Бақылаушылар құқықтарының шекарасы

Коммуналдық қызметтің бақылаушылары және де тұтынушылар арасында арасында бітіспес дау-жанжал, түсінбестік бар екенін тәжірибе айқын көрсетіп отыр.

ТКШ мекемесінің өкілдері өздерінің қызметтік міндеттемелерін орындайды, бірақ, тұрғындар олар осы аймақта негізсіз және түрлі мақсатпен білгендерін істеп жатқанын айтады. Олардың қайсысынікінің дұрыс-бұрыс екенін байқап көрелік.  

Қызмет көрсетуші компанияның өкілдері пәтерге немесе үйге ентелей кіріп, қожайынды кеудеден итеріп, ғимараттың ішін қарап, ойларына келгенін істейтінін соңғы уақытта көп естіп, құлағымыз жауыр болды. Сонымен, бақылаушылардың үйге келуіне не себепті құқықтарының бар екенін шешуге мүмкіндігіміз келгенше тырысайық. 

Есеп құралдары жұмыстарының дұрыстығын тексеру

Коммуналдық қызметтің бақылаушылары өзара есептемелердің дәлдігі үшін ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес, сай жарықты, жылу энергиясын және суды есептеу құралдарының жұмыстарының дұрыстығын және бұрыстығын бақылау мақсатында үйлерді және пәтерлерді аралайды. Абоненттерден есеп жүйесін қабылдау және тексеру электроэнергиясын есептеудегі талаптардың бұзылуы туралы құжаттарға, тексеру актілеріне сәйкес ресімделеді.

ТКШ мекемесінің қызметкерлері арнайы наряд-тапсырыстарға сәйкес пәтерлерді аралайды. Қарапайым есептегіштерді тексеру болмаса абоненттің өзінің ынтасымен (одан түскен тапсырыс бойынша) жүзеге асырылады, болмаса коммуналдық қызметтер кезекті жоспарлы тексеру жүргізеді.

«Ақмола ЭҮК» АҚ баспасөз-қызметінің ақпараттары бойынша әдетте бақылаушылар барып, жарық есептегішін ауыстырады екен. Жарық энергиясының коммерциялық есебі құралдарын тексеруді өткізудің арнайы нақ тәртібі болады. Ол Қазақстан Республикасы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жан-жақты зерттеп дайыналған.

Ақы төленбегенде, құралды ағыту туралы ескерту

Егер су туралы айқын айтар болсақ, пәтерден тысқары жерде ішкі үйлік желілерден заңсыз ағу мен құйылу орын алғандығын, болмаса су өлшегішті қондырмаған тұрғындардың суды шамадан көп ойсыз тұтынатынын, болмаса тұрғындар төлемақыны түк жүргізбейтінін немесе нақтылы пайдаланылған су көлеміне толық емес ақыны жасайтынын қадап-қадап атап өтуге тұрады.   Ақы төленбегенде, суды, жарық энергиясын немесе жылуды беруді тоқтату туралы тексеру, ескерту үшін бақылаушының үйлерді аралауына тура келеді. 

Коммуналдық қызметке төлемнің толықтай жасалмағандығы ТКШ-ның қызметкерлерінің үйге келуінің бірден-бір себебі болады. Мысалы, өздерінің пәтерлерінде жеке су өлшеуіштерін айқын орнатқан тұрғындар өз беттерімен  көрсеткіштерін алады және тиістіден төмен жиірек ақы төленеді. «Олардың цифрды көбінесе ойдан алатындары кездеседі. Мысалы, есептегіш бойынша үш куб үшін төлейді, қанша екеніне қарамастан әрі қарай ай сайын төлем жасайды, басқаша айтқанда, көрсеткішті нақты орташаландырады, — дейді астаналық бақылаушы Майя Дүйсенова. — Мүмкін келесі айда бес, және он кубты пайдаланылатын шығар. Сондықтан кейбір пәтерлерде төленбеген 100-150 су кубтары бойынша қомақты, орасан қарыздар қордаланып қалады».

