Бағаны түсіреміз немесе дұрыс сауда жасауға бірнеше кеңес

Сатушы қандай бағаны айтса да, оны төменге түсірмейтін сатып алушы  еш табыла қоймас. Әсіресе, мәселе үлкен сомаға, қайсысы пәтер сатып алуға әсер етуіне тірелгенде.

Осындай мәмілелерде бағаларды төмен түсіруге бола ма? Әрине, болады! Қарапайым түрде дұрыстап, тіл табысып саудаласа білу қажет.

Ескертілген — демек, мықты

Бэконның «білім — күш» деген белгілі тұжырымын еске ала отырып, біздің проблемаға қатысты бұл ұрандаманың керемет жұмыс істейтінін атап өтеміз. Ұсынылған нұсқаны жан-жақты қарауға және қожайынмен келіссөзге бармастан бұрын бұл пәтер, орналасқан ауданы, қожайындары мен олардың пәтерді сатудағы себептері туралы барынша көбірек ақпарат жинап, бес қаруды сай қылып, дайындалу қажет.  

Қысқасы, себептерге баса, аса назар аудару керек. Айталық, егер сатушы уақыт жағынан қысылса (мысалға, өзге пәтерге кепілақша беріп қойса немесе шетелге ӘТМ-ге кететін болса), онда сатып алушыда сауданы «тартқылауға» мол, орасан мүмкіндік туындайды.

Тағы бір алдын ала білуге тұратын ең маңызды мәселе, қанша уақыттан бері пәтердің сатуға қойылғандығы. Егер де жылжымайтын мүлік енді ғана сатуға қойылған болса, онда сатушының үйін қымбатқа сатуға үміті таудай, сондықтан оның саудаласуға құлқы, ынтасы тым азаяды. Ал, егер де сату туралы хабарландыру базада бірнеше айдан бері ұзақ «ілініп» тұрған болса, бағаның төмендейтіні белгілі, сатып алушымен проблема туындайды, сонда сатып алушы неге де болса көнуге тырысады. 

Келесі қадам — нарық туралы жалпы мәлімет. Бұл жәй қарапайым: сол аудандағы ұқсас пәтерлерге аса, жіті, баса көңіл аудара отырып, ертеректеу хабарландыруларды қарап шығыңыз, ұсыныстар мен бағалардың шарттарын салыстырыңыз. Сосын сатушымен әңгіме-дүкен кезінде бұл көшеде мұндай бірнеше пәтердің сатылатынын, тәуірі, кереметі мен арзаны бар екенін оның есіне жиі-жиі салыңыз. Жағдайды жәй жеңілдетіп, әсірелеуге болады — сезім шегін жоғалтып алмаңыз.

Пәтерді сату кезіндегі көп кездесетін қателіктер>>>

Қарсыластар да ертерек дайындалады

Сіз бұрынырақ мол ақпарат жинасаңыз, сатушылар да мәмілеге ертерек әзірленеді. Сондықтан әрбір тараптың өз мүдделері үшін тірлік қылатынын ұмытпаған абзал, жөн, «әркім көрпені өзіне қарай тартады». Пәтердің сізге оң ықпал, оң әсер жасауына сатушылар барынша жүз пайыз тырысып бағады.

Сатушылар көбінесе қандай айла-шарғыға барады? Жеңіл косметикалық жөндеу және жинастыру — жалқаулар ғана елемейтін дайындықтың бірінші сатысы. Қорытындысында осындай әрекетпен керемет, тамаша нәтижеге қол жеткізуге болады – пәтер бүгін салынғандай су жаңа болып көрінеді. Бір жағынан бұл сатып алушы үшін тым жақсы, екінші жағынан — шатырдан су тамшылағанды көрсетпей, төбедегі сары дақтарды жауып қояды да, ал, жаңа тұсқағаздардың астында жарықшақтар жасырынуы әбден ықтимал және т.б.. Әрине, сіз тұсқағаздың астын қарай алмайсыз, бұл тұрғын үйдің барлық проблемасын сізге көрсетпейтінін есте ұстаңыз, сақ болыңыз.

Тағы қосылған лампалар, жасанды жарық беру кәдімгідей ғимараттың көлемін зорайтып көрсетеді, бұл іс есіктің айқара ашылуына себеп болады. Нәтижесінде пәтер өзінің бастапқы қалпынан сондай үлкен болып көрінеді. Сондықтан тәжірибелі риелторлардан кеңес: пәтердің көлемін төбе бойынша бағалау қажет. 

Егер де сіз қожайыны толықтай тым жинастырып үлгермеген пәтерге жолықсаңыз  — қалпақты атып, қуана беріңіз, өйткені, ретке, жөнге келтіру қымбатқа түспейді ғой, ал, қалыптасқан жағдайға байланысты бағаны біраз айтарлықтай төмен түсіруге болады.

Және тағы... Сізге пәтер өте ұнамай қалып жатса, шамадан тыс жүйке тоздырып, ашу шақырудың қажеті шамалы. Қандай болса да, бұл пәтерді сатып алуға сіздің тым ынталы екенініңізді есіткен жылжымайтын мүліктің қожайыны саудаласып қана қоймай, бағаны өз пайдасына шешуге тырысады.

