Ынтамен шартты немесе, неке шартын қалай жасауға болады?

Әрине, некеде тұрған адамдар салмақты сенімге және мөлдір сезімге сүйенеді, бірақ, өмірде күтпеген жәй көп кездеседі: біз бүгін бақыттымыз, ал ертең барлығы керісінше.

Сондықтан адам өзін сенімді сезіну үшін, экономикалық мүдделерін жан-жақты қорғау үшін неке шарты тәрізді қарапайым және тексерілген толыққанды кең мәселеге көңіл бөлмеуге болмайды. Барлық, бар әлемде неке шарттары өте, тым жоғары мағынаға ие. Бірақ, Қазақстанда кейбір тарихи және мәдени мәні бар пікірлер туындап отыр, мысалы, той алдында, тіпті некеде біраз уақыт бірге тұрып, жұбайлық өмірдің материальдық жағын ойлау — бұл тойымсыздық, адамгершіліке жат қылық немесе серікке сенімсіздік таныту болып табылады. 

Қазақстанда 2014 жылы I тоқсанда 100 некеден 34 ажырасу болған. 

Бірақ, бүгінгі таңда бір-біріне тең емес некелер жасалатыны ешкімге де құпия емес — мәселен, жас айырмашылығының тым үлкендігі немесе жұбайлардың бірінің сәтті әрі табысты бизнесі, акциясы немесе қомақты меншігі болады. Сондықтан егер де мәселе бірлескен өмірдің материалдық жағына тірелсе, ол туралы некеге дейін нақ сөйлесу қажет, сонда ғана басқа біреудің есебінен күн кешу деген әсте болмайды. Сөйтіп, проблеманың көп бөлігі өзінен-өзі шешіледі.

Интернетте тіпті неке бұзылу процесіне арналған жеке жоба бар. Сайт былай аталады: brakorazvod.kz. Тақырыпты мақала мен қазақстандықтардың  сұрақтарына жауаптарды орналастырумен ALPHA Legal алматылық заңды бюроның мамандары нақты айналысады. Бюроның юристерінің айтуынша, мүліктерді (үйлер, пәтерлер, саяжайлар)  стандартты бөлумен қатар адамдар көбінесе бүгінгі таңда заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысушы акцияларды, пайларды, үлестерді сотта бөліседі.

— Кейбіреулер барынша барлық мүліктерді, тіпті пердені, көрпені, бар үйішілік ұсақ-түйек заттарды айқын бөлгісі келеді, — дейді сенімді түрде БРАКОРАЗВОД.kz жобасының негізін нақ салушы Ренат Қадыров. — Ең таңданарлығы, 40 жыл бірге тұрған, бірге тым ұзақ жасасқан жұбайлардың өз мүліктерін бөлуі болды. Неке кезіндегі барлық мүліктер таразыға өлшегендей тең бөлінді. Барлығы сот арқылы бөлінді, құны 500 теңге тұратын жалғыз зат алюминдік қазаншаға қос жұбай да алғысы келетіндерін айтып, ниет білдірді. Сонда судья «тосын шешім» қабылдады: ол әжеге дауға сеп болған қазаншаны берді де, ал, атаға өз қалтасынан 1000 теңге ұсынды.

— Жұбайлардың арасындағы бітпейтұғын дау-жанжалдар жұбайлардың ата-аналары жинастырған мүліктерді бөлу кезінде кең орын алады, — дейді Ренат Қадыров. — Бұл жерде себепші сараңдық болып табылады, бұрынғы жұбайды жек көрушілік те, одан өшін алу да қатты әсер етеді.

— Мұндай жағдайларда керек емес эмоцияларды тастау керек, артық күш-қуатты болашақ өмірді, келешек күнді жақсартуға аямай жұмсау қажет, өш алу дұрыс емес, — дейді маман.

Дау-дамайсыз жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады>>>

Шарт қандай құқық пен міндеттемені жүктейді?

«Неке (жұбайлық, жанұялық) туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде жұбайлардың мүлкінің 2 режимін қарайды: заңды және шартты. Бірінші жағдайда жұбайлардың ортақ мүліктерін нақ пайдалану, иелену және оған билік жүргізу екеуара келісім бойынша жүзеге асырылады да, ал, ажырасқан уақытта некеде жиналғандардың жартысын алуға әрбірінің құқы әбден болады. Жұбайлардың бірінің ортақ мүліктермен мәмілені аяқтарда, жылжымайтын мүлікті қосқанда, екінші жұбайдың нотариалды расталған келісімі қажет. 