Бақылаушылардың құқы бар:

  • бекітілген үлгідегі қызметтік куәлігін анықтап, тиянақтап көрсету арқылы ешқандай ешқашан кедергісіз есептеу құралдарын айқындап көруге. Қажет болған жағдайда өзінің пәтерге келетіні туралы алдын ала телефон шалып, тұтынушыға уақытысында хабарлауға;
  • көрсеткішті алуға;
  • абоненттің алған көрсеткішінің дұрыстығын бақылауға;
  • коммуналдық қызмет үшін төлемді талап етуге;
  • қызметке төленбеген ақы туралы білдіріске тұрғындардың қол қоюын талап етуге;
  • абонентке білдіріс жасай отырып, тоқтатудың наряд тапсырмасына сәйкес пломбаны алуға;
  • есеп құралын жөндеу, т.б. туралы тәртіп бұзушылық туралы акті құруға.

Бақылаушылардың құқы жоқ:

  • тұтынушыға дөрекілік танытуға, оның жеке өмірін қозғауға;
  • есепшотты көрсетпестен, абоненттен қызметке төлемді талап етуге;
  • көрсетілген коммуналдық қызметке төлемді қабылдауға. Оны, әдетте, ақшалай қаражатты жинаушылар жүзеге асырады;
  • есептегіш құралдарды жөндеуге. Бұл үшін тиісті акті құрылады;
  • тұтынушыға алдын ала хабарлап ескертпестен пломбаны алуға.

Жарық желілері компаниясының баспасөз-қызметінде хабарланғандай, заңдар, ережелер, қаулылар әрдайым сәт сайын өзгеруін ескере отырып, бақылаушылар техника қауіпсіздігі мен жарық энергиясы есебінің ережесі бойынша емтихан тапсырып тұрады.

ТКШ мекемесінің қызметкерлері арнайы наряд-тапсырмаға сәйкес пәтерлерді аралайды.

Даулы мәселелер қалай шешіледі?

Егер де тұтынушы бақылаушыны өзі шақырса жақсы. Ол есікті ашып, бақылаушыны есептегіш құралған дейін өзі апарады, оның нақты тексерілу қорытындысын өз құлағымен одан естиді. Жалпы, бәрі тиісті істе өтеді. Ал, егер үйді аралау жоспарлық іс-шаралар негізінде жүргізілсе ше? Осы жерде кедергілер тым көбейеді. Мая Дүйсенованың айтуынша, абоненттік бөлімнің өкілдерінің көрсеткішті алудың дұрыстығын тексеру үшін әуелі пәтерге кіру керек ғой, тұтынушылар әркезде оларды үйге жібере бермейді және осыдан барып бітіспес дау-жанжал туындайды.

Жағдай № 1

Бақылаушы есікті қаққанда, оны бірден ашу керек пе?

Не істеу керек:

«Біріншіден, ол телефон арқылы хабарласып, ертерек ескертуі керек, — деп қауіпсіздік ережелері бойынша ой бөліседі «Қоғамдық қорғаушы» ҚҰ төрағасы Виктор Сыздыков. — Екіншіден, есікті ашпастан бұрын одан қызметтік куәлігін көрсетуді талап еткен абзал. Есік терезешесінен қарап, коммуналдық қызметтің бақылаушысы екенін мықтап анықтаңыз, — Кенет ол тонаушы шығар?! Қылмыскерлердің өздерін бақылаушы ретінде көрсетіп, үйге кірген оқиғалар өмірде жиі кездеседі».

Зейнеткер Нығмет Әбжанов коммуналдық қызметтің өкілдерін оншалықты жақтыра қоймайды. Өйткені, бақылаушылардың бірі оны қатты алдаған екен. Ол жарық энергиясының есептеу құралын жалған орнатқаны үшін алдап одан ақшасын алып кеткен.  «Мен бақылаушының аты-жөнін де сұрамаппын. Ол келді, есептегішті тексерді, сосын есептегіштің түзу орнатылмағанын айтты. Мен сұрадым: «Оны қайта орнату үшін кімге баруым керек?». Ол бұны өзі  жасайтынын жеткізді. Басқа адамды іздемейтіндігіме балаша қуандым, оған сендім», — дейді 75 жасар зейнеткер. Жұмысы үшін 4 мың теңге беріпті, коммуналщик кеткен соң, ата есептегішке түк жасамағанына көз жеткізіпті.

