Астана балабақшаларының үлкен проблемлары

Мектепке дейінгі мекемелердің құрылысының астанада белсенді түрде салынып жатқанына қарамастан олар түк те жетіспейді. Сондықтан мемлекеттік балабақшаларға көп мыңыншы кезек сақталған. Бүгінде өз орнын 79 900 сәби күтіп отыр.Кеңес заманы кезінде Целиноградта әрбір 10 бес қабатты үйге бір балабақшадан келетін. Қаланың тұрғындары барлығы бар болғаны 250 мың адамды құраған.  

Бүгінгі таңда жағдай мүлде басқаша: қазіргі заманғы Астанада демография өте жоғары, көшіп қонуға байланысты тұрғындардың саны жылдамдықпен өсуде. Бес қабаттылардың орнына көкпен таласқан үйлер салынуда. Кеңес заманының балабақшаларына астаналық нәрестелер тіпті сыймай жатыр.

Қазіргі таңда астанада 173 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, олардың 25-і мини-орталықтар, 148-і балабақшалар (66 жекеменшік, 82 мемлекеттік). Алайда, бұл әлі де жеткіліксіз. 

Балабақшалардың зәрулігін болдырмау үшін іс-шаралар 

Бұрынғы балабақшалар ғимараттарын қайтару 

Бүгінгі таңда үкімет мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың  зәрулігіне байланысты жағдайды жақсарту бойынша іс-шараларды қолданды.

— 2010 жылдан 2010-2014 ж.ж. мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету бойынша Бағдарлама жүзеге асырылды. Ол «Балапан» деп аталады, — дейді Астана қаласы білім беру Басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева.

Оның айтуынша, аталған бағдарламада 22 балабақшаның құрылысын салу, 14 бұрынғы балалар мекемелерін қайтару, тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында мини-орталықтар ашу және балабақшаларда мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру қарастырылыпты. 

Барлық астаналық балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін тағы 42 720 орынды 178 балабақша қажет. 

Объектілердің құрылысы

Барлық астаналық балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін 42 720 орын 178 балабақша керек. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2011-2020 жылдарғы білім беруді дамыту мектепке дейінгі ұйымдардың желілерінде жүзеге асырылады. Тағы бір анық проблема бар — балабақшаны салатын жер жоқ. Жер учаскелерінің зәрулігі байқалады. Сондықтан типтік жобаларды әзірлеу үшін ҚНЖЕ-ді қайта қарау бойынша жұмысты өкімет бастады.

— Бұл, өзінің кезегінде, әрқайсысына 1-1,3 га келетін жер алаңы бар 85 балабақшаны салуға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Эльмира Суханбердиева.

— 240-280 орынға есептелген балабақшаның құрылысын салуға орташа шамамен 600 млн теңге бөлінеді, — деп жан-жақты, нақ түсіндіреді «АстанаСервисСтройМонтаж-01» құрылыс компаниясының директоры Ерлан Алшынбаев. — Мен бұны көңілге қонымды сома деп сенімді санаймын. Әрине, осынау жағдайда өте қымбат құрылыс материалдары пайдаланылмайды. Барлығы техникалық шарттарға, жаңа технологияны қолдануға тығыз байланысты. Егер балабақша коммуникациялық желілерге жақындау орналасқан болса, онда оның құрылысы тым арзанға түседі екен. Құрылыстың құны да смета бойынша баға бойынша мемлекеттік сараптаманың өту уақытына тығыз байланысты. Егер де сараптама 2008 жылы жүзеге асырылса, онда, әрине, құрылыстың құны біршама төмендеу болады. Мұндай жағдайда егер ол жыл-жыл жарым бұрын өткізілсе, онда құрылыстың құны, тиісінше, жоғары болады. Бір балабақшаның құрылысының құны қанша тұратынын дөп басып, дәл айту мүмкін емес.