Мүліктерді (үйді, пәтерді, саяжайды) стандартты бөлумен қатар адамдар көбінесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысушы акцияны, пайды, үлесті сотта бөліседі. 

Екінші жағдайда неке шартын жасап, мүлікті иеленудің кез келген түрін сенімді түрде таңдау да қажет: бірлескен, үлестік немесе бөлектеу, сонымен қатар ажырасқан кезде мүлікті бөлу шарты.

— Қазақстандағы неке шарты — бұл некеде нақты тұратын тұлғалардың арасындағы, немесе некедегі және (немесе) олардың ажырасқан кезіндегі (39 бап) аталған тұлғалардың тек қана мүліктік құқықтары мен міндеттемелерін реттейтін жұбайлардың арасындағы шарт. Яғни, бұл құжатта тек ажырасқан кездегі ғана емес, жұбайлық бірлескен өмірдегі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік жасау шарты анық айтылады. Қазақстандық заңнамада «неке шарты» деген, ал, әлемдік тәжірибеде «неке шарты» деген термин бар, былайша, бұл екеуінің де мағынасы дәл бірдей, — дейді KORGAN заңды компанияның директоры Сәкен Ешмұратов.

Нақтылы неке шартын жасау үшін мынадай бір мәселені мықтап орындау қажет: тараптар өз ниеттерін жан-жақты анықтап, өзара келіскендері абзал. Шартты жасауға кез келген ішкі әрекеттер қатты әсер етпеуі тиіс, жұбайлардың бірі, екінші және үшінші тұлғалар (мысалы, ата-аналар) мәжбүрлесе, бұл өрескел тәртіп бұзушылық болып табылады.

Қандай шарттарды қарастыру қажет? 

Неке шартына қандай да бір маңызды және мәнді бөліктерді енгізу керектігін жұбайлық қосақтың өздері ғана шешеді, заңнама оған толық еркіндікті береді. Құжаттарды жасау бойынша жалпы тәртіп ҚР АК-нің 382 бабы, 1 бөлігінде нақ жазылған: «Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын қалыптармен көзделген реттерде тараптардың келісімімен, талғамымен нақтылы анықталады». Қалғаны 41 бапта айтылады.

Неке шартының ең басты да және де ең маңызды да ерекшелігі барлық мүліктерге, оның әрбір түріне немесе әрбір жұбайдың әр мүлкіне меншіктің ерекше режимін жұбайлардың өз талғамдарымен нақтылы келісулері болып табылады. Бұл жерде бірлесе тапқан және де болашақ мүлік туралы әңгіме болып отыр.

Міндеттелген тәртіппен тіркелген жылжымайтын мүліктің бөліктік және үлестік меншігіне тиянақты, ыждағатты әрі ұқыпты тәртіп орнату: тұрғын үй, пәтер, жер учаскесі және т.б. Келісімшартта жұбайлардың бірінің атына тіркелген мүлікті, ол меншік иесі болып табылатынын нақ анықтауға, жан-жақты білуге әбден болады. Бұл оған өзінің талғамымен, көзқарасымен жылжымайтын мүлікке билік етуге мүмкіндік береді, яғни, ол оны сыйлайды, ауыстырады, жалға береді, кепілге қояды немесе жұбайының нотариалды келісімінсіз сата алады. Шартта ажырасудың себептеріне байланысты мүлікті бөлудің нұсқасын қарастыруға болады.

Жұбайлардың әрбірінің некеге тұрамын дегенше алынған мүлікті иеленудің бірлескен құқықтары (некеде де, ол бұзылғаннан кейін де) құжаттарда ескеріліп айқын жазылуы тиіс.

Неке келісімшартының ережелерінің қолданыстағы ҚР заңнамасына қарама-қайшы келмеуін мықтап ескеріп, есте ұстау қажет.

Негізі құжат мазмұнды да мағыналы және мәнді, оған қоса мүмкін болар ережелер мен жағдайларға толғаны абзал. Оның үстіне екі жақты келісіммен қажет болғанда оң өзгерістер енгізуге әбден болады. Демек, жұбайлардың біреуінің бір жақтылық тәртіппен шарттың ережесін өзгертуге немесе оның ережесін орындаудан бас тартуға еш құқы жоқ. Әйтпесе, басқа тарап тиісті талаппен сотқа заңды жүгіне алады. Мұндай келеңсіздікке ұрынбауда ережені өзгерту үшін салмақтылау себеп болуы керектігі туралы құжатқа нақты бөлік қосу қажет, бұл туралы біз келесі мақаламыздың бірінде кеңінен тоқталамыз.

