Жылжымайтын мүлік құжатын қалай қалыптастыруға болады?

Бір қағаздың болмай қалуы да өмірді қиындатып жіберетіні аян. Әсіресе, егер бұл қағаз жылжымайтын мүліктің құжат пакеттерінің бір бөлігі болып табылса.  

Егер де сіз пәтерді сату алдында кенеттен бір құжаттың жетпейтінін анықтасаңыз, ең бастысы — ашуланбаңыз және бәрін орнына келтіруге болатынын есте ұстаңыз. Бұны білу қалай. 

Риелторлар пәтердің құжаттарының жоғалуының немесе бүлінуінің тым қорқынышты емес екенін бір ауыздан да айтады, өйткені, жоғалған тек қана қағаздар ғой, ең бастысы меншікке құқық орнында болса жетіп жатыр. Кез келген құжатты бүгінде қалпына келтіруге болады. Тек олар әртүрлі мерзімде орындалады. Құқық белгілеуші кейбір құжаттардың телнұсқалары 5 жұмыс күнінің ішінде алынады, басқаларын мұрағаттан бірнеше апта бойы күтуге тура келеді. Құжатты қалыпқа келтіру уақытты қажет етеді, бірақ, қобалжуға тұрмайды.  

Кез келген құжатты қайта қалпына келтіруге болады

Құжаттарды жоғалтқанда немесе оларды бүлдіргенде де, көбінесе жасы ұлғайғандар жиірек те қобалжиды. Мысалы, Надежда Р.деген азаматшаның басынан мынадай оқиға өтті. Ол тұрып жатқан пәтерді соқпақты жолдармен көптеген қиындықтарға кездесіп алды. Жеке меншікті тұрғын үйіне әйел араға бірнеше жылдар салып барды, міне, құжатты реттей бастағанда, ол ауыстыру құжатының жоқтығын анық байқады.  

Ол оныменен жұмыс істейтін риелторға бірден жүгінді. Жылжымайтын мүлік бойынша маман клиентті сабырға шақырды, уайымдайтындай ештеңе болмағанын, құжатты қайта қалпына келтіруге болатынын, әзірге тағы үйді іздеуге тұратынын айтты. Надежда телнұсқаны алып беруге асықтырды оны. Екі ай өткеннен кейін бүкілі оңғарылып, телнұсқа қайта қалпына келтіріліп, Надежда құқық белгілеуші құжаттарды тапты.  

Кейбір құқық белгілеуші құжаттардың телнұсқаларын 5 жұмыс күнінің ішінде алуға болады, ал, басқаларын мұрағаттан бірнеше апта күтуге тура келеді.

Құқық белгілеуші құжаттардың бірі жоғалған жағдайда жылжымайтын мүлік бойынша мамандар біріншіден былай кеңес береді — бұл жақсылап тұрып үйді іздеу. Тек содан кейін ғана телнұсқаны да бере алатын әділет органдарына немесе нотариальды кеңсеге жүгіну де қажет. «Жылжымайтын мүлікке және де оныменен мәмілеге құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының нақты Заңында жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың нағыз нұсқасы жоғалған кезде немесе ол бүлінген жағдайда, соның негізінде заңды тіркеу өткізілсе, жылжымайтын мүліктің тұрғылықты орны бойынша әділет органының мұрағатындағы тіркеу ісінде сақталған құжаттың көшірмесінен телнұсқаны беру жолыменен ол қайта қалыпқа келтірілетіні жан-жақты қарастырылған. Ережеге сәйкес құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасы тек қана құқық иеленушіге немесе қолданыстағы сенімхаттың негізінде оның өкілетті өкіліне беріледі.

Пәтердi сатар алдында немесе жалға берерде жөндеу жасауға тұра ма? >>>

Не істеу керек?

1. Газетке хабарландыру беру

Егер де сізде жылжымайтын мүлікке бір құжатыңыз жетпей қалса, жылжымайтын мүлікті тіркеу орны бойынша құқық белгілеуші құжаттың нағыз нұсқасын нақтылы тану туралы бірінші кезекте жергілікті немесе республикалық газетке хабарландыруды беру керек. Сол хабарландыруда міндетті түрде жылжымайтын мүліктің мекен-жайын, құқық белгілеуші құжаттың атауын, оның берілу мерзімі мен номерін, жылжымайтын мүлік меншік иесінің АТӘ-н тиянақтап көрсету қажет.  

2. ТҚО-на жүгіну

Хабарландырумен газет жарыққа шыққаннан кейін меншікті объектінің тұрғылықты мекені бойынша ТҚО-на жүгініп, форма бойынша телнұсқаны беру туралы арызды толтыру қажет. Болған жағдайларды, құжаттың қалай жоғалғанын немесе қалай бүлінгенін міндетті түрде нақтылап, тиянақтап көрсету қажет. Арызбен және жоғалту туралы хабарландыруы бар газетпен қоса жеке тұлға жеке куәлігін болмаса оны ауыстыра алатын құжатты (16-ға толмаған азаматтың тууы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға рұқсатнамасы, тұлғаның азаматтықсыз куәлігі) ұсынуы тиіс.