Құрылыс компаниясы басшысының айтуынша, балабақшаны пайдалануға беру кезінде көптеген талапты қатаң сақтау қажет:

— Бұл мықты іргетас, керемет гидроизоляция, барлық құрылыс нормаларына сәйкес құрал-жабдықтар. Біз үш балабақша құрылысын мінсіз салдық. Жақын уақытта тағы екі балабақшаның құрылысын енді бастамақшымыз. Бір балабақшаның құрылысын салуға шамамен 8-10 ай кетеді екен. Бірақ, мемлекеттік нормамен бекітілу бойынша құрылыс мерзімі 1-1,5 жылды құрайды. Қазір мектепке дейінгі мекемелердің аздығын  түсінеміз, сондықтан барлығын біз тез, сапалы жасауға тырысамыз. 

Астана жолдары: проблемалар және оларды шешу тәсілдері >>> 

Мемлекеттік дотациямен жеке балабақшаларды ашу 

Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша 49 жеке балабақша жұмыс істейді. Бала мемлекеттік балабақшаның кезегінде тұрған уақытта ата-ана сенімді түрде оны осындай мектепке дейінгі мекемеге бере алады. Алайда, кезектілік ешбір күмәнсіз сақталады. Балабақшадағы орынға мемлекеттік дотация сәби 3-ке толамын дегенше ұсынылады. Сонымен қатар баланы күтіп-ұстау үшін төлемақы 23 мың теңгеден ешқашан аспауы тиіс.

Осы жағдайда төлемақының нақтыланған бөлігін мемлекет жүзеге асырады. Бюджеттен дотация 15 900 теңгені құрайды. Сонымен қатар балабақшаның басшылығының баланы қабылдайтын уақытта кіру жарнапұлын талап етуге құқы жоқ. Әдетте мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі ұйымға балалар астаналық білім беру басқармасы ұсынатын арнайы бағыт бойынша қабылданады. 

Қайта құру кезінде мектепке дейінгі мекемелердің ғимараттары пәтер және офис орнына сатылып кетті. 

Әрі қарай қарапайым рәсім жүргізіледі: ата-аналар мен балабақшаның басшылығының арасында барлық шарттар талқыланады және келісімшарт жасалады. Мектепке дейінгі білім беру және оқыту стандартына сәйкес барлық білім беру қызметтері балабақшада балаға көрсетіледі. Назар аударыңыз, балаға мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін үйрету мұндай мектепке дейінгі мекемеде қосымша оқытылу керек. Ата-ананың тілегі бойынша балабақша басқа да ақылы қызметтер көрсете алады.  

Мысалы, әкесі менен шешесі балабақшадан өздерінің сәбилерін уақытылы алып кете алмайтын кез болады. Мұндай жағдайда мектепке дейінге мекемеде әдетте кезекші топ ұйымдастырылады да, олардың әз қызметтері сағатпенен есептеледі. Немесе, мысалы, балабақшада хореографиялық үйірме жұмыс істейді делік. Осындай қызметтер ата-ана мен мектепке дейінгі мекеменің басшылығының арасында қосымша талқыланып, ол келісімшартқа жазылады. Ата-ананың ақылы қызметтен бас тартуы ешқашан баланы балабақшадан шығарып тастауға себеп-салдар болмайды. 

Мини-орталықтарда оқыту 

Жеке балабақшалардан басқа мемлекеттік тапсырыс бойынша мини-орталықтар қызмет жасап, нақты жұмыс істейді. Онда екі ауысымда қысқа уақытқа келген балалардың тобы ұйымдастырылады. Барлық білім беру қызметтері еш өтеусіз негізде ұсынылады. Баланы мини-орталыққа апару үшін ата-ана №61 орта мектепке әр айдың екінші және үшінші сәрсенбісінде дәл сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін баруы керек. Баланы мини-орталыққа ресімдеу үшін екі ғана құжат керек: тууы туралы куәлік және балабақшаға кезекке тұруы туралы анық үзінді. Қазіргі таңда мини-орталықтар мынадай тұрғын үй кешендерінде орналасқан: «Европейский», «Оқжетпес», «Нұрсая», «Кампус», «Достық», «Әл-Фараби», «Независимость», «Железнодорожный», «Алтын Ғасыр», «Тұрсын Астана». 