Жағдай № 2

Көрсеткішті коммуналдық мекемесіне ұсыну үшін тұтынушы оны өз бетінше алуға тырысып бағады.

Не істеу керек:

Бұлай жасау екі жақты келісім бойынша жүзеге асырылады. Мұндай кезде тұтынушының өзі үзінді және төлем істейді. Дегенменен, абоненттің ұсынып отырған мәліметтерінің дұрыстығын нақты тексеру үшін бәрібір бақылаушы күндердің бір күнінде оның үйіне келеді. «Келісімшартты жасасар сәтте әрбір тарап қызметтердің сапалы орындалуы үшін тиісті мәселелерді көрсетулері қажет. Егер де тұрғындар үйлеріне бақылаушыны кіргізгісі келмесе, онда олардың өз беттерінше көрсеткішті айқындап алуға және оны коммуналдық компанияға ұсынуға құқықтары бар», — деп ақыл-кеңес береді Yuristka.kz компаниясының басшысы Олеся Последова.

Жағдай № 3

Егер де су өлшеуішіндегі пломба кенеттен жұлынып қалса.

 Не істеу керек:

1. Қызмет жасаушыға хабарлау

Бірінші кезекте, сөзсіз, бұл туралы коммуналдық қызметіне жазбаша түрде хабарлау керек. ҚР Азаматтық Кодексінің 487 бабы, 1 бөлігіне сәйкес: «абонент апаттар, өрт және энергияны есептеу аспаптарының ақаулы болуы  және энергияны пайдалану кезінде туындайтын өзге де кемшіліктер туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымға дереу хабарлауға міндетті». «Дегенменен, коммуналщиктер өте жиі «хайуандық» шаралар қолдануға тырысады», — дейді іскер қоғамшыл Виктор Сыздыков.

2. Есептегішті сараптамаға ұсыну

Сосын коммуналдық қызметтің өкілі есептегіштің жұмысында неліктен үзіліс болғанын тиянақтап анықтау үшін есептеу құралын сараптамаға дереу алып кетеді.

— Бірақ, ҚР АК 487 бабы, 2 бөлігіне сәйкес, «энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда энергетикалық желілердің, сондай-ақ, энергия тұтынуды есептейтін аспаптардың тиісті техникалық жай-күйін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледі», — деп атап өтеді Виктор Сыздыков. — Сондықтан тұтынушыларға қорқудың қажеті жоқ. Заң олардың жағында.

Жағдай № 4

Егер жарық есептегіш баспалдақ алаңында орналасса, оны белгісіз біреулер бұзып кетсе.

Не істеу керек:

Баспалдақ алаңшасында орналасқан есептегіш белгісіз біреулердің қолымен сындырылғанда, оны қалпын келтіруге тұтынушы немесе үй қарауындағы ПИК-і міндетті. Бұған бір ай беріледі. Бұл кезде 2000 жылы 7 желтоқсанда  Үкіметтің қаулысымен бекітілген жарық пен жылу энергиясын пайдаланудың ережелерін басшылыққа алу қажет. Дегенменен, сөзсіз, бұл жерде тұтынушы мен үй-жай кәсіпорындары арасында жасалған нақ келісімшарт орасан зор рөл атқарады. Жоғарыда айтылған дәл ережелерге сәйкес есептеу аспаптарын қалпына келтіруге дейін тұтынушының (пәтердің қожайынының) оны энергияның желісіне қосуды талап етуге құқы бар. Тәртіп бойынша, уақытша қосылуға төлемақы ешқашан да алынбайды.

Жағдай № 5

Төленбеген ақы үшін егер электр энергиясы ағытылса.

