымен қатар ол заң бойынша өз бетінше жасауға құқы бар мәміле;
  • Жан ауруының немесе ақылы кемістігінің салдарынан еңбекке қабілетсіз деп танылған тұлғамен мәміле жасау.
  • Еңбекке қабілетсіздігін сот шектеген тұлғамен мәміле жасау.
  • Еңбекке қабілетсіз, бірақ, мәмілені жасау кезінде өзінің іс-әрекетінің мағынасын, маңызын толық түсінбейтін және оны ойдағыдай басқара алмайтын жағдайдағы тұлғамен мәміле жасау.
  • Бұл іске айтарлықтай жеткілікті өкілеттілігі жоқ тұлғамен мәміле жасау.
  • Өмірдің салған қиын да ауыр ісіне тап келген, жолыққан және мықтап адасуда жүрген тұлғамен мәміле жасау.
  • Бірлескен мүліктері бар жұбайлардың біреуінің ешқандай да келісімінсіз мәміле жасау.
  • Мәміленің нысанасы болып табылатын, мүлікке меншіктік құқы бар келісімшартта көрсетілмеген тұлғаның мәміле жасалғаннан кейін пайда болуы: заң немесе өсиет бойынша  мұрагер болып саналмайтындар, асыраудағы жандар, қартайған немесе кәмелетке толмаған азаматтар, әскер қатарындағылар, бас бостандығынан айыру орнынан келгендер.
  • Сенімхатты кезінде келісіммен берген тұлға, қайтыс болғаннан кейін мүлікті сату, оны еңбекке қабілетсіз деп, қабілет-қарымдылығы шектелген деп тану немесе белгісіз себептермен жоғалуы.
  • Контрагентке тиісті емес мүлікті сату.
  • Құжаттарды жасандылықпен жасау.
  • Қарама-қарсы мақсаттағы қызметі ҚР заңнамасымен немесе құрылтайшылық құжаттармен шектелген, керісінше, болмаса оның органының жарғылық құзыреті бұзылған заңды тұлғамен мәміле жасау.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Пәтерді таңдау бойынша тәжірибелік кеңестер

Рента келісімшартын қалай жасау керек?

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.