— Барлық, туындаған дау-жанжалдарды өзара келіссөздер барысында ретке келтіру керектігі туралы шартқа тиянақты түрде бөлік қосылуы анық ұсынылады. Егер келісімге қол жетпесе, онда мәселені қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес, сай шешу қажет, — деп ақыл-кеңестер береді Ренат Қадыров.

Неке шартының ажырасуға үгіттемейтінін, керісінше, одан сақтануды қолдайтынын тәжірибе көрсетеді. Тиісті үлгідегі жасалған шартта жұбайлардың ешқайсысы материалдық жағдайға сай ажырасуға мүдделі еместігі жазылады. БРАКОРАЗВОД.КЗ алматылық жобасының юристері мұндай маңызды шарттар өмірде мол өріс алғанын растайды. Оларды жасасуға қалтасы қалың, бай-қуатты адамдар, сонымен қатар некеге қайта тұрғысы келетін азаматтар баруға көптеп тырысады. 

Не нәрсе тең бөлінеді?

Егер де неке шартында басқа да ештеңе көзделмесе, онда неке кезіндегі жұбайлардың барлық, бүкіл жинаған мүліктері заң бойынша олардың ортақ бірлескен меншігі болып нақ танылады. Оған жұбайлардың әрқайсысының еңбектен, кәсіпкерліктерден және де интеллектуальды қызметтерден түскен табыстары, зейнетақылары, жәрдемақылары, арнайы мақсатты нысаны жоқ басқа ақшалай төлемдер жатады. Сонымен қатар ортақ мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздың, пайлардың, салымдардың және т.б. есебінен иеленген ортақ кірістер саналады, бұл олардың кімнің атында екеніне және жұбайлардың бірінің ақшалай қаражатты енгізгеніне байланысты болмайды. Қысқасы, егер жұбайдың бірі жұмыс істеп, екіншісі бала тәрбиесімен айналысса, үй шаруашылығын жүргізсе немесе басқа оң себеппен өз бетінше сондай табысы болмаса, оның да ортақ мүлікке құқы болады.

— Некенің бұзылуы ортақ бірлескен меншіктің тәртібін ешқашан да тоқтатпайды. Бұрынғы жұбайлар өздерінің мүліктік істерін жөнге, ретке келтіргенше, ол қозғалысын жалғастыра береді. Бірге тапқан мүліктерін бөлу туралы нотариуста контракті жасап немесе сот тәртібімен бұны істеуге болады, — деп дәл әңгімелейді заңдылы компанияның директоры Сәкен Ешмұратов.

Жұбайлардың ортақ мүлкін бөлу кезінде олардың арасындағы шартта басқа ештеңе көзделмесе, олардың әрқайсысының үлесі тең танылады. Неке бұзылған жағдайда жұбайлардың ортақ мүліктерін бөлу туралы талаптарға үш жылдық талап қою мерзімі қолданылады. Бірақ, бұл мерзім олардың бірі меншіктік құқықтың бұзылғанын білген уақытта басталады (мысалы, бұрынғы жұбай ортақ мүлікке билік жасады делік), бұл жағдай тіпті 20 жылдан кейін орын алса да.

— Мүлік, дәлірек айтсақ, некеге тұрамын дегенше, жұбайлардың біріне тиесілі жылжымайтын мүлік, сонымен қатар неке кезінде олардың бірінің сыйлыққа, мұрагерлікпен, басқа да өтеусіз мәмілемен алған мүлкі ешқашан «бөліске» жатпайды. Бөлу кезінде жеке пайдалану заттары (киім, аяқ киім және тағы басқалар) ортақ ақшаға некеге тұрған кезде сатып алынған бағалы және құнды заттардан басқалары оны пайдаланған адамның меншігі болып саналады, — деп қадап-қадап, атап-атап тиянақты түрде нақты көрсетеді Сәкен Ешмұратов. 

Жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық: көп тараған желілер>>>

Балалардың мүдделері қалай әсер етеді?

Неке келісімшартында балаларды негізінен нақ қалай тіркеуге болады? Оны осылай жасауға бола ма? Мұндай мәселелер неке шартына қол қоя отырып, ажырасқан жағдайда балаларының ертеңі толғандыратын көбінесе әйелдерде туындайды.    