Саудаласуға кірісеміз

Дұрысы, қарап болғаннан кейін бірден саудаласуға болмайтынын атап өтуге болады. Бұл асығыстық ыңғайсыздық тудырып қоймайды, сонымен қатар сатып алушының терең қызығушылығына жанама дәлелдемеге қызмет етеді. Бұл бағаны төмен түсіруге ынталы жан үшін басынан-ақ ұтылу бағыты болып есептеледі. Қарағаннан кейін екі-үш өткеннен соң, телефон шалу және кездесуге, мәселені талқылауға ұсыныс жасау дұрыс жол.

Екінші тәртіп — әрине, егер де сіз телефондық әңгіменің ас шебері болмасаңыз, дұрысы телефон арқылы саудаласпау. Қарапайым адамдардың көпшілігі үшін жеке бетпе-бет кездесуде келісімге келу қолайлы. Өйткені, саудаласу — тым ыңғайсыздау процесс: уақыт өте сіздің әңгімелесушіңіздің келіссөзді үзуге ынтасы оянуы мүмкін. Өйткені, тірі жолығуда айналып кетуден гөрі трубканы іле салу оңайырақ. Сондықтан тікелей байланыста мүмкіндік молырақ, әңгіме шорт үзілмейді, сіз бір нәрсеге көзбе-көз келісіп қаласыз.

Көптеген сатып алушылар аталған бағаға ешқашан да сапасы жоғары емес тауарды сатып алуға болмайтынын тура айтып, кемшіліктерді тікелей көрсетіп, көп тараған қателікті жібереді. Бірақ, мұндай пікір айтуды қожайын ұрысқандай қабылдайды. Қорытындысында нәтиже көңілдегідей, ойдағыдай болмай қалады: бағаны төмен түсірудің орнына сатушы әрі қарай сізбен әңгімелесуді шын жүрегімен қаламайды да. Ол өзінің пәтерін өте арзандау қылып сатуы мүмкін, тек кіммен ниетіне сай әңгімелескен адамға. Объектіні сынға алуға болады, тиянақтылап, сөзді абайлап айтып, тек қана ұқыпты түрде. Басқаша айтар болсақ — ешкім де ешқашан барқатты қолғаптың ішінде темір қолды болуыңызға тыйым салмайды.

Саудаласудың барлық сұлбаларын нақты дәйектеу қажет. «Мен арзанын қалаймын», — деп айту тым сенімсіздеу естіледі. Фактілерге жүгініңіз: сол ауданда пәтердің төмен бағаға сатылатынына сатушының көңілін, назарын  мықтап тұрып аударғаныңыз жөн. Немесе соған ұқсас бағадағы пәтерде паркет төселгенін, ал, бұл  объектіде — линолеум барын және т.б. айтыңыз. Бірақ, әрине, қарама-қарсы тараптың пайдасына ұсынылатын аргументтер дұрыс қабылданады. Сізге жеңілдік жасай отырып, сатушының не ұтатынын түсіндіріңіз. Басты жақсы, тәуір жұмыс істетіп, тура қарама-қарсы жағдайда қолайлы тұсты табуға болады. Мысалы, сіз пәтерді тікелей делдалсыз сатып алуға дап-дайын және ақшаны қолма-қол төлейтін ерікті сатып алушысыз. Немесе сіз ипотекалық сатып алушысыз дейік — бірақ, бұл, демек, сіздің артыңызда банк тұр, банк тексерген сізде сенімді қаражат, ақша бар, бұл дегеніңіз, мәміле таза әрі қауіпсіз болады.

Пәтердi сатар алдында немесе жалға берерде жөндеу жасауға тұра ма?>>>

Қорытындылағанда…

Көптеген адамдар саудаласа алмайды немесе ұялады, бірақ та, расында, бұл істің барысында ешқандай ұяттылық жоқ. Естеріңізге түсіріңіздер — егер сатып алушы саудаласуды ұсынбаса, Шығыста сатушы өкпелеп те қалады. Қазір, әрине, жағдай басқаша, ең бірінші айтылған бағаны қабылдауға ешкім ешқашан да ренжімейді. Алайда, сіз кәдімгідей нақ саудаласудан бас тарта отырып, үнемдеу мүмкіндігінен, тіпті ұнаған пәтерден тып-типыл айырылып қаласыз. Бүгінгі жағдай нарықта жақсылап саудаласуды қалыптастырған. Іс сәтті болғанда, сатып алушыда бағаны сұралған сомадан 5-10%-ға төмен түсіре алу мүмкіндігі туындайды.

Бірақ, кейбір жағдайларда саудаласу мүмкін еместігін түсінген абзал. Расында, керемет пәтерлер орасан сұранысқа ие, сондықтан егер пәтерге талапкерлер көп болса, онда саудаласу пайда бермейді. Мұндай уақытта риэлторға жүгінген дұрыс болып саналады — маман саудаласуға болатынын, болмайтынын тайға таңба басқандай анық, айқын біліп отырады.

Kn.kz Ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Бөліп-бөліп төлеудегі тұрғын үй: тәуекелділік және қолайлылық

Жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық: көп тараған желілер

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.