Не істеу керек:

Мұндай жағдайда қосылу қарыздар өтелгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Электрлік және жылу энергиясын пайдалану ережелеріне сәйкес қарыздар өтелгеннен кейін және қосылуға төлем жасалғаннан кейін міндетті түрде іске асады. Аталған осы қызмет түрінің тарифі аймақтық монополияға қарсы органмен нақтыланып, тиянақтыланып келісіледі.

Пәтердi сатар алдында немесе жалға берерде жөндеу жасауға тұра ма?>>>

Коммуналдық қызметке қарыздың қандай қаупі бар?

Үй-жай кәсіпорындары абоненттерді жарықсыз және сусыз қалдыра алады. «Есептегіштерді пломбылағанда, мен әркез тұрғындарға ескертемін: «Әрбір айдың 25 күніне дейін төлемді жасауды ұмытпаңыздар!» — деп әңгімелейді Целиноградтық АЭЖ аға бақылаушысы Ермек Нұрахметов. — Тұтынушы мен компания арасындағы келісімшарттың 4 бөлігінде анық былай жазылған:  «Абонент ай сайын көрсеткішті алады және келіп төлем жасайды». Себебі, тұрғындар алдыменен электр энергиясын алады, тек сосын ғана ол үшін төлейді. Біз әуелі өнімді береміз, сосын әупірімдеп оған төлем аламыз».

Тұтынушы электроэнергияға бірнеше айлар бойы төлемді жасамаса, ол қол қоюға тиісті білдірісті компания дәл уақытысында жеткізеді. Келісімшарт бойынша қол қоюсыз коммуналдық қызмет тұрғындарды сусыз, жарықсыз және жылусыз қалдыра алмайды. Келісімшарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда тараптың бірі сотқа жүгіне алады.

Бақылаушыларға оңай емес

Ермек Нұрахметов, Целиноградтық АЭЖ-нің аға бақылаушысы:

— Көршілес қатар орналасқан үш бөлмелі мен бір бөлмелі пәтердің есептегіштерін құрылыс салушы кезінде шатыстырып алып, сондықтан үш бөлмелік жарық үшін бір бөлмелікке, бір бөлмелік керісінше төлем жасап келген проблемаларға жолықтым. Көп үйлерде пәтершілер тұрады. Мен үш бөлмелі пәтердің қожайынына хабарластым. Біз үйге бірге бардық, өз пәтерінің онда кілті жоқ екен, пәтерде тұрушылар да жоқ. Бұл кезде мен, әрине, есептегішті пломбылай аламын, бірақ, ертеңіне актіде менің қолым, есептегішті пломбылаған ол емес айтуы мүмкін.

Людмила Полушина, АҚ «Ақмола АүК»-ның бақылаушы-электромонтері:

— Бәрі айналып келгенде, қандай жанұяға тап келгеніңізге де қатысты. Бір күні тексеру кезінде мына нәрсе анықталды: электрлік энергияның есептегішінде пломба болмай шықты. Есептегішті болмаса ауыстыру керек те болған, болмаса тексеруге апару керек те болған. Мен актіні  жасадым. Тұрғындар есептегішті тексеруге нақ апармайтындықтарын айтты: «Сізге қажет — сіз апарыңыз». Біздің талабымызды растайтын нормативтік актілерден үзінділер көрсеттім. Тоқ қабылдаушылар мен коммерциялық есептегі аспаптардың техникалық хал-жағдайын тиісті қамтамасыз ету тұтынушының міндетіне жататынын түсіндірдім. Бізге тапсырма берілді — қарыздары үшін бұл тұтынушыны қосылыстан ажырату. Ажырату жүзеге асырылғасын, үйдің қожайыны сыртқы есігін жауып, бізден жарықты қосуымызды талап етті, болмаса үлкен итіне қаптыратынын айтты.

Ербол Михайдаров, бұрынғы бақылаушы:

— Бұл жұмыстың, сөзсіз, нашар тұстары бар. Әсіресе, егер сіз жеке секторда жұмыс істесеңіз. Батпақ, ыңғайсыз ауа райы, иттер және тағы басқа факторлар бақылаушылардың ісін қиындатады.