«Неке (жұбайлық) және жанұя» туралы Кодексте неке шарттарының күші келмейтін шектеулер нақты қарастырылған. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларды ұстау сияқты күрделі, өзекті мәселелер (алименттер). Алименттердің осынау мәселелері жеке келісіммен немесе сот актісімен анықталады.

— Иә, неке келісімшарты тараптарының балалардың мүліктік жағдайы мәселесін мәтінге жазуға құқықтары бар (мысалы, бала күтушіні ұстауға төлем), бірақ та, неке шартының дәл негізі бәрібір жұбайлардың мүліктік қатынастары болып табылады. «Неке туралы...» сонау Заңда «балалар ата-аналарының мүліктеріне құқықтары жоқ» деген нақты ереже жазылған, жаңа  Кодексте де, сот тәжірибесі көрсеткендей, аталған принцип бүгінгі таңда қолданылады екен, — деп түсіндіреді Ренат Қадыров.

Нотариустар мүліктік маңызды да мәнді басқа қандай да бір ережелерді мәтінге қосуға жиі-жиі көлденеңдеп жол бермейді. Алайда, кодекс арқылы жұбайлардың заңды құқықтары мен міндеттемелеріне, сонымен қатар неке-жанұялық заңнаманың негізіне қарама-қайшы келетін жеке мүліктік емес құқыққа қатысты қандай да бір шектеулік және де тыйымдық ережелерді көрсетуге тікелей қатаң тыйым салынады.

— Балалардың ата-аналарының мүліктеріне құқықтарының жоқ екенін және оларды бөлу кезінде мүліктің бір бөлігіне де ниет білдіре алмайтынын бұрында мен айтқанмын. Бірақ, кәмелетке толмаған балалардың немесе жұбайлардың мүдделерінің есебінен бөлу кезінде жұбайдың үлестерін өзгерту мүмкіндігі  Кодексте қарастырылған. Теңдік принциптен бұлай алыстау себебі жанұя мүдделеріне ортақ мүліктің жұмсалуы болмаса бұл жұбайдың оң сылтаусыз табыстың алынбауы болып табылады. Жұбайлардың бірінің еңбек демалысында болуын сот «оң себеп» деп санамайды, — дейді Ренат Қадыров.

Бүгінгі таңда неке келісімшарттарын нақ жасау бұқаралық және жеке болып айқын саналады. Дегенменен, нарықтық қатынастың тым өсуіне, қазақстандықтардың хал-жағдайының өте жақсаруына, жанұялық мүліктік базаның ұлғаюына байланысты неке шартының институты тартымдылыққа және өткірлікке ие бола бастады.

Сөйтіп, американдық сериалдарға көбірек қарайтын жүздеген адамдар келісімшартқа балалар саны туралы ережені, басқа жұбайдың жеке өміріне жұбайлардың қатысу туралы маңызды тәртібін, ішімдікті тұтынудағы және телебағдарламалар мен басқаларды қараудағы қандай да бір шектеуді, тіпті «жұбайлық міндеттемелердің» орындалу жиілігі мен санын қосуды көптен-көп сұрап өтінеді. Біздің түсініктемемізден кейін неке шартына жазуға болатын ереженің «шектеулеріне» көңіл толмастық білдіреді.   

— Көптеген қосақтар некеге тұра отырып, қандай да бір мүлікке жан-тәнімен қарамайды, тиісінше, жасалған неке шартының «болашаққа» тигізер зардаптары, кесірі туралы тіпті ойланбайды. Кейбіреулер неке шартын ажырасуға, тиісінше, мүліктерді бөлуге бір қадам жақындататынын түсінеді, біреуде неке шарты адамгершілікке жат қылыққа мықтап итермелейді, — деп әңгімелейді Ренат Қадыров. 

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Неке келісімшартында қарастырылған құқықтар мен міндеттемелер дәл нақтыланған мерзіммен шектелуі әбден мүмкін немесе айқын ережелердің түсуіне немесе түспеуіне тығыз байланысты болады (мысалы, жұбайлық сатқындық немесе ұрып-соққан жағдайда).  