Көптеген аналар мини-орталықтарда оқуды орасан тиімді деп санайды. Мәселен, Гүлмира Даниярова балабақшадағы кезекті күтіп жатпастан қызы Мәдинаны мини-орталыққа алып барды:

— Өткен жылы менің қызым 5 жасқа толғанда, мен мектепке дейінгі білім беру туралы көбірек ойландым. Өйткені, мектепке қазіргі таңда оқи алатын, жаза алатын, санай алатын балаларды қабылдайды. Балабақшадаға кезекті көп күтуге тура келеді. Сондықтан оны мини-орталыққа беруге кеңес айтқандар болды. Мұнда бәрі тегін. Мәдина сағат  9-дан 13.00-ге дейін оқиды. Ол қазір оқиды, санайды, жазуы әдемі, — дейді Гүлмира Даниярова.

ЭКСПО-2017 көрмесі: толыққанды дайындық >>>

Кезектілік қалай жасалады?

Онлайн-кезек

Аталған қызметтерді — egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы сенімді түрде алуға болады. Мұнда кезектің жылжуын баланың ТӘА немесе ЖСН бойынша анық, айқын біліп отыруға болады. Бұл үшін "Бала-бақшадағы кезектің нөмірін қарау" арнайы сервис жұмыс істейді. Баланы кезекке қою үшін баланың тууы туралы куәлік, мекен-жай анықтамасы, ата-ананың бірінің жеке куәлігі жеткілікті болады.

Жылжымайтын мүлікпен онлайн-операциялары >>>

Жинақтау желісі

Жас сәби екі жасқа толғаннан соң, кезек бөліну басталады. Мысалы, бүгінгі таңда 2012 жылы туылған балаларды жинақтаудың бірінші кезеңі де өтті. Жинақтау жүйесі тым қарапайым: әрбір балабақша білім беру бөліміне бос орынның бары туралы ақпаратты уақытында береді. Сосын арнайы комиссия әр жылдың қыркүйегіне дейін барлық бақшаларды топырлатып толтыратын болады.  

Раушан Абдрахманова, 4-жастағы Рүстемнің мамасы:

— Менің ұлым 2010 жылы ақпанда дүниеге келді, екі айдан кейін біз тез балабақшаға кезекке тұрдық. Өткен жылы ол 3,5 жасқа толған уақытта бізді мемлекеттік балабақшаға шақырған болатын. Бұдан бізде еш проблема болған жоқ.

Гүлден Бекішева, 7 жасар Исламның мамасы:

— Кезек ресімдеген уақытта бізде 6769 деген цифр болды. Әр жыл сайын 700-900 адам жылжып отырды. Басында бұл қозғалыс бізді қуантты. Бірақ, балабақшаға біздің кезігіміз жақындамады. Осы жылы ұлым мектеп табалдырығын аттады. Сол кезде біз кезекте 1902 орында болдық.

Зәуреш Уаисова, 4-жасар Тамилланың әжесі:

— Менің немерем 2010 жылдың желтоқсанында туылған болатын. Ол туылғаннан кейін бірнеше күннен соң, мен ТҚО-на бардым, оны кезекке қойдым. Сонда біздің нөміріміз 10-мыңыншы болды. Ал, қазір біз 6 мың адамға жылжыдық. Таяуда ол 4 жасқа келеді, біз енді мемлекеттік балабақшаға кезегіміздің келетініне сенбейміз.

Неліктен біреудің жолы болады, біреудікі болмайды? Кезектің орасан жылдам, жедел жүру мәселесі баланың туылған айына тығыз, тікелей байланысты. Көптеген ата-аналар жылдың басында туылған балалар балабақшадан тұрақты орындарын алатынын айтады.   Ал, бірақ, жылдың ортасында немесе жылдың соңында дүниеге келген балаларға кезек бәрібір келмейтін көрінеді.

Электрондық кезекке тұру — egov.kz. электрондық өкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

Балабақшаны қалай ашуға болады?

Көп кәсіпкерлер мемлекеттік балабақшаларда орынның жетіспеу проблемасын ескеріп, жекеге есік ашуға тырысады. Бұл олардың қолдарынан келер ме екен?

— Балабақшаны ашуға рұқсатнаманы айтарлықтай біраз уақыт күттім, шамамен жарты жыл. Алдыменен ЖК-ті аштым, сосын құжаттарды ресімдеу үшін түрлі рәсімдерден өттім, — деп нақтылы әңгімелейді астаналық жеке балабақшалардың бірінің меңгерушісі Айнұр Наурызбаева. — СЭС-тің, өрт сөндірушілердің дәл келісімдері керек. Балабақша үйдің бірінші қабатынан тым жоғарыға орналаспауы тиіс. Сосын дезинфекциямен келісімшарт жасалады. Қазір де біздің балабақшаға 3,5 жыл толды. Мен мемлекеттік тапсырыс алғым келді. Бірақ, білім беру Басқармасына барғанымнан білгенім, бұл іс өте күрделі екен. Әрі қарай аталған бағдарлама бойынша жұмыс істегім келді.

Шыныменен, мемлекеттік тапсырыс күрделі ме? «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беруге мемлекеттік тапсырыс меншіктің, типтің және түрдің формасына қарамастан білім беру ұйымдарында орналасады, — дейді Эльмира Суханбердиева. — Әдетте, қатысуға арыз берген мектепке дейінгі ұйымдарды таңдау бойынша арнайы  комиссия құрылады».

Сайысқа қатысу үшін құжаттар:

  • комиссия төрағасының атына арыз;
  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелімі (қайта тіркелімі) туралы куәліктің, жарғының, статистикалық картаның, СТН-нің, банктен анықтаманың, қарыздың жоқтығы туралы салық органдарынан анықтаманың көшірмелері;
  • жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;  
  • медициналық кабинетке лицензияның немесе бекітілген орын-жайға байланысты емханамен қызмет жасауға шарттың көшірмесі;
  • органдардың бағыттамасы бойынша емес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі.

Растайтын құжаттар:

  • 2011 жылы 30 желтоқсаннан ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге білім беру және де оларды тәрбиелеу объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ереже мен қауіпсіздік талаптарына қызмет көрсетудің сәйкес келуі;
  • санитарлық ереже бойынша материалдармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің қажетті дәрежеге сай келуі;
  • тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасының «Білім туралы» ҚР Заңының 4 бабы, 24 бөлігіне сәйкес бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың Мемлекеттік жалпы білім беру Стандарттарының талаптарына сәйкес келуі.

Берілген арыз бенен құжаттардың негізінде мемлекеттік тапсырыс бойынша әрі қарай нақты жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін комиссия бекітеді.

Балабақшаларда орын неге жетіспейді?

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты:

— Соңғы уақытта баланың туылуы бұрынғымен салыстырғанда әжептәуір айтарлықтай қарқынмен өсу үстінде. Жастар ірі қалаларда өмір сүруге ұмтылып жатыр. Қазіргі таңда жанұяда екі-үш сәбидің болуы сәнге айналды. Әрине, бұл өте тамаша, бірақ, мемлекет балабақшаларды салуда үлгере алмауда. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 90-шы жылдардағымен әрең теңесті. Алайда, орын ірі-ірі қалаларда, әсіресе, Астана менен Алматыда көңіл көншітерліктей тіпті де жетіспейді. Біз осынау мегаполисте барлық күш-қуатты балабақшалардың құрылысын салуға жұмсай алмаймыз. Ал, басқа да қалаларда мұндай зәрулік жоқ. Балабақшалардың құрылысын салу орасан қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет ештеңе жасап жатқан жоқ деп айтуға болмас. Орынды әділ бөлмейтін кейбір шенеуніктің кінәсі бар шығар, бірақ, оны онлайннан анық аңғаруға болады. «Балапан» бағдарламасы балабақшалардың құрылысын салуға мол серпін берді, әлі сол қарқын бір де бәсеңсіген жоқ. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған барлық қаражат төмендемеді. Соңғы кездері балабақшалар мен мини-орталықтардың саны кәдімгідей екі есеге өсті. Дегенменен, үлкен қалаларда сәби үшін балабақшалардағы орын зәрулігінің мәселесі шешілмей отыр.

Kn.kz ақпарат қызметі

Тағы оқитындарыңыз:

Құрылысқа үлестік қатысудағы беймәлім қиындықтар

Тұтынушы өз құқығын қалай қорғайды?

Подписка на статьи
Отписаться от рассылки можно в каждом присланном письме.