Барлық проблемалардың шешімі — дистанциялық есептегіштер

Енді жақын уақытта ТКШ-на байланысты көптеген проблемалар шешіледі. Ай сайын тұрғындармен бақылаушылар бет жыртысып, айқайласпайтын болады. Бар мәселе электрондық жүйеде, мысалы, ол электрлік энергияның есептегіштерін біріктіреді. Онда мәліметтерді беру және жинау құрылғысы бар, мамандандырылған бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлер жұмыс істейді. Аталған жүйе бүгінде өмірге енгізілмекші. Бір қызығы, бұл технология әлеміндегі жаңа іс тіпті ұрлықты дәл анықтауға мүмкіндік береді. Электржелілік компания шығындардың мәліметін нақтылай алады, қандай мекенде ұрлық болып жатқанын дәлме-дәл анықтайды, жедел түрде ол жаққа бригаданы жібереді. Аталған жүйенің арқасында кез келген төлем жасамаған адамды тез қосылудан ажыратады.

Мұндай керемет технология әлемінде және сумен қамтамасыз ету саласында енгізілуде. «Астана Су Арнасы» МКМ сайтының ақпаратымен «Ақбұлақ» бағдарламасының аясында астананың көп ауданында су есептеу аспабынан көрсеткіш дистанциялық жолмен алынады. «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы қоғамның төрағасы, Тұтынушылардың Халықаралық Конференциясының мүшесі Қабыкен Закарьянов да осылай санайды: «Адамдар коммуналдық қызметке құқылы екенін түсінді. Тұрғындардың үйге бақылаушыларды кіргізбейтін кездері кездеседі. «Пәтер — менің жеке меншігім», — дейді олар. Сондықтан әрбір бақылаушыда өз іс-әрекеті болуы керек». Өкініштісі, ТКШ саласында қазір қашып құтыла алмайтын проблема көп.

Жарықты қалай үнемдеуге болады?

  • Тіркеуге отырған тұрғындар көп болса, сіз сонша аз төлейсіз

Бүгінгі таңда тұрғындардың арасында электроэнергияның тарифтік кестесіне қатысты түсінбестік айқын байқалады. «Оған тұтынушылардың өздері ақша жұмсайды. Көпшілік сұрайды: неліктен есептегіш көптеу айналдырады. Бізде тарифтік кесте мынадай: бірінші 100 киловатт бір бағамен де, ал, екінші — басқаша саналады.190 киловатттан кейін тіпті өзгеше баға, — деп түсіндіреді Ермек Нұрахметов. — Егер адам жалғыз тұрса, 600 киловаттты айналдырса, онда оған электроэнергия қымбатқа түседі. Егер ол 5 адамды тіркесе, сөйтіп, 600 киловаттты айналдырса, онда ол тым аз төлем жасайды. Айырмашылығы үлкен.

  • Түнде жарық арзан

Жарықтың құны да қолданудың уақытына байланысты әр түрлі болады. Егер де түнгі 11-ден таңертеңгі 7-ге дейін кір жуу машинасы қосылса, тамақ пісірілсе, киім үтіктелсе, онда бұл өте, тым қолайлы. Көптеген тұтынушылар аталған тарифтік кестені сонша түсінбейді. Олар операторларға келіп, айқай шығарады, есептегішті тексеруге тапсырысты береді. Сонда бақылаушылар  электроэнергиясы есептеуші аспаптарын тексереді, олардың тұрақты істеп тұрғанын да айтады. «Егер тұтынушылар сенбесе, біз аспаптарды  тексеруге өздері әкелуін баса өтінеміз, бұл ұсыныс оларға тағы ұнамайды», — дейді бақылаушы.

Kn.kz ақпарат қызметі 

Тағы оқитындарыңыз:

Yйді күтіп-ұстау шығындарды қалай қысқартуға болады?

Міндетті сақтандыру: пайдасы мен тәукелдері

Қайта жобалау, қайта құру және тұрғын үй қорынан пәтерді шығару

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.