Неке шарты жұбайлардың құқыққа қабілеттілігін де немесе еңбекке қабілеттілігін де, олардың өздерінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқықтарын ешқашан да шектей алмайды. Күтімді алуды нақ қажет ететін жұбайдың еңбекке қабілетсіздік құқын тым шектейтін, жұбайлардың бірін ыңғайсыз, келеңсіз жағдайларға қалдыратын басқа ережені немесе некелік-жанұялық заңнаманың айқын басталуына қарама-қайшы келетін бөліктерді құжатқа енгізуге тіпті де болмайды (мысалы, өтеусіз негізде жұбайлық міндеттемелерді орындау туралы ереже).

Жұбайлардың арасындағы жекелеген қатынастарды неке шартының реттей алмайтынын білу қажет. Әрине, ол туралы құжатта жазуға болады, бірақ ажырасу кезінде сот тек қана мүліктерді бөлу мәселелерін қарайды.

Балаларға қатынастары туралы жұбайлардың құқы мен міндеттемелері де тек қана жұбайлардың мүліктік қатынастарын реттей алатын да неке шартының нысаны бола алмайды. Баланың құқын заң қорғайды, ешқандай келісімшарттармен шатастыруға болмайды. 

Тиісті үлгідегі жасалған контрактіде жұбайлардың ешқайсысы материальдық жағдайға сай ажырасуға мүдделі еместігі тиянақты түрде жазылады. 

Неке шартын жасағанда, нені есте ұстау қажет?

Неке келісімшарты жазбаша түрде нақтылы жасалады және міндетті  нотариалды куәландыруға анық, нақ жатады. Жаныңызда, жан қалтаңызда жеке куәлігіңіз, неке туралы куәлік (егер де ол уақытылы тіркелімнен өтсе) және келісімшарттың айқын, дәл нысаны болып табылатын жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары болғаны әбден дұрыс, абзал.

  • Сенімхат бойынша неке келісімшартын жасауға ешқашан да жол берілмейді. Қол қоюлары құжатпен бірге берілетін тараптардың төрт көздері түгел қатысулары керек.
  • Келісімшарт міндетті түрде үш данамен құрылады: бір-бір данадан тараптың әрқайсысы алады, ал, бақылау данасы нотариустың ісіне тіркеліп қалады (егер ол жоғала қалса, соның негізінде телнұсқа рәсімделуі мүмкін). Әр түрлі жағдайда құжат өзгеруі және бұзылуы ықтимал, бірақ, бұл іс сол нотариуста жүзеге асқаны жөн, дұрыс.
  • Келісімшарт тиянақты да нақтылы мерзімге немесе әрдайымға жасалады. Тиісінше, бірінші жағдайда оның әрекеті құжатта көрсетілген мерзімге дейін, ал, екінші жағдайда — неке бұзылғанға дейін созылады.
  • «Неке (жұбайлық) және де жанұя туралы» Кодекстің 40 бабына сәйкес, неке келісімшарты тек қана тіркелімге дейін емес, некенің кез келген уақытында, тіпті ажырасуға жарты сағат қалғанда да жасала береді. Неке шартын 18 жасқа толған тұлға жасай алады. Оң себеп болған жағдайда (мысалы, қалыңдықтың жүктілігі) 16 жасқа толғанға рұқсат беріледі. 
  • Егер де келісімшарт неке дейін жасалған болса, ол тек қана неке мемлекеттік тіркелімнен өткеннен кейін күшіне енетінін есіңізде мықтап ұстағаныңыз абзал. Тиісінше, егер де құжат некеде тұратын жұбайлармен құрылса, оның іс-әрекеті ол жасалғаннан басталады.
  • Біздің заманда көптеген қосақтар тіркелімсіз бірге өмір сүреді. Бірақ, арнайы неке тіркелімі ғана неке келісімшартын жасаудың негізгі нысаны, қайнар көзі болып табылады. Дәлірек айтсақ, неке келісімшарты арнайы қарым-қатынасқа айқын мәжбүрлеп, жанұяның тұрақтылығына септігін, себін тигізеді.
  • Еңбекке қабілеттілігі шектеулі тұлғалармен неке келісімшартын жасаудан міндетті түрде бас тартылады. Сонымен қатар тараптың бірі бұрын некеде тұрған болса немесе туысқаны, қамқоршысы немесе әлеуетті жұбайдың бағып алғаны болса заңды түрде бас тартылады. 

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Ажырасу және ипотека

Бөліп-бөліп төлеудегі тұрғын үй: тәуекелділік және қолайлылық

Пәтерден пәтерiге көшу

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.