Заңды тұлға міндетті түрде тіркеу туралы куәлікті (ереженің, жарғының көшірмесі) ұсынуы қажет. Соныменен қатар қолданыстағы жинақ төлемінің мерзімінде де 0,25 АЕК-не теңдей, Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен бекітілген жинақты төлеуі қажет, сосын 5 жұмыс күнінің ішінде тіркеуден өткізуші орган құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын беруге міндетті.

Пәтерді таңдау бойынша тәжірибелік кеңестер >>>

Нотариалды куәландырылған құжатты қалыпқа келтіру 

Нотариалды куәландырылған құжатты қалыпқа келтіруНотариалды кеңседе куәландырылған құжаттарды, мысалы, сатып алу-сату, сыйлау, ауыстыру келісімшартын жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда осы шарттар ресімделген жаққа жүгіну қажет.

— Меншік иесіне телнұсқаны беруге арызды жазуы керек, оны дәлдеп толтырғаннан кейін тұлғаны куәландыратын нақты құжатты, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық (ауыртпалықтар) және де оның да техникалық сипаттамасы туралы анықтаманы ұсынуы қажет, — деп түсінік береді жеке нотариус Салтанат Бельбаева. — Осы үлгідегі анықтаманы алу үшін ТҚО-на жеке куәліктің көшірмесін ұсыну қажет. Ол бір күнге ғана жарайды, сондықтан оны алғаннан кейін бірден тапсырған жөн. Сонымен қатар талапты құжаттардың жоқтығын растайтын табу үстелінен анықтаманы қосу керек.   

Құжатты куәландырған нотариальды кеңсе егер түрлі-түрлі себептерге байланысты жұмысын тоқтатса немесе құжаттарды сақтау мерзімі бітсе, онда аудандық мұрағатқа міндетті түрде бару керек, екі аптаның көлемінде олар құжаттың телнұсқасын тездетіп бере алады. Аталған қызмет құны 1500 теңге тұрады.

Сот шешімінің көшірмесін қалыпқа келтіру

Жылжымайтын мүлік объектісіне меншік иесінің құқын растайтын да соттың шешімінің көшірмесін қайта қалыпқа келтіру үшін арыз берушіге тиісінше шешім шығарылған соттың мұрағатына баруға тура келеді, онда ол арызды толтырады. Сосын ҚР Салық Кодексінің 535 бабы, 12 бөлігіне сәйкес мемлекеттік бажды да төлеп, сот шешімінің көшірмелерін (телнұсқаларын), үкімдерді, анықтамаларды және де басқа да сот қаулыларын қайталап беру туралы арызды жазады, тараптардың және де басқа тұлғалардың өтініштері бойынша сот беретін істен басқа да құжаттардың көшірмелерін заңды түрде сұрайды, — әрбір құжат үшін 10 пайыз, дайындалған әрбір парақша үшін 3 пайыз. Аталған осынау құжаттардың телнұсқаларын 15 жұмыс күнінің ішінде мұрағат міндетті түрде ұсынады.  

Егер де соттың шешімі осыдан 10 жыл бұрын шығарылса, онда соттың мұрағатына жүгінуге тура келеді.

Жылжымайтын мүлікпен онлайн-операциялары >>>

Телнұсқаны тіркеу

Құқық белгілеуші құжаттардың телнұсқалары қолға аман-есен тигеннен кейін жылжымайтын мүлік объектісінің тұрғылықты мекені бойынша ТҚО-ы арқылы әділет органдарында оны тіркеу керек болады. Осыдан кейін ғана ол заңды күшіне нақтылы ене алады. Құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасы берілгеннен кейін тіркеуден өткізуші орган нағыз құжатты жоқ қылатынын атап айтқан дұрыс. Яғни, сіз телнұсқаны қолыңызға алғаннан кейін біраз уақыттан соң нағыз құжатты тауып алсаңыз, онда қандай да бір мәмілені жүзеге асыру үшін оны пайдалана алмайсыз. Жаңа құжат берілген уақыттан жылжымайтын мүлікке сіздің құқыңызды заңды түрде куәландыратын тек жалғыз ғана құқық белгілеуші құжат телнұсқа болып табылатынын әркез есте ұстаған абзал. 

Кеңес

Кенеттен қолайсыз жағдайларға тез ұрынып қалмау үшін әрдайым да нотариуста куәландырылған барлық құжаттардың көшірмелерін қолда ұстап жүрген абзал. Егер де бұлай болмаса, онда барлық құжаттарды электрондық түрде алып жүрген дұрыс та болады, сонда ақпаратты қайта қалпына келтіру оңайға түседі. Кез келген жағдайда қалай әрекет жасауды білу үшін құзырлы органдарға,  риелторға немесе юристке міндетті түрде жүгіну керек. 

kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

ҚТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: құн мен есептемелер

Пәтерді жалға аламыз: сәтті мәміленің 7 ережесі

Тұрғын үйді сатып алу үшін ақша жинауға 10 ақыл

 


0 комментариев:

Обновить

Подписка на статьи
